Материалды қолмен өңдеуде қолданылатын жабдықтар

Қылауық (Надфиль; нем. nadelfeile):
1) беттерді тазалауға және ұсақ жұқа тетіктерді өңдеуге арналған ұсақ бедері бар кіші өлшемді егеу;
2) ұсақ бедерлері бар кішігірім өлшемді егеу. Беттерді тазалау, металдан, ағаштан және т.б. материалдардан жасалған ұсақ дәл тетіктерді өңдеу үшін қолданылады. Қылауықтың дөңгелек, жалпақ, жартылай дөңгелек, ромб тәрізді және үшжақты түрлері бар.

Материалды қолмен өңдеуде қолданылатын жабдықтар - student2.ru Материалды қолмен өңдеуде қолданылатын жабдықтар - student2.ru

Материалды қолмен өңдеуде қолданылатын жабдықтар - student2.ru Тескіш құрылғысы: Балға:

Iскенже— дайындамаларды немесе тетіктерді өңдеу немесе құрастыру барысында екі ерін (жылжымалы және жылжымайтын) арасында қысуға және ұстап тұруға арналған айлабұйым; дайындаманы немесе тетікті өңдегенде немесе құрастырып жинағанда қысып ұстап бекітуге арналған құрал.

Түрлері:

1. Әмбебап іскенже (Универсальные тиски) — қолданылуы әр түрлі тетіктерді қысуга арналған іскенже.

1. Білдектік іскенже (Станочные тиски) — машиналық іскенже.

2. Қол іскенже (Ручные тиски) - қол жұмысына арналған кіші өлшемді теміршебер іскенже.

1. Машиналық іскенже (Машинные тиски) — металл кескіш білдектің үстелінде дайындамаларды өңдеу кезінде қысып тұруға арналған іскенже.

2. Орындықты іскенже (Стуловые тиски) — бұру құрылғысы жоқ теміршебер іскенже.

3. Өздігінен центрленетін іскенже (Самоцентрирущие тиски) — қысу процесінде өңделетін дайындаманың центрленуін қамтамасыз ететін машиналы іскенже.

4. Теміршебер іскенже (Слесарьные тиски) — шеберүстелінде теміршебер жұмыстарын орындауға арналған іскенже.

Тескіш - жұқа дайындамаларға тесік салуға арналған ұшы сүйірленіп біткен шынықтырылған ұзынша ұста аспабы.

Шеберүстел - қол жұмысына арналған арнаулы жұмыс үстелі. Өңделетін бұйымдарды бекітіп қоятын айлабұйымдары бар жұмыс үстелі

Бұрандакескіш тұтқа (Клупп; нем. kluppe) — металл бұйымдардан бұранда кесуге арналған қол құралы. Тұтқалары бар тақтайша түрінде жасалады. Тақтайшаға кұралдың кескіш бөлігі, яғни бүрандакескіш бекітіледі.

Бәрбi (Дрель; нем. drillbohrer) — металдан, ағаштан және баска материалдан тесіктер бүрғылауға арналған электрлі немесе пневматикалық жетегі бар қол қүралы немесе қол машинасы.

Үңгі (нем. Senken) -1) алдын ала тесілген өтпелі және түйық тесіктерді өңдеуге (үңгілеуге) арналған көп жүэді кескіш құрал. Үңгі тұтас, құрамалы және жиынтық болып бөлінеді. Көп сатылы тесіктер жиынтық Үңгіде өнделеді; 2) цилиндр тесіктерді үңгілеуге арналған көп жүзді кескіш құрал.

Түрлері

Kұpaмa үңгі (Сборный зенкер) — түрқысынан және алмастырмалы кескіш бөліктерден тұратын үңгі.

Пісірілген үңгі (Сварной зенкер) — құрылымдық болаттан жасалған, сағасы пісірілген үңгі.

Сағалы үңгі (Зенкер с хвостовиком) — конусты сағасы бар үңгі.

Саптама үңгі (Насадной зенкер) — құралбілікке бекітілуге арналған тесігі бар үңгі.

Тұтас үңгі (цельный зенкер) - құралдық материалдан тұтас жасалған үңгі.

Үңгілеу (зенкерование) — тесіктердің дәлдігін арттыру және кедір-бұдырлығын азайту үшін оларды (тесіктерді) тазалай өңдеу.

Тескіш, вертикаль-жаңғылағыш және револьверлі білдектерде үңгі арқылы жүзеге асады.

Үңгіш (зенковка) — үңгіштеуге арналған көп жүзді кескіш құрал.

Үңгіш-тіліктегіш (зенковка-подрезка) — түпбүйір беттерді тазалауға арналған үңгіш.

Үңгіштеу (зенкование) — тесіктердің жөне центр тесіктердің қиықжиектерінің айналасындағы конустық немесе цилиндрлік үңгілдер мен тірек жазықтықтарды жөну арқылы өңдеу.

Зілбалға (Кувалда) — өзінін массасы мен соғу күшінің үлкендігімен ерекшеленетін балға. Зілбалға ұсталык цехтарда — соғу, түзету операцияларын орындау үшін жөне үй тұрмысында кеңінен қолданылатын аспап түрі.

