Биыл 220 жылдығы аталып өтілетін Исатай Тайманов – ұлт тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі

Биыл 220 жылдығы аталып өтілетін Исатай Тайманов – ұлт тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі - student2.ru

ОРАЛ. 11 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Биыл 220 жылдығы аталып өтілетін Исатай Тайманов - ұлт тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі. Осыған орай батысқазақстандық тарихшы Зұлқожа Шарафутдинов өз ой-толғамын былайша білдіреді.Тарихшының пікірінше, ХІХ ғасырда етек жайған ұлт-азаттық қозғалыстардың басында Исатай Тайманов тұрса, оның ізін жалғастырушы Кенесары, Жанқожа, Есет батырлар болғаны белгілі. Кешегі кеңестік тарихнамада Исатай батырдың күрескерлігі мен тарихта алатын орны Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың табиғи жалғасы ретінде өткен «хандық, феодалдық жүйе мен отаршылдыққа қарсы бағытталған күрес» деп бағаланған еді. Алайда бүгінгі тарихнамада қайсыбір тұлғалардың тарих сахнасына қайта әкелінуіне байланысты қозғалыстың ұстанымы мен ұлт-азаттығына күмән тудыратын жекелеген еңбектер жарияланып жатыр.Әрине, оларды журналистердің, ақындардың, жазушылардың қиялынан туған деп мән бермеуге де болар, алайда бізді алаңдатып отырған мәселе - бүгінгі тәуелсіздік тұсында Исатай-Махамбет қозғалысын өз дәрежесіне қоятын ғылыми теориялық тұжырымның болмауы. Бұл орайда қазақ ұлт-азаттық қозғалысының білгірі, тарихи ортада танымал ғалым Мәмбет Қойгелдиев өз ойын былай тұжырымдайды: «Ол еңбектерде Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы сияқты аса биік тарихи тұлғалардың қызметін, жалпы олар бастаған қозғалысты мүмкін болғанша тура түсінуге апармайтын методологиялық жаңсақтық бар. Мәселен, 1992 жылы жарық көрген еңбектің соңында бақилық болуға бет бұрған ханның аузына «Әй, қос тентек, бірің ағам, бірің інім, бірің батыр, бірің ер, кімге қарсы қол жинағаныңды білмей өттің-ау. Ақыры балақтағы өкпеге аспандағы мені саттың... «Қара албасты басқырсың» деу маған емес, үйдегі қатындарыңа айтар қарғыстарың еді ғой»,- деген сөзді сала отырып, көтеріліс басшыларын бір сәтке болса да ханның биік парасатын түсіне алмаған парықсыз дәрежесіне түсіруі байқалады», - деуі көп нәрсені аңғартса керек. Ендеше, «Исатай-Махамбет бастаған халық қозғалысы қалай өрбіді, оның себеп-салдары мен қоғамдық жігі қалай басталған еді?» деген тарих сұрақтарына жауап беріп көрейік. Ол үшін алдымен олар өмір сүрген феодалдық қоғам мен қазақ тұрмысына ене бастаған отаршылдықтың тікелей әсері деген құжаттық деректі алға тартайық. Бұл ретте сол дәуірдің қоғамдық дамуы мен азаттық қозғалысына зерттеу арнаған А.Рязанов, М.Вяткин, Е.Бекмаханов, В.Шахматов, С.Зиманов, И.Кенжалиев сынды зерттеушілердің құнды пікірлерін айтқан жөн. Мәселен, А.Рязанов: «ХІХ ғасырда қазақ қоғамы рулық ортада өмір сүрді. Өйткені рулық құрылыс сол кезде қазақ шаруашылығында көшпелі өмір салтына сай келді», - десе, М.Вяткин: «Осылайша Қазақстандағы феодалдық қатынастың дамуы екі жолмен жүрді; негізгі жол еркін (общинник) феодалдық-тәуелді өндірісшіге айналуы; екінші жол - кешегі күннің феодалды-тәуелді өндірісшіге айналуы. Екі жол да бір нәтижеге, феодалдық қатынастардың тереңдеуіне алып келеді»,- деуі ақиқат тұжырым еді. Бұл, сөзсіз, халық қозғалысын тудыратын ірі оқиға десек, оның ресейлік басында патшалық билік отырса, Ордада Жәңгір отырды. Бұл мәселеде зерттеуші М.Вяткин «Жәңгірдің рулық жерлерді жеке меншікке бөлуі... көшпелі шаруашылыққа жер тарлығын тудырды», - десе, Ордадағы халық қозғалысына жиырма жыл зерттеушілік ғұмырын арнаған ғалым Исатай Кенжалиев Жәңгір өзінен артылған «жерді ең алдымен сұлтандарға, одан кейін қожалар мен молдаларға, билерге, сосын жағынған байларға берді», - деп жазды. Осылайша патша билігінің сеніміне кіріп алған Жәңгір бұрынғы рулық жер игеруді келмеске жіберді. 1823 жылы хан тағына отырған ол Ордадағы жарамды 6,5 млн. десятина жердің 400 мың десятинасын иемденіп, империяның ірі помещиктері қатарына қосылды. Кейінгі орыс шенеунігі Матвеевтің ревизия (1847) құжаттарына қарағанда, бұл «Ордадағы ең құнарлы деген жайылымдар» еді. Бұл бағытта Жәңгірдің қоғамдық-саяси бейнесін көптеген ғалым-тарихшылар «оның ақылдылығы мен тапқырлығы сондай, ол өз кезегінде хандықтағы қауымдық жерді сұлтандар мен байлардың меншігіне әрі тез, әрі жеңіл айналдыруы еді»,- деуі нақты факті болатын. Өкінішке қарай, Жәңгірдің сол «өтпелі тұстағы» басқаруын кейбіреулер «реформаға» жатқызып жүр.

