Тақырып. Өндіріс запастарын басқару

1. Өндірістік запастардың түрлері

2. Өндірістік запастарды дайындау және сақтаумен байланысты шығындар

3. Запастардың функциясы мен типтері

4. Өндірістік запастарды басқару

1. Өндірістік запастардың түрлері

Кәсіпорында запастардың екі үлкен тобы құрылады: дайын өнім және материалық ресурстар.

Кәсіпорын қоймаларында дайын өнім запастарының пайда болуын қарастырайық. Оларды төрт топқа біріктіруге болады.

1. Дайындау, өткізу және тасымалдау партиялары тең, бірақ тұтыну партиялары кем.

       
   
 
Жабдықтаушы
 

2. Дайындау және тұтыну партиялары тең, бірақ тасымалдау партиялары кем.

 
 

3. Дайындау, өткізу, тасымалдау және тұтыну партиялары тең, бірақ жабдықтаушылар мен тұтынушылар жұмыс уақыты келісілмеген.

4. Жабдықтаушы «жаса да – бер» режимінде жұмыс істейді.

 
 

Өнімнің қоймаларда жатып қалмауы үшін партияларды кезеңдермен, олардың жылжу кестелерімен реттеп, теңестіру қажет.

Кәсіпорындағы материалдық ресурстардың запастары басқа да себептермен пайда болады және құрылады.

Өндірістік запастардың түрлері:

Сериялық запас өндіру және сатып алу үшін тауарлар санын дөңгелектеу нәтижесінде құрылады. Мысалы, жабдықтаушы еселенген шикізат санын ұсындан жағдайда, немесе өндірісті толық жәшіктермен қамтамасыз ету кезінде.

Циклдік запас белгілі бір уақыт кезенінде белгілі жиілікпен тауарды өндіру немесе жөнелту нәтижесінде пайда болады. Сериялық запасқа қарағанда циклдық запас үнемі толықтыру нәтижесінде құрылады. Айырмашлығы сериялық запас кезінде шектейтін сандық аспект, ал циклдық запас кезінде уақыттық аспект болып табылады. Мысалы, жабдықтаушыдан белгілі бір тауарды әкелетін көлік әр айдық бірінші аптасында немесе әр жұмасында келетін болса, және де бір тасымалдаудан келесі аптаның қажеттілігі толық қанағаттандырылса циклдық запас қолданылады.

Қуаттылықты қолдану запасыөндіріс (тасымалдау) үшінбос қуаттылықтарды қолдану кезінде құрылады. Мысалы, тапсырыс берілген, бірақ сұратылмаған тауарларды жабдықтаушының жөнелту кезіндегі тасымалдаудың бос жүрісін болдыртпау.

Қауіпсіздік запасыөнімді өндіру, жөнелту және жеткізуді кепілдірумен байланысты, сенімсіздікті болдырмау үшін құрылады. Мысалы, жабдықтаушыға сенімді болуға байланыссыз, қоймаларда шағын запастар құрылады, оның көлемі ұсынылатын сапа мен жеткізілу сенімділігіне тікелей байланысты.

Ескертілген запас жеткізу, өндіру немесе жөнелту кезінде алдын-ала болжанған ауытқуларды болдырмау үшін құрылады. Бұндай ауытқулар сапа немесе шығындармен байланысты болуы мүмкін. Мысалы, күтілетін бағаның өсуіне байланысты, үлкен көлемде шикізат алу. Маусымдылыққа байланысты күтілетін сұранысты қанағаттандыру үшін запастар жасау.

2. Өндірістік запастарды дайындау және сақтаумен байланысты шығындар

Өндірістік запастарды жасау мен сақтауға кеткен шығындардың ең көп тараған түрлері:

1. Запастарды қажетті жағдайда ұстауға кеткен шығындар, яғни запасқа иелік етумен байланысты:

- коммерциялық шығындар – запасқа салынған капиталға салық, сақтандыру, несиенің пайызы;

- сақтау шығындары – қоймаларды ұстауға кеткен шығындар (амортизация, жылу, жарық, персонал, еңбек ақы), запастардың орнын ауыстыру операциялары;

- тозу, бүліну, төмендеген бағамен сату, материалдық ресурстар түрлеріне тұтыну көлемінің төмендеуі салдарынан болатын тәуекелмен байланысты шығындар;

- өндірістік запастарға салынған қаражаттарды басқа альтернативті бағытқа жұмсау нәтижесінде, түсетін табыстан айырылып қалумен байланысты шығындар: өндірістік қуатты өсіру; өнімнің өзіндік құнын төмендету; басқа кәсіпорындарға капитал салу.

2. Өндірістік запастарды басқаруға кеткен шығындар

- басқару және техникалық персоналды оқытуға кеткен шығындар;

- басқару және техникалық персоналға жағдай жасауға кеткен шығындар.

