Тақырып. дҮниежҮзілік банк: Әлемдік экономика ҚҰрылымыныҢ дамуындаҒы негізгі тҮсінігі, мӘні мен мазмҰны

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Дүниежүзілік банктер және әлемдік экономика құрылымының дамуындағы негізгі түсінігі.

2. Дүниежүзілік банктер мәні мен мазмұны.

3. Дүниежүзілік банктер және олардың қызметін ұйымдастыру.

Мақсаты – әлемдік экономика құрылымының дамуындағы дүниежүзілік банктер инфрақұрылымының негізгі мәні мен мазмұнының негізін ашып, оқып-үйрену.

Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) — халықаралық үкіметаралық қаржы-несиелік ұйым; Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің ұзақ мерзімді несиелендіру жөніндегі аймақтық мемлекетаралық банкі 1990 жылы құрылған. Штаб-пәтері Лондонда орналасқан. Еуропа қайта құру және даму банкіге 50-ге жуық ел, соның ішінде ТМД елдері, сондай-ақ, Еуропа инвестициялық банкісі мен Еуропа қоғамдастығы мүше болып табылады. Банкке еуропалық емес елдер де мүше бола алады. Банкінің мақсаты — Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі, сондай-ақ, бұрынғы КСРО елдеріндегі экономикалық реформаларды қаржыландыру. Олардың ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық дамуына септігін тигізу; кредит алған елдерде құрылымдық реформа жүргізуге, жекешелендіруге және монополияны жоюға, орталықсыздандыруға көмектесу арқылы олардың экономикасын әлемдік интеграцияға тарту. Банк мемлекеттік қана емес, сондай-ақ, жеке секторда да әрекет етеді, коммерциялық мүмкіндігі жоғары жобаларға қатысады. Банк капиталы (12 млрд. АҚШ доллары шамасында) мүше елдердің жарналарынан құралады, бұл капиталдың 51%-і Еуропа экономикалық қоғамдастығы мен Еуропа инвестициялық банкісінің үлесінде. Қазақстан Республикасы Еуропа қайта құру және даму банкімен 1992 жылы байланыс орнатып, мүшелікке өтті. Бұл байланыс стратегиясы бірінші кезеңде техникалық ынтымақтастық арқылы ұйымдастыру және кадрлар даярлау жұмыстарын жүргізу болса, екінші кезеңде қаржы секторына, ауыл шаруашылығы, энергетика, тау-кен өнеркәсібі және көлік салаларын инвестицияландыру қамтылды. Осыған орай Қазақстанда көптеген жобалар іске асырылуда. Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі Дүниежүзілік Банктің тобы 1944 жылы құрылған және оған мынадай бес қаржы институты кіреді: - Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі (International Bank for Reconstruction and Development); - Халықаралық даму қауымдастығы (The International Development Association), - Халықаралық қаржы корпорациясы (The International Finance Corporation); - Инвестицияларға кепілдік беру жөніндегі көпжақты агенттік (The Multilateral Investment Guarantee Agency); - Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық (The International Centre for Settlement of Investment Disputes). Қазақстан 1992 жылғы шілдеде ХЖДБ-ға, ХДҚ-ға, ИККА-ға, ИДРХО-ға мүше және 1993 жылғы қыркүйекте ХҚК-ге мүше болды. Дүниежүзілік банк тобы Қазақстандағы сыртқы қаржыландырудың ірі көздерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі активтерінің депозитарийі болып табылады және Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің «А» шотына қызмет көрсетуге қатысады. Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің ережелерінде көзделген операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы төлейтін немесе Қазақстан Республикасына төленетін сомаларды аудару Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы жүзеге асырылады.

Халықаралық есеп айырысу банкі (Bank for) unternatіonal Settlements) — халықаралық қаржы институты. 1930 ж. Базелде (Швейцария) Ұлыбритания, Франция, Германия, Бельгия, Италияның орталық банкілері, АҚШ-тың Моргандар банкілері үйі басқарған 3 жеке меншік банкісі және жапондардың жеке банкілері құрған. Банк алтын және шет ел валюталарын сатып алады және сатады, орталық банкілерден сақтауға алтын қабылдайды, оларға кепілгенесие береді немесе өзі несие алады, биржада құнды қағаздар сатады.

