Бәсекелестік және монополия
Бәсекелестік– бұл нарықтық шаруашылық субъектілері арасындағы қосымша табыс алу мақсатыментауарларды сату, өндіріс факторларына қол жеткізудің ең ыңғайлы жолдары үшінбақталастық.
Сала ішіндегі – ең жоғары пайда алу үшін бір сала кәсіпорындары арасындағы бәсекелестік.
Салааралық – капиталды салудың ең тиімді шарттары үшін әр түрлі салалардағы кәсіпорындар
арасындағы бәсекелестік.
Бағалық бәсекелестік – тауар сапасы мен түрлерін өзгертпей, бағасын төмендету, өндіріс шығындарын азайту негізінде қосымша пайда алу үшін күрес.
Нарықтан тыс күрес түрлерін қолдану – қаржылық айла-шара, құнды қағаздар алыпсатарлығы, өнеркәсіптік тыңшылық, мемлекеттік органдар арқылы қысым көрсету, бәсекелесті күш жолымен жою және т.б.
Бағадан тыс бәсекелестік –тауар қасиеттерін өзгерту, оған сапалы жаңа қасиеттер беру, субститут тауарларды шығару, сатылғаннан кейінгі техникалық қызмет көрсету, жарнама және т.б.
Мүлтіксіз бәсекелестік – (еркін бәсекелестік нарығы) нарықтың классикалық үлгісі.
Мүлтікті бәсекелестік – (мүлтікті бәсекелестік нарығы) нарықтың қазіргі үлгісі
а) монополия (бір сатушы үстемдік етеді),
б) дуополия (екі сатушы үстемдік етеді),
в) олигополия (бірнеше сатушы (2 – 5) үстемдік етеді),
г) монопсония (1 сатып алушы үстемдік етеді)
д) өнім дифференциациясы орын алатын монополия (ұқсас, бірақ
бірдей емес тауарлар ұсынатын сатушылардың көп саны).
Табиғи,
Жасанды (картель, синдикат, трес, концерн, конгломерат),
Кездейсоқ,
Монополия – бұл бір тұлғаға, бір топ тұлғаларға немесе мемлекетке тиесілі өндіріс, кәсіп, сауда және де басқа қызметтер түрлеріне ерекше құқық.
Фирмалар саны– өте көп,
Өнім түрі – біркелкі,
Бағаға бақылау жасау – жоқ,
Салаға ену шарттары – кедергілер жоқ,
Бағадан тыс бәсекелестік – жоқ.
Саладағы фирмалар саны – біреу немесе бірнешеу,
Өнім түрі – сараланған,
Нарықтық бағаға әсер ету тәсілі – бағаларды белгілейді,
Салаға енудегі тосқауылдар – басым,
Бағадан тыс бәсекелестік – басым.
Ресурстарды бақылау;
Патенттер мен авторлық құқықтар;
Кімет лицензиялары.
Табиғи монополия – бұл екі немесе одан да көп фирмалардан көрі аз шығындармен нарықты белгілі бір тауар немесе қызмет түрімен жалғыз фирма қамтамасыз ете алу салдарынан пайда болатын монополия.
Жасанды монополия – сөз байласу немесе бәсекелестерді басу негізінде пайда болады.
Кездейсоқ монополия – капиталдың тиімді салынуын қамтамасыз ететін өз тұтынушылар шеңбері үшін сұраныстың ұсыныстан уақытша басымдылық жасау нәтижесінде пайда болады.
Монополиялар пайда болуының басты себебі – өндіріс пен капиталдың шоғырландырылуы.
Монополия мақсаты – монополиялық пайда алу.
Мақсатқа жету құралы – монополиялық баға.
Көлденең шоғырландыру – өндірістің бір саласында қызмет ететін компаниялардың біріктірілуі,
Тік бірігу –өндірісі бір технологиялық сызықпен байланысты әр салалы компаниялар біріктірілуі,
Диверсификация– технологиялық жағынан байланысы жоқ әр салалы компаниялар біріктірілуі.
Картель – нарықты, өндіріс үлесін, баға деңгейін бөлу туралы монополиялық келісім.
Синдикат– бірлесіп өнімді өткізумақсатымен бірігу,
Трест– бірлескен меншік, өндіріс пен тауарды сатуды жалпы басқару негізінде бірлесу.
Концерн – бір қаржылық орталығы баркөп салалы фирмалардың біріктірілуі