Тақырып. Материалдық-техникалық жабдықтау

1. Өндірістік менеджмент жүйесіндегі материалдық-техникалық жабдықтау шаруашылығының маңыздылығы

2. Өндірісті материалдық-техникамен жабдықтауды басқару

3. МТЖ жөніндегі дирекцияның функциялары

1. Өндірістік менеджмент жүйесіндегі материалдық-техникалық жабдықтау шаруашылығының маңыздылығы

Материалдық-техникалық жабдықтауды оңтайлы ұйымдастыру, кәсіпорынның өндіріс құралдарын пайдалану деңгейін, еңбек өнімділігіннің өсуін, өнімнің өзіндік құнының төмендеуін, пайда мен рентабельділіктің өсуін алдын ала анықтайды. Осы арқылы өндірістік менеджмент жүйесіндегі материалдық-техникалық жабдықтаудың рөлі анықталады.

Өндірісті қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз ету өндірістік процестің бастапқы буыны, ал дайын өнімді өткізу – оның аяқталуы болып табылады. Кәсіпорынды материалдық-техникамен жабдықтау дегеніміз оның өндірістік-шаруашылық қызметін дұрыс жүргізуге үшін қажетті, көлемдер мен талап етілетін мерзімдерде материалдық-техникалық ресурстардың барлық түрлерімен қамтамасыз ету процесі.

Кәсіпорынның материалдық-техникамен жабдықтауын басқару мен ұйымдастырудың негізгі міндеттері бекітілген жоспарға сай өндірістік процесті жүргізу үшін, барлық қажетті материалдық ресурстармен өндірісті қамтамасыз етудің дер кезділігі, тоқтаусыздығы және жинақтылығы болып табылады.

Кәсіпорынның қызмет ету тәжірибесінде жабдықтаудың екі нысаны қалыптасқан: транзиттік және қоймалық.

Кәсіпорынды жабдықтаудың транзиттік нысанында шикізат пен материалдар тікелей өндіретін, шығаратын немесе әсемдейтін кәсіпорындардан алынады. Бұл нысан экономика тұрғысынан тиімді болады, егер белгілі бір уақыт аралығындағы тұтынылатын шикізаттар мен материалдардың көлемі транзиттік мөлшерге тең немесе одан көп болса.

Жабдықтаудың қоймалық нысанында, кәсіпорын қажетті материалдық ресурстарды жабдықтау-өткізу ұйымдарының қоймалары мен базаларынан алады, экономикалық тұрғыдан бұл нысанды аз көлемде тұтынылатын материалдарды сатып алу үшін қолдану қажет.

Аталаған жабдықтау нысандарынан басқа, қазіргі уақытта кәсіпорындарды материалдық ресурстармен қамтамасыз етудің басқа да әдістері мен нысандары кеңінен қолданылуда:

- тауарлы-шикізатты биржалар арқылы;

- аукциондар мен байқаулар;

- демеушілік;

- көтерме сатып алу арқылы;

- шағын париялармен үнемі сатып алу;

- қажеттіліктің туындауына байланысты сатып алу;

- тапсырыстар бойынша өндірістік жабдықтау;

- өзіндік өндірісі және тағы басқа.

Кәсіпорын материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтаудың нақты нысанын (әдісін), ресурстардың ерекшелігі, оны алудың ұзақтығы, ұсыныстар саны, ресурстың бағасы мен сапасы және басқа да факторларды ескере отырып тандайды. Кәсіпорынды ресурстармен жабдықтау нысанын анықтаған кезде, жабдықтаушылардың сенімділігін және олардың шығаратын өнімдерінің бәсеке қабілеттілік деңгейін зерттеу қажет.

Жабдықтаушылармен қарым-қатынас жасауда бірнеше негізгі принциптерді сақтаған жөн:

1. Жабдықтаушыларды, өз өнімін тұтынатын тұтынушылар сияқты бағалау.

2. Екі жақты қызығушылықты, іс жүргізуде көрсетіп отыруды ұмытпау.

3. Жабдықтаушыларды өз жоспарларымен және мәселелерімен таныстырып отыру. Сонымен бірге, оның іскерлік операцияларынан хабардар болу.

4. Іскерлік тәжірибеде жабдықтаушының қызығушылығын ескеру. Онда қиындық туындағанда көмектесуге тырысу.

5. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау.

6. Жабдықтаушылармен тұрақты іскерлік қарым-қатынаста болуға тырысу.

Кәсіпорын үшін несие берушілермен дұрыс қарым-қатынас жасау маңызды болып табылады. Себебі олардың сенімі, өндірісті материалдық-техникалық ресурстармен жабдықытауға және бәсекені жеңуге көмектеседі.

2. Өндірісті материалдық-техникамен жабдықтауды басқару

Кәсіпорынды шикізатпен, негізгі және көмекші материалдармен, жанар-жағармаймен және тағы да басқа материалдық-техникалық ресурстардың түрлерімен қамтамасыз етуді материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі іске асырады.