Банкноттар шығаруға, тратталарды (аударма вексельдерді) төлеуге, үкіметке несие беруге, кәсіпкерлік компанияларға бақылау жасауға құқы жоқ. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында мұнда фашистердің тонап алған алтындары сақталды. Сондықтан Бреттон-Вудсте болған конференцияда (1944) банкіні жою жөнінде қаулы қабылданды. Бірақ қырғи-қабақ соғыстың әсерінен бұл қаулы орындалған жоқ.

Керісінше қаржы операцияларының көлемі ұлғайып, “Маршалл жоспарына” қатысты. 60-жылдардан бастап банк нарықтық қатынастарға көшкен елдердің дүниежүз. валюта жүйесін қолдау жөніндегі халықар. орт-на айналды. 1968 ж. Х. е. а. б. құрамына Еуропадағы барлық елдердің (ГДР мен КСРО-дан басқа) орт. банкілері мүше болды. Акцияларының 75%-ы орт. банкілерге, қалғаны жеке меншік банкілер мен жеке адамдарға тиесілі Америкааралық даму банкі – 1959 жылы Латын Америкасы мен Кариб бассейні мемлекеттерінің экономикасына қаржылық көмек көрсету үшін құрылған халықаралық қаржылық ұйым. 19 американдық мемлекеттермен акционерлік қоғам болып құрылған. Соңынан американдық емес мемлекеттери де акционерлері болды.

Америкааралық банктің қызметімен байланысты басқа да қаржылық ұйымдар құрылды: 1986 жылы – америкааралық инвестициялық корпорация; 1993 жылы – көпжақты инвестициялық қор. Осы үш ұйым Америкааралық даму банкінің тобын құрайды. Қазір банктің акционерлері болып әртүрлі әртүрлі мәртебелі 47 мемлекет табылады. Соның 26 мемлекет-мүшесі несие алуға құқы бар, ал 21 құқы жоқ. Америкааралық даму банкі аймақтағы ірі халықаралық дамудың көзі болып табылады. Банк өзінің мүшелерінің мемлекеттерінің үкіметтеріне коммерциялық жағдай стандартымен қарыз береді. Сонымен қатар банк қарыз берушінің артықшылықты мәртебесіне ие, яғни қарыз алушы ең бірінші қарызын осы банкке өтеу қажет, содан кейін басқа коммерциялық банктермен есептеседі.

Қарыз беруге қолданылатын ақша қорлары институционалды инвесторларға облигация сатудан түскен қаржымен көбейеді. Тартылған құралдардың кепілдемесі болып банктің жарғылық капиталы табылады. Жарғылық капиталы 48 мемлекет-құрылтайшылар және қосымша кепілдіктер, сонымен қатар қарыз алушысы болып табылмайтын ең бай мемлекеттердің салымдарынан тұрады. Осы кепілдемелер арқасында банктің облигациясы ең жоғары тұрақтылық рейтингіге ие (кредит төлеу қабілеттілігі) – ААА. Басқа халықаралық қаржылық институттарымен салыстырғанда, мысалы Әлемдік банк, Америкааралық даму банкінің қарыз алушы мемлекеттері оның басты акционерлері табылады. Олардың біріккен үлесі 50 пайызды құраса, АҚШ-тың үлесі 30 пайыз болып табылады.

15-тақырып. ӘЛЕМДІК БАНК ЖӘНЕ ВАЛЮТА ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Әлемдік экономикалық дағдарыстың пайда болу себептері.

2.Әлемдік қаржы нарығының қазіргі жағдайы.

3.Әлемдік қаржы нарығының даму перспективалары.

Мақсаты – әлемдегі нарығы қалыптасушы елдердің қаржы нарығы инфрақұрылымының негізгі мәні мен мазмұнының негізін ашып, оқып-үйрену.

90-жылдары қор нарықтары тәуелсіз жас мемлекеттердің жаңа нарықтарының дамуымен байланысты алға жылжығаны байқалады. «Дамушы елдер» термині сияқты, «пайда болған нарық» термині де жеткілікті шартпен бағалы қағаз нарығына үйлестірілген болып табылады, бірақ сонда да кең қолданысқа ие.