Шындығында, тарих ақиқаты басқаша. Бұл мәселеде Жәңгірдің жеке басына берілген баға Х.Досмұхамедов «патшашыл болды», сондай-ақ ғалым М.Вяткин тура байқаған «орыстың помещик-крепостнигі дәрежесінде көрсетті» деген тұжырым әлі де ғылым үшін құнды пікір болып қалады.Ал қазіргі тарихнамада ғалым М.Қойгелдиевтің бұл тақырыпта «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдары тұрғысынан алғанда Жәңгір хан тұлғасына байланысты мынадай бір жағдайды аңғармауға болмас. Егер біз ауқымы ресейлік ортанқол уезд дәрежесіндегі Бөкей ордасына империялық әкімшілік бірлігі ретінде қарасақ, онда, әрине, бұл мезгілде Жәңгір деңгейіне көтерілген ұлты қазақ шенеунік болмағандығын мойындауымызға тура келеді.Осы тұрғыдан алғанда Жәңгір ханның өз басы атасы Әбілхайыр хан заманынан бері жоғарғы орыс әкімшілігінің тәрбие-тепкісі мен қатаң сұрыптауынан өткен атқарушы аппараттың сұңғыла шенеунігі деудің өзі де онша артық болмайды. Жәңгір ханның өз тұсында әлеуметтік өмір үшін прогресшіл мәні болған (мысалы, ағартушылық бағыттағы) қадамдарын тиісінше бағалай отырғанда да біз мәселенің басты түйіні - өз халқының тарихи мүддесіне кереғар іс-әрекет жасағанын жасырып-жаппауға тиіспіз. Мұны Махамбет ақынның аруағы алдындағы адалдық та талап етеді»,- деген пікірін әділ айтылған салиқалы тұжырым ретінде бүгінгі ғылымға енуі керек көзқарас деп танығанымыз жөн. Сонда ғана Исатай-Махамбет көтерілісі ішкі әділетсіздік пен сыртқы отаршылдыққа қарсы халықтық қозғалыс ретінде өзінің тарихи орнын алады. Сонда Жәңгір кім? Ол да тарихи тұлға, бірақ өзінің күрескерлігін Ресей империясының отаршылдығына арнаған, қазіргі түсінікте айтсақ, «жаңа тұрпаттағы» шенеунік, яғни ел басқаруда отарлаушы аппаратпен тығыз қабыса жұмыс істей алған, яғни өз ұпайын түгендеуде пысықай ұлттық элитаның ең көрнекті өкілі ретінде көрінген адам. Ол үшін Жәңгірді айыптау да қажет емес, өйткені оның өсіп-өнген, көрген-білген тәрбиесі мен тәлімі, анау арғы атасы Әбілхайыр, Нұралы, Бөкей, қала берді аталас туыстары Қаратай, Арынғазы сұлтандардан қозғайтын болсақ, патша билігі және олардың патшаға деген ұстанымын жақсы білді. -Біз бұл мәселеге терең бармай-ақ, мына бір нәрсені еске сала кеткенді жөн көрдік, - дейді З.Шарафутдинов. - Өткен патша билігінде қай қазақ орыстан білім алмады, кім шен мен шекпен кимеді, өзгені айтпағанда кешегі Жәңгірдің замандасы Кенесары да орыстың тәрбие-тепкісіне көніп, генерал шенін алды. Бірақ ол өлгенде патша қайғырып, «Весьма жаль, он был человек весьма преданный» деп, Жәңгір ханға айтқандай өкінішті сезім білдірмеген еді.Сонымен, Исатай қозғалысы ішкі саясатта жер қатынасындағы шиеленістен туған, халықтық қозғалыс ретінде көпшіліктен қолдауға ие болған халық күресі болса, сыртқы саясатта патша отаршылдығының жергілікті басқаруына қарсы күрескен ұлт-азаттық қозғалыс ретінде халық санасында мәңгі сақталды. Біз бүгінгі тәуелсіздік тұсында осы ішкі ұлттық қайшылықты елеп-ескерудің орнына, қозғалысты жеке бас араздығына балаймыз. Бұл мәселеде ғалым М.