МӘліметтер базасыныҢ негізгі ҰҒымы

ЭЕМ (электронды есептегіш машиналардың) маңызды ерекшеліктерінің бірі -акпараттың мол көлемі сақтау және өңдеу ,сонымен бірге мәтіндік және графикалық құжаттар (суреттер ,сызулар, фотасуреттер ,географиялық карталар) ғана емес ,жаһандық жүйе ,дыбыстықжәне бейнефайлдардың беттері де жинақталады .Бұл мүмкіндіктер мәліметтер базасының көмегімен іске асады .

Мәліметтер базасы (МБ) –белгілі бір арқаулы ауқымға қатысты мәліметтерді баяндау,сақтау мен амал-тәсілдерімен ұқсата білудің жалпы принцестерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтердің жиынтығы .Адамның қатысуы ықтимал ,автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылллған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі .

Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі.

Қарапайым МБ мысалы ретінде телефон анықтамалығын,поездар қозғалысы кестесін,кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметтерді,студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және т.б. атауға болады.

Электронды МБ-сының басты қасиеті-ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау (іріктеу),сондай-ақ берілген форма бойынша есепті қарапайым түрлендіру(жасау) мүмкіндігі.Мысалы,сынақ кітапшаларының нөмерлері бойынша студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты-жөні бойынша щығармаларының тізімін жасауға болады.

Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда ХХ ғасырдың 50-жылдарыныңбасынан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі қалыптасты.Олардың бірқатарын келтірейік.

Обьект деп мағлұматтардымәліметтер базасында сақталатын ақпараттық жүйесінің элементтері аталады.

Атрибут-обьектінің қасиеттерін ақпараттық қасиеттерін бейнелеу.Әрбір обьект атрибуттардың кейбір жиынтығымен сипатталады.

Мәліметтердің басты элементі деп мәләметтердің басқа элементтерінің мәндерін анықтауға мүмкіндік беретін осындай атрибут аталады.

Алғашқы кілт- обьекктінің (жазбаның) әрбір данасын бірегей түрде ұқсастыратын атрибут(немесе атрибуттар тобы).

Екінші реттегі кілт-бірнеше жазбалар (обьект даналары) үшін мәні қайталанатын атрибут (немесе атрибуттар тобы).Ең алдымен,екінші реттегі кілттер жазбаларды іздестіру операциясында қолданылады.

Мәліметтер базасы ұғымымен мәлімметтер базасын басқару жүйесінің ұғымы тығыз (МББЖ) байланысты.

МББЖ- жаңа база құрылымын құруға арналған программалық құралдар кешені,оны құрамын толықтыру,құрамында ьарды редакциялау және ақпаратпен көрсетушілік (визуализация)

База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген критерийге сәйкес бейнеленетін мәліметтерді іріктеу,оларды реттеу,сосын шығаратынқұрылғыға беру немесе байланыс арналары бойынша беру.

Кез келген МББЖ мәлімметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді:

Кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;

Кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою;

Кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;

Берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды қосу.

МББЖ-ның тағы бір функциясы- мәліметтерді басқару.Мәліметтерді басқару ретінде,әдетте,мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау,мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қолдау және мәліметтердің тұтастығы мен үйлесімдігін қамтамасыз ету түсініледі.

Мәліметтер базасын жіктеу.Мәліметтер арасындағы байланыстарды орнату әдістері бойынша былайша ажыратылады. Реляциялық,иерархиялық және желілік МБ.

Реляциялық МБ кесте түрінде мәліметтерді ұсынудың қарапайым және әдеттегі формасы болып саналады.Көптеген теориялық ішінде кестеге қатынас (relation) термині сәйкес келеді және ол МБ-ға осы атты берген.Ол үшін дамыған математикалық аппарат-біріктіру,алу,азайту,қиылысу,қосу және т.б. сияқты математикалық операциялар айқындалатын реляциялық есептеу мен реляциялық алгебра.

Осы типтегі МБ жасауға американдық ғалцым Е.Кодд елеулі үлес қосты.

Реляциялық МБ-ның жақсы қасиеті-оны қолдаудың аспаптық құралдарпының салыстырмалы қарапайымдылығы,кемшілігі-мәліметтер құрылымының қатаңдығы (ерікті ұзындық кестенің жолдарын берудің мүмкін еместігі) және оның жұмысы жылдамдығының мәліметтер базасы мөлшеріне тәуелдігі.Мұндай МБ-ға белгіленген көптеген операциялар үшін ьарлық МБ қарау қажетті болуы мүмкін.

Иерархиялық және желілік МБ қайсыбір ортақ белгісі бар мәліметтер арасындағы байланыстардың бар болуын көздейді.Иерархиялық МБ-да мұндай байланыстар ағаш-сызық жол(графа) түрінде бейнеленуі мүмкін,мұнда биік ұшар бастан төменгі кішілеріне қарай біржақты байланыстар ғана болуы ықтимал .Егер барлық ықтимал сұрақтар аған құрылымында бейнеленсе ғана ,бұл қажетті ақпаратқа жетуді тездетеді .Ақпарат алудың ешқандай басқа сұрау салулары қанағаттандырмайды.

Аты айтылған кемшілік желілік МБ-дан алыфп тасталды ,онда(тым болмағанда ,теориялықжағынан) бәрімен барлық жағынан байланыс болу ықтимал еді.Іс-тәжірибе жүзінде мұны іске асыру мүмкін болмағандықтан ,кейюір шектеулерге жүгінуге тура келеді .

Мәліметтердің әрбір элементі құрамында кейбір басқа элементтердің сілтемесі болуы тиіс .Сол себептен ЭЕМ (электронды есептегіш машинаның ) оперативті және дискілік жадындағы едәуір ресурстар талап етіледі .

Мәліметтер базасымен жұмыс режимі бар:жобалаушылық және пайдаланушылық .Бірінші режим база құрылымын құру немесе баяндауға және оның обьектілерін жасауға арналған. Екінші режимде базаны толтыру немесеғ одан мәліметтер алу үшін бұрын дайындаоған обьектілер пайдаланылады.

Жобалаушы кесте құрылымдарын мәліметсіз жасайды және оны тапсырыс берушімен бірге келісіп,бір қорытындыға келеді.

Базаны құрушылар базаны нақты мәліметтерден толтырмайды (тапсырыс беруші оларды құпия деп санауына болады және бөгде адамдарға ұсынбайды )База обьектелерінқалау кезеңін де үлгілік мәліметтер мен эксприменттік толтыру бұған қосылмайды.

Базаны пайдаланушы –формалардың көмегімен оны ақпаратпен толтырады,мәліметтерді сұрау салулардың көмегімен өңдейді және қорытындыны нәтижелік кестелер менг есептер түрін де алады .Жалпы жағдайда пайдаланушылардың қызметі –нақты жұмыс парағында қарастырылғандарға ғана,база құрылымын басқаруға қолы жететіндей құралды жоқ .

ЦИКЛДІК АЛГОРИТМДЕР

Есептерді шешу барысында бір түрлі әрекеттерді бірнеше рет қайталау қажеттілігі жиі кездеседі. Бұл әрекеттерді анықтайтын параметрлердің мәндері әр түрлі болады. Осындай әрекеттерді жүзеге асыратын алгоритмдер циклдік,ал әрекеттердің бірнеше рет қайталанатын тізбегі (циклдің денесі)циклдер деп аталады. Қайталану саны белгілі бір шартқа байланысты немесе алдын ала белгілі болады. Циклдерді пайдалану ықшам бағдарламалар көмегімен есептеулердің үлкен көлемдерін орындауға мүмкіндік береді.

Наши рекомендации