«Дамушы елдер» және «пайда болған нарық елдері» түсінігі жалпы ұқсас ұғым. Халықаралық қаржылық корпорация (МФК-ХҚК) «пайда болған нарық елдері» тобына жалпы ұлттық өнімнің (ВНП-ЖҰӨ) жан басына шаққанда 8626$-дан кем болған елдерді жатқызады. АҚШ-тың шетел нарықтарында жұмыс жасайтын, кейбір ірі инв-қ инс-ң жетекшілері барлық елдердің нарықтарына көңіл аудара отырып, «15 тобына» немесе экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ОЭСР-ЭЫДҰ) мүшелікке кірмеген елдерді дамушы қор нарықтары ретінде қарастырған. ХҚК-сының жіктеуі бойынша пайда болған нарықтар тобына Гонконг пен Сингапурден (нарықтары дамыған) басқа, дамушылар тобына жататын барлық елдер кіреді. Сонымен қатар мұнда «өтпелі эканомикасымен»

Шығыс Еуропа және бұрынғы КСРО елдердің нарықтары жатқызылады – барлығы 169 тәуелсіз мемлекеттер мен территориялар. Олардың өзі 2 топқа бөлінеді:1)ЖҰӨ-ң жан басына шаққандағы төменгі деңгейі бойынша (675$-дан кем болады); 2)ЖҰӨ-ң басына шаққандағы орташа деңгейі бойынша (675$-дан 8626$ дейінгі). Сондай-ақ пайда болған нарықтар тобына ООН-ң жіктеуі бойынша дамыған мемлекеттерге жататын Греция, Португалия және Оңт. Африка Республикасы (ЮАР-ОАР) кіреді. «Пайда болған нарықтар» қатарына бағалы қағаздар нарығы дамуының ең жоғарғы деңгейінің барлық элементтерінің куәгері болып табылған ХҚК-ң мүшелері (Аргентина, Мексика, Бразилия, Чили, Туркия, Иран, Индонезия, Корея, Малайзия, Тайвань және Тайланд) кіреді.

1994ж Варшава қор биржасы, 1995ж күзінде Афина қор биржасы және Филиппин қор биржасы ХҚК-ң мүшелері болды. Сондай-ақ, нарық ретінде «Пайда болған нарықтар» тобына тіпті 90 жылдарда ғана пайда болды, (Шығыс Еуропа мен бұрынғы КСРО елдері), капитализациясы жоғарғы ірі еуропалық елдер (Мексика, Бразилия, Корея, Малайзия, Тайвань, Тайланд) және тіпті кішкентай (Маврикий, Кипр) елдерімен қатар – нарықта 100жылдық тарихы бар (Латын Америкасы, Индия елдерінің) нарықтары да кіреді. Дамушы нарықтардың жалпы сипаты: (дамыған нарықтармен салыстырғандағы) өтімділіктің төмендігі нарықтың айқын еместігі, яғни ақпарат деңгейінің төмендігі (әсіресе эмитенттер туралы ақпараттардың жетіспеушілігі) бағаның толқымалығы және соған сәйкес баға тәуекелінің жоғары деңгейі заңдық базаның дамымауы.

Индияның қор нарығы 1,50жыл бұрын пайда болды. Бомбейде акцияларымен сауда 1830ж-да жүзеге асырылған, Бомбейде алғашқы қор биржасы 1875ж ашылды. Қазіргі уақытта жалпы саны 21 қор биржасы қызмет етеді, бұл көрсеткіште Индия Ресейге ғана жол береді. Биржалар бір-бірімен байланысты емес, акция нарығы бытыраңқы жергілікті және аймақтық сипатта болып келеді. Алайда Индияда капитализация көлемі ЖІӨ-ң 40% жетеді.

Корея: Оңт. Корея, Азияда жаңа нарығы Жапония, Гонкрнг және Тайваньнан кейінгі 4-ші орынды алады. Акциялармен сауда, мемлекеттегі жалғыз биржа, 1994ж 721 эмитенттің акциясы котировкаланған Сеул қор биржасында шоғырланған. Корей қор биржаларының мүшелері – қаржы министрлігіне лицензиясы бар бағалы қағаздар бойынша 32 компания. Банктер, сенім компаниялары, андеррайтингімен айналысатын құқығы бар бағалы қағаз биржаларының мүшелері бола алмайды. Бағалы қағаздармен сауда компьютерлік жүйесімен SMATS жүзеге асырады. Қағидалары Париж қор биржасындағыдай.