Қойгелдиевтің: «Исатай Тайманов бастаған және басқа да азаттық қозғалыстардың аса зор маңызы олардың жер және билік мәселесімен қатар ұлттық болмыс пен құндылықтарды сақтау және оларды заман сұранысына сай бейімдеу мәселесін де қоюында. Азаттық қозғалыстарды зерттеу ісінде осы уақытқа шейін көп көзге түсіп, тілге тиек бола бермеген мәселенің бірі осы»,- деуі көпшілікке ой салса дейміз. Ал Исатай болса өз заманында жер мен билік мәселесінде ой оздырып, көсемдік танытып қана қоймай, халқын әділдік пен азаттыққа көтере білген ұлт тұлғасы еді. Бұл мақалада Исатай қозғалысының түп-тамырын көтере жазудың мүмкіндігі жоқ, бірақ мына бір деректі оқырманға келтіре кетсек: Исатайдың Ішкі Орда линиясының бастығы есауыл Г.Сумкинге «...Қазақ халқы сонша көрген зәбірінен әбден ашынып, қандай болмасын бір заңға қайшы істерге барып қалмас үшін, мерзімі өтіп кетпей тұрғанда, бастық мырза, менің Сізден әдейі құлағыңызға салып сұрайтыным, біздің көріп отырған жәбіріміз жөніндегі шағымдарымызды тиісті орындарға жеткізсеңіз екен, сөйтіп қазақ халқының тыныштық, берекесіне себіңізді тигізсеңіз екен», - деп жазуы ұғынған кісіге жай сөз емес-ті.

Егер сол ХІХ ғасыр бойы етек алған ұлт-азаттық қозғалыстардың (Исатай, Кенесары, Жанқожа, Есет, т.б.) барлығына зер салар болсақ, екі мәселені тез көреміз, оның біріншісі жер мәселесі болса, екіншісі - жергілікті билік мәселесі. Осы тұрғыдан қарар болсақ, Исатай Тайманов бастаған қозғалыс - ұлт-азаттық қозғалыс, ал Исатайдың өзі - ұлт ұстанымындағы тұлға деуге толық негіз бар. Қорыта айтқанда, Исатай мен билік арасындағы жер және басқарудағы реформалық шиеленіс Ордада халық көтерілісін тудырды. Бұл мәселеде, ғалым М.Қойгелдиевтің: «Исатай-Махамбет қозғалысы әлеуметтік, тапаралық үйлесімде, қоғамдық әділетсіздікке, өктемдікке берілген соққы», - деуі шындыққа бір табан жақын. Бүгінде көпшілікке түсініксіз қалған Исатай-Махамбет қозғалысының жүрегі халық, ұраны әділдік болды десек, Жәңгір өз тұсында ресейлік биліктің ұзақ уақытқа келгенін аңғарған, өзінің қызметі мен ұстанымын патшалық Ресейдің экспансиялық саясатына арнаған тұлға. Шын мәнісінде Исатай-Махамбет қозғалысы - елдің әділеттілік пен отаршылдық жолындағы күрес тарихы.

Ақылды болу мен әдемі болу: бірін ғана таңдау керек пе?

Мақсаты:
Қыз балалардың бойына тән тәлімдік қасиеттерімен таныстыру, қыздардың бойына ақылдылық пен әдептілік қасиеттерді дарыту, талғаммен киінуге, әсемдікке, сұлулыққа құштарлығын арттыру.
Күтілетін нәтижелері:
– Қазақ қызының бойына тән ішкі және сыртқы сұлулықтаың, тәлімдік қасиеттердің ұлттық сана, салт-дәстүрмен байланыстылығы туралы түсінік алады.
– Қыздардың инабаттылығы мен әдемілігін қатар ұстаудың маңызы туралы ақпараттармен танысады, оларды өмірдегі жағдайлармен салыстыра бағалай алады.
