Дәйектеме және сараптама

Бұл – парламенттік пікірсайыстың іргетасы. Тұжырымдар мен эмоцияға ғана жүгінетін топ емес, тізбектелген, логикалық сараптама жүргізген топ сенімді жеңіске жетеді. Дәйектер нақты, сенімді әрі қарсыластардың құндылықтарымен қақтығысты қамтамасыз ете алатындай болу керек.

Мазмұны

Парламенттік пікірсайыс факт пен статистикаға негізделмесе де, шынайы өмірден алынған мысалдар мен дәлелдерді білу Сіздің позицияңызды нығайту үшін әрдайым көмектеседі. Сізді сарапату міндетінен құрқаратын тірек ретінде дәлелдерді қолданудың қажеті жоқ, дегенмен олар абстрактілі дәйектемені күшейту үшін қызмет ете алады.

Терістеу

Белгілі бір мәселеде өз көзқарасыңызды білдіру жеткіліксіз, қарсыластардың дәйектеріне тікелей қарсы тұрғаныңызға көзіңізді жеткізіңіз. Тағы да, раундта автоматты түрде жеңу не жеңілу үшін ұмытылып кеткен дәйек жеткіліксіз (егер бұл ең маңызды дәйек болмаса), бірақ сіз жеңгіңіз келсе, мықты терістеудің мәні өте зор.

Сөз құрылымы (организация)

Төрешілер дәйектері нақты белгіленіп ұсынылған сөзді жоғары бағалайды. Дәйектеменің әр түрлі сызықтары нақты бөлініп тұруы тиіс. Мұны дәйектерге сілтеме жасау арқылы істеуге болады (не басқа да технологияларды қолдануға болады). Ребатлда раундтың ең маңызды тұстарын қысқа әрі мықты қозғап, детальдарға тым беріліп кетпегені жөн.

Стиль мен риторика

Дәйектерді ұсыну мәнерінің маңыздылығы дәйектердің өздерінен кем емес. Тізбектелген, нақты әрі сенімді сөз төрешілерге тиісті әсер етеді. Риториканың әртүрлі техникаларын қолдану сөзіңізге қуат беріп, презентацияларыңыз бұдан тек әрлене түседі.

Әзіл-қалжың (юмор)

Әзіл – парламенттік пікірсайыстың маңызды бөлігі, оны қолдану сөзіңіздің әсерін өсіре алады. Юмор, орынды сарказм, күлкілі мысалдар мен анекдоттарды төрешілер жоғары бағалайды. Орынсыз қалжың, намысқа тиетін әзілдер мен асыра сілтеушілікті төреші бағаламайды. Ұтымды әзіл мықты құрал болуы мүмкін, төрешілер шешім қабылдар кезде мұны ескереді.

Сұрақтар

“Сұрақтарды” пайдаланған пікірсайысшы раунд бойы артықшылыққа ие болады. Өткір сұрақ қою мен оған тез әрі ұтымды жауап беру арқылы өзіңіздің импровизаторлық ойлауыңызды көрсетесіз. Бұл қасиетті төрешілер жоғары бағалайды.

Топпен жұмыс

Пікірсайысшыдан топтық жұмыс, бір-бірінің дәйектерін күшейту және раунд бойы философияны біртіндеп дамыту күтіледі. Өз әріптесіңізге қарама-қайшы келмеңіз, одан да ертерек енгізілген дәйекті кеңейтіп, өз әріптесіңізге мақсатқа жетуге көмектесіңіз.

Спикерлік ұпайлар

Раундқа берілген бағамен қатар төреші әрбір спикерге 1 ден 30 ұпайға дейін “спикерлік ұпай “ береді. Өзінің атына қарамастан спикерлік ұпайлар тек спикердің стилистикалық қабілетіне ғана байланысты емес. Дәлірек айтқанда олар спикер көрсеткен пікірсайыстырудың жалпы дәрежесін – дәйектеме, сараптама мен терістеу стиль мен риторикаға қоса көрсетеді. Сонымен қатар, пікірсайысшыларға спикерлік баллға негізделген әрбір раундқа 1 – 4 ранг қойылады. Жалпы алғанда ең көп спикерлік ұпай жинаған топ (ұпай саны тең болса, ең төмен раундтағы топ) раундта жеңіске жетеді.

Төменде ұпай үйлестірудің стандартты шкаласы көрсетілген:

16-дан төмен: нашар. Әдетте бұл денгейде спикер сенімсіздікке, шатасуға бой алдырып, күтпеген ойға шомылумен қатар қарсылас топқа дөрекілік көрсетсе, төрешілер ұпай бермейді.

16-17 өте жаман. Ойдың тәртіптілігі, дәйектер логикасы мен идеяларды білдіру өте төмен деңгейде. Сөз белгіленген уақыттан бұрын аяқталып бітеді.

18-20 жаман. Идея мен сараптаманы ұсынудағы қиыншылықтар; дәйектер сенімсіз; өз уақытын тиімді пайдаланған жоқ.

21-22 орташадан төмен. Спикер жоғарыда көрсетілген талаптардың біреуі не бірнешеуіне сай келмейді.

23-24 орташа. Қабылдауға болатын сөз; кейбір кемшіліктер болуы мүмкін.

25 жақсы. Спикердің сөзі сенімді, материалды жақсы ұсына алады. Пікірсайыстырудың кейбір тұстарында жарқ етіп көрінеді.

26 өте жақсы. Ұсыну мен түсіндіруде айтарлықтай қателер жоқ. Сенімді сараптама; ұтымды терістеу; шебер презентация мен жақсы стиль. Әрбір раундта 26 ұпай жинаған спикер турнирдің 10 үздік спикері қатарына кіруі мүмкін.

27 тамаша сөз. Спикер бәрін жоғары дәрежеде жасады; сөзі раундқа шешуші әсер етті; тамаша презентация. Турнирдің ең жақсы сөздерінің бірі. Әрбір раундта 27 ұпай жинаған спикер 3 үздік спикердің қатарында болады.

28 Сіз естіген ең жақсы сөздердің бірі. Егер спикер 28 ұпай жинаса, турнирдің ең үздік спикері аталуы мүмкін.

29 Сіздің өміріңіздегі ең тамаша сөз. Көз жасыңызды ағызды. У. Черчилль мен Мартин Лютер Кингтің сөздерінің қатарында.

30 Адамзат тарихындағы ең тамаша сөз. Мұндайды екінші жолы естуіңіз екіталай.

Төрешінің шешімі, ұпайлар мен әртүрлі ойлар турнирдің соңында алынатын бэллотта жазылады. Әрі қарай жақсартуды керек ететін аймақтарды анықтау үшін бэллоттарды мұқият оқыңыз. Жас пікірсайысшыларға барлық раундтарды жеңбегені, жоғары спикерлік ұпай жинамағаны үшін қайғырудың қажеті жоқ. Пікірсайыстыру қабілеті тәжірибе нәтижесінде келеді, тіпті өте тәжірибелі пікірсайысшылар кейде ұтылып жатады.

Басқа парламенттік пікірсайыс форматтары

Наши рекомендации