Материалдық-техникалық жабдықтау бөлімдерінің функциялары келесідей:

1. Негізгі және көмекші өндірістің қызмет етуі, және де күрделі құрылысты эксплуатациялауы үшін, кәсіпорынға қажетті материалдық-техникалық ресурстарды жоспарлау.

2. Қажетті материалдық-техникалық ресурстарға тапсырыстар құру және оларды материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі мен жоғары тұрған жоспарлау бөліміне ұсыну.

3. Жабдықтау жоспарларын іске асыру бойынша барлық жедел қызметтерді (келісім-шарт жасау, жабдықтаушылармен жасалған келісім-шарт бойынша және бөлінген қорға сәйкес материалдық ресурстарды алу) орындау.

4. Қабылдау, орналастыру, сақтау, жіберуге дайындау және кәсіпорынның қызметтері мен цехтарына материалдық-техникалық ресурстарды жіберу.

5. Кәсіпорынның жоспарлық-экономикалық, техникалық және қаржы бөлімдерінің бірігіп жұмыс істеуі нәтижесінде, материалдық-техникалық ресурстардың запастарын құру, реттеу және бақылау жұмыстары қолға алынады.

6. Материалдық-техникалық ресурстарды үнемдеу бойынша ұйымдастырушы-техникалық шараларды дайындауға қатысу, тапшы материалдар мен шикізаттарды қол жеткізуге болатындарға алмастыру.

7. Цехтар мен қызметтердегі материалдық-техникалық ресурстардың шығындарына бақылауды ұйымдастыру.

8. Кәсіпорынға келіп түскен материалдық-техникалық ресурстарға жедел есеп жүргізу, олардың цехтар мен бөлімшелерге бөлінуі және өндірістік запастардың жағдайы.

Материалдық-техникамен жабдықтау бөлімінің ұйымдастыру құрылымы өндірістің түріне, оның көлеміне, қолданылатын шикізат пен материалдардың номенклатурасына және кәсіпорынды өндіріс құралдарымен жабдықтау нысандарына байланысты болады.

Шағын кәсіпорындарда жабдықтау функциясын шаруашылық бөлімінің құрамына кіретін жекелеген жұмысшылар немесе топтар орындайды. Ал, орта және ірі кәсіпорындарда материалдық-техникамен жабдықтау бөлімшелері айналысады.

Көптеген кәсіпорындарда жабдықтау қызметін материалдық-техникамен жабдықтау бөлімдері іске асырады. Олардың құрамына келесілер кіреді: жоспарлық-экономикалық топ; материалдардың түрлері бойынша мамандандырылған, материалдық топтар; диспетчерлік топ; материалды қоймалар.

 
 

3.9.1- сурет. Кәсіпорынның МТЖ ұйымдастыру қызметінің типтік сызбасы

Кәсіпорында материалдық-техникалық жабықтауды басқару қызметі директор орынбасарына жүктеген. Оның қарамағында материалдық-жабдықтау бөлімі бар, ол жабдықтаудың келесідей міндеттерін шешеді:

ü тапсырыс берілген ресурстар санының есебі және қажеттілікті анықтау мен талдау;

ü жабдықтаудың нысандары мен әдістерін анықтау;

ü материалдық ресурстарды қамтамасыз ететін жабдықтаушыларды таңдау;

ü тапсырыс берген ресурстардың бағасына келісу және жабдықтаушылармен келісім-шарт жасасу;

ü ресурстарды жеткізу мерзімін, көлемін және сапасын бақылауды ұйымдастыру;

ü кәсіпорын қоймаларында ресурстарды дұрыс орналастыруды ұйымдастыру.

Осы міндеттердің көп бөлігі материалдық-техникалық жабдықтауды жоспарлау кезеңінде шешіледі.

3. МТЖ жөніндегі дирекцияның функциялары

Тапсырыс берілген ресурстар санының есебі және қажеттілікті анықтау мен талдау. Материалдық-техникалық жабдықтаужы жоспарлау процесінде келесілерді анықтау қажет:

ü кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық ресурстардың түрлері;

ü өндірістік бағдарламаны орындау үшін қажет болатын материалдық ресустардың саны;

ü түрлері және келіп түсу мерзімі бойынша тіркелген материалдық ресурстарға деген сұраныс;

ü жабдықтаушыларды таңдау және олардың мүмкіндіктерін анықтау;

ü материалдық ресурстарды сақтау үшін қолданылатын қажетті қойма ауданы;

ü материалдық-техникалық жабдықтауға кететін шығындар;

ü өз кәсіпорынында кейбір материалдық ресурстарды (жартылай фабрикаттар, бөлшектер, жинақтаушы өнімдер және т.б.) өндіру мүмкіндігін ұйымдастыру.