3. Запастардың дефицитіне байланысты шығындардың түрлері, кәсіпорында қажетті материалдық ресурстардың жетіспеушілігінен туындайды:

ü қажетті материалдарды жедел жеткізуге кеткен шығындар: байланыс пен жол жүру шығындары; матералдарды тез жеткізгендігі үшін сыйақы; материалдардың аз партиясын жеткізу есебінен қымбаттауы;

ü күнтізбеге сәйкес емес дайындалған дайын өнімді жедел өткізу үшін, өндірістік бағдарламаға түзету еңгізумен байланысты шығындар;

ü коммерциялық зияндар мен шығындар; запастарда қажетті материалдық ресурстардың болмауына байланысты, сату көлемінің азаюынан туындаған үстеме шығындарының өсуі және пайданы жоғалту:

· сұранысы қанағаттандырылмаған тапсырыс берушілер бәсекелестермен жаңа байланыс орнатуы мүмкін;

· тапсырыс берушілер басқа жабдықтаушылармен жұмыс істеуге мәжбүрлейді;

· жаңа келсім-шарттар құру үшін қолдануға болатын, уақыт және қосымша құралдарды клиенттермен қайта қарым-қатынасты орынатуға жұмсау;

· сату көлемін сақтап тұру бойынша сыйақылы шараларға қосымша шығындарды жұмсау қажеттілігі.

Запастардың өсуiн шектейтiн факторлар бұл - шығындар Кәсіпорында запастармен байланысты шығындардың 4 түрi байқалады:

1. Ресурстарды сатып алуға кеткен шығындар, оны сатып алу көлемімен және бағасымен анықталады. Кейбір жағдайларда бұнда жеңiлдiктер ескерiледi;

2. Тапсырысқа кеткен шығындарға келесілерді жатқызуға болады: тасымалдаушылармен қарым-қатынас құруға кеткен шығындар; келсім-шартты дайындауға кеткен шығындар; транспорттық шығындар және т.б.

3. Өндiрiс шығындары - тапсырыс кезiнде туындаған, кәсiпорынның iшкi запастарын толтыруға кеткен шығындар, және де тапсырысты орындау үшін өндірісті дайындауға кеткен шығындар;

4. Запастарды сақтауға кеткен шығындардың үнемі өсіп отыруына байланысты, кәсіпорындар олардың көлемін азайтуға мәжбүр болады.

3. Запастардың функциясы мен типтері

Запастар үш маңызды функцияны орындайды: 1) жинақтау функциясы; 2) бағаның өзгеруi және инфляцияның тууы; 3) запастарды басқару функциясы.

Запастардың бірінші функциясы - бұл қордың жинақталуы және олардын ұйымдағы материалдық топтың құрылуы мен тиiмдiлiгiн жоғарлатуға жәрдемдеседi. Кәсiпорындағы өндiрiс процесiн мақсатты iс- қимылын және кәсiпорын шығындары мен материалдары және материалдық топтың құрылуына септiгiн тiгiзетiн болады, ұйымдағы өндiрiстiк менеджменттiң қажеттi және басты мақсаты болып оның үздiксiз жүруiнде болып табылады. Алайда үздiксiз жүруiн, қамтылуын сақтау мүмкiн емес. Бұл жағдайда, аяқталмаған өндiрiс қалдықтары және запастардың материалдық топтың құрауына әкелiп соктырады. Соңында өндiрiстiк менеджменттiң сатысымен анықталады. Запастардың жинақталуы кәсіпорын жұмысының тұтынушылығын жоғарлатады. Дайын өнiм запастары тұтынушылык қызметтi жоғары сатыға көтередi. Клиенттер жиi қанағаттанатындай болады, егер қажеттi өнiмге запастардың жеткiлiктi жағдайында. Мысалы, өндiрiстегi өнiмге сұраныс жазғы уақытта ғана жоғары болса, фирма қысқы уақытта сол өнiмнiң сұранысы төмен кезде запастарды жазғы уақытқа байланысты жинауға мүмкiндiк туғызады.

Екінші функция - инфляция және бағаның құбылмалылығын байқап, ақша қаражатын сақтауды керек етедi. Банктегi бос акша қаражаттарын сактай отыра оны, яғни одан үлкен пайда түсiре алуы мүмкiн. Баскаша карағанда запастардың құны өсуi мүмкiн. Бұл кезде запастар келешекте инфляция немесе қайта өткiзуде қолданысқа түседi. Запастардың жинақталуы кезiнде шешiмдердi және сақталу тәуекелiн катаң мiндеттi түрде бағалап шығу керек.