– Күнделікті қарым-қатынаста әдептілік пен әдемілік қағидаларын ұстана және өзге құрбыларынан да оны талап етуге үйрене бастайды
I Сабақтың кіріспе бөлімі. Қыздардың қызығушылығын ояту
Мақсаты:Қазақ халқы ұғымындағы әдептілік пен әдемілік туралы естігендерін талдау, ой – пікірлерін білу;
Әдемілік пен ақылдылықты қатар ұстану туралы ой салу, осы тақырыпта әңгімелесуге даярлау.
Сұрақтар мен тапсырмалар:1. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деген: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын еркше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ». Осының дәлелі ретінде мысалдар келтіре аласыз ба?
2. Төмендегі сын есімдермен берілген қыздардың сипатын түсіндіріп көріңізші:
Әдемі қыз –
Көрікті қыз –
Әсем қыз –
Ажарлы қыз –
Шырайлы қыз –
Ару қыз –
Осындай сипатты қыздарға ақылды болу неге қажет екен?
II Сабақтың негізгі бөлімі. Жаңа ақпаратпен танысу
Мәтіндермен жұмыс:Тапсырма:
Ішкі сұлулық пен сыптқы сұлулықты қалай түсінесіңіз? Оларды жетілдіруге бола ма? Қалай? Бұл тапсырманы орындау үшін мәтінді оқымастан бұрын дәптеріңізді екі бөлікке бөліп, сол жағына өз ойыңыздағы жауаптарыңызды жазасыз. Мәтінді оқу барысында екінші болікке өз ойыңызбен сәйкес келген және сәйкес келмеген жерлерін жазып отырасыз. Содан соң салыстырасыз.
Мәтіннен қазіргі қыздар үшін маңызды(!) және маңызсыз (?) деген жерлерін белгілеп қойыңыз және оны түсіндіріңіз.Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық
Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі жан дүниесімен тығыз байланысты. Ішкі жан дүние – мінез-құлық. Дауыс көтеріп оспадарсыз сөйлесең, сыртқы бейнең қанша сұлу болып, әдемі киініп тұрсаң да жарасым таппайды. «Киіміне қарай қарсы алып, Ақылына қарай шығырып алады» деген ұғым осыны меңзеп тұрған секілді. Адаммен қарым-қатынасың сөз ғой, сондықтан да айналаңнан күнделікті өмірде жақсы, жанға жағымды сөзбен дауысыңды, сөйлеу мәнеріңді түзетіп, жақсылықты бойыңа жина. Рухани байлығың – білім мен тәрбие. Киім киісі, жүріп-тұрғаны көңілге қонымды, күнделікті сабағын тиянақты оқып жүретін, оқушыны ұстаз да, ата-ана да мақтаныш тұтады. Теледидардан көргеннің бәріне еліктеуге, үйренуге болмайды. «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» дегендей жақсы мен жаманның арасын ажырата білу керек. Батыстың мәнсіз музыкасын тыңдап, соған бой алдырып, еліріп қисаңдаған қыздардан не күтесің, қазақтың әсем сазын, асқабақ әуенін бағалап тыңдай білген жөн болар. Ашық-шашық киінгеннен жақсы көрінбейсің, керісінше көрген адам «Мынаны айтатын ата-анасы, ұстазы жоқ па?» деген ойға қалады.ерсі бояну да көңілге қолайсыз әсер қалдырады. Көпшілік орындарда қатты күлу, қатты сөйлеу, мініп келе жатқан көлік ішінде үлкенге орын бермеу, ешкіммен санаспай өз беттерінше даурығып дөрекі сөздер айтып айғайлап сөйлеу өте ұят, өзісшіл, өркөкіректікті көрсетеді. Қалай болса солай сөйлеу, киіну – талғамсыздық пен тұрпайылық белгісі. Үлкеннің айтқан сын ескертпесін, ақылын өзімдікі дұрыс демей, «Қалай айтылды, неге айтылды?» деп өз-өзіңе талдау жасаған дұрыс. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген бар ғой. Әрбір қыз бала өзінен кейінгілерге үлгі болу керек. Үлкенді сыйлайтын, кішіні сипайтын – жақсы қыз, өнегелі, тәрбиелі қыз.Қыз балалар әдемілікке аса назар аударады. Бірақ асқан сұлулықтың өз зияны бар екендігін бірі білер, бірі білмес. Әдемі болу әртүрлі проблемар тудырғанымен, оның шешудің бірнеше жолы бар.
