Дәріс9.Туристік кәсіпорындағы әдістемелік даярлаудың мәні мен модельдеу әдісі
Дәрістің мақсаты: туристік кәсіпорын қызметкерлерінің әдістемелік әзірлігінің мәні мен
моделдеу - туризмдегі нақты үдерістерді зерттеу әдісі ретінде қарастырылады.
Дәріс сұрақтары:
1.Туристік кәсіпорын қызметкерлерінің әдістемелік әзірлігінің мәні
2.Моделдеу - туризмдегі нақты үдерістерді зерттеу әдісі ретінде
Тақырып бойынша негізгі түсініктер:менеджер, туроператор, турагент, әдістемелік шеберлік, статика, метамодель.
Қызметкерлердің әдістемелік дайындығы туристік қызметтің құрамдас бөлігі болып табылады. Қызметкердің әдістемелік дайындығы олардың кәсіби біліктілігі деңгейінің басты көрсеткіші.
Туристік кәсіпорын қызметкерлерінің түрлі әдістемелерді меңгеруі туризм қызметіндегі дағдылар мен машықтарды жетілдіруге бағдарланған оқулар арқылы іске асырылады. Әдістемелерді пайдалану туризм кәсіпорны басшылығының кәсіби шеберлігін көтеруге, құжаттарды дұрыс әзірлеуге, бөлімдер мен қызмет менеджерлерінің кәсіби шеберлігін жетілдіруге, туризмнің жаңа өнімдерін жобалауға, қызметкерлерді дайындаудың жаңа формалары мен түрлерін енгізуге бағытталған.
Туристік кәсіпорын қызметкерлері үшін қызметті тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету бойынша кеңестер беретін түрлі әдістемелік құралдар басылып шығарылады. Бұл әдістемелер туристік іс-шараларды ұйымдастырып өткізуге көмек береді.
Туристік компания үшін қызметкерлерді оқытып үйретуге арналған көрнекті құралдар мен техникалық жабдықтары бар әдістеме класын ұйымдастырған жөн. Мұнда кәсіби қызметтің нақтылы міндеттерін шешуге бағытталған әдістемелік жиындар, семинарлар, нұсқаулықтар, қызметкерлермен іскерлік ойындар және тағы басқа іс-шаралар өткізуге болады. басшылық жекелеген қызметкерлерге нақты кәсіби міндетті орындау немесе оларды тексеру барысында әдістемелік тапсырма бере алады.
Сонымен, туристік кәсіпорын қызмекерлерін әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етуолардың білімін көтеруге, кәсіби дағдыларын жетілдіруге, туризм саласы іс-шараларын өткізуге ықпалын тигізеді.
Менеджерлер туроператорлар, турагенттер, тағы басқа да түрлі елдердің туристік ұйымдары мамандарымен байланыс ақпараттарын жинап талдау жөніндегі бірлескен қызмет мониторингіне қатысуы және осы қызметке болжам жасауы тиіс. Олар туристік қызметте мынаны білуі тиіс:
әкімшілік басқару әдісі – ішкі жүйелер орындауы, тиісті бұйрықтар, жарлықтар, нормаларды пайдалану;
экономикалық басқару әдісі – орындаушыларға кіріс/табыс әкелетін жұмыстарға басшылық жасау;
эксперттік кеңес беру – диагностика жасау, клиенттің ақпараты бойынша ұсыныстар әзірлеу және шешімді практикаға енгізу;
процестік/іс-әрекет/ кеңес – консалтинг мамандарының (кеңесшілер) клиентпен бірлескен жоба әзірлеудің барлық кезеңіндегі өзара іс-әрекет, клиент өз пікірі мен ұсыныстарын білдіреді; кеңесші клиентпен бірге проблеманы/мәселе/ талдайды және ұсыныстар әзірлейді;
оқытып-үйрету кеңестері - мамандар жаңа идеялар, оқу өнімдерін әзірлейді, оқу процесін жүзеге асырады: лекция-баяндамалар, семинарлар, мастер-кластар, дөңгелек үстелдер өткізіп, білім тексереді, бағалайды;
әдістемелік шеберлік – теориялық жетілу, кәсіби дайындық, ұйымдастырушылық және жеке кәсіби қабілеті, қызметкерлердің оқу мен тәрбиедегі жетістігі; кәсіби шеберлік теориялық әзірлік пен практикалық іс барысында түрлі білімдер, дағдылар мен машықтар кешенінде бірлесіп қалыптасады; маманның міндеті – туристік іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру және өткізу, қоғамдық және жеке өмірді үйлестіру, бизнес-жоспар жасау, шығармашылық даму, техникалық құралдарды тиімді игері, нақты есеп пен бақылау жүргізе білу қабілеті.
Модельдеу - туризмдегі нақты үдерістерді зерттеу әдісі ретінде. Модельдеу – нысандардың ерекшелігін сәйкес қасиеттері мен үлгі-моделдерін зерттеу арқылы талдау/зерттеу әдісі/немесе процесі/.
Туризмдегі модельдеу арнайы нысандарды (модель/үлгі) құру және зерттеумен түйінделеді, зерттеушінің көзқарасы бойынша олардың ерекшелігінің маңызы зор. Ол туризмнің нақтылы жұмыстарын тануда моделдердің құрылымы мен оны пайдалануды зерттеп талдауға мүмкіндік береді, яғни, зерттеуде қолданылған тілді, бастапқы ұғымлар мен анықтамаларды түсінуге мүмкіндік береді.
Модельдеудің арнайы ұғымдары бар, ол туризмнің методолгиялық негізін қалайды. Модельдеу тұжырымдамасы бейнелеу теориясы мен таным ретінде процестердің негізін құрады, оған үйлестік, эксперимент/тәжірибе/, математикалық статистика, математикалық логика, статикалық және динамикалық ақпараттық моделдер жатады. Бұлар туризмнің модельдеу әдісімен зерттеуге жататын пәндік салалары.
