Азақтың ұлт-азаттық қозғалысының 100 жылдығына арналған көтеріліс жайлы мұрағаттағы мәліметтер

СӨЖ

(реферат)

Тақырыбы: Ұлт-азаттық қозғалысқа 100 жыл

Орындаған: Рысқұл Е

Тобы: ЖМ-107а

Қабылдаған: Еркінбекова Ә.С

Шымкент-2016

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

а) Қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының 100 жылдығына арналған көтеріліс жайлы мұрағаттағы мәліметтер

ә) Ұлт-азаттық қозғалысына 100 жыл: Тайынтыдағы «Орай шап» оқиғасы

б)Ұлт-азаттық көтерілісіне – 100 жыл: кітап көрмесі

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Осынау атаулы тарихи оқиғаға келер 2016 жылы 100 жыл толмақшы екен. Тәуелсіздікке талпынған бабаларымыздың осы бір көтерілісі де отарлаушы ел тарапынан аяусыз жанышталғаны тарихтан белгілі. Халқымыздың аяулы ұлдарының бірі Мұхамеджан Тынышбаевтың келтірген 1 дерегінде 1916 жылғы көтерілісте 92 мың адам өлтірілгенін айтса, 2-мәліметінде 99 мыңға жуық адам қырылғанын айтады. Оның 60 пайыздан көбі қырғыздар, 35 пайызы қазақтар, 5 пайызы өзбек, орыс, ұйғыр, дұнған т.б. ұлттар. Көтерілістің басты ошағы Жетісу, Ыстықкөл жерлерінде орын алғаны себепті, осы 35 пайыз қазақтың 95 пайызы Албан руының азаматтары екен. Көптеген қазақ зиялыларының бұл тақырыпқа «менің үйім ол жерден аулағырақ» деп, осы күнге жұмған ауыздарын ашпауы да осы себепті болса керек. 1993 жылғы мектеп бітірген түлек қатарында, біз мектеп қабырғасында осы тақырыптың басында Арқалықтағы көтеріліс басшысы Амангелді Иманов бабамызды ғана кеңінен оқыдық.

1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында аса көрнекті орын алады. Шындығында да, өз тәуелсіздігі үшін ұзақ жылдар бойы жүргізген ерлік-күресінің дәстүрінде тәрбиеленген қазақ халқы 1916 жылы ұлттық және саяси бостандық алу мақсатымен Россия империясының езгісіне қарсы жойқын күреске шықты. Жаңа тарихи кезеңде, империализм мен бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайында Амангелді Иманов, Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов және басқа халық батырлары кезінде, Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Кенесары мен Наурызбай Қасымовтар көтерген бостандық үшін күрес туын қайтадан өз қолдарына алды. 1837-1847 жылдардағы Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысынан кейін 1916 жылғы көтеріліс бүкіл Қазақстандық сипатқа ие болып, ұлан-ғайыр Қазақстанның барлық өңірлерін қамтыды. Көтеріліс ең алдымен отарлыққа қарсы бағытталды да, қазақ халқының ұлттық және саяси тәуелсіздігін көздеді, ал оның әлеуметтік мәні екінші кезекте болды да негізгі мақсатпен салыстырғанда екінші дәрежелі рөл атқарды.
1936 жылдан бастап Кеңес Одағында, әсіресе Қазақстанда, қандай да болмасын оқиға, коммунистік идеологияға бағындырылды, соның ішінде 1916-1917 жылдың тарихи мәселелеріне көзқарас күрт өзгерді: жеке адамға табынушылық саясаты жүргізілді. Доғал соғысында, жанын-тәнін аямай ерлік көрсеткен азаматтар әдейі ұмыт болды, аруақтарын аяқ асты етті.
Тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің арқасында гуманитарлық ғылымдардың маңызды салаларының бірі - тарих ғылымында да бұрынғы коммунистік көзқарастар мен тұрғыда баға берілген тарихи зерттеулерге жаңадан өз бағасын беруге мүмкіндіктер пайда болды.