Үшінші функция запартардың толықтырылуымен байланысты болып келедi. Запастармен ұйым шығындары тiкелей байланысты. Бұнда запастарды басқару жүйесiнде 2 негiзгi сұрактар аныкталады ресурстарды толығуына байланысты қандай тапсырыстар керек және бұл тапсырыстарды қай уақытта қолдану керек екендiгi. Көбінесе тасымалдаушылар үлкен тапсырыс кезiнде және белгiлi уакытта жеңiлдiктер көрсетедi. Транспорттық компаниялар өз кезегiнде үлкен жүк тапсырыстарда жеңiлдiктер жасайды. Сонымен үлкен сападағы ресурстарды сату кезiнде белгiлi уақытта өндiрiс шығындарының төмендеуi байқалады, запастарды толыктыру, экономикалық қаражат және ол кәсiпорынның iшкi және сырткы факторына әсерiн тiгiзедi.

Функциялардың орындалуына байланысты кәсiпорын 3 типке бөлiнуi мүмкiн: сактандыру, айналыстағы және спекулятивтi. Сақтандыру запастары кәсiпорынның небiр жағымсыз факторын қамтамасыз етуге әсерiн тiгiзедi. Резервтiк запастар ресурстардың қалыптасуы мен туындайтын өндiрiстiк процестiң бастапқы және соңғы жүйесiнде байқалады. Кезеңдiк запастар кезек iшiнде ресурстардың қалыптасып немесе дайын өнiмге сұраныс байқалғанда құрылады. Спекулятивтi запастар кәсiпорынның ақшалай қаражатын сақталуына және оның көбеюiне кызмет етедi. Жоғарыда айтылып кеткен запастардан басқа 2 типтi запастарды айтуға болады: транспорттық запастар, транспорт процесiндегi запастар және олардың жұмыс iстеуге қажетi жок, технологиялық қайта өндiруге байланысты запастар.

Запастарды басқарудағы бағыттылық практика жүзiндегi жағдайды анықтауға мүмкiндiк туғызады. Оларға қатыстылар: 1-запастарды бақылауға алатын қажеттi құралдардын болуы; 2-запастардың клaссификациясы; 3-запастарды есепке алудағы олардын пайдалануға рұқсат; 4-запастардың мерзiмдерiн аныктау. Көп жағдайда ресурстар складтардан алынады және олардың соншалықты көп болуы, әрбiр бөлек ресурстардың өзiндiк ерекшелiктерiн көрсетедi.

4. Өндірістік запастарды басқару

Запастарды басқару – бұл өндірістік қызметтің белгілі бір түрі, оның объектісі запастарды жасау және сақтау болып табылады.

Кәсіпорындағы запастарды басқарудың негізгі мақсаты–тұтынушыларды толығымен қанағатандырған жағдайда ғана, запастарды сақтауға кететін жылдық шығындардың жалпы сомасын минимумге дейін келтіру.

Запастарды басқару тәжірибесі запастармен қамтамсыз етуге кететін жылдық шығындардың жалпы сомасын азайту мақсатында шаралар дайындаудан тұрады. Белгілі сұранысты қанағаттандыру үшін запасқа капитал салу көлемі және де запастарды құруға кететін жылдық шығындар әр түрлі шаралар жиынтығына байланысты. Алдымен, запастарды қамтамасыз ету үшін кететін жылдық жалпы шығындар сомасына ықпал ететін келесідей қызмет түрлерін қарастырайық:

- өнімді жобалау;

- құрал-жабдық талдау;

- кәсіпорын үшін орын таңдау;

- қоймаларды орналастыру;

- жабдықтаушыларды таңдау;

- тауарды тасымалдау әдістерін таңдау;

- өндірісті ұйымдастыру және басқару әдістерін таңдау;

- жеткізілетін өнім көлемін анықтау;

- болжау үшін мәліметтер дайындау.

Запастарды басқару тиімділігін анықтау үшін, келесідей нәтижелерге жету қажет:

1. Запастарға кететін жалпы шығындарды 10% - дан жоғары төмендету.

2.Запастарға салынатын капиталдың орташа сомасын төмендету.

3. Дефицитті материалдық ресурстардың санын төмендету.

Запастарды баскару – өндiрiс менеджментiң небiр қиын жағдайы болып табылады, ал менеджменттiң бұған байланысты тапсырыстардың орындалуы өндiрiстiк құралдардың жұмысымен байланысты болуы керек.

Запастарды басқару өндiрiстiк менеджменттiң 2 негiзгi жағдайынан шешуге бағытталған.

- запастар тұтынушының қажеттiлiгiн қанағаттандыратындай дайын өнiмнiң складта көп болуы, онын азайюына соқтырмайды, дәл сол кездегi тасымалдаушылардың қажетiне әсерiн тигiзбейтiндей етедi;

- ұйым ресурстарын рационалды пайдалану; запастар өндiрiс бөлiмiнiң арасында басты рөл атқарады, олардын келiсiмдi жұмыстарымен бiр ауқымды жүйеде болады.

Наши рекомендации