Статикалық модельдер турбизнестің белгілі мерзімдегі жағдайын сипаттайды, элементтер құрамымен, олардың қасиетінің мәні, элементтер арасындағы бірлескен іс-әрекеттің ауқымы және ерекшелігімен сипатталады. .
Динамикалық модельдер туристік бизнес жүйесіндегі өзгерістер мен оның даму процестерін сипаттайды, ол нақтылы жүйенің дамуы мен өзгерістері уақытқа/ мерзімге / қарай өзгермелі болады.
Туристік қызметтің бір моделіне/үлгісі/ мыналар кіреді:
сипаттама ақпараттық модель құру;
формалды модель құру
формалды модельді компьютерлік модельге қайта өзгерту;
компьютерлік эксперимент жүргізу;
алынған нәтижелерді талдау және зерттелетін моделдерді түзету;
зерттелетін процес/әрекет/ немесе оқиғаны /құбылыс/ жетілдіру жөніндегі практикалық қызметте модельдерді пайдалану мүмкіндігі туралы шешім
Туризмде модельдерді әзірлеу оның профилін /бейіні/ немесе тірегін құрудан басталады. Жалпы туризм қызметінде іс-жүзіндегі модельдер аз емес, дегенмен оларды бір ізге келтіріп жүйелеу міндеті тұр. Ол ерекше жалпылама метамодельдердің қажеттілігі мәселесін туындатады, оны базалық модельдер ретінде қарастыру керек.
Туризм метамоделі – бұл, біріншіден, осы сала құрылымдарының ішінде ірі ауқымды жүйе бола алатын модельдер. Оған мыналарды жатқызуға болады: туризмнің әлеуметтік өмірдегі рөлі мен орнына тұтас сипаттама, оның табиғи және әлеуметтік қазығы, қоғамдағы негізгі формалары мен қызметі, басқа әлеуметтік ұйымдармен байланысының ерекшелігі, сондай-ақ оның қоғам өмірінде әрі қарай даму үрдістері.
Екіншіден, метамодельдерге: ұлттық, ведомстволық және аумақтық туристік ұйымдар арасындағы күштердің арасалмағы; өңірлерлерде туризмді дамытудың мақсатты бағдарламаларын әзірлеу және жетілдіру; туризм кадрларын дайындау теориясы, оның ішкі жүйелеріне теориялық, әдістемелік және практикалық дайындық, болжау, модельдеу, кәсіби іріктеу жатады.
Метамодельдердің құрамдас бөлігі болуы мүмкін: туристік іс-шараларды қамтамасыз ету теориясы (туризмді салалық белгілері және жекелеген элементтері бойынша экономикалық қамтамасыз етудегі өзгерістер); материалдық-техникалық базасын жетілдіру – құрал-жабдықтар, туристік базалар, кемпингтер, көлік, аппаратуралар мен тренажерлер/жаттығу құрылғылары; ғылыми, әдістемелік және медициналық жабдықтауды, ұйымдастыру-басқару қызметі мен оның элементтерін дамыту;
Туризм құрылымының осындай ішкі жүйелері метамодель деңгейінде дами алады, мысалы, космос туризмі, ол гипермодельге жатады. Сонымен бірге олардың қатарында: туризмнің -гуманитарлық психологиялық-педагогикалық мәселелері, менеджмент және маркетинг, экономика және құқық, кадрлар дайындығы және қайта даярлау, сауықтыру технологиялары т.б. бар.
Бұл модель мынандай бағыттарды құрылымдай алады: туризмнің әлеуметтік-экономикалық мәні; туризмнің әлеуметтік тиімділігін көтеру факторлары мен механизмдері; менеджерлердің кәсіби ой-қабілеті мен құқықтық статусын көтеру; туризмнің экономикалық және мәдени ортадағы қызметінің принциптері мен заңдылығы.
Туризмдегі менеджмент пен маркетинг модельдерді жобалауды қарастыра алады, оған а кіретін негізгі құрамдастары мыналар: мақсат құру және стратегиялық жоспарлау; қаржылық менеджментте басқару тиімділігіне ьбағытталған ұстанымдар, заңдылықтар, функциялар мен әдістемелерді пайдалану; өңірлерде туризмді дамытуда маркетингті ұйымдастыру; кәсіпкерлік қызметті жетілдіру; экономикалық-құқықтық қарым-қатынастарды реттеу; туризм саласында заң талаптарын орындау; сыртқы экономикалық қызметтің ыормалары мен тетіктерін білу.
модель туризм саласында кадрларды дайындау және қайта дайындауда мынандай жүйені қарастырады:
туристік білім беру жүйесі; білім мазмұнын құрылымдау; маман моделі; оқыту принципі мен технологиясы; білім деңгейін бақылаудың белсенді әдістері және белем өрісіндегі өзгертулер; жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесі, деңгейлік құрылым және білім көтеру формаларының жан-жақтылығы. .
Модель адам организмін қалпына келтіруге әсер ететін сауықтыру іс-шараларына арналған механизмдер мен факторларды, сондай-ақ арнайы бағдарламалар әзірлеп қолдануды қарастырады. Адам денсаулығын жақсарту мақсатында жас ерекшелігіне қарай әртүрлі рекреация түрлері қолданылады.
Туризм моделі, сонымен бірге туризм теориясы негіздерін, адам дамуының заңдылықтарын зерттеу, оны жетілдірудің мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін туризмнің түрліше формалары мен түрлері (денешынықтыру, кәсіби-қосалқы, емдік-сауықтыру) арқылы жобалауды қарастырады.