азақтың ұлт-азаттық қозғалысының 100 жылдығына арналған көтеріліс жайлы мұрағаттағы мәліметтер

Кейіннен мұрағаттан табылған материалдардан сол қаншеңгелдің қақ ортасында өз аталарымның арпалысып жүргенін біліп, қолыма қалам алдым. Ал Амангелді атамыз, осы көтерілістен қырылуға айналған жетісулықтарды ажал аузынан арашалап алу үшін құрылған комитеттің белсенді мүшесі болып, Алаш қайраткерлері арасында, өз елінде жүріпті. Газетіміз арқылы, жанашыр ұлт зиялылары талабымен өмірге келген «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан “Қазақ ұлт-азаттық көтерілісі” жинағында топтастырылған мұрағаттық материалдарды және т.б. құнды деректерді келесі нөмірлерден бере бастасақ деген ойымыз бар. Ол материалдар ішінде А.Керенский, Шингарёв, Родичев сынды Ресей демократтарының Думада сөйлеген сөздерінің аудармалары, халқына араша түсіп жанталасқан Алаш қайраткерлерінің, көтеріліс басшыларының іс-қимылдары, көтеріліс шығындары, ұлтына қарсы әрекет еткен сатқындардың тізімдері. Жалпы Орта Азия жерінде жарлық шыққан 25 маусымнан бастап, қай-қай жерде толқулар болып, өткені туралы көптеген құнды материалдар бар. Алдын ала осы құнды мәліметтерді табуда табанды еңбек еткен тарих саласындағы мамандарымызға, атап айтқанда, Мәмбет Қойгелдиев, Шәмек Тілеубаев, Рашид Оразовтарға рақмет айтуымыз керек.
Түркістан генерал-губернаторы Куролаткин Жетісу губернаторы Фольбаумға (Соколов-Соколинский) жолдаған телеграммасында Жетісудағы қазақтар мен қырғыздардың қарсылығын басуға жіберген күштерді (8750 штаптан тұратын 95 рота, 3900 қылыштан тұратын 24 жүздік, 16 зеңбірек пен 47 пулемет) тізе отырып, «Черняев, Романовский, Кауфман, Сюбелев, Сырдария, Самарқан және Ферғана облыстарын бұдан аз күшпен жаулап алған», — деп көрсетеді. Жетісу халқының күллі Орта Азия халықтарының мұң-зарын арқалап, құрбандыққа шалынуларының құпиясы олардың ынтымағында еді. Басқа жерлердегі көтерілістердің тез жаншылуы сол жердегі болыстардың алауыздықтарынан болды. Олар орыс билеушілеріне пара беріп, өз балаларының орнына кедейлерді тізімдетті. Ал Жетісу халқының ру басшылары тапқа бөлінбей, көтерілістің ұлттық сипат алуына үлкен үлес қосты. Мысалы, қырғыз жеріндегі көтерілістің сонша ауқымды болуының себебі, көтерілісшілердің басында Жантайдың бес немересі түгел жүрді. Ал Жантай — қазақтың соңғы ханы Кененің басы үшін патшадан млн. “көрімдік” алып, Жетісуда қолына қару ұстауға алғаш рұқсат алған қырғыз билеушісі. Патша әскеріне сүйенген бұл әулеттің кейіннен Алматы, Тараз арасында істемегендері қалмаған. Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектерінде бұлар осы екі ортадағы кейбір қазақтарды дарға асып өлтіріп, «мұны жерлейтін болсаңдар, өздеріңе соны істейміз» деп қорқытып кететіні туралы, өліктер айлап ілініп тұрғаны туралы сұмдық оқиғалар айтылады. Осы тентек қырғыздарды Албан руы билетпек түгілі, керек болса барымталап, малдарын айдап алған кездері болған. Орыс пен Қоқанға кезек қараған қиын кезеңдерімізде біршама тыныш өмір сүрген рулардың бірі де осы Албандар екен. Осы уақыттар аралығында ана сүтіне тойып, біршама ұрпақ өмірге келіпті. Солардың бірі, Албанның Қожбанбетінен шыққан Ердене байдың баласы Мергенбай заманында заңды некемен тоғыз әйел алған екен. Тоғыз әйелінің екеуі қырғызбен шекаралас Қызылбөрік руының қыздары, біреуі қырғыздың қызы екен. Қызылбөріктер қыздарын қырғызға алдырған үйірлі жылқыларын үстемесімен қайтарып беретін 500 жігіттік топты бастап келген Мергенбайға шын көңілдерімен қосқан екен. Қырғыз қызы қалай келгені түсінікті болар. Ал ұйғыр әйелі Айқаннан туған Айтақын, Тоқай атты ұлдары кейіннен Шығыс Түркістан мемлекетінің басшылары — А.