Тақырып Қазақстан Республикасының экологиялық құқық негіздері

Практикалық сабақтың жоспары:

1. 1.Құқықтық реттеудің объектісі ретіндегі экология түсінігі. 2. 2.Экологиялық құқықтың мазмұны, реттейтін қарым-қатынастар аясы, пәні. 3. 3.Экологиялық құқықтың әдісі және қайнар көздері. 4. 4.Қоршаған ортаны қорғаудың экологтық-құқықтық және экономикалық механизмі. 5. Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік түрлері.   Сабақтың мақсаты:Қ.Р-ның экологиялық құқығының жалпы ережелеріне және жер құқығы түсінігі мен жүйесіне жалпы мағлұмат беру. жер құқығының негізгі теориялық ережелерін түсіндіру; нарықтық экономика кұрудағы жер заңнамасының маңызын ашу; Қазақстан Республикасының жер қоры санаттарының құрамы мен кұқықтық режимін оқыту; жер заңнамасынын қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын зерттеу; студенттерде жер қатынастарының эр түрлі жағдайларына кұқықтық нормаларды дұрыс қолдану тэжірибесін қалыптастыру; Бақылау сұрақтары: Құқықтық қорғауға жататын экологиялық жүйелер. Қоршаған табиғи ортаға зиян келтіру. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері. Қандай қоғамдық қатынастар жер құқығы пәні болып табылады ? Глоссарий: Экологияландыру әдісі. Бұл адам табиғатпен санасуы керек, яғни табиғат ортасына кіру үшін барлық әрекеттерін экологияландыру керек еген сөз. Әкімшілік-құқықтық әдіс басқару тәртібін қамтамасыз етуде қолданылады. Мұнда құқық субъектілері тең емес, мұнда билік — бағыну жүйесі бар. құқықтардың тізімі мен сипаты қылмыстық кодексте белгіленген. Оларды шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады. Азаматтық-құқықық әдісі. Бұл реттеу тәсілінде құқықтық қатынасқа қатысушылар өзара тең болып табылды. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік. Қоршаған ортаны қорағу мен пайдалану қатынастарында азаматтық заңдармен мынадай ережелер қаоастырылған: 1) жеке тұлғаға, ұйымға немесе мүлікке келтірілген зиянның орнын толтыру міндеттілігі; 2) егер келтірілген зиян кәсіпорын немесе басқа өндірістік қызметтің жүргізілуі салдарынан болса және жаңа зиян келтіру қаупін туғызса, азаматтық-құқықтық жауапкершілік жүктелуі мүмкін. Қылмыстық жауапкершілік. Қылмыстық әрекеттер оның жазаланушылығы тек қылмыстық заңдылықпен анықталады. Қылмыстық заңдылықтың мақсаты азаматтардың құқықтаы мен бостандықтарын қорғау. Оның ішінде экологиялық құқықтарын да қорғау бар. Экологиялық   . Тапсырма, сызба: Тапсырма: Қазақстан Республикасында 2002 жылы қабылданған «Атмосфералық ауаны қорғау» туралы» заң қабылданды. Осы қолданыстағы Заңды пайдалана отырып, атмосфералық қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықтың негіздері көрсетілген. Бұл Заңда заң бұзушылықтар үшін тәртіптік, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көрсетілген. Төменде көрсетілген кестені толтырыңыз.
Тәртіптік жауапкершілік Азаматтық жауапкершілік әкімшілік жауапкершілік Қылмыстық жауапкершілік
       

Тапсырма:Экологиялық құқық бұзушылықтың белгілерін атаңыз.....

Мәселен: Қоғамға қауіптілігі -

Блиц-тесттер: l

1. Экологиялық құқықтың реттейтін қатынастары:

A) адамдардың әлеуметтік қатынастары;

B) қоғамдық қатынастар;

C) қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар;

D) табиғи қатынастарды;

E) экономикалық қатынастарды;

2. Қазақстан Республикасының экологиялық заңының мақсаты:

A) қоршаған ортаны қорлау;

B) жануарларды жойып жіберу;

C) қоғам-табиғат арасындағы қатынастарды реттеу;

D) табиғатты қорлау;

E) ауаны ластау;

3. Экологиялық қылмыстың түрін ата:

A) жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі;

B) әйелді зорлау;

C) жануарлар дүниесін қорғау;

D) заңсыз аңшылық;

E) дүкенді тонау;

4. Жер құқығының пәні болып табылады:

A) қоғамдық қатынастар;

B) экономикалық қатынастар;

C) жер қатынастары;

D) азаматтық қатынастар;

E) әкімшілік қатынастар;

5. Жердің функцияларына жатпайды:

A) халықаралық-экологиялық;

B) экономикалық;

C) әлеуметтік;

D) эстетикалық;

E) саяси.

6. Қай әдіс негізгі болып табылады:

A) диспозитивтік;

B) ұсынушылық;

C) санкциялаушы;

D) құқық беруші, позитивтік;

E) экологиялық.

7. Императивтік әдістерге жатпайды:

A) құқықтармен міндеттерді орнықтыру;

B) тыйымдар;

C) әрекеттерге бостандық құқығын беру;

D) құқық беруші;

E) экологиялық.

8. Жер құқығының жүйесі бұл:

A) жер құқығы нормаларының бөлінуі;

B) құқық объектілерінің бөлінуі;

C) құқықтық реттеу пәнінің түрлері;

D) құқықты оның субъектілері бойынша бөлу;

E) жер қатынастарының бөлінуі.

Наши рекомендации