Сұлулық- адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантып, тәнті ететін, таңырқататын, сүйсіндіретін көрініс, қимыл-әрекет, пішін немесе ой-қиялдың жемісі. Қыздардың көрікті болуы көптеген жайсыздықтарға әкеледі. Әдемі болу ең басты бақталастықты туғызады. Бақталастық та – адам өмірі тек бәсекемен өтіп, көрсеқызар болып, қызғанышпен, көреалмаушылықпен жалғаса береді. Бұл жағымсыз қырлар арқылы қыздар көп қалта шығынына ұшырайды. Шығын- үстіндегі киіммен, түрлі әдемі, қымбат бұйымдарымен, косметика, сұлылық салонымен тізбектеліп кетеді. Өте әдемі қыз мен-мен келеді. Өзін өзгелерден артық санап, биіктен қарап, тәкәппарлық сезімі ұялайды. Соның арқасында “өзіне лайықты” санайтын жар табалмай “ана болу” бақытынан айырылып қалуы да ықтимал. Ғалымдардың пікірінше жоғарыда айтылған мысалдардан басқа да түйткілді мәселелерге ұрындырады.Мұндай жайттар орын алмау үшін көптеген факторларға назар аудару керек. Алдымен қыз өте қарапайым болу керек. Ешкімді ренжітпей, кемсітпей өзінің әдемілігін тек іштей сезініп, жария қылмауы дұрыс болады. Ақшаны үнемді пайдалануы шарт. Оңды, солды шашпай керекті кәдеге жаратып, өзіне ұнайтын қажетті жұмыспен айналысса. Ал қыздың ең басты өмірдегі міндеті, мақсаты “ана атану”, “ана бақытын” сезіну. Сондықтан ер-азаматтарға мейлінше қарапайым болып, көп көңіл бөлгені жөн.Сұлу болу мәселесі түйіткілді болғанымен, оны еңсерудің көптеген мәселелері бар. Менің ойымша әдемілікті сезініп, өр көкірек болған қыздарымыз өмірде өте жалғыз, бақытсыз. Бұл өмірдегі ең қиыны- жалғыздық. Әдемі қыздар жалғыздық сезіміне беріліп, өмірлеріңіз қорқынышта өтпесін!!!

Әдемі болу өнері
Сұлулықтың бірден бір сыры – іштегі сезімдерде жатыр. Неғұрлым өзіңізді әдемімін деп сезінсеңіз, соғұрлым айналаңызға тартымды болып көрінесіз. Кино, музыка әлеміндегі танымал адамдарға қарайықшы, бәрін бірдей әдемі деп айта алмаймыз. Көбіне, олар жинақы, күтімді көрінеді. Оның бір құпиясы, олар өздерін тартымды сезінеді, және де өзіне тамасануға жол ашады.

Әр әйел таңертең тұрып, боянып, киініп, айнаға қарап – бейнесінің тартымдылығына көз жеткізеді. Осы мезетті есіңізде сақтап, қалаған уақытта шақыра білуге дағдыланыңыз.
Адам өзінің тартымдылығына сеніп тұрса, оның жүріс-тұрысы да, қимылы да өзгереді. Ең басты өзгеретіні – сіздің көзқарасыңыз. Көз – жанымыздың айнасы. Өзіне сенімді, әдемілігіне сенімді әйелдің бейнесін көзіңізден оқуға болатындай болсын. Ең тартатын да осы энергетика.Тағы бір ескеретін жәйт – бәріне ұнауға тырыспаңыз. Біреуге ұнау үшін тырысқан сайын, сіздің ұнау мүмкіншілігіңіз де бәсеңдейді. Өйткені мұның бәрі сырт көзге айқын көрініп тұрады. Одан да өзіңізді еркін ұстап, шынайы қалпыңыздан таймаңыз. Бұл өте жақсы әсер етеді. Көпшілікке әсер қалдыруға тырыспайтын адамдар ұнайды.
Бәрінен бұрын идеал адамдар болмайтынын ескеріңіз. Өзіңізді қалай бар, солай жақсы көріңіз. Бұл өте маңызды – өзіңді жақсы көру, тартымды екеніңді сезіну.
Адам қаншалықты көрікті болса, соншалық ақылды болады
Ажарлы адамның ой-өресі де биік болады. Ғалымдар «ақылына көркі сай» деген теңеудің ғылыми негізі бар екенін айтып отыр. Лондондағы экономика мектебі мамандарының зерттеуінше, әдемі адамдардың IQ деңгейі орташа көрсеткіштен 14 тармақ бойынша жоғары болады екен. Ақылды да әдемі адамдар ежелден ұрпақ жалғастыру үшін әлеуеті зор үміткерлер саналған. Бұл екі қасиет өзара бірлікте бола отырып, тұқым қуалайды. Физик Брайан Кокстың айтуынша, зерттеу әдемі әйелдерге қарағанда, көбіне көрікті ер адамдардың ақылды келетінін көрсеткен. Өңі сұлу ерлерде IQ көрсеткіші 13,6 тармақ бойынша, әйел адамдарда 11,4 тармақ бойынша жоғары болып шыққан. Естеріңізде болса, мұның алдында Аризона университетінің ғалымдары өресі биік адамдардың ұзақ өмір сүретінін дәлелдеген болатын.
