V Тақырып: Әкімшілік құқық негіздері.
Мақсат:Әкімшілік құқықты пән ретінде, оның түсінігін, жүйесін, мемлекеттік басқару органдарын, әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі мен жазаларының түрін анықтау.
Жоспар:
1.Әкімшілік құқықтың түсінігі.
2.Мемлекеттік басқару органдары.
3.Әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілік,
шараның түрлері.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер:регламент, комитет, локальдық актілер, ведомство, объект, субъект, субъективтік жақ, объективтік жақ.
Негізгі мазмұны:
Әкімшілік құқық конституциялық азаматық және қылмыстық құқықтарға қарағанда іргелі құқық саласы ретінде болып келеді.
«Әкімшілік» латын тілінде басқару деген мағынаны білдіреді.
Әкімшілік құқық – құқықтың мемлекеттік басқару процесінде, атқарушы билік құрылымдарын құру, олардың құзыреттерін белгілеу, мемлекеттік қызметшілердің міндеттері, құқықтары және жауапкершіліктерін анықтау, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті азаматтардың өмірі, құқықтары мен бостандықтарын сақтауды жүзеге асыру кезінде пайда болған қоғамдық қытынастарды реттеуші саласы.
Әкімшілік – құқықтық қатынастардың субъектілері азаматтар, атқарушы билік органдары, қоғамдық және діни бірлестіктер, жеке кәсіпорындар болуы мүмкін. Бірак атқарушы билік әрбір әкімшілік – құқықтық қатынаста, не тікелей субъект ретінде, не жанама субъект қадағалаушы ретінде нақты немесе заңды түрде қатысып отырады.
Қазақстан Республикасындағы атқарушы билік мемлекеттік басқару органдары жүйесін құрайды. Оған: Қазақстан Республикасының Үкіметі, Министрліктер, республиканың мемлекеттік комитеттері мен водомостволары, жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың әкімшіліктері жатады. Бұл органдардың құқықтық жағдайының маңызды белгісі олардың заңға бағыныштылығы болып табылады.
Үкімет Қазақстан Республикасында атқарушы билікті жүзеге асырады. Конституцияға сәйкес ол атқарушы органдар жүйесін басқарады және оның қызметін бақылайды.
Үкімет алқалық орган болып табылады, оның құрамына премьер-Министр, Үкімет мүшелері кіреді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
− әлеуметтік – экономикалық саясатың қорғану қабілеттіліктің,
қауіпсіздіктің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын анықтайды, олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
− парламентке республикалық бюджетті және оның орындалуы туралы
есеп ұсынады, бюджеттің орындалуын қамтамасыз етеді;
− Мәжіліске заң жобаларын ұсыну арқылы заң шығару бастамасы
құқығын іске асырады, заңдардың орындалуын қамтамасыз етуі;
− Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
− Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;
− министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің,өзге де орталық және
жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
− Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері,өзге де
орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің толық не бір бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;
− Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
− Конституциямен, заңдармен және өзге де актілерімен өзіне жүктелген
өзге де қызметтерді орындайды. (Қазақстан Республикасының Конституцияның 66 бабын қараңыз).
Министрликтер атқарушы биліктің мемлекеттік органдар жүйесіне кіреді және әртүрлі салаларға басқарушылық жасайды. Қазақстан Республикасының министрлігі – орталық атқарушы орган,
оны Министр басқарады, басқаруды дара басшылық негізінде жүзеге асырады.
Республика Президенті министрлікті Премьер-Министрдің ұсынысы
бойынша құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
Министрліктің мәртебесі заң актілерінде анықталады, оның құқықтық
жағдайы. Үкімет қаулысымен бекітілетін тиісті ережелер мен ресімделеді.
Министрлік – мемлекеттік органдар арасындағы өзінің қалыптасқан
басқару салалары (өрістері) бар (қорғаныс, қаржы, әділет, ішкі істер, т.б.) неғұрлым тиянақты ұйымдық форма. (Ғ.С.Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» оқулығын қараңыз).