Мұрағаттаушы бағдарламалар
Тұрғылықты дискіде немесе ауыстырлатын тасымалдаушыда бос орын аз болғанда, немесе файлды электронды поштамен жөнелту кезінде орынды үнемдеу қажеттілігі туындайды. Мұндай жағдайда ақпаратты бүлдірмей сығуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады.
Ақпаратты сығу– файлда жадтың сақтау көлемі кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процесі.
Файлда ақпаратты сығу процесі деректерді мұрағаттау терминімен аталады.
Мұрағатталған файл – арнайы әдіспен ұйымдастырылған файл, оның ішінде бір немесе бірнеше файл немесе сығылған қапшық болуы мүмкін.
Мұрағаттан алу– бұл файлдарды мұрағатқа орналастырғанға дейін қандай түрде болса, архивтен тура сондай түрде қалпына келтіру процесі.
Файлдарды қаттау мен шешуді жүзеге асыратын программалар мұрағаттаушылар деп аталады.
Көлемі бойынша үлкен мұрағатталған файл бірнеше дискілерде (томдарда) орналасуы мүмкін. Мұндай мұрағаттар көптомды деп аталады. Том- бұл көптомды мұрағаттың құраушы бөлігі. Мұрағатты бірнеше бөліктерден құрастыра отырып, оның бөліктерін бірнеше дискетке жазуға болады
|
Бұл мұрағаттаушылардың бәрі мұрағаттаудың негізгі функцияларын орындайды:
1. жаңа мұрағат жасау;
2. мұрағаттан файлдарды шығару;
3. бар мұрағатқа файлдарды қосу;
4. өзі шешілетін мұрағат жасау;
5. көптомды мұрағат жасау;
6. зақымдалған мұрағатты толық немесе жартылай қалпына келтіру;
7. мұрағатты бөгде адамдардың қарауынан және өзгертуінен қорғау.
Мұрағатты әзірлеу үшін жетектегішті ашып, мұрағатталуы тиіс файлды табамыз. Оны түнттуірдің он жақ пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірден Мұрағаттқа үстеу әмірін таңдаймыз. Мұрағаттаушы бағдарламаның Мұрағаттың аты және параметрлері деген сұхбат терезесі ашылады, онда Жарайды батырмасын басу керек. Жасалған мұрағаттық файл файлдар тізімінің соңында көрініс табады.
Қажет болса, мұрағаттаушы бағдарлама терезесінде мұрағаттық файлдың қысу параметрлерін, атын және орналасатын жерін өзгертуге болады.
Мұрағатталған файлды қайтып қалпына келтіру үшін жетектегішті ашып, мұрағаттық файлды тауып алып, түнтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, Ағымдағы қалтаға бөліп алу әмірін таңдаймыз. Ағымдағы қалта файлдары тізімінің соңында мұрағаттан бөліп алынған файлдар пайда болады.Мұрағат-қысылған және бір файлда сақталған файлдар, қалталар және басқа да мәліметтер жиынтығы. Бір мұрағатта (қысылған файлда) бірнеше файл немесе тіпті бірнеше қалта сақтала алады. Бұл дискіде немесе дискетте көбірек ақпаратты орналастыруға мүмкіндік береді.
Мұрағаттаушылар- мұрағаттық файлдармен жұмыс істеуге, яғни мұрағаттық файлдарды бууға және ашуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалар. Мұрағаттаушылар компьютер жадысындағы ақпаратты арнайы математикалық әдістер көмегімен сығуға мүмкіндік береді. Мұндайда файлдың өлшемі кішірек көшірмесі жасалады.
Недәуір кең тараған мұрағаттаушы бағдарламалардың мүмкіндіктері бірдей деуге болады және барлық параметрлері жағынан бір біріне артықтығы жоқ: бір бағдарламалар жылдамырақ жұмыс істесе, екінші біреуінде файлдарды қысу деңгейі жоғарырақ. Тіпті бағдарламаларды тек қысу деңгейі бойынша ғана салыстырсақ та, олардың ішінде нақты көшбасшысы жоқ: түрлі файлдар түрлі бағдарламаларда ерекше атап көрсетуге болады. Мұрағаттаушы бағдарламаға қарай мұрағаттық файлдардың нақты белгіленген түрі. Недәуір жиі кездесетін мұрағаттар типтері zip,rar, arjболады. Олардан басқа, компьютерлерде cab,lzh,tar,gz,uue,bz2,iso және т.б мұрағаттар қолданылады.