Сабақ. Мұнайгаз машиналары мен жабдықтарының техникалық диагностикасы

1-тапсырма:Мәтінді оқыңыздар, тақырып төңірегінде өз ойларыңызды ортаға салып, пікір алмасыңыздар.

АзМұнайГаз» бақылау-өлшеу құралдары және автоматика өндірісі саласында қазақстандық үлесті ұлғайту мәселесі

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат —«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы бақылау-өлшеу құралдары және автоматика өндірісі саласында қазақстандық үлесті ұлғайту мәселесі бойынша қазақстандық кәсіпорындардың басшыларымен кездесу өткізді.

Кеңес жұмысына «ҚазМұнайГаздың» еншілес компанияларының мамандары, бақылау-өлшеу құралдары және автоматиканың қазақстандық кәсіпорындары өндірушілерінің жетекшілері, атап айтқанда, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК АҚ, «Тыныс» АҚ, «Гидроприбор» ҒЗИ АҚ, «Киров атындағы Зауыт» АҚ, «Шнейдер Электрик» ЖШС, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «TREI - Қарағанды» ЖШС, «САР Технология» ЖШС, тағы басқа компаниялардың өкілдері қатысты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады

Басқарма төрағасының орынбасары — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарушы директоры Болат Палымбетов ҚМГ компаниялары тобының қазақстандық үлесті ұлғайтудағы қызметі туралы баяндап, елімізде әлемдік стандарт сапасына сай келетін бақылау-өлшеу құралдары және автоматика өндірісін арттыру қажеттігін атап өтті.

ҚМГ компаниялары тобының мамандары бақылау-өлшеу және автоматика құралдарына деген қажеттілік туралы техникалық параметрлері көрсетілген, қысқа және ұзақ мерзімді ақпарат ұсынды. Еліміздің мұнай-газ саласында ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырыла бастауына байланысты бақылау-өлшеу құралдары және автоматиканың қазіргі заманғы түрлеріне деген қажеттіліктің арта түскендігі атап өтілді. Сол себепті отандық тауар өндірушілер бәсекеге қабілетті өнім өндіруге байланысты тиісті шаралар қабылдауы тиіс.

Қазақстан компаниялары тобының сатып алуы бойынша жасалған талдау мұндай тауар түрлерімен, сондай-ақ автокөлік құралдары, олардың қосалқы бөлшектері, химиялық реагенттер, сонымен бірге бақылау-өлшеу және автоматика құралдарымен отандық тауар өндірушілердің толықтай қамтамасыз ете алмайтындығын анықтап берді. Ал мұндай тауар түрлерін сатып алу көлемі өте мол.

Өз кезегінде қазақстандық кәсіпорындардың басшылары бақылау-өлшеу құралдары және автоматика өндірісінің бүгінгі жағдайы, кәсіпорындардың мүмкіндіктері және өндіріс орындарын одан әрі ұлғайту жоспарлары жөнінде баяндады.

Кеңестің қорытындылары бойынша ҚМГ компаниялары тобының бақылау-өлшеу құралдары және автоматика отандық өндірушілерімен одан әрі бірлесе қызмет ету, шетелдік компаниялармен технологиялар трансферті және мұнай-газ саласында қажет бақылау-өлшеу құралдары және автоматиканың жаңа түрлерін Қазақстандағы, оның ішінде қазақстандық кәсіпорындармен топтасып өндіруді оқшаулау мәселелері бойынша келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылданды. Кеңестің қорытындысы бойынша қатысушылар тиісті хаттамаға қол қойды.

2-тапсырма:

1) Мәтіннен кәсіби терминдерді теріп жазып, олардан орыс және ағылшын тілдерінде сөздік құраңыз;

2) Кәсіби сөздер мен сөз тіркестерін және интернационалдық сөздерді көшіріп жазыңыздар.

3-тапсырма:Төменде берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырып, көрсетілген жолдарға жазыңыздар.

Ү л г і : Бақылау-өлшеу құралдары және автоматиканың қазіргі заманғы түрлеріне деген қажеттілік арта түсті.

  Сабақ. Мұнайгаз машиналары мен жабдықтарының техникалық диагностикасы - student2.ru жаңа түрлері Сабақ. Мұнайгаз машиналары мен жабдықтарының техникалық диагностикасы - student2.ru отандық тауар Сабақ. Мұнайгаз машиналары мен жабдықтарының техникалық диагностикасы - student2.ru техникалық параметрлері Сабақ. Мұнайгаз машиналары мен жабдықтарының техникалық диагностикасы - student2.ru өндірісін арттыру Сабақ. Мұнайгаз машиналары мен жабдықтарының техникалық диагностикасы - student2.ru Сабақ. Мұнайгаз машиналары мен жабдықтарының техникалық диагностикасы - student2.ru Сабақ. Мұнайгаз машиналары мен жабдықтарының техникалық диагностикасы - student2.ru Сабақ. Мұнайгаз машиналары мен жабдықтарының техникалық диагностикасы - student2.ru Бақылау-өлшеутиісті шаралар құралдары қызмет ету мұнай-газ саласында келіссөздер жүргізу   1.............. 2.............. 3.............. 4.............. 5.............. 6.............. 7.............. 8..............

4-тапсырма:Мұнай мен газды өндіру саласына қатысты шағын мәтінді қазақ тіліне аударып, ондағы мәліметтерді естеріңізде сақтаңыздар. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.

Контрольно-измерительные приборы можно классифицировать по следующим основным признакам: по роду измеряемой величины, способу получения информации, метрологическому назначению, расположению.

По роду измеряемой величины различают приборы для измерения температуры, давления, количества и расхода, уровня, состава, состояния вещества.

По способу получения информации приборы подразделяются на показывающие, регистрирующие, сигнализирующие, компари-рующие, регулирующие.

Показывающие приборы дают возможность наблюдателю получать значение измеряемой величины в момент измерения на отсчетном устройстве (шкале с цифровым указателем, пере с диаграммой). Значительное распространение получили шкаловые отсчетные устройства, основными элементами которых являются шкала и указатель. На шкалу наносятся вдоль прямой линии или по дуге окружности отметки с цифрами, соответствующими значениям измеряемой величины. Отметка наименьшего значения величины является началом шкалы, наибольшего - концом шкалы. Разность между началом и концом называется диапазоном шкалы. Расстояние между двумя отметками называется делением шкалы, а значение одного деления - ценой. Шкалы, у которых длина и цена деления не изменяются на всем диапазоне, называются равномерными, а шкалы с различными длиной и ценой делений - неравномерными.

Наши рекомендации