Қасым, Дәлелхан Сүгірбаевтармен бірге атылыпты. 1916 жыл қарсаңында бірнеше партия боп қалыптасқан топтардың ішінде Шәлкөде жайлауын уысында ұстаған Мергенбай 73 жаста екен. Орыс билеушілеріне салық төлемеу мақсатында өтетін Қарқара жәрмеңкесінің «түнгі базары» осы кісінің айтуымен жүргізілген. Түнгі базарда қару-жарақ, апиын, дәрі-дәрмек, қымбат бұлдар, малдың таңдаулысы сияқты құнды дүниелер саудасы жүрген. Тағы бір үлкен топтың басында Әлмерек тегі Пұсырман, оның баласы Тазабек тұқымы тұрды. Қарақол түрмесінде 12 тамыз күнгі қырғында тірі кеткендердің бірі Әубәкір Солтанбекұлы осы Тазабектің немересі. М.Әуезов осы кісіден «Қилы заман» романына көп материал алған. Тағы бір немересі Жақыпбердінің ерліктері туралы Албан руы аңыз қып айтады. Жақыпбердінің шешесі Мергенбайдың туған қарындасы екен. Нағашыларына бұла боп өскен Жақыпбердіге кезінде сыйланған бесатар Албан руының талай мәселесін шешіпті кейінде. 1916 жылдың 3 тамызында Қызылбөрік болысында басталған алғашқы атыстан кейін 1,5 ай өткенде Жетісу әскери губернаторына мынадай хат жазылады: «Үрімші төңірегіндегі дұнғандар басқа мұсылмандармен бірігіп, Қытай билігін құлатпақшы деген мәліметтер бар. Осы жағдай біздегі мұсылмандарды қатты дүрліктіріп, қасиетті діни соғысқа итермелеуде. Сондықтан тез шара қолданып, 14 болысқа бас боп тұрған Шәлкөде бандысын ауыздықтамасақ, іс насырға шабады. Ол үшін үлкен әскери көмек керек. Онсыз мәселе шешілмейді, олар бұдан да қатерлі әрекетке баруы мүмкін. Бәрінен бұрын Нарынқол-Шарын алқабымен Пржевальск (Қарақол) күре жолы Шәлкөдеден басқарылып отыр. «Асығыс, өте шұғыл!» деп, мөр қойылады.
Иә, ауыр артиллерия, пулеметқа қарсы дәрменсіз көтерілісшілер жан-жаққа бытырап кетеді. Бақайшығына дейін мылтық асынған Мергенбай тұқымы айналасымен бірге Құлжаның Текес, Күнес аудандары арасына қоныстанып, жан сақтайды. Сөйтіп, қазақ-қырғыз Құлжа айналасында бұрыннан өмір сүрген қазақтардың арасына уақытша үкімет жеңгенше паналайды. Қашанда жайбасар қазақ үкіметі тыныш жатқанмен, көрші қырғыз елі осы жылдың 27 мамырында Үкіметтен қаулыны бекітіп те жіберіпті. Қазақтан қырғызға ақша ала салып, 1916 жылғы «Үркіншілікке» деп 4 бағытта миллиондаған ақшаларын да бөліп, тапсырмаларын беріп үлгерді. Ресейдің көлеңкесінен қорқатындарды осы қырғыздан басқа, өзбек, түркімен, ұйғыр секілді ортамызда 30 миллионнан аса түрік тілді бауырларымыз бар екенін естеріне салып, рухтарын оятқым келеді. Қырғыз Үкіметінің 4 бағытқа бөлген қаржысының 3-шісі сөзбе-сөз былай берілген: 1916 жылы Үркін, ол Ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығының әлеуметтік бастамаларын қолдау мақсатында Президенттік әлеуметтік қорғау қорынан қаржы бөлінсін: 3 000 000 млн. сом, қырғыз елі үкіметінің Ыстықкөл облысындағы өкіліне қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі және басқа мемлекеттік жауапты мекемелерімен бірлесе отырып, таулы жерлерде қалған өліктердің қалдықтарын арулап қайта жерлеу шараларын ұйымдастыру ісіне, — дейді. Бөлінген ақшалары біз үшін аздау көрінгенмен, жемқорлығы үшін патшасын қуып шығатын қырғыз үшін бұл аз ақша емес. Бұл қасиетті қаржыны 3000000 млн. доллардан асыра қастерлейтіндеріне дау жоқ.

Наши рекомендации