Дәріс8. Турбизнестің әлеуетті мүмкіндіктерін тану және туристік қызметтер зерттеулеріндегі әдістер

Дәрістің мақсаты:турбизнестің әлеуетті мүмкіндіктерін тану әдістері мен туризм қызметіндегі зерттеулер кезіндегі тарихи, логикалық және эксперттік бағаны, туристік қызметте зерттеу жүргізудің жекелеген әдістерін қолдануды зерттеу болып отыр.

Дәріс сұрақтары:

1.Турбизнестің әлеуетті мүмкіндіктерін тану әдістері

2.Туризм қызметіндегі зерттеулер кезіндегі тарихи, логикалық және эксперттік баға

3.Туристік қызметте зерттеу жүргізудің жекелеген әдістерін қолдану

Тақырып бойынша негізгі түсініктер:абстракті, салыстыру, жалпылау, эксперттік баға,

«Дельфи», нақтылы бағалау, ынталандыру.

Туристік қызметтің әлеуетті мүмкіндіктерін тану әдісіне салыстыру, дерексіздендіру, абстрактіліден нақтылыға әдістері жатады.

Салыстыру әдісі белгілер ұқсастығы мен зерттелетін туризм түрлерінің арасындағы айырмашылықты айқындауға мүмкіндік береді, мәселен, нарық қызметі сегментіндегі бірнеше туристік кәсіпорын қызметін салыстыру.

Зерттелетін фактілердің теориялық түсініктемесі белгісіз фактілерді бұрыннан белгілі фактілермен салыстыру арқылы ғана мүмкін болады.

Салыстыру әдісі туризмдіге құбылысты зерттеу серпінін зерттеуді анықтау, оның даму заңдылықтары мен үрдістерін ашуда үлкен мән-мағынаға ие.

Туризмде ғылыми зерттеу жүргізуде салыстыру әдісін қолданудың тиімділігі көп жағдайда ғасырлық тәжірибемен жинақталған мынандай ережелерден тұрады:

біріншіден, тек өзара байланысты, бірыңғай және өлшемдес оқиғалар мен фактілерді салыстыруға болады;

екіншіден, салыстыратын оқиғаларда ұқсас белгілерімен ғана шектелмей, бір-бірінен айырмашылығын да айқындау керек;

үшіншіден, салыстыру қорытындының маңызы мен нақтылығын қамтамасыз ететін ұқсастықтар мен айырмашылық белгілері бойынша жүзеге асырылуы тиіс.

Салыстыру әдісін қолдану туризм ғылымының ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Мысалы, туризмнің жаңа өнімдерін әзірлеуде мынандай міндеттер қойылады: оны қызмет нарығында қалай іске асыру керек; бәсекелестер тарапынан қандай қарсылықтар болады, ол қызметті тұтынушыларға танымал бола ма; кіріс бере ме. Осы міндеттерді табысты шешу үшін өзіңнің әлеуетті мүмкіндігіңді бәсекелестер мүмкіндігімен салыстыру қажет. Зерттелетін факторлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары негізінде туризм өнімін қызмет нарығында жылжытудың тиімді әдістеріне теориялық негіздеме беруге болады.

Абстрагирования /дерексіздендіру/ әдісі туризмдегі әдеттегі байланыстар мен қатынастарды айқындап, жекешеленудің әртүрлілігінен шығуға мүмкіндік береді.

Дерексіздендіру әдісі/абстрагирования әдісін қолдану нәтижесінде турбизнесті жүргізудің кейбір жекелеген заңдылықтары, тараптардың жалпы мақсаты, туристік қызмет нарығы сегментінде зерттелетін оқиғаның себептері туралы жалпылама абстрактілі білім алуға болады.

Абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу әдісін қолдануда ой нақты білімді игереді, соңынан оны жаңаша ұсынады.

Абстракциядан шығу туризм түрі туралы үстірт емес, терең және жан-жақты білім алуда қажет. Бұл әдістің мәні – туризмнің нақтылы бір түрінің элементтері мен тараптары туралы абстрактілі білім негізінде, ол туралы, оның турбизнестегі орны мен туризмнің басқа түрлерімен, оның заңды қызметі туралы толық және жан-жақты түсіндіріледі. Барлық негізгі элементтер, олардың елеулі байланыстарымен байытылған нақтылы білім осы әдісті қолданудың нәтижесі болып табылады.

