Дәріс10.Турбизнестегі менеджмент және маркетинг әдістері
Дәрістің мақсаты: туристтік қызметтегі менеджерлік өнердің әдістерін, туризмдегі басқару жүйесіндегі жобалау әдістері мен туркәсіпорындардың нарықтық стратегиясының құрастырылуын анықтайтын әдістерді ашу қажет.
Дәріс сұрақтары:
1.Туристтік қызметтегі менеджерлік өнердің әдістері
2.Туризмдегі басқару жүйесіндегі жобалау әдістері
3.Туркәсіпорындардың нарықтық стратегиясының құрастырылуын анықтайтын әдістер
Тақырып бойынша негізгі түсініктер:параметрлік, дескриптивтік, Портер талдауы, нарықтық стратегия.
Туристтік қызметтің практикасында келесі әдістер қолданылады:
қызметкерлердің басшылық пен бағыныштылығындағы әбден жетілдіру шеберлігі;
есептік уәж қызметкері басшылығы мен ғылыми стильді әбден жетілдіру ;
қызметтің үйлесімділеуі, менеджерлер мен қызметкерлердің денсаулықтарын нығайту мен сақтау.
Осы әдістерді дұрыс қолдану нарық жағдайындағы қызметкердің туркәсіпкерлік қызметін, шығармашылықты оғтайландыруға және қызметкерді тіршілік қарекетіне мүмкіндік береді.
Параметрлік әдіс турөнім өндірістік жүйесіндегі параметрлер элементтерінің арасындағы функционалдық бағыныштылық пен олардың үйлесімділік дәрежесін айқындау үшін қызметкердің басқару жүйесінде қолданылады.
Функционалдық құнды талдау әдісі қызметкерді басқарудағы жүйені құрастыру варианттарын (нұсқаларын) таңдауға немесе қызметкерді басқару функцияларын орындаудағы нәтижелерге жетудегі аз шығындарға мүмкіндік береді.
Әдіс орындалмайтын басқарудың қайталанбайтын функцияларды , туркәсіпкерлік қызметкерді басқару функциясындағы орталықтандыру мен орталықсыздандыру дәрежелерін айқындауға көмектеседі.
Басқарудағы объект пен субъект тәртібін зерттеу үшін және арасындағы өзара әрекетті маркетологтар келесі әдістерді қолданады: дедукция және индукция (классификация және типология), гипотеза құрастыру, дәлелдеулер, мәселелер қойылымы, пікірталас, өңдеу.
Туризмдегі басқару системасындағы жобалау әдістері.
Туркәсіп менеджерлері өздерінің зерттеушілік қызметтерінде өзара байланысқан екі жолды қолдануына болады: нормативтік және дескриптивтік.
Нормативтік жолда субъективтік фактордан ажыратылған барыстар зерттеледі. Бұл жол шешім қабылдаудағы тамаша мүмкіндіктер мен рецепттерді жасап шығаруға бағытталған.
Дескриптивтік жолда субъективтік факторлар негізгі секілді айқындалады.
Туркәсіптегі жобалау мен басқару әдістері.Туркәсіптегі жобалау қызметі тіршілік қарекетіндегі барлық облыстарға байланысты қабылданған шешімдерімен байланысты. Оған келесі элементтерді жіктеуге болады:
еңбек пен мамандандырудың бөлінуі еңбекті қызмет иерархияның көлденең мен тігінен жүзеге асырылады;
департаментизация және кооперация- ұқсас жұмыстар мен олардың атқарушыларын біріктіру;
басқару мен бақылаудың ауқымы- қызметкерлер мен жұмысшылар санын анықтау;
кәсіпкерліктегі иерархия- бөліктердің жоғарыдан төмен қарай орналасуы; бұл жеке шешім қабылдайтын биліктің құрылысы;
бөлімдер арасындағы қатынас және олардың кәсіпкерліктегі қызметінің үйлестірімі; тұрақты қатынастарының жиынтығы ретінде анықтайтын құрылыстың негізі ретінде үйлесетін; иерархияда тігінен және көлденеңінен қатынаста; мақсаттарына қарай – ұзындық және функциялық қатынастар; қарым-қатынас сипатына қарай- формалық және формалық емес қатынастар;
құқық пен жауапкершілік анықтау- қызметкер тек қана бір басшыдан тапсырмалар алады, құқық және жауапкершілік иерархияның көптеген дәрежелер арасында бөлінген кезде.