Қытай: Қытайлық акционерлік қоғамдардың акциялары 2 қор биржасында – Шанхай мен Шензен де айналыста.1993ж биржадан тыс нарыққа тыйым салынған 181 листингтік компанияға жеткен: Шанхай – 105, Шензен – 76, капитализациясы мен айналысы бойынша Шензен қор биржасынан Шанхай қор биржасы 2 есе басым түседі. Шанхай биржалық мүшелері – 480, Шензен биржалық мүшесінің саны 410. Қытай акциясы негізінен 2 түрге бөлінеді:Малайзия: Малайзия бағалы қағаз нарығы - акция нарығы, мемлекеттік борыштық міндеттемелер нарығы, жеке міндеттемелер мен туынды бағалы қағаздардан тұрады. Алғашқы ұйым – Малайзияның бағ.қағазы бойынша брокерлерінің ассоциациясы 1937ж қаланды, бірақ 1960ж-да ғана орталық банк ғимаратында жариялық акциялармен сауда басталған. Малайзия қор биржасы 1964ж ашылды. 1973ж оның басқа бөлімдері Сингапур қор биржасынан Малайзия қор биржасы Куала Лимпурлық қор биржасы болып өзгертілді. Осы жылы бағалы қағаз туралы Заң қабылданған. 1983ж Заң жаңа ережелермен толықтырылған. 1983 жылдан «деуге берумен» саудасы тоқтатылған. Өтініш (заявкалар) тапсырмалар SCORE жүйесі мен компьютер арқылы таратылады. Малайзия экономикасы, елдегі қор нарығы өте жақсы дамуда. Капитализациясы бойынша Оңт. Шығыс елдері ассоциациясы ASEAN – елдері арасындағы ірі және дамыған нарық болып табылады. Тайланд: Тайланд қор нарығындағы айырықша ерекшелік қаржы мекемелері мен компанияларының жылжымайтын мүліктен сауда бойынша акцияларының жоғарылығы. Филиппин: Филиппин қор нарығы – Оңт. Шығыс Азиядағы көне нарықтардың бірі. Соған қарамастан қазіргі уақытта нарықта өз орнын Малайзия, Сингапур, Индонезия нарықтарына берді. Акция нарығында қоғамдық қолданыс компаниялары, банктер, құрылыс компанияларының бағалы қағаздары көрсетілген.

Заңнамасы шетелдік инвестицияға қатынасы бойынша өте либеральді - өндірістік салада филиппиндік компаниялардың акцияларының 100%-ын шетелдіктер алуы мүмкін. Жергілікті эмитенттер шығарылған акциялар 2 сыныпқа бөлінеді: А – тек резиденттер үшін, Шығыс Еуропа елдерінің қор нарықтары: Польша, Чехия, Венгрия. Польшаның бағалы қағаздар нарығының нормативтік мекемелері – 1991ж 22 наурызда парламентпен қабылданған Сенім қоры, бағалы қағаздармен сауда туралы Заң болып табылады. Бұл заңның негізгі реттеуші органы – бағалы қағаз бойынша Комиссияның функциялары толығымен АҚШ-тың БК БК-ң функцияларымен бірдей екендігі. Бағалы қағаздар түрлері: Акциялар – жай акциялар – атаулы, ұсынбалы, құжатты және құжатсыз. Артықшылықты акциялар – бірнеше түрге бөлінед, бірнеше дауыс беретін – атаулы акция болып табылады. Облигациялары: конверттелген, қазынашылық.