Абстрагирования /дерексіздендіру/ әдісі және абстрактіліден нақтылыққа өрлеу универсалды сипатта болады және туризмдегі кез-келген ғылыми зерттеу үдерісі үшін міндетті.

Бұл әдіс, егер зерттеуші оның мазмұнын түсінбестен интуитивті пайдаланғанда қолданылады. Бұл әдісті дұрыс түсініп, оның лайықты жақтары мен қиындықтарын ескере отырып қолдану, ғылыми зерттеу жүргізуде өте тиімді.

Жалпылау әдісі ойша дарадан жалпыға көшу, бір немесе бірнеше ұқсас (бәріне ортақ) фактілерді біріктіру жолымен түсіндіріледі. Ойша жалпылау - заттар мен құбылыстар, туризм оқиғаларынан орын алған дара және жалпылама байланыстарға негізделеді. Туризмнің жекелеген түрінде жеке ғана емес, жалпы ұқсас белгілері болады. Жалпылау ережелерін (ұғымдар, заңдар, қорытындылар, түсініктемелер) қалыптастыру нақтылынызерттеу арқылы мүмкін

Фактілерді (оқиғаларды) жалпылау деңгейі әртүрлі болуы мүмкін. Жалпылау деңгейіндегі айырмашылықтар осыдан – фактілерге эмпирикалық зерттеу жүргізу кезеңіндегі болымсыз қарапайым ұқсастық құрудан, мазмұнды, жалпыламаны ашуға дейін, ол танымның теориялық деңгейінде ұғымдарды қалыптастыру, заңдарды ашу мен фактілерді түсіндіруге жатады, жағдайды түсіндіруші жүйе құрылған кезде, зерттелетін құбылыстың тұжырымдамасы қалыптасады.

Маңызды фактілерді екінші қатарлы фактілерден айыруға мүмкіндік беретін жалпылаудың күрделі формасы типтеу болып табылады, ол туризмдегі зерттелетін құбылыстар немесе топтардың барынша маңызды жағын көрсетеді. Ерекше (типті) фактілерді іріктеу ғылыми жалпылаудың маңызды мазмұнын құрайды. Мазмұнын ашу үшін зерттелетін құбылыс жеткіліксіз, сондықтан барынша жоғары тәртіппен жалпылау, сондай-ақ қайталау, қажеттілік, мазмұн және оқиғаның себепті шарттылығы қажет.

Туризмдегі іс-тәжірибені тарату формасы қортыныды болып табылады, одан ғылыми тұжырымдама қалыптасады, ол зерттелетін құбылыстың ерекшелігі мен мәнін, оның пайда болу заңдылықтары мен дамуын ашады.

Туризм қызметіндегі зерттеулер кезіндегі тарихи, логикалық және эксперттік баға.

Тарихи әдістің мәні – нақтылы бір дәуір оқиғалары мен құбылыстарыны зерттеу, оны бір ізге түсіру. Тарихилық оның бірізді дамуын көрсетеді, ал логикалық оның мән-мағыналық дамуын көрсетеді. Мысалы, тарихи туризмнің дамуы, арнайы әзірленген маршрут бойынша (орман аумағы, теңіз жағалауы) жүргіншілер жолынан басталған, соңынан жүргіншілер туризмі емдік тәсілге айналды - терренкур.

Туристік қызметтегі тарихилық пен логикалық – бұлар бір құбылыстың екі жағы, онда логикалық оның негізгі мәні, ал, тарихилық – кездейсоқтықтар арқылы көрінетін көпбейнелі көрінісі болып табылады.

Логикалық әдіс тарихи оқиғаның жинақты көрінісі ретінде көрінеді, ол нақтылы өмірегі заттар, құбылыстар, оқиғалар мен процестердің даму логикасына сәйкес келуі тиіс.