«Алаш айнасы» газеті
5 мамыр 2011
Бір хатқа шолу
Қыз балаға “әдемі емессің” деген сөзден ауыр сөз жоқ. Ақымақсың, тамақ пісіріп те білмейсің, кесте тоқып та үйренбегенсің, оқымысты емессің, талантсызсың десе де, сұлу еместігі туралы естіген аруға өмір қиындап кетеді. Жасқа байланысты емес, бес жасар болсын, қырық бес жасар болсын. Кез келген біреу айтса да, жанына батады. Көңіл бөлмеймін десе де, кей уақыт айнаға қарап, өткендегі адам шын айтыпты, мен әдемі емеспін деп шешеді де, соған сенімін арттыра береді. Әлия әдемі, Әсия да әдемі, ал мен әдемі емеспін деп ішінен ойлап, түңіле түседі. Осындайда жақсы сөз емші рөлін керемет атқарады. Сөз сүйектен өтетінін ескерсек, жақсы сөз, жылы сөз жүрекке жететіні рас.
Өткенде өлердей түңіліп жүргенімде. Өзіме деген сенім “плинтустан” төмен түсіп, көңіл күй құрып, жүрек ауырып кеткен сәтте Құдай маған жақсы адамды алдыма алып келді. Анығы ол менің досым, бірақ көп араласпаймыз. Айда жылда бір хабарласып, амандық сұрасып дегендей. Дәл сол күні хат жіберген екен. Таң қалдым. Сондағы оның екі ауыз сөзі бәрін де ұмыттырды. Жұбатам деп айтпадым, рас айтам деп сендіргісі келіп, күлдіртіп те алды. Айтпағым не? Айтпағым, жақындарыңызға жақсы сөз аямаңыз. Әсіресе құрбыларға, қыздар жағына. Аууу, жігіттер, сендерге айтам))))
Әр бір қыз сұлу, әр бір қыз қайталанбас тұлға. Соны есте сақтайық)))
II Сабақтың қорыту бөлімі
Мақсаты: Қыздардың ойларын білу, пікір алмасу. Ой түюге жағдай жасау
– Топ болып қыздар үшін қырық ереже ойлап табыңыз. Оны да қойын дәптерге жазып қойыңыз. Қаласаңыз оқып беруге болады.

– Ақылдылыққа бастайтын жеті жетекші адамның өз бойында, соларды атап көріңіз
– Осы жазғандарыңыздың құпия еместерімен бөлісуге болады.
Сабақтың басында жазған жауаптарыңызды тексеріңіз:
– Әдемі қыз – баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын.
– Көрікті қыз – көрген жанды үйіріп, сөйлесе баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын.

– Әсем қыз – жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік.
– Ажарлы қыз – дене бітімі жинақы, сөзі салмақты, ісі тиянақты.
– Шырайлы қыз – көз жанары өткір, бет әлпеті бал-бұл жанған, тәні шымыр.
– Ару қыз – бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі
Жеті жетекшіні ұстануға тырыс
Ақ жолға бастайтын жеті жетекші бар, осыны бойына сіңіре білген, қалыптастыра білген адам – тәрбиелі адам. Адамның басшысы – ақылы, Жетекшісі – талап, Жолаушысы ой, Жолдасы – кәсіп, Қорғаны – сабыр, Қорғаушысы – мінез, Сынаушысы – халық. .
