З бетінше оқуға арналған сұрақтар.
1. Христиан догматикасының мәні және ортағасырлық философиясының қалыптасуындағы қағидалардың мәні.
2. Сана және сенім, құдой идеяларын негіздеу.
3. Мұсылман елдеріндегі мәдениет және дін.
4. Орта ғасырдағы мұсылман философиясының мағынасы.
№7. Дәріс. Қайта өрлеу дәуірі философиясы
Сабақтың мақсаты:
Қайта өрлеу дәуірінің философиясының ерекшеліктерімен таныстыру.
Адам әлемнің орталығы және өзін өзі жасаушы. Ортағасырлық ойлаудағы догмалық схоластикаға сыни көзқарас. Н. Кеплер, Г. Галилей, Н. Коперник,
Д. Бруноның философиялық ойлары.
Жоспар:
1. Қайта өрлеу дәуірінің философиясының негізгі сипаттары. Антропоцентризм және гуманизм. Өнер.
2. Ортағасырлық ойлаудан ренессансқа өту кезеңі. Э. Роттердамский, М. Монтень, Н.Кузанский
3. Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылым. Н.Коперник және Д. Бруноның, Л.Д.Винчи, Н.Кеплер және Г.Галилейдің ілімдері.
4. Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік-саяси философия, Н.Макиавелли, Т. Мор, Т. Кампенелла.
XV ғ. басталған бұл дәуірге Шығыс пен Батысты сауда жолымен байланыстырып келген Жібек жолы Шыңғысхан басқыншылары Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Европа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, Батыстың Шығысқа жол іздестіруі және жаңа географиялық ашылымдарға байланысты су жолдарының дамуына себеп болды. Сол іздестіру нәтижесінде Америка ашылды, оңтүстік Африка арқылы Үндістанға, Қытайға су жолы ашылып, ірі теңіз саяхатшылары қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолын жандандырды. Соған сәйкес, енді сауда жолдары сөнген Орта Азия мен Таяу Шығыс орнына Португалия, Испания, кейін Нидерланды мен Англия дамыған ірі елдерге айналды. Бұл елдерде бұрынғы ғасырлар бойы замоктарда орналасқан феодалдық ыдыраушылық орнына бір орталыққа бағындырылған корольдік үкіметтер келді. Алыстағы әр елдермен араласу - ол елдердің тілін, мәдениетін білуді қажет етті. Шығыс пен батыс байланысы мәдениеттің, ғылымның дамуына жеткізді. Жан-жақты білімді адамдар дүниеге келді. Осы дәуірде олар орта ғасырлық діни ұғымдар мен схоластикаға негізделген идеология шеңберін бұзып, ертедегі грек, Рим мәдениетіне бет бұрды. Соған сәйкес ғылым өкілдері инквизиция жасаған сұмдық азаптарға қарамастан табандылық пен ерлік көрсетіп, жаңалықтар ашты. Мәселен протестантизм дінінің бастаушысы Кальвин испандық дәрігер Серветті адам денесінде қан айналымы болтынын ашқаны үшін, тірідей екі сағат шыжғырып өлтіртті. Сондай-ақ инквизиция Джордано Бруноны (1548-1600) Рим алаңында тірідей өртеп өлтірді. Өлер алдында Джордано былай деп қалдырды: «Мейлі мені өртеп өлтірсін, бірақ менің өлімім адам баласын жарқын болашаққа апаратын жолдарға бөгет бола алмайды» Николай Коперник (1473-1543) өлім табытына жатар алдында: «Бәрібір жер айналып тұр» деген екен. Бұл кезде ғалымдар Жер Күнді айналып қозғалатын гелио-центрлік жаңалық ашты. Пантеистік, Натур-философиялық бағыттың негізін Николай Кузанский (1401-1465) салды. Ол философтяның негізгі мәселесін идеалистік тұрғыдан шешті. Дүниенің бәрін, адамды да құдай жаратты, деді, бірақ пантеистік пікірді дамыта отырып, сайып келгенде, ол Жаратушының рөлін жоққа шығарды. Өйткені, пантеизм құдайды табиғатпен алмастырды. Ол кеңістіктің шегі бар, дүниенің жаратылған уақыты бар деген схоластикалық діни пікірге күмән келтірді, дүниенің шексіздігін ауғыздады. Таным алдымен сезімнен басталады, одан соң оны ойлаумен толықтырады. Бұл екі процесс ұдайы бірлікте, ақыл (интелект) бәрінен жоғары тұрады деп есептеді.
Өз бетінше оқуға арналған сұрақтар
- М. Монтенің философиялық идеялары.
- Қайта Өрлеу Дәуіріндегі утопиялық идеялар.
- Қайта Өрлеу Дәуіріндегі эстетика.
№8. Дәріс. Жаңа дәуір философиясы
Сабақтың мақсаты:
Жаңа заман философиясының ерекшеліктермен таныстыру.
Жоспар:
1. Классикалық жаңа европа философиясының ерекшелігі және фундаментальдық негіздері. 2 Негізгі гносологиялық мәселе жзәне оны 2. шншудің жолдары. Жаңа дәуір философиясындағы әдіс (метод) мәселесі.
3. Жаңа Дәуір философиясындағы рационалдық және эмпристік бағыттары.
XV-XVIIIғ. Батыс Европа елдерінде фоедалдық өндіріс әдісі төңірегінде жаңа капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастады. Осыған дейінгі үшінші сословие арасынан өз алдына ерекшеленіп феодалдық өкіметке наразыларды топтандырып бастаушы тап ретінде буржуазия дүниеге келді. Ол феодалдық құрылысты құлатып, жаңа өндірістік қатынстарды орнатуды мақсат етті, ал бұл мақсатты іске асыру үшін буржуазиялық революция жасамақшы болды. Айталық, XV ғасырда Нидерланды, XVII ғасырда Ағылшын, XVIII ғасырда Франция революциялары бірінің бастамасын бірі жалғастырды. Германияда шаруалар, Францияда жалаңаяқтар көтерілістері сол жаңа жаршылары болды. Дүниеге келген тап - буржуазия ғылым табыстарына сүйенуді қажет етті, схоластиканы қатты сынға алды. Ең алдымен олар схоластиканың басты кемшілігі тәжірибеден бас тартып, бақылау, эксперименттерге сүйінбейтін шыдамсыздықпен жасалған догмалық топшылауларға негізделген, жалған тұрлаусыз әдісінде деп есептеді. Бұл жаңа тап материализмге сүйенді. Бірақ ол метафизикалық материализм болатынды. Ал метафизикалық материализмге үш күрделі кемшілік тән болды: 1) ол механика ілімдеріне негізделді. Дүниедегі барлық өзгерістерді механика заңдарымен дәлелдеді; 2) дүниені қатып қалған, қозғалмайтын, өзгермейтін, құбылыс деп қарады. Оның ұдайы дамыдағы процесс екенін мойындады; 3) қоғам өмірін ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады, сондықтан ол идеалистік тұрғыда қала берді. Сол жаңа философиясы өкілдерінің бірі Фрэнсис Бэкон (1561-1626) еді. Ол лордтың баласы ретінде 12 жасында Кембридж универмитетіне оқуға түсіп, оны бітірген соң үш жылдай Парижде тұрды. Қайтып келген соң, біршама ауқыт құқылық практикамен айналысып, кейін корольдің үлкен мэрін сақтаушы болып қызмет атқарды. Кейін Англия мемлекетінің канцлері болып, елде корольден кейінгі екінші тұлға дәрежесіне көтерілді, барон Верулам деген құрметті атаққа ие болды. Бірақ өмірінің қалған ауқытын бүтіндей ғылымға жұмсады. Әлемді қамтитын 6 кітаптан тұратын еңбек жазбақ болып жоспарлады. Бірақ, оның тек екеуін ған жазып үлгерді. Бірі - «Ғылымдардың байсалдылығы мен дамуы», екіншісі - «Жаңа Органон». Ф.Бэкон - материалист, сондай - ақ ол эксперименттік ғылымдардың негізін салушы. Оның қолданған әдістері: индукция, талдау, салыстыру, бақылау, эксперимент жасау. Оның философиясы жаратылыстану ғыдымдарына сүйенді, схоластикаға, діни идеалистік көзқарастарға қарсы болды. «Білім - Күш», «Күш - білімде» деген қағидаларды насихаттады. Ол материя қозғалыспен ажырамас болады, деді. Энергия материяның өзіне байланысты, оның ішкі қасиеті, деді Ф.Бэкон. Оның пікірінше дүниені дұрыс танып, жалған пікірлерден азат болу үшін төрт түрлі елестерден құтылу қажет. Олар: 1) адам табиғатына тән елес; 2) әркімнің жеке басына тән елес; 3) нарық (базар) елесі олардан құтылудың басты жолы -тәжірибе жасау, нақты зерттеу, қалыптасқан ұғымдардан сол күйінде алмай, тексере білу. Оның бұл ұсыныстары кезінде схоластикадан арылып, нақты ғылымдардың дамуына оң ықпал жасады. Рене Декарт (1596-1650). Ол француздардың атақты философы
XV-XVIIIғ. Батыс Европа елдерінде фоедалдық өндіріс әдісі төңірегінде жаңа капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастады. Осыған дейінгі үшінші сословие арасынан өз алдына ерекшеленіп феодалдық өкіметке наразыларды топтандырып бастаушы тап ретінде буржуазия дүниеге келді. Ол феодалдық құрылысты құлатып, жаңа өндірістік қатынстарды орнатуды мақсат етті, ал бұл мақсатты іске асыру үшін буржуазиялық революция жасамақшы болды. Айталық, XV ғасырда Нидерланды, XVII ғасырда Ағылшын, XVIII ғасырда Франция революциялары бірінің бастамасын бірі жалғастырды. Германияда шаруалар, Францияда жалаңаяқтар көтерілістері сол жаңа жаршылары болды. Дүниеге келген тап - буржуазия ғылым табыстарына сүйенуді қажет етті, схоластиканы қатты сынға алды. Ең алдымен олар схоластиканың басты кемшілігі тәжірибеден бас тартып, бақылау, эксперименттерге сүйінбейтін шыдамсыздықпен жасалған догмалық топшылауларға негізделген, жалған тұрлаусыз әдісінде деп есептеді. Бұл жаңа тап материализмге сүйенді. Бірақ ол метафизикалық материализм болатынды. Ал метафизикалық материализмге үш күрделі кемшілік тән болды: 1) ол механика ілімдеріне негізделді. Дүниедегі барлық өзгерістерді механика заңдарымен дәлелдеді; 2) дүниені қатып қалған, қозғалмайтын, өзгермейтін, құбылыс деп қарады. Оның ұдайы дамыдағы процесс екенін мойындады; 3) қоғам өмірін ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады, сондықтан ол идеалистік тұрғыда қала берді. Сол жаңа философиясы өкілдерінің бірі Фрэнсис Бэкон (1561-1626) еді. Ол лордтың баласы ретінде 12 жасында Кембридж универмитетіне оқуға түсіп, оны бітірген соң үш жылдай Парижде тұрды. Қайтып келген соң, біршама ауқыт құқылық практикамен айналысып, кейін корольдің үлкен мэрін сақтаушы болып қызмет атқарды. Кейін Англия мемлекетінің канцлері болып, елде корольден кейінгі екінші тұлға дәрежесіне көтерілді, барон Верулам деген құрметті атаққа ие болды. Бірақ өмірінің қалған ауқытын бүтіндей ғылымға жұмсады. Әлемді қамтитын 6 кітаптан тұратын еңбек жазбақ болып жоспарлады. Бірақ, оның тек екеуін ған жазып үлгерді. Бірі - «Ғылымдардың байсалдылығы мен дамуы», екіншісі - «Жаңа Органон». Ф.Бэкон - материалист, сондай - ақ ол эксперименттік ғылымдардың негізін салушы. Оның қолданған әдістері: индукция, талдау, салыстыру, бақылау, эксперимент жасау. Оның философиясы жаратылыстану ғыдымдарына сүйенді, схоластикаға, діни идеалистік көзқарастарға қарсы болды. «Білім - Күш», «Күш - білімде» деген қағидаларды насихаттады. Ол материя қозғалыспен ажырамас болады, деді. Энергия материяның өзіне байланысты, оның ішкі қасиеті, деді Ф.Бэкон. Оның пікірінше дүниені дұрыс танып, жалған пікірлерден азат болу үшін төрт түрлі елестерден құтылу қажет. Олар: 1) адам табиғатына тән елес; 2) әркімнің жеке басына тән елес; 3) нарық (базар) елесі олардан құтылудың басты жолы -тәжірибе жасау, нақты зерттеу, қалыптасқан ұғымдардан сол күйінде алмай, тексере білу. Оның бұл ұсыныстары кезінде схоластикадан арылып, нақты ғылымдардың дамуына оң ықпал жасады. Рене Декарт (1596-1650). Ол француздардың атақты философы, матерриалист. Дворяндар семьясынан шыққан. Ол ел аралап, түрлі шаруашылықтарға үңіліп, байқап, ғылым схоластика принциптеріне негізделген университеттерде емес, өндіріс пен практикамен айналысқандарға деген пікірге келді. Декарттың басты еңбегі - «әдіс туралы ой толғау». Космология (дүниенің құрылымы), космоногия (планеталардың пайда болуы және дамуы) жайында, физика және физиология Декарт - материалист. Ол дүниенің өздігінен жаралғанын оның даму заңдылықтары бар екенін, бірақ олар механикаға даму заңдылықтары бар екенін, бірақ олар механикаға негізделгенін айтты. Ал психологияда, таным теориясында ол идеалист болды. «мен ойлай аламын олай болса өмір сүремін» (Cogito6 ergo sum) деген қағиданы айтты. «мен ешнәрсеге сенбуім мүмкін, бірақ сол сенбестікті ойлай алатыныма сенбеум мүмкін емес. Ойлай білу - тірлік кепілі», - деді. Бірақ айналып келгенде ол материалист екенін анық танытты. Декарт - рационалист. Таным процесінде сезімнен гөрі ойлауды жоғары қойды. Ол жаратылыстану ғылымдарының дамуына үлкен ықпал жасады. Томас Гоббс (1588-1679) Оксфорд университетін бітірге, Аристотельдің логикасын, номиналистер ілімін қуаттады. Біраз уақыт Ф.Бэконге хатшылық қызмет атқарды. Басты еңбегі «Левиафан» (1651). Ол еңбегінде Т. Гоббс мемлекеттің пайда болуын зерттеді. Т. Гоббстың пікірінше, адам қоғам өмірінің екі дәірін: а) табиғи; б) азаматтық дәуірлерін басынан өткізген. Табиғи кезеңде адам - адамға қасқыр, біреуге біреу қас деп уағыздады. Бірақ бұл жағдай адам баласының жойылып кетуіне әкеп соғады. Олай болмау үшін адамдар бірігіп, әлеуметтік келісімге келіп әркім өз ырқының бір бөлігін жалпы ырыққа көндіреді. Сөйтіп бәрін қорғайтын ырық жасады. Ол жалпы ырық – мемлекет деген қорытындыға келді. Сөйтіп, ол мемлекеттің пайда болуын таптық емес, қоғамдық келісім жағынан шығарды. Дегенмен, уақытында бұл прогресшіл пікір еді. Өйткені, ол мемлекетті жаратқан құдай емес, жәй адамдардың өздері қолдан жасаған қоғамдық құбылыс деп түсіндірді. Т. Гоббс дүние денелерден тұрады, денесіз субстанциясы мойындау, денесіз дене болады дегенге тең деп санады. Ой материяның туындысы деген пікірге келді. Бірақ адам мен жануарлар Т. Гоббстың пікірнше күрделі машина: адамның аяқтары мен қолдары – доңғалақ, жүрегі – механизм. Бұл оның механикалық материалист болғаның анықтайды. Бенедикт Спиноза (1632-1677) Голландияның көрнекті материалисті. Ол Амстердамда дәулетті еврейлер семьясында дүниеге келген. Ата-бабасы оны діни қызметші етпекші болды. Бірақ ғылыми еңбектермен таңысу, әсіресе Р. Декартқа еліктеу оны материалист, атеист етті. Сондықтан еврейлер оны өз қауымынан қуып шығып, өмірінің қалған жылдарын ауыр күйзелісте өткізді. Азғана өмірінде ол екі кітап қана жазып үлгерді. Бірі – «Діни-саяси трактат» (1670), екіншісі – «Этика» (1675). Спиноза бір ғана субстанция бар, ол – табиғат, деді. Табиғат, бір жағынан, жаратушы күш, екінші жағынан – жаратылған құбылыс деп уағыздады. Жаратылыстан жоғары ешнәрсе жоқ. Табиғаттың өмір сүруі үшін ешнәрсенің керегі жоқ. Өйткені, табиғаттың өзі Құдай деп түсінді. Бұл пантеистік пікір болатын. Табиғат мәңгі шексіз. Ол өзіне-өзі себеп және салдар, мән және мағына, ол санадан тыс өмір сүреді. Сана оның атрибуты (қасиеті), деді. Джон Локк (1632-1704). Оның өмірі ағылшын революциясынан кейінгі кезеңге жатады. Ол Оксфорд университетін бітірген. Дж. Локктың басты еңбегі «Адам санасы жайлы тәжірибе» (1690). Ол Т. Гоббс сияқты Р. Декарттың «Ой іштен туады» деген пікірін сынады. Адам жаны таза тақта (fobula rasa). Адамның көрген, білгендері сол таза тақтаға жазылады. Міне, сана дегеніміз дәл осы, дейді ол. Адам интеллектісінде өмірде жоқ, кездеспейтін ешнәрсе болмайды, деді. Дж. Локк екі түрлі: сыртқы және ішкі тәжірибе болды, дейді. Біріншісінен сезім, екіншісінен рефлекс пайда болады, деді. Сезім идеясы – бастапқы, сырттан келген құбылыс, рефлексия іштен пайда болады. Сезім арқылы біз заттардың сапасын білеміз. Бірақ сапа екі түрлі болады, дейді. Бірінші сапаға заттардың саны, салмағы, көлемі, сипаты, қозғалысы жатады. Бұл заттардың нағыз өзі, дейді. Екінші сапаға дыбысы, түсі, дәмі жатады. Бұл біздің сезімімізге байланысты, дейді Локк. Оның сапаны осылай талдап зерттегені, әрине, үлкен ғылыми ілгері басқандық. Бірақ сонымен қатар сапаны осылай екіге бөлгені кейінгі субъективтік идеализмге жол ашты. Джордж Беркли заттардың барлық сапасын адам сезімімен байланыстырып, соңғының нәтижесі деп түсіндірді.
XVII ғасыр тек материалистерді ғана дүниеге келтірген жоқ. Сонымен қатар идеалистер де болды. Олардың басты өкілі – Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716). Ол физик, математик, тарихшы, тілші, құқық маманы болған. Лейбниц I Петр мен үш рет кездесіп, Ресейге білім берудің, мемлекеттік басқарудың жобаларын жасап берген. Оның басты еңбегінің бірі – «Монадология». Бұл еңбегінде Лейбниц барлық заттарға күш беретін, оларды қозғайтын рухани күш – монада, яғни рухани атом деген пікірді негіздеді. Әрбір жеке монада – әрі жан, әрі дене, дейді. Сана – монаданың сыртқы көрінісі. Ол логикаға математика символдарын енгізуді ұсынды, соның ішінде бастыларының бірі – математикалық модель. Сондай-ақ ол фломальды логиканың төртінші заңы – жеткілікті негіз заңын ашты.
XVIII ғасыр өзінің ағартушыларын да туғызды. Олар П. Гассенди (1592-1655), Вольтер (1694-1778), Жан Жак Руссо (1712-1778), Г. Э. Лессинг (1729-1781), И. В. Гете (1749-1832), т.б. Олардың пайда болуына ең алдымен капиталистік қоғамның қалыптасуы, соған сәйкес жаратылыстану ғылымдарының, математиканың, физиканың, механиканың, физиологияның, медицинаның, т.б. адам санасына материалистік ұғымдарды ұялату себепші болды. Бірақ оған үстемдік құрған діни идеологияға қарсы күрес Англиядағы, Франциядағы, Германиядағы ағартушылық істен басталды. Олар діни соқыр сенімге қарсы тұрып, ғылымның еркін дамуын, еркін ой болуын жақтады. Олардың басты мәселелерінің бірі – адам тағдыры, оны рухани қыспақтан босату, саяси еркіндік, гуманизм мәселелері еді.
ӨЗ БЕТІНШЕ ОҚУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
- Готфирд В. Лейбниц. Монадалар туралы ілім
- Ф.Бекон «Жаңа органон»
- Т. Гоббстың «қоғамдық келісім» концепциясы