ГЛОССАРИЙ

Ағымдағы валюта саясаты– валюта бағамын, валюталық операцияларды және т.б. күн сайын оперативтік тұрғыдан реттеуге бағытталған қысқа мерзімді шара

Айырбасталатын валюта (валютаның айырбасталымдылығы)– ұлттық валютаның төлем құралы ретінде басқа валюта түрлеріне ең аз шығынмен әрі жылдам айырбасталу қабілеті

Атаулы құны бар валюта бағамы –екі ел валютасының салыстырмалы бағасы немесе басқа елдің ақша бірлігінде тұлғаланған бір елдің валютасы

Атаулы құны бар тиімді валюта бағамы –қандай да бір елдің өз елінде жүзеге асы-рылатын валюталық операциялардың үлес салмағына қарай өлшемделген валюталары мен ұлттық валюта арасындағы арақатынас ретінде есептелген валюта бағамының индексі

Басты валюта лицензиясы –қолма-қол шетелдік валюта үшін қызмет көрсетулерге және бөлшек сауданы жүзеге асыруға беріледі әрі оның иесіне қызмет көрсету және бөлшек сауданы жүзеге асыру барысында қолма-қол шетелдік валютамен есеп айырысуына құқық береді; тартылған зейнетақы активтерінің есебінен операцияларды резидент еместердің құнды қағаздарындағы инвестиция түрінде орындауы үшін зейнетақы активтерін инвестициялық тұрғыдан басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға беріледі

Бір жолғы валюта лицензиясы –капиталдың қозғалысымен байланысты операциялардың, экспорт-импорт мәмілелері бойынша операциялардың орындалуына, валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердің пайдасына өтуін (ауыстыруды) қарастыратын капитал қозғалысымен байланысты операцияларды жүргізуге, резиденттердің резидент еместен несие ретінде алатын шетелдік валютаны үшінші тұлғаның шотына алу бойынша операцияларды жүргізуге беріледі

Валюта– мемлекеттің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша құралы немесе қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз формаларындағы құнның, банкнот, қазынашылық билет және тиын, оның ішінде бағалы металдардан жасалған тиын (айналыстағы ақшалай бірліктерге айырбасталатын, айналыстан алынатын) түріндегі құнның ресми стандарты, сондай-ақ, шоттардағы, оның ішінде, халықаралық ақшалай немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражат

Валюта бағамыекі ақшалай бірліктің айырбасталу арақатынасын білдіреді немесе ол (валюта бағамы) басқа елдің ақшалай бірлігінде тұлғаланған бір ақша бірлігінің бағасы ретінде болады

Валюта нарығы– валюталық мәмілелер бекітілетін, яғни, бір елдің валютасы екінші елдің валютасына белгілі бір атаулы құны бар валюта бағамы бойынша айырбасталатын нарық

Валюталық алып-сатарлық –валюталық мәмілелерден барынша пайда алу мақсатында валюталардың алдағы кезеңдегі бағаларын ойнату

Валюталық қатер– валюта бағамының болжанбаған өзгерісіне қатысты банктің немесе кәсіпорынның ақшалай қаражатына қауіп төндіретін қатер

Валюталық құндылық –шетелдік валюта; атаулы құны шетелдік валютада тұлғаланатын құнды қағаздар мен төлем құжаттары; тазартылған құйма алтын; резиденттер және резидент еместер олармен операцияны жүзеге асыратын жағдайда атаулы құны ұлттық валютада тұлғаланатын құнды қағаздар, төлем құжаттары және ұлттық валюта

Валюталық опцион– сатып алушыға белгілі бір күнге дейін келісілген баға бойынша ва-люта индексін немесе нақты валюта мөлшерін (санын) сатуға немесе сатып алуға құқық беретін, алайда оған міндеттеме жүктемейтін контракт

Валюталық позиция –есеп айырысуға қажетті валютаның әрбіреуіндегі кәсіпорынның немесе банктің талаптары мен міндеттемелерінің арасындағы жағымды немесе жағымсыз айырмашылық. Банктердің (биржалардың) валюта позициясы – банктерге қандай да бір валютадағы талаптардың және міндеттемелердің болуы. Қандай да бір валютадағы ашық позиция – осы валютадағы талаптар мен міндеттемелердің бір-бірімен сәйкес келмеуін, яғни, шетелдік валютаның сатылуы мен оны сатып алудың арасындағы сәйкессіздікті білдіреді. Сатып алу сатыдан асып түссе – ұзын позиция, ал, сату сатып алудан жоғары болса – қысқа позиция