Қазақ халқы қызының жазылмас дертке ұшырамауы үшін, жаза қадам баспауы үшін мынадай он түрлі талап қойған: 1. Әдепті; 2.Ар-ожданы пәк болу, 3. Кеңпейіл кешірімді болу, 4.Мейір-шапағатты болу, 5.Ақыл-парасатты болу, 6. Сабырлы-салмақты болу, 7. Адал, ақ жарқын болу, 8. Мақсат мұратты болу, 9. Өжет батыл болу, 10. Ұят намысты болу.Инабатты қыз өсіру ниетімен тыйым сөздерді де пайдаланған қызға 40 үйден тыйым болған: 1. Жарыса сөйлеуге, 2. Жалғыз қыдыруға, 3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге, 4. Орынсыз ұрынуға, 5. Басқаларға қол тигізуге, 6. Өтірік, өсекке
7. Суық жүріс, сумаң қылыққа, 8. Кісіге қарай керіліп есінеуге, 9. Талтайып отыруға, 10. Шалқайып жатуға,11. Тамақты обырлана асауға, 12.Ұрлық қарлыққа, 13.Ұятты мүшелерін ашып жүруге, 14.Бұраңдап қылмысуға, 15.Қызыл іңірде жатуға 16.Түске дейін ұйықтауға, 17.Кісі алдында киім ауыстыруға, 18.Салт-дәстүрден аттауға, 19.Елді ғайбаттауға, 20. Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға, 21. Ішімдік пен шегімдікке, 22. Ұрыс-керіске, 23. Беттен алып, бет жыртысуға, 24.Қараулыққа, ысырапқа, 25.Рахымсыздық пен қатыгездікке, 26.Түнде суға жалғыз баруға, 27.Жат жыныстылармен арласып жатуға, 28. Күйеуге қашып тиюге, 29. Әдепсіз сөзге, 30.Тарс-тұрс етуге, 31.Адам мен жануарларды тебуге, 32.Кісіні қорлап жәбірлеуге,33.Тәкәппарлық пен сыйқымазақ жасауға, 34. Айғай сүреңге, 35.Шектен тыс сыланып жасануға, 36. Қызғаншақтық пен күншілдікке, 37. ,Менмендік пен өзімшілдікке, 38.Алдап-арбауға,39.Көрсеқызарлыққа, 40.Нәпсі құмарлыққаБұл тыйым сөздердің мағынасын түсініп есте сақтау қажет. Түсінбеген, өз басына кездескен кейбір жағдайларды ашық айтып пікірлесу де адамдықтың белгісі.Ұстаз-ақылшың, оқытушың, шын досың. Әр уақытта пікірлесіп ішкі жан дүниеңді ашуда ата-анңмен бірдей адам.Ата-ана мен ұстаздың арсына қаяу түсірме. Сыйла, айтқанын тыңда. Олар сендерді қорғайды, қолдайды.

Лдар беті.

Ер адамдардың киіну мәнері Ер адамдардың сәні әйел адамдарға қарағанда консервативті болып келеді. Алайда ер адамның киімі сәннен жұрдай деп айтуға болмайды. Соңғы жылдары ер адамдарға арналған сән үлгісінің өскені байқалады. Ер адамның гардеро-бында мына киімдердің болғаны дұрыс:
  • жіңішке жолақ сызықты немесе тор көзді түсі ашық емес – күнделікті костюм;
  • мүмкіндігінше қатаңдау, сұр, қара көк немесе т.б. қоңыр түсті - күнделікті костюм;
  • Түсі, матасының сапасы жағынан шебер таңдалған осындай екі костюмді бір-бірімен үйлестіріп киюге де болады. Бұл жағдайда бір түсті бешпентке тор көзді немесе жолақ сызықты шалбар, ал керісінше тор көзді не жолақ сызықты бешпенке бір түсті шалбар үйлеседі.
  • салтанатты жағдайға арналған, қара, қара көк немесе қара сұр түсті – қатаң костюмдер;
  • Мерекеге киетін қоңыр түсті костюмдермен міндетті түрде ақ жейде, қара бәтеңке, қара шұлық киіледі. Мұндай костюмнің төс қалтасынан ақ түсті бет орамалдың шеті көрініп тұруы керек.
  • спорттық үлгіде тігілген шалбары мен бешпенті түсі, матасының сапасы жағынан бір-біріне ұқсамайтын, бірақ өзара үйлесетін - аралас костюм;
  • жылдың жылы мезгілінде киюге арналған мақта-мата немесе жасанды матадан тігілген – жеңіл костюм;
  • Киетін жейдеңіз, жемпіріңіз бен бәтеңкеңіздің жиынтығына қарай мұндай костюм бір түсті немесе суретті, ашық немесе қоңыр болуы мүмкін.
  • аса салтанатты жағдайлар мен қабылдауларға арналған - смокинг, фрак, сако.
  • Смокингпен ақ түсті жейде, қара жилет, қара жібек белбеу, «көбелек» галстук, қара бәтеңке мен қоңыр түсті шұлық киеді. Смокингті жұқа беті тегіс жүн матадан немесе мақта матадан, қара атлас жағалы қылып тігеді, шалбарының жанындағы сыртқы тігісімен атлас тесма жүргізіледі. Оны галун деп атайды.