Жабдықтаудың нысандары мен әдістерін анықтау. Тәжірибеде жиі қолданылатын әдістер мен нысандарды қарастырайық:

1. Тауарды (материалдық ресурстарды) бір партиямен сатып алу. Тауарларды бір рет (таурлы-шикізат биржаларынан, байқаулардан, аукциондардан, жабдықтаушылардан көтерме сауда арқылы) үлкен мөлшерде сатып алуды болжайды. Оның артықшылығы: құжаттарды әзірлеудің тездігі, барлық партияның келеп түсуінің кепілдігі, сауда жеңілдіктерінің болуы. Кемшіліктері: үлкен көлемдегі қойма орындарының қажеттілігі, капиталдың аз айналымдылығы.

2. Шағын партиялармен үнемі сатып алу. Бұл жағдайда, сатып алушы тауарды қажетті көлемде сатып алады. Негізгі артықшылығы: капитал айналымдығының жеделдігі, жекелеген партиялардың келіп түсуіне байланысты тауар құны төленеді; қойма орындарын қолдану үнемделеді және артық запастарды сақтау шығындар төмендейді. Кемшіліктер: тауарға тапсырыстың көп болу мүмкіндігі; белгілі тапсырыстың барлық тауар құнын төлеу қажет.

3. Бағаның өзгеру байланысты күнделікті (ай сайын) сатып алу. Арзан және тез тұтынылатын тауарды сатып алу үшін қолданылады. Артықшылығы: капитал айналымдығының жеделдігі; сақтау мен қоймада ұстауға кететін шығындарды төмендігі; жеткізудің уақыттылығы.

4. Тауарға деген қажеттіліктің туындауына байланысты сатып алу. Бұл әдіс тауардың үздіксіз келіп түсуімен байланысты, келесі ерекшеліктермен сипатталады:

Ø тауар саны қатаң қойылмайды, жай ғана жуықтап алынады;

Ø әр тапсырысты орындау алдында, жабдықтаушылар сатып алушымен хабарласады;

Ø жеткізілген тауар көлеміне ғана төленеді;

Ø келісім-шарттың мерзімі өтіп кетсе, тапсырыс беруші тауарды алуға немесе құнын төлеуге міндетті емес.

Артықшылығы: белгілі көлемдегі тауарды сатып алу барысында тұрақты міндеттемелердің болмауы капитал айналымдығының жеделдігі, құжаттарды дайындаудағы жұмыстардың аздығы.

Жабдықтаушыларды таңдау. Әлеуетті жабдықтаушылардан келіп түскен ұсыныстарды бағалау мен алу процедурасы алуан түрлі болады. Ең көп тарағаны және тиімдісі төмендегілер:

1. Бәсекелік сауда (тендер) – үлкен қаражатты соммаға шикізат, материал, жинақтауыштар сатып алу қажет болғанда немесе тұтынушы мен жабдықтаушы арасындағы ұзақ мерзімді қатынастарды орнату үшін қолданылады. Бәсекелік сауда жабықтаушыларға да, тұтынушыларға да тиімді.

2. Жабықтаушылар мен тұтынушылар арасындағы жазбаша келіссөздер екі әдіспен ұйымдастырылуы мүмкін:

ü тауар жабдықтаушысы тарапынан келіссөздер жүргізу ынталылығы;

ü сатып алушы тарапынан келіссөздер жүргізу ынталылығы.

Жабдықтаушыны таңдауда негізгі критерий келесідей болуы мүмкін:

ü қызмет немесе тауарды сатып алу бағасы;

ü қызмет көрсету сапасы.

Жабдықтаушымен келісім-шарт жасау. Жабдықтаушымен келісім-шарт жасау, әдетте «Жеткізуге тапсырыс» бері бланкісін толтыру арқылы жүргізіледі, онда келесілер көрсетілуі тиіс:

Ø құжаттың атауы;

Ø реттік нөмірі;

Ø сатып алушының аты мен мекен-жайы;

Ø тапсырысты орындалмаған жағдайдағы жауапкершілік пен қолданылатын шаралар;

Ø жабдықтаушының атауы мен мекен-жайы, мерзімі;

Ø жеткізу мерзімі мен жеткізілетін тауар көлемі;

Ø тауар сипаты;

Ø жеткізу орнының мекен жайы;

Ø тауар бағасы;

Ø банк реквезиттері.

Ресурстарды жеткізу көлемі мен сапаны бақылауды ұйымдастыру. Жеткізілетін тауарлардың сапасы келісім шартта көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс. Тауардың сапасын қамтамасыз ету бойынша әдістерді келесідей топтастыруға болады:

1. Жеткізілген партияларды қабылдау әдісі:

а) жаппай бақылау;

б) таңдау әдісі арқылы бақылау.

2. Қабылдау орнындағы бақылау әдісі:

ü сапалы жақсарту барысындағы жабдықтаушының жүйелік әдістері

ü сапалы жақсарту барысындағы жабдықтаушының сатып алынатын тауардың сапасын бақылау

ü салыстырмалы сапа бағасы, жабдықтаушыға байланысты.

ü жеткізілетін тауар сапасын және оның өндіріске келу уақытын анықтау кәсіпорындағы қоймалық шаруашылық бөлімі айналысады.

Наши рекомендации