Валюталық реттеу– бұл мемлекеттік өкілетті органдардың (валюталық реттеу органдарының) ішкі валюта нарығын дамыту және оны бақылау, ұлттық валютаны тұрақтан-дыру, елдің төлем байланысын нығайту мақсаттарында валюта операцияларын жүргізудің тәртібін белгілеу жөніндегі қызметі

Валюталық саясат– әлемдік шаруашылыққа құрылған байланыс жүйесіндегі интегра-цияның деңгейіне, саласына және тетіктеріне қатысты мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған, елді экономикалық және әлеуметтік жағынан дамытуға арналған мемлекеттік стратегияның бөлігі

Валюталық своп– келісілген бағам бойынша немесе кейін кері айырбасталатын бірдей таза ағымдағы құны бар екі валютаның белгілі бір мөлшерде айырбасталуы

Валюталық тепе-теңдік –валюталық бағамның негізі болып табылатын екі валютаның арасындағы заңмен белгіленген арақатынас

Валюталық шектеу– валютамен, алтынмен және басқа да валюталық құндылықтар-мен жүзеге асырылатын операцияларды шектеуге бағытталған заңмен немесе әкімшілік жолмен белгіленген шаралар мен нормативті ережелердің жиынтығы

Валютаның бағасын белгілеу –бұл елдер арасында валюта бағамын анықтауды ұйғарады. Осының негізінде айырбасталатын екі ақшалай бірліктің арақатанасы белгіленеді

Валютаның құнын белгілеу –валюта бағамын таңдап алынған нарықтық тетіктердің негізінде анықтау

Валютаның мемлекет ішіндегі құқықтық қатынасықаржылық, әкімшілік және азаматтық құқықтардың аясында реттеледі

Валютарлық резервтерді әртараптандыру –ірі қаржы институттарының және мем-лекеттің халықаралық есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында әр елдің ең тұрақты валюталарын валюталық резервтің құрамына қосуды ұйғаратын саясаты

Девальвация– тіркелген валюта бағамы жүйесінде орталық банктің ұлттық валюта бағамын төмендету жөніндегі қаулысы

Девиздік саясатмемлекеттік органдардың ұлттық валюта бағамын өзгерту мақсатында шетелдік валютаны сату-сатып алу жолымен жүзеге асырылады

Дисконттық саясат– валюта бағамы мен төлем балансын реттеу үшін орталық банктің есептік мөлшермелерді өзгертетін саясаты

Евровексель– евродоллардағы қысқа мерзімді облигация

Евронесие– бұл негізінен бірлестірілген евронесие, яғни, қарыз алушының банктердің синдикатымен құрылған несиеден евродолларда алатын несиесі

Еврооблигация(евробонд) – шетелдік қарыз алушылардың (эмитенттердің) өтініші бойынша халықаралық банк синдикаттары (консорциумдары) шығаратын борыштық құнды қағаздар

Еркін құбылатын немесе икемді валюта бағамы –валюта бағамының жүйесі. Бұл жүйеде орталық банк валюта нарығының қызметіне араласпайды және тепе-тең валюта бағамы сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекетімен анықталады

Қосарлы валюта нарығы –тіркелген және құбылмалы бағамдарының режимдері ара-сындағы орташаланған жағдайды білдіреді

Кросс-бағам– бұл валюта мәмілесінің қатысушылары үшін бірде-біреуі ұлттық болып табылмайтын екі шетелдік валютаның белгіленген бағасы

Құрылымдық валюта саясатывалюта нарығында құрылымдық өзгерестерді жүзеге асыратын ұзақ мерзімді шараларды бейнелейді

Қысқа ашық валюта позициясы –жекелеген шетелдік валютадағы ашық валюталық позиция. Оның міндеттемесі мен баланстан тыс міндеттемесі осы шетелдік валютадағы актив пен баланстан тыс талабынан асып түседі

Лаг –уақытша аралық. Бұл аралықта ақша массасының өзгеруі бағалар мен тариф-тердің тиісті өзгерісін тудырады

Лицензия– құзыретті мемлекеттік органдардың азаматтарға немесе заңды тұлғаларға нақты қызмет түрімен айналысуына немесе белгілі бір әрекетті орындауына беретін рұқсаты