Туркәсіпкерлік қызметінде келесі басқару әдістері қолданылады:
Орталықтандыру- шешім қабылдау құқығына жұмылдыру;
Орталықсыздандыру- жауапкершілікті шешімдерді табу кілті арқылы басқарудың төменгі дәрежесіне өткізу;
Жіктелу- жұмыстар бөлшектеу жиегінде арнайы аяқталған дәрежені алғандағы жұмыстардың бөліктер немесе бөлімшелерге бөлшектеу;
Бірігу- ұйымдардың бөліктерінің арасындағы ынтымақтастық дәрежесі талаптар жиегіндегі Туркәсіптің ұйымдастырылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді.
құрылысы мен қызметі.Туркәсіпте ұйымдастырылған құрылысты дайындау кезінде ұйымдастырылған құрылыс үнемі өзгеріске ұшырайтынын болжалдайтын жағдайлық қолданылады.
Стратегиялық басқаруда бұл амал мақсаттар мен шешімдерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі. Оның таңдауы немесе өзгерісі арнайы реттіліктен құралады.
Алдымен стратегияны жүзеге асырудағы шешімдер мен функциялар қиын мағынаға ие, қандай жаңалықтар енгізу керектігі анықталады.
Содан соң шешімдер мен функциялар арасындағы байланыс орналастырылды. Кәсіпкерліктің құрылыстық бірлігі жаңаланады. Шешім қабылдаудағы әр құрылыстық бірліктің дербестік дәрежесі, сондай-ақ иерархиядағы шешім қабылдау деңгейі анықталады.
Бұдан кейін бизнес бірлігінің арасындағы ұйымдастырушылық байланыстар орнатылады.
Туркәсіп қызметінде Портер талдауықолданылады. Соның арқасында келесілер анықталады:
жаңа бәсекелестер пайда болу қаупі;
сатып алушылардың өз шарттарын күштеп таңу қабілеттілігі;
тауарлар мен орынбасар қызметтердің пайда болу қаупі;
сала ішіндегі бәсекелестік күрес.
Бәсекелестердің стратегиялық топтарының анализі және оның негізіндегі саланың бір сегментіне жұмыс істеп жатқан, туристтік компаниялардың арасындағы бәсекелестікті анықтау үшін жүзеге асырылады. Мысалы, компанияны тауар ассортиментіне, бағалық категорисына, қызмет көрсету дәрежесіне қарай бағалайтын мақсатты нарық қызықтырады. Қарқынды бәсекелестік бірнеше тұтынушылық сегменттерге талаптанатын компаниялар арасында болады. Бұл үшін саланың шегінде белгілейтін компания топтарының параметрлер анализін өткізу қажет.
Бәсекелестің әр тауарының сапасын сипаттамасын және кешенділігін, сондай-ақ тұтынушылардың барлық қызмет көрсетулерін, баға белгілеу саясатын, тауар таратылымының өңірін, тауар қызметкерінің стратегиядағы қатынасы, жарнама мен жағдай жасау өтімі облысындағы бағдарламаны білу қажет.
Компания зерттеру мен жасап шығару облысындағы әр стратегияны өндірісті, толайым сатып алуын, қаржыландыруын, бәсекелестердің басқа стратегияларын әбден оқып үйренуі қажет. Бәсекелестердің стратегиялық тобының анализдік негізінде жеке меншік бәсекелестік стратегиясын құрады.
Нарықтағы бәсекелестердің стратегиялық тобының орныққан картасы мен оның құрылысы бәсекелестік бағаның позициясын өткізу, ортақ белгілері бойынша бәсекелестерді бір топқа біріктіру, содан соң солар бойынша позийиялық картасын құру үшін қажет.