Бұрандаойғыш (Метчик) - ішкі бұрандаларды оюға арналған кесу жиектері бар цилиндр бұрандалы өзек түріндегі кескіш құрал. Жүмыс принципі бойынша оларды жоңқа түсіру арқылы бұранда пішінін жасайтын Б. жоңқа түсірусіз, яғни жоңқасыз бұранда пішінін жасайтын Б. аралас төсілмен (жонумен жөне сығымдаумен) бұранда жасайтын Б. және тегістегіш тістері бар Б. деп бөледі.

1. Автомат бұрандаойғыш (Автоматный метчик) — бұрандаларды сомын ойғыш автоматтарда оюға арналған қисық сағалы бұрандаойғыш.

2. Аналық бұрандаойғыш (Маточный метчик) — аналық сомындардағы бұрандаларды оюға арналған бұрандаойғыш.

3. Бунақсыз бұрандаойғыш (Бесканавочный метчик) — мөлшерлейтін бөлігіндегі бунақтары жоқ және сомындардағы немесе тесіктердеғі бұрандаларды бір өтумен оюға арналған бұрандаойғыш.

4. Бұрандакескішті бұрандаойғыш (Плашечный метчик) — дөңгелек бұрандакескіштердің бұранда тесіктеріндегі қылауларды мөлшерлеуге және сыртқа шығаруға арналған бұрандаойғыш.

5. Қатты қорытпалы бұрандаойғыш (Цельный твердосплавный метчик) — қатты қорытпалы тілімшелермен жабдықталған бұрандаойғыш.

6. Қол бұрандаойғыш (Ручной метчик) — бұрандаларды қолмен оюға арналған бұрандаойғыш.

7. Машиналы бұрандаойғыш (Машинный метчик) — тескіш, револьверлік жөне агрегаттық білдектерде бұрандалар оюға арналған бұрандаойғыш.

8. Реттелетін бұрандаойғыш (Регулируемый метчик) — тесіктердегі бұрандаларды диаметрлерін кішігірім мөлшерде реттеумен бір өту арқылы оюға арналған бұрандаойғыш.

9. Сомындық бұрандаойғыш (Гаечный метчик) — тесіктердегі бұрандаларды бір өту арқылы оюға арналған ұзартылған сағалы бұрандаойғыш.

Балға (орыс. Молоток) — соғу, шыңдау жұмыстарына арналған қол аспабы. Оның бір жағы Балғаның басы, 2-сі сабы деп аталады. Атқаратын қызметіне қарай пішіні әр түрлі (темір ұста Балғасы, слесарь Балғасы, ағаш ұстасы Балғасы, етікші Балғасы, т.б.) болып келеді. Балғаның басын көміртекті болаттан жасайды, негізгі және қосымша деп аталатын қос шүйдесін шынықтырып, соңынан жалтыратады. Балғаны кейде ағаштан да жасайды.

Балғалар түрлері.

Ағаш балғa (орыс. Киянка) - қаңылтырмен өндеуге арналған тегіс соққылы бетгі балға.

Безеулегіш балға (орыс. Чеканочный молоток) — безеулеу жүмыстарына арналған электр, гидравликалық немесе пневматикалық жетегі бар балға.

Тойтарғыш балға (орыс. Лепальный молоток) — тойтару жүмыстарына арналған электр,гидравликалық немесе пневматикалық жетегі бар балға.

Электр балға (орыс. Электрический молоток) —электр жетегі бар балга.

Фрикциялы балға (орыс. Фрикционный молот) — қабыршақтарын кесумен жүретін жоне салқын күйінде жүргізілетін таптау шыбықтарынан майда шыңдалғьыарды қалыптауға арналған құлайтын бөліктердің күші 500-ден 1500 кг-ға дейінғі ұсталық машиналар.

Бұрандакескіш (орыс. Плашка) - бұранда бүрлеу мен бұранда жонуға арналған құрал.

Бүрленген бұрандакескіш (орыс. Накатная плашка) — жүмыс бөлігі бүрленетін пішінге сәйкес пішінді екі тікбұрышты призма және екі немесе төрт аунақша жинағы түріндегі бүрандакескіш, сонымен қатар илемдік деформациялау арқылы бұранда немесе тістер жасауға арналған құрал.

Ойғыш бұрандакескіш (орыс. Нарезная плашка) — айналтүтқа көмегімен қолмен немесе бұрандама жонғыш білдектерде бұранда оюға арналған бұрандакескіш (мысалы, тұтас дөңгелек, тілікті дөңгелек немесе кесу жиектерін жасау мен жоңқа шығаруға арналған бунақтары бар көпжақты ойғыш).

Қысқыш

1. механикалық өңдеу немесе құрастыру жұмыстары кезінде бұйымды бекітіп қоюға арналған құрал. Қысқыш корпустан және екі жақтаудан тұрады. Станоктік және слесарлық болып ажыратылады;

2. қызған темір, шоқ ұстайтын құрал. Аузы жалпақ, сабы ұзын болады.

Наши рекомендации