Сілтемелер және түстер.
Сілтемеге меңзерді бағыттағанда, шерткенде түсін ауыстыру үшін <BODY> тэгіне тағы бірнеше параметр қосу керек.
Атрибут | Атқаратын қызметі |
TEXT | Мәтін әріптерінің түсін анықтайды, егер ол жазылмаса, келісім бойынша қара түс қабылдайды. Фон түсін өзгерткенде соған үйлесімді символдар түсі бекітіледі. Бұл да ағылшын тіліндегі аттарымен немесе он алтылық сандар түрінде RGB тәсілімен беріледі. |
VLІNK | Пайдаланылған гипермәтіндік сілтеме түсін анықтайды. Келісім бойынша ол қызылқоңыр түс болып саналады. |
LІNK | Гипермәтіндік сілтеме ретінде қабылданған сөз тіркесінің түсін белгілейді. Егер көрсетілмесе, ол көк түс болып саналады. |
ALІNK | Гипермәтіндік сілтемеге меңзерді бағыттағанда оның түсінің өзгеруін анықтайды. Бұл параметр өте сирек өзгертіледі. |
Мысалы:
<BODY text="black" link="blue" vlink="purple" alink="red">
Берілген атрибуттар бүкіл құжат қасиеттерін анықтайды. Мұндай кодты HTML құжатына орналастырған жағдайда қаріп түсін тағайындау қажет емес, өйткені <BODY> тэгінде түс қалай берілсе, бүкіл құжат түсі де солай анықталады.
Көлденең сызықтар
Көлденең сызық қою <HR> тэгімен орындалады, оның жабу тэгі болмайды. <HR> тэгі экран бетінде көлденең сызық жүргізіеді. Ол параметрсіз қолданылса, төмендегідей көлденең жолды толық алып тұрған қара-сұр сызық жүргізеді:
HR (Horisontal Rulе) тэгі мәтінді бөлетін сызықтар қояды. Оның атрибуттары келесідей:
Атрибут | Атқаратын қызметі |
WIDTH | Сызықтың ұзындығын пиксельдермен немесе экран бетіне қатысты пайызбен анықтайды. |
SIZE | Сызықтың қалыңдығын пиксельдермен анықтайды. |
ALIGN | Сызықты көлднең бағытта түзейді. Бұл параметр келесі мәндерге ие бола алады: left – сызықты сол жақ шеті бойынша түзету. right -сызықты оң жақ шеті бойынша түзету. center - сызықты орта тұсына орналастыру (таңдау жүргізілмесе, автоматты түрде қолданылады). |
NOSHADE | Сызықты толық бояу әдісі. Бұл параметр жеке жазылады, ешқандай мән беруді қажет етпейді. Берілген параметрсіз сызық көлемді болады. |
COLOR | Сызықтың түсін анықтайды, түстің атауы немесе он алтылық коды беріледі. Ол тек Internet Explorer браузерінде орындалады. |
Сызықтарға мысалдар:
<HR>
<HR WIDTH="50%" ALIGN="left" SIZE="0">
<HR WIDTH="80%" SIZE="3">
<HR NOSHADE WIDTH="80%" SIZE="20">
<HR NOSHADE WIDTH="80%" COLOR="Blue" SIZE="8">
Сызықтың орнына төртбұрыш салуға болады:
<HR NOSHADE ALIGN="left" WIDTH="18" COLOR="Red" SIZE="18">
Өкінішке орай бір жолға бірнеше тіктөртбұрыштар салуға болмайды.
Сырғымалы жол
Web-парақта графикалық кескіндерді, мәтіндерді сырғымалы жол арқылы безендіруге болады. Оны қолданар алдында жолдың мәтінімен орның анықтап алу қажет. Сырғымалы жол құратын ең басты және жалғыз тэг <MARQUEE> … </MARQUEE>
(…) орнына кез-келген сөзді немесе мәтін үзіндісін компьютер экранында сырғытып қоюға болады. Сырғымалы жол бағытын өзгертуге болады. Ол үшін арнайы бағыт атрибуты қолданылады. Егер сырғымалы жолды оңнан солға қарай бағыттау керек болса, тэг <MARQUEE DIRECTION= “left”> мәтін </MARQUEE> түрін қабылдайды, ал солдан оңға қарай бағыттау үшін <MARQUEE DIRECTION= “right”> мәтін </MARQUEE>тэгі қолданылады. Мұндағы DІRECTІON жолдың сырғу бағытын анықтайды, оның мүмкін мәндері: LEFT (солға) және RІGHT (оңға).
Сырғымалы жолдарға қолданылатын атрибуттар:
Атрибут | Атқаратын қызметі |
SCROLL | Оңнан солға қарай сырғу, бұл атрибут шексіз цикл құрайды. Цикл санын LOOP операторын енгізу арқылы шектеуге болады. Мысалы: <MARQUEE LOOP= “n” BEHAVIOR= “scroll”> мәтін </MARQUEE>. LOOP операторының n –мәні циклдің қайталану санын көрсетеді. |
SLIDE | Жазба оң жақ шеттен сол жақ шетке сырғып, сонда қалады. <MARQUEE BEHAVIOR= “slide”> мәтін </MARQUEE>. |
ALTERNATE | Беттің оң жағынан сол жаққа және керісінше жылжуы. Шексіз цикл. <MARQUEE BEHAVIOR= “alternate”> мәтін </MARQUEE>. |