Өнеркәсіптік өнімнің есептік әдісі стандартты параметрлермен лайықты жүзеге асырылады. Туркәсіпте бұл әдіс сандық көрсеткіштерді анықтау үшін қолданылады. Мысалы, есеп беру мерзімінде қанша нақты тұтынушылық құндар шығарылған, сондай-ақ маңызды турөнімдердің өндірістік балансын құрастыру мен белгілеу. Есеп кәсіпкерлер дайындаған турөнімнің барлық саны есептелгенде жалпы айналым әдісі бойынша өткізіледі, тауардың бұл бөлігінің жеке қолданыстық тұтынуға немесе түгелімен кәсіпкерліктің шегіне дейін жұмсалғанына бағынышты болмайды.
Туркәсіп қызметінде экономикалық ықпал әдісі қолданылады. Ол кедендік баж салығына, шекрашылық жинауға және импорттық салым қаожысына бөлінеді. Мысалы, кедендік баж салығы импорт және экспортты реттейтін дәстүрлі және тиімді құрал. Кедендік баж салығы өз кезегінде импорттық, экспорттық және транзиттік, сондай-ақ антидемпингтік және өтемақылық болып бөлшектенеді.
Әкімшілік ықпал әдісі үнемі туркәсіпте қолданылады, бөлінеді:
тікелей тыйым салулар; арнайы талаптар; кедендік әдістер мен тәртіптер.
Мысалы, сандық шек қоюлар бәсекелестікті немесе бағаның тұрақтылық ұстауын, экономикалық ресурстарды , сондай-ақ барабар саудалық-политикалық жол берушілікте жағдай жасау үшін пайдаланылады.
Сандық шек қоюлар үйлесімділікке, лицензияландыруға және ерікті өзін-өзі шектеуге бөлінеді. Туркәсіпте валютаны немесе басқа да тауарларды шеттен әкелу мен шетке шығару лимитін қою қажеттілігі енгізілуі мүмкін. Квоталар дербес, мерзімдік, жаһандық, тарифтік болуы мүмкін.
Тікелей тыйым салуларға эмбарго мен блокада қатысты. Эмборганы турөнімнің жеке түріне сияқты, туристтік саланың барлығына орнатуға болады. Блокада туристер шығатын орындарда әскери әрекеттер енгілілуі мүмкін.
Туркәсіптің нарықтық стратегиясының құрастырылуын анықтайтын әдістер.
Нарықтық стратегияны құрастыру.Туркәсіп қызметінде келесі мәселелер маңызды болып табылады: туристтік нарық қызмет нарығында қанша сегмент алу және оны қалай жүзеге асыру керек, сондықтан туркәсіп практикасында келесі нарықты алу стратегиялары қосылған:
1) Саралап жіктелінбеген маркетингті қолдану, маркетологтар сатып алушылардың қажеттілігіне назар аударып, әр түрлі сегментті турөнім жасап шығарады; жарнамаға шығындар минимальды болуы керек, өйткені нарықтағы барлық сегменттер мақсатқа сай емес;
2) Саралап жіктелінген маркетингті қолдану, маркетологтар нарықтың бірнеше сегментінде әрекет етеді, турөнімді әр жеке ұсынысқа қалыптастырады:
А) біркелкі баға бойынша
Б)сатып алушылардың шектеулі санына есептелген
В) жеке сатып алушыларға есептелген
3) құнарландырылған маркетингті қолдану, маркетологтар нарықтақ анықталған түрін қамтыған кезде, мысалы, осы нарықтың үлкен бөлігін қамтуға қажет.
Турөнімге деген сұраныс сатып алушы қалайтын немесе ие бола алатын санына бағынатынын білдіреді. Сатып алу мүмкіндігі сатып алушының қажетті ақша соммасы жеткілікті болуына бағынышты. Сұраныс көлемі бағадан кері бағыныштылықты орналасқан: баға қанша жоғарылаған сайын, сұраныс көлемі сонша азаяды.