Нақты валюта бағамыекі елдің баға деңгейлерінің қатынасына көбейтілген атаулы құны бар бағам ретінде анықталады

Нақты тиімділігі бар валюта бағамы– қандай да бір елдің нақты валюта бағамының сауда жағынан негізгі серіктесі болып табылатын елдің валютасына динамикасын көрсететін баға деңгейінің немесе өндіріс шығындарының басқа көрсеткіштерінің өзгерісін түзетуші атаулы құны бар валюта бағамы

Операциялық валюта лицензиясыбанк қызметінде белгілі бір валютаның орындалуы үшін және валюта заңымен анықталған валюталық құндылықтардың пайдаланылуымен байланысты операциялардың орындалуы үшін беріледі

Өкілетті банк– банк туралы заңдарда қарастырылған операцияларды жүргізуге орта-лық банктің лицензиясын алған, валюталық операцияларды, оның ішінде, клиенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк

Ревальвация– тіркелген бағам жүйесінде орталық банктің ұлттық валюта бағамын кө-теру туралы қаулысы

Резидент еместер –«резидент» ұғымында аталмайтын барлық заңды тұлғалар, олардың өкілдіктері мен филиалдары, сондай-ақ жеке тұлғалар

Резиденттер– ҚР-дың, оның ішінде, уақытша шетелдерде немесе республиканың шегінде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлғалары; республика территориясында республика заңына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ, олардың Қазақстан Республикасындағы және оның шегіндегі филиалдары мен өкілдіктері; республика шегіндегі ҚР-дың дипломатиялық, сауда және басқа да ресми өкілдіктері

Сатушының бағамы –бұл бағам. Ол бойынша резидент-банк ұлттық валютаға шетел-дік валютаны сатады

Сатып алу қабілетінің бірдейлігі– теория. Бұл теорияға сәйкес әр түрлі елдерде өнді-рілсе де бір валютада тұлғаланған, өзара алмастырылатын тауарлардың бағасы ұзақ мерзімді кезеңде бірдей болуы керек

Сатып алушының бағамы– бұл бағам. Ол бойынша резидент-банк ұлттық валютаға шетелдік валютаны сатып алады

«Спот» валюта операциясы –мәмілені ресімдеу сәтінде немесе 48 сағаттың шегінде (ішінде) қолма-қол валютаны пайдаланумен жүзеге асырылатын операция

Тепе-тең валюта бағамы –халықаралық сауда-саттыққа шектеу қоймау, капиталдың құйылысы мен ағынына арнайы мотивтерді қолданбау, шектен тыс жұмыссыздықты болдырмау шарттарымен төлем балансының тепе-теңдігіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін валюта бағамы

Тіркелген валюта бағамы– валюта бағамының ресми белгіленген арақатынасы. Онда орталық банк валюта бағамын тіркейді әрі оның деңгейін өзгеріссіз сақтау міндеттемесін өз мойнына алады

Тұрақты валюта– ағымдағы операциялар (сауда-саттық) бойынша да, капиталдың экспорты мен импорты саласында да басқа валютаға толық айырбастауға келетін валюта

Халықаралық валюталық құқықтық қатынасвалюталық құқықтық қатынастың 2 деңгейін қарастырады: 1) мемлекеттер арасындағы қатынасты халықаралық жариялы қаржы-лық құқық реттейді; 2) жеке тұлғалар мен ұйымдар арасындағы қатынасты халықаралық жеке құқық реттейді

«Форвард» валюта операциясы –банктердің немесе қаржылық компаниялардың келісімшарт негізінде телефон немесе телекс бойынша жүргізілетін биржадан тыс мерзімді валюталық мәміле. Форвард операциясы биржада фьючерлік және опциондық операция-ларымен баламалы түрде жүргізіледі

Хеджирлеу– валюталық қатерден сақтандыру

Шетелдік валюта бойынша ашық валюта позициясының лимиті– шетелдік валю-тадағы міндеттемелер мен талаптар шотындағы абсолюттік сомалардың арасында орын алған айырмашылықты анықтау жолымен есептеледі

СМЖ ЖМУ Е/ПОӘК.09-2016   Ф.4.09-33

Наши рекомендации