Фракпен крахмалданған маниш, ақ түсті «көбелек» галстук, ақ жилет, ал салтанатты жағдайларда (тіпті қазаға да) лактелген қара бәтеңке, қара шұлық киіледі. Фрактың ішінен киетін жилеттің барлық түймелері салулы болуы керек. Төс қалтасына ақ түсті бет орамал салынады. Фракты кешкі алтыдан кейін салтанатты банкеттер мен ресми қабылдауларға киеді. Егер фракты кешке киетін болсаңыз ақ түсті жилетпен, ал салтанатты жағдайларда күндіздің өзінде қара жилет киіледі. Смокинг сияқты фрактың да жағасының қайырылған беті қара жібектен тігіледі, ал шалбарында бір жібек галунның орнына екеуі жүргізіледі. маништер.Сако – қара шалбар мен қара-сұр жолағы бар бешпенттен тұратын костюм. Сакомен ақ түсті фракпен киетін жейде, жалпақ немесе қалыпты жылтыр-сұр галстук тағып,сұр немесе қара жилет, қара бәтеңке кию керек. Шалбар сатып алғанда өз гардеробыңыздағы барлық киімдеріңіз-бен үйлесетіндей болуына назар аударыңыз. Поплин матадан тігілген шалбарға спорттық жейделер үйлеседі. Ши барқыт шалбар (вельвет) әдетте жіңішке кісілерге ғана жарасады да, оны жүннен жасалған киімдермен үйлестіріп киеді. Спорттық костюмге «көбелек» галстук пен лактелген бәтеңке үйлеспейді. Бешпенттің үлгісі маңызды болып саналады, өйткені киім үлгісінің жалпы стилі соған байланысты. Егер өз бейнеңізге қатаңдық пен байсалдылық енгізгіңіз келсе классикалық үлгідегі бешпент таңдаңыз. Ал спорттық үлгідегі бешпент, күрте-бешпент сіздің киіміңізге тәуелсіздік, кейде тіпті ұшқалақтықтың жеңіл реңкін береді. Бешпенттің түсі сіз туралы көп нәрсе айта алады, сондықтан түсін дұрыс таңдай біліңіз. Әдетте классикалық бешпент дәстүрлі түстерден, ал еркін стиль мейлінше ашық түсті болады. дей тұрғанмен соңғы уақытта дизайнерлер жаңа қызықты шешімдер тауып жүр. Олар түрлі түстер мен үлгілерді араластырып «ойнайды», классикалық үлгідегі бешпентті ашық түсті, керісінше спорттық бешпентті ұстамды сұр түсті етіп те шығарады. Галстук әрқашан да өз иесінің талғамын көрсетіп тұрады. Галстукты дұрыс байласаңыз ғана ол сізге көрік беріп жақсы пікір қалыптастырады, ал егер дұрыс байламасаңыз сіздің мінсіз кейпіңізге нұсқан келді дей беріңіз. Галстуктың негізгі 3 түрі бар. Байланбалы - өзіңіз байлайтын галстук, регат - өзі байлаулы дайын күйінде болатын галстук, «көбелек» - көбелек пішінді жіпке бекітілген галстук. Қолданылу мақсатына қарай галстуктер:
  • реңі костюміңізбен үйлесіп таңдалатын әр түрлі түсті күнделікті галстук, мұндай галстукты жейдемен, бешпентпен тағады;
  • классикалық суреті бар матадан тігілген, қатаң түстерден тұратын (қара, сұр, қоңыр, қара көк) дәстүрлі ресми галстуктер;
  • ашық түсті, суретті жазғы галстуктер. Әдеттегі жібек немесе жасанды матадан тігілген галстуктермен бірге бірнеше бір түсті жүннен жасалған матадан тігілген галстуктер де алып қойғаныңыз жөн. Оларды спорттық үлгідегі немесе аралас костюмдермен тағуыңызға болады. Галстукты костюміңіздің түсі мен матасының суретіне, үлгісіне қарап таңдау керек.Қатаң костюммен табиғи жібек немесе жасанды жібектен жасалған галстук тағуға болады. «Көбелекті» тек ресми жағдайларда ғана тағады. Олардың түсі ерекше болғаны жөн.Галстук мұқият байланып, оның түйіні жейде жағасының ортасында тұруы керек. Бір жағына қисайып кеткен немесе түйіні босап кеткен галстук өз иесінің ұқыпсыздығын көрсетіп тұрады. Галстукты оның жиегін реттеп тұратын арнайы қыстырғыш-түйреуішпен таққан дұрыс. Жігіттердің киім кию үлгісі туралы әңгімемізді бұдан әрі де жалғастырып отырамыз.

Наши рекомендации