Берілген турөнімнің бағасына байланысты емес факторға , сұраныстың өзгерісіне алып келетін сатып алушылар табысының мөлшері, олардың талғамы мен қалаулары, алмасымдылық бағасы немесе толықтырушы тауарлар, бағаны немесе табыстың өзгерісін күту,тсатып алушылар санының өзгерісі жатады.
Маркетингтік зерттеулер өткізу. Маркетингтік зерттеулердің шешімі-бәсекелестің алдын ала болжай ала болуы үшін, бәсекелестердің нарықтағы сипаты, сұраныстың өзгерісі мен турөнімге деген ұсыныстар.
Маркетингтік зерттеулер өткізудің келесі кезеңдері:
1) Мәселе қою, зерттеу бюджетінің есептеуі;
2) Зерттеу орнын таңдау, зерттеуге дайындық, жоспар құру, сұхбаттармен байланысу мүмкіндігін таңдау;
3) Бақылау өткізу, ақпаратты талдап қорыту;
4) Ақпарат пен болжалдаудың анализі таблица, графика, схема құрау; ақпарат пен шешім қабылдауды өңдеу;
5) Зерттеу тиімділігінің бағасы, рекомендациялар мен қорытындыларды тұжырымдау.
6) Маркетингтік зерттеу құрамында: нарықтың толық сипаттамасы, сұраныс анализі және қызметтердің ұсыныстары, бәсекелестәк бағасы, ұсыныс пен сұраныстың бағыныштылығы, мониторингі бар.
Басқарудың әдіснамалық негіздері.Басқарудың әдіснамалық негіздеріне жалпы басұару теориясы әр түрлі жүйемен басқарудың заңдылықтары, әлеуметтік-психологиялық басқару басқару әдістері басқару инфрақұрылымы мен басқару этикасы қатысты. Туркәсіп басшылығы менеджменттегі шоғырланған процестерді таныстыру, жағдайды өңдеу және басқарушылық шешімдерді істеп қоюы болуы керек.
туркәсіп қызметінде басқару функциялары оның стратегиялық және тактикалық жоспары, ұйымдастырушылық қатынастарында үлкен мағынаға ие. Міндетті түрде қызметкер құрамының уәждары, кіші ұғымдағы жетекшілік динамикалық басқарушылық барыстар, басқалардың иінтірегі, басқарудың стилі, менеджер мен кәсіпкерліктің өзінің имиджі, жанжалдарды шешу жолдары, басқарудың тиімділігіне қол жеткізулер ескеріледі.
Туркәсіптің басшылықтары өзінің практикасын жапондық, еуропалық және америкалық өзара айырмашылықтары бар басқару әдістері қолданылады.
Жапондық басқару әдісінің Еуропа мен Америкада қолданылатын әдістерден айырмашылығы еңбектік ресурстарды бағыттауынан тұрады. Жапондық басқарушының алдына қойған мақсаты – қызметкерлердің өнімді еңбегін көтерудің арқасында кәсіпкерлік жұмыстың тиімділігін көтеру. Еуропа мен Америка сегменттеріндегі менеджменттің мақсаты аз күш жұмсап, көп пайда табу.
Жапондық мамандар өздерінің қызметтерінде келесі басқарудың сипатты белгілерін қолданады:
Жұмысбастылық кепілдігі мен сенімділік жағдайын жасап шығару;
Еңбекті ресурстар мен тұрақсыз кадрларды азайтуға мүмкіндіктер туғызк;
Корпорациядағы жариялылық маңызды нәтижелер беретін инженерлер мен әкімшілік қызметкерлердің жағдайына мүмкіндіктер туғызады, жауапкершілікті күшейтеді, өзара әрекеттерді жақсартады, өнімділікті көтереді;
Ақпаратқа негізделген басқару өндірістің экономикалық тиімділігін, өнімнің сапасын көтереді;
Сапаға бағдарланған басқару өнімнің сапасы туралы нақты мәліметтерге жағдай жасайды;
Басшылықтың өнімді шығару кезіндегі үнемі болуы қиындықтарды тез жеңіп шығу үшін керек;
Кәсіпкерлікте тазалық пен тәртіпті сақтау тауарларды жасап шығарудағы жоғары сапаның маңызды факторы.