Логикалық әдіс негізінде нақтылы өмірге тән заңдылықтар жатыр. Туризмде кез-келген құбылыстың өзінің пайда болу, даму және жаңа сапалы жағдайға көшуінің белгілі логикасы бар. Мысалы, қонақүйден туристерге орын алу/бронь/ үшін телефон арқылы аз мөлшерде тапсырыс берілетін. Қазіргі заманда туристер легі елеулі түрде өсіп келеді. Қонақүйлерден орынға тапсырысты Интернеттің көмегімен алдын-ала беру мүмкіндігі бар. Туристік қызмет нарығында клиенттерге сапалы қызмет көрсету үшін, көптеген туризм кәсіпорындары пайда болды, олар ақпараттық технологияларды кеңінен пайдаланады.

Эксперттік/сараптама/ баға беру әдісі туризмнің күрделі және көп планды құбылыстарын зерттеуде қолданылады, онда түйінді шешімді маман қабылдайды. Оларда зерттеуге алынған сұраққа нақтылы жауап іздеу немесе оны бағалау барысындағы сарапшылардың өзара әсер етуі болмайды. Мысалы, сараптамалық баға әдісінің бірі — «Дельфи» — онда мамандардың өзара сұхбаты жойылады. Әр сарапшы сауалнама көмегімен берілген белгілі бір сұрақтарды алады. Ол мәліметтер негізінде өзінің моделін жасайды, қажетті байланыстарды анықтайды, қорытындылар жасайды. Содан кейін сарапшылардан сауалнамаларды аып, жекелеген қорытындылар бойынша статистикалық өңдеу жасайды, бірнеше ұжымдық қорытындыларды тұжырымдайды. Бұл ретте бекітілген ұжымдық қорытындыдан әркімге тиімді аргументтерді айқындап, жинақтайды. Бұл мәліметтерді (бірнеше қорытынды және оларды аргументтеу) сарапшыларға ұсынады, олар өз бағаларын қайта қарап, ұжымдық қорытындылармен келіспейтін тұстарын түсіндіреді. Өңдеу процесі қайталанады, нәтижесінде ұжымдық қорытындылар саны азайады. Үш-төрт процедурадан кейін бір ұжымдық қорытынды алуға болады, ол сапасы жағынан кез-келген жеке қорытындыдан артық.

«Дельфи» әдісін қолдануда нәтиженің нақтылығын көтеретін құралға кері байланыс құру жатады.

Сарапшылар пікірінің маңыздылығын бағалауда, сарапшылар алдыңғы жүргізген сауалнама нәтижесі және осы нәтижелерді есепке алумен танысады. Нәтижелерді өңдеудің қиындығы және уақыт шығыны себепті бұл әдісті практика жүзінде жүзеге аса бермейді. Оны жүйені моделдеу әдісімен – морфологиялық немесе желілік - компьютерлік технологияны пайдаланып ауыстырады.

Кейбір кездері бұл әдісті іскерлік ойын элементтерімен үйлестіреді. Мысалы, сарапшыға өзін туристік кәсіпорын басқарамасы қызметкерінің орнына қойып, өзін-өзі бағалауды ұсынады. Осы әдіске арналған жеке қорытындыларды өңдеу үшін математикалық әдістер қолданылады, ол әр сарапшының құзіреттілік деңгейін, жалпы ақпараттану деңгейі, сараптау жүргізудің басқа шарттарын ескеруге мүмкіндік береді.

«Дельфи» әдісін кәсіпорынды және өнімді өткізуді жоспарлау барысында сараптама-болжау жасауда қолданады. Ол интерактивті процедура ретінде «кәсіби шабуыл» өткізуде пайдаланылады. Бұл әдіс сандық бағалауды пайдаланып сараптама сауалнама жүргізудің нақтылығын көтеретін құралға айналды.

Эксперттік бағалау әдісіне сондай-ақ программалық-мақсатты жоспарлау мен эксперттік сауалнама жатады.

Жоспарлаудың бағдарламалық-мақсатты әдісі - туристік кәсіпорынның мақсатты құрылымдарын өзінің ресурстық қамтамасыз етуімен түйіндеуге ықпалын тигізеді. Әрбір бағдарлама шаруашылықты дамытудың бір немесе бірнеше мақсаттарын жүзеге асыру бойынша кешенді іс-шаралар құрады, олар «мақсаттар дарағы» түрінде көрінеді. Бағдарламалардың мүмкін нұсқаларын бағалау және таңдау түрлі өлшемдер бойынша (іске асыруда соңғы көрсеткіштегі белгіленген шығын көлемі мен уақыт мөлшерін азайту), арнайы тәсілдер, ