З бетінше оқуға арналған сұрақтар. 1.Ведалар-алғашқы философиялық ойдың бастауы ретінде.

1.Ведалар-алғашқы философиялық ойдың бастауы ретінде.

2. Ежелгі Қытай дүниетанымның ерекшеліктері.

№3-№4.Дәріс. Антик философиясы

Сабақтың мақсаты:

Студенттерге антикалық философияның қалыптасуының өзіндік түрін

ұғындыру: ежелгі Грек өркениетінің өркениетінің ерекшеліктерімен таныстыру. Ежелгі Грек философиясындағы космоцентризм. Антикалық ойдың негізгі категорияларымен Космос, Табиғат, Логое, Эйдос. Жан. т.б.

таныстыру.

Жоспар:

  1. Антикалық философиядағы алғашқы негіз мәселелері. Фалес. Анаксимандр. Анаксимен.Анаксагор. Пифагор. Демокрит.
  2. Гераклит- қалыптасу мәселесі жайлы
  3. Элей мектебі: парменид және Зенон. Болмыс және оның қарсы мәні. Зенонның апориялары.

Б. з. б. VII - VI ғ. аралығында кіші Азияның Батыс жағалауында орналасқан (Иониядағы) гректің қала мемлекеттері, одан соң Түстік Италиядағы грек қалаларында, сондай-ақ Сицилия аралы жағалауындағы қалаларда, ақыр-соңында Грекияның өз ішіндегі - Афины қаласында дүниеге келді. Римде философия б.з.б. II-I ғасырларда қалыптасты. Бұл кезең ертедегі грек елі мен Римде құлдық қоғамнаң шарықтау кезі еді. Мәдениет дымыды, гректер арасынан поэзия, драматургия, мүсіндеме, философияның көрнекті өкілдері Гомер, Эсхил, Аристофан, Софокл, Геродот, Кснофонт, Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель, т.б. дүниеге келді. Бұл белгілі дәрежеде қалыптасқан философияның тұрпайы болса да алғашқы кезеңіне жатады. Грек философиясы бірнеше белгілі уәкілдерін дүниеге әкелді. Оның бастамасы Милет қаласынан шықты. Фалес (VIIғ. аяғы - VIғ. бірінші жартысы) сауда адамы болған. Ол кезінде Вавилон, Египет елдерінде талай болған. Оның даңқы б.э.б. 585 жылы грекида Күн тұтылатынын болжағаны үшін барлық жерге таралды. Сол үшін Египет абыздарынана ол Оракул (көреген) деген атақ алған. Фалестің пікірінше, әлемде барлық заттар судан пайда болған. Бәрі содан туындаған. Тіпті Жердің өзі де су бетінде қалқып жүрген жалпақ дөңгелек. Фалестің айтуы бойынша дүние- жанды құбылыс. Оның дәлелін магниттің тарту күшінен көрген. Анаксимандр (б.з.б. 610-540). Оның пікірінше дүние негізісу, немесе басқа бір зат емес, белгісіз, байыпталмайтын бастама - апейрон. Дүние пайда болып, жойылып жатады. Мәңгі өзгермейтін, жойылмайтын тек апейрон. Анаксимандр әлемнің түрлері көп болатынын болжамдады. Оның апейрон туралы пікірі қазіргі материяны философиялық тұрғыдан пайымдауға жақын келеді. Анаксимен(585-525) дүниенің негізі ауа деп есептейді. Ауаның қоюлануы мен сұйықталуынан су, жер, тас, от пайда болады деп топшылады Анаксимен. Гераклит (520-460 жж. шамасы ) Ол Эфес қаласынан шықты. Оның пікірі бойынша дүниеде өзгермейтін, қозғалмайтын ешнәрсе жоқ. Бәрі өзгеріп отырады. Оның пікірінше, «Мына космос барлық тіршілікке бірдей, оны ешбір құдай, ешбір адам жасаған жоқ, мәңгі тірі, ретімен жанып, ретімен өшетін от, ол солай болып қала бермек». Гераклиттің ойынша дүниедегі барлық құбылыс жанды оттан жаралған, олай болса жан да материядан тұрады, бірақ, ол өте құрғақ оттан тұрады. Әлемді билейтін күш «Логос» деп есептеледі. Тіпті Күн де одан шығып кетпек емес. Қозғалыс мәңгі. Әрбір зат өзінің қарама-қарсысына айналады, мәселен, суық - жылыға, жылы - суыққа, ылғал - құрғаққа, құрғақ - ылғалға айналады. Олай болса қарама-қарсылық «бәрінің атасы, бәрінің патшасы». Ал диаклектика туған жерде оған керісінше ұғым да дүниеге келді. Ондай ұғым өкілдерінің бірі Парменид (VI-V шамасы). Дүние заттан тұрған шар. Онда бос кеңістік жоқ. Олай болса ешнәрсе жоқтан пайда болмайды, әрі жойылмайды. Парменидтің шәкірті болған Зенон(490-430 жж.). Ол бірнеше ғажап ойлар айтты. Солардың бірі оның апориясы. Мәселен, тасбақаны Ахилл қуып жете алмайды. Садақтың оғы ешқашан нысанаға жетпейді дегені. Ол, әрине, өмірде олай емес екенін біледі. Бірақ теория жөнінде бұл қозғалысты дәлелдей алмаған. Өйткені Ахиллдың жүретін жолын, садақ оғының нысанаға жеткенше аралығын Зенон алдымен теңдей етіп, екіге бөледі, бөлнген бөлікті тағы да екіге бөледі. Себебі Ахилл да, садақ оғы да әр уақытта сол бөлінген нүктелерде болуы тиіс. Ал бөліну шексіз болғандықтан, оның шегіне ешқашан жету мүмкін емес. Сондықтан Зенон теория жүзінде Ахилл тасбақаны қуып жете алмайды, ал садақ оғы (жебесі ) нысанаға жетпейді деді. Бірақ Зенон қозғалыс пен жүру қашанда өзгеріс пен тыныштықтың диалектикалық бірлігі екенін білмеді.

Б. з. б. VII - VI ғ. аралығында кіші Азияның Батыс жағалауында орналасқан (Иониядағы) гректің қала мемлекеттері, одан соң Түстік Италиядағы грек қалаларында, сондай-ақ Сицилия аралы жағалауындағы қалаларда, ақыр-соңында Грекияның өз ішіндегі - Афины қаласында дүниеге келді. Римде философия б.з.б. II-I ғасырларда қалыптасты. Бұл кезең ертедегі грек елі мен Римде құлдық қоғамнаң шарықтау кезі еді. Мәдениет дымыды, гректер арасынан поэзия, драматургия, мүсіндеме, философияның көрнекті өкілдері Гомер, Эсхил, Аристофан, Софокл, Геродот, Кснофонт, Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель, т.б. дүниеге келді. Бұл белгілі дәрежеде қалыптасқан философияның тұрпайы болса да алғашқы кезеңіне жатады. Грек философиясы бірнеше белгілі уәкілдерін дүниеге әкелді. Оның бастамасы Милет қаласынан шықты. Фалес (VIIғ. аяғы - VIғ. бірінші жартысы) сауда адамы болған. Ол кезінде Вавилон, Египет елдерінде талай болған. Оның даңқы б.э.б. 585 жылы грекида Күн тұтылатынын болжағаны үшін барлық жерге таралды. Сол үшін Египет абыздарынана ол Оракул (көреген) деген атақ алған. Фалестің пікірінше, әлемде барлық заттар судан пайда болған. Бәрі содан туындаған. Тіпті Жердің өзі де су бетінде қалқып жүрген жалпақ дөңгелек. Фалестің айтуы бойынша дүние- жанды құбылыс. Оның дәлелін магниттің тарту күшінен көрген. Анаксимандр (б.з.б. 610-540). Оның пікірінше дүние негізісу, немесе басқа бір зат емес, белгісіз, байыпталмайтын бастама - апейрон. Дүние пайда болып, жойылып жатады. Мәңгі өзгермейтін, жойылмайтын тек апейрон. Анаксимандр әлемнің түрлері көп болатынын болжамдады. Оның апейрон туралы пікірі қазіргі материяны философиялық тұрғыдан пайымдауға жақын келеді. Анаксимен(585-525) дүниенің негізі ауа деп есептейді. Ауаның қоюлануы мен сұйықталуынан су, жер, тас, от пайда болады деп топшылады Анаксимен. Гераклит (520-460 жж. шамасы ) Ол Эфес қаласынан шықты. Оның пікірі бойынша дүниеде өзгермейтін, қозғалмайтын ешнәрсе жоқ. Бәрі өзгеріп отырады. Оның пікірінше, «Мына космос барлық тіршілікке бірдей, оны ешбір құдай, ешбір адам жасаған жоқ, мәңгі тірі, ретімен жанып, ретімен өшетін от, ол солай болып қала бермек». Гераклиттің ойынша дүниедегі барлық құбылыс жанды оттан жаралған, олай болса жан да материядан тұрады, бірақ, ол өте құрғақ оттан тұрады. Әлемді билейтін күш «Логос» деп есептеледі. Тіпті Күн де одан шығып кетпек емес. Қозғалыс мәңгі. Әрбір зат өзінің қарама-қарсысына айналады, мәселен, суық - жылыға, жылы - суыққа, ылғал - құрғаққа, құрғақ - ылғалға айналады. Олай болса қарама-қарсылық «бәрінің атасы, бәрінің патшасы». Ал диаклектика туған жерде оған керісінше ұғым да дүниеге келді. Ондай ұғым өкілдерінің бірі Парменид (VI-V шамасы). Дүние заттан тұрған шар. Онда бос кеңістік жоқ. Олай болса ешнәрсе жоқтан пайда болмайды, әрі жойылмайды. Парменидтің шәкірті болған Зенон(490-430 жж.). Ол бірнеше ғажап ойлар айтты. Солардың бірі оның апориясы. Мәселен, тасбақаны Ахилл қуып жете алмайды. Садақтың оғы ешқашан нысанаға жетпейді дегені. Ол, әрине, өмірде олай емес екенін біледі. Бірақ теория жөнінде бұл қозғалысты дәлелдей алмаған. Өйткені Ахиллдың жүретін жолын, садақ оғының нысанаға жеткенше аралығын Зенон алдымен теңдей етіп, екіге бөледі, бөлнген бөлікті тағы да екіге бөледі. Себебі Ахилл да, садақ оғы да әр уақытта сол бөлінген нүктелерде болуы тиіс. Ал бөліну шексіз болғандықтан, оның шегіне ешқашан жету мүмкін емес. Сондықтан Зенон теория жүзінде Ахилл тасбақаны қуып жете алмайды, ал садақ оғы (жебесі ) нысанаға жетпейді деді. Бірақ Зенон қозғалыс пен жүру қашанда өзгеріс пен тыныштықтың диалектикалық бірлігі екенін білмеді. Эмпедокл. Әрине, диалектика бар жерде антидиалектика, метафизика да бар, идеализм бар жерде материализм бар. Эмпедокл ертедегі гректердің ішінен материалист. Дүниенің түрлі құбылыстарын ол төрт бастамадан шығарады. Олар: от, ауа, су және жер. Түрлі заттар осы бастамалардың қосылуынан пайда болып, ыдырауынан жрйылады. Бұлардың басқа тағы зат емес екі рухани бастама бар: сүйіспендік пен қастандық. Эмпедоклдың екі айтқан болжамы таң қалдырады. Бірі - Күннің тұтылуы Жер мен Күннің арасына айдың тура келіп, қабаттасуы. Екіншісі - сәуленің әлемде тарауы үшін уақыттың керектігі. Олай болса сәуленің таралу жылдамдығы болатыны. Анаксагор (б . з . б. V ғ) Күнді материалдық дене дейді. Сол үшін оны діндарлар күнәһар деп айптаған. Ертедегі гректер арасынан софистер де шықты. Солардың бірі - Протагор (490-420 ж.ж) Горгий, т.б олар шындықты дәлелдеп, нақтылап білудің орнына мәселені құр, қызыл сөзбен алмастырмақ болды. Мәселен, Горгий былай дейді: 1) дүниеде ешнәрсе жоқ; 2) егер ол бар болса, оны тану мүмкін емес; 3) егер оны тану мүмкін болса, оны пайымдау, түсіндіру мүмкін емес. Сөйтіп, Горгийдің пікірінше, мәселе бір нәрсені танып, білуде емес, өйткені ол біздің қолымыздың келмейді. Оның орнына икемді ойлау қажет, бәрі соған байланысты, дейді. Әрине, диалектика - иекмді ойлау әдісі. Икемді ойлаудың екі түрі бар: объективтік және субъективтік ойлау. Осылардың біріншісі - диалектикаға, екіншісі - софистикаға жатады. «Сөз» мәселенің бетін шындықтан аударып, өмірден алшақтады. Сократ (470-399) - гректер арасынан шыққан, объективтік идеализмнің негізін салушы. Ол Афиныдағы демократиялық құлдық құрылыстың ыдырау құрылыстың ыдырау кезеңіне сай келді. Сократ үстемдік құрған құл иеленушілердің адамгершілікке жатпайтын сорақылықтарын, олардың сыйынған құдайларын сынады. Өйткені, бұл кезде Афиныдағы бұрын орнаған демократиялық тәртіп бұзылып, үстемдік құрғандар демократияны аяққа басқан, иалай заңсыздық, опасыздық әрекет жасап, қылмысқа батқан кезең болатын. Белгілі моральдық принциптерді қстаған Сократ бұл сқмдықтарды аямай әшкерелеп, жастарды адамгершілік тұрғысынан жаңаша тәрбиеледі. Әрине,бұл үстем таптарға қауіпті болдыү Сондықтан, үстем тап өкілдері Сократты өлім жазасына бұйырады. Сократ өз қолымен бір тостаған у ішіп өледі.Сократқа тағылған айып: а) Афины құдайларына сенбестік тудырған; салғаны, Сократтың басты мақсаты - жастарды өз философиясы арқылы тәртіпті өмір сұруге баулу. «менің білетінім - ешнәрсе білмейтінім», дейді Сократ. Сондықтан, ол «Өзіңді өзің біліп ал» деген талап қойды. Сократтың идеализмі - әлемді билеуші құдай деп уағыздауы. Сократтың айтқандарын қағазға түсірген оның шәкірттері, оныі ішінде Платон, болды. Демокрит(460-370) ертедегі гректерден шыққан тек материалист қана емес, сонымен бірге ол атомистік теорияның негізін салушы. Лепкиппен бірге ол дүние «атом» және «бос қуыстан» тұрады, дейді. Олар атом көзге көрінбейді, құлаққа естілмейді, бірақ нақты өмір сүреді, деп увғыздады. Атомдар бірінен бірі түрі, қатарластығы және орны жағынан ажыратылады, ерекшеленеді. Тіпті өмір мен өлім де осылардың қосылуы мен ыдырауына байланысты. Атомдарды сезінуді «видики» деп атады. Демокриттің пікірінше бір кезде адамдар хайуындарша өмір сүрген. Оларды адам қалпына келтірген қажеттілік деп түсіндіреді Демокрит Платон (427-347) - объективтік идеализмнің көрнекті өкілі, Сократтың шәкіртті. Ол да Афины демократиясын қатты сынға алды. Платонның еңбектері: «Мемлекет», «Театет», «Федон», т.б. Сезімнен тұрантын шындықты Платон нақты шындық емес, ол тек швн қмірдің көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндіреді. Таным дүниені білу емес, еске түсіру деп уағыздады. Идея деген ұғымды алғаш философияға енгізген де сол. Аристотель(384-322 жж) Ол Платонның шәкіртті, атақты Александр Македонскийдің ұстазы Аристотель де объективтік идеалист, бірақ ол материализм мен идеализм арасында солқылдақтық, енжарлық жасады. Дегенмен Аристотель идеалист болып өтті. Негізгі еңбектері: «Жан туралы», «Физика», «Категориялар», «Метафизика», т.б. Кезінде ол өзінің ұстазы Платонды нақты өмірден идяны жоғары қойғаны, нақты өмір оның көлеңкесі дегені ұшін қатты сынға алды. Бірақ, Аристотель түр мен мазмұн арақатынасын зерттеп, сол кірпіштің негізі болып, қалыпқа құйылған батпақ - материя, мазмұн деп қарады. Ол формальды логиканың негізін салды. Геродоттың хабарлауы бойынша гректерде логиканы (қисынды сөйлеуді) үйреткен скиф Анахарсис көрінеді. Бұл әбден мүмкін. Ратихта бір халықтан бір халық үйреніп отырған. Эпикур (341-270 жж.) материалист, атомист, Демокриттің ілімін ілгері дамытушы. Ол атом жөніндегі бұрынғы пікірлерге қосыла отырып, атомдар бір - бірінен салмағы жағынан да ажыратылады, дейді. Эпикур ләззаттың үш түрі болатынын мойындады. Бірі - табиғи, өмірге қажет ләззат екіншісі - табиғи, бірақ өмірге қажет емес ләззат, үшіншісі табиғи да емес, өмірге қажет емес. Осы үш түрлі ләззаттың Эпикур біріншісін қолдайды. Лукреций Кар(99- 55 жж.) да екі нәрсені баса айтады. 1) Адам жанының мәңгі өмір сүрмейтіндігі; 2) Құдайлардың адам өміріне араласа алмайтындығы. Ол адам жаны да атомдардан тұрады деп түсіндірді.

Наши рекомендации