Туркәсіп кризистік лажсыздықтан, яғни банкроттықтан сақтандырылмаған. Бұл жағдай туркәсіп өз қызметіндегі қаржылық қамтамасыз етуділайықсыз орындаған жағдайда болады. Төлем қабілетсіздігі- бұл оның балансының қанағаттандырылмаған құрылысы. Бұны орнату үшін туркәсіпте кризистік жағдайдың диагностикасы өткізіледі, келесі коэффициенттерді алдын ала қарауды айқындайтын ресми жосық: ағымдағы өтімділік, жеке меншік құралдармен қамтамасыз етілу, төлемқабілеттілікті қайта қалпына келтіру, төлемқабілеттілікті жоғалту. Бұл жағдайларда қазіргі уақытта нарық қызметінде құрастырылған шарттармен анықталған басқарудың әдісін қолдануға мүмкіндік беретін жағдайлық жағдайды мақсатқа сәйкес қолдану.
Туркәсіптің санациясы қаржылық міндеттерді өтеуге жеткілікті қаржылай көмектің берілуінің мүмкін болуынан тұрады. Санация келесі жағдайларда өткізіледі:
Банкроттық туралы істің кредиторлармен қоздырылуына дейін;
Егер кәсіпкерлік өзінің банкроттығы туралы мәлімдемесі бар төрелік сотқа жүгінсе және өзінің санациясының шартын ұсынса;
Кризистен шығу мүмкін немесе кредитті қарыз арқылы қайта ұйымдастыру кезінде қарызды басқа заңды тұлғаға өткізуде, облинациялар шығару немесе заңды тұлғаның мәртебесі өзгерген кезде, яғни туркәсіптің қайта ұйымдастыру кезінде.
Туркәсіпте әлеуметтік-социалогиялық басқару әдісі қолданылады-еңбекті ұжымда туындайтын жеке қатынастар мен байланыстардың әсерінің жиынтығы. Бұл әдістер еңбектің моралбдық ынталандыруын қолдануға негізделген, психологиялық қабылдауларды әкімшілік тапсырмаларды орындау мақсатындағы жеке тұлғаға әсері. Үлкен мағынадағы туркәсіп басшысының жеке үлгісі мен абыройы үлкен мағынаға ие.
Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдісін қолданудың маңызды мақсаты ұжымда ойдағыдай әлеуметтік және психологиялық климаттың құрастырылуы, бұның арқасында тәрбиелік, ұйымдастырушылық және экономикалық тапсырмаларды шешуге болады. Адами қабілеттерді ескере білу басшыға ұжымға мақсатты әсер етуі, еңбекке қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Басшы өзінің қызметінде дәстүрлерді, сынау мен өзін-өзі сынау, өндірістік жиналысты қолдана алады.
Өндірістік қатынас процесінде басұару сияқты сендіру де үлкен мағынаға ие. Басшының жеке тұлғаның ішкі әлемін түсіну, оған негізгі мақсаттарда жететін, біріктіру мен жеделдету тиімділік формаларын таңдауға көмектеседі. Турөнімнің жоғары сапалы және жоғары талапшыл турөнімін, оның жүзеге асыру мен пайда табуын, соңғы есепте туркәсіптің ойдағыдай имиджін жасап, құрастырады.
Басқарудың орталықсыздандыруының жоғарғы деңгейін алдын ала ескеретін нарықтық экономика еңбектік ұжымның өзін өзі басқаруының қалыптасуы мен дамуының кепілі болып табылады. Басқаруды орталықсыздандыру қызметкерлердің шешім қабылдау барысына қатысуды қамтамасыз ететін, туркәсіптегі істің жағдайына әсер ететін өзін өзі басқаруды тұспалдайды. Өзін-өзі басқару еңбек басқарумен меншіктік қатынас арқылы байланысқанда әр қызметкер меншіктік субъект ретінде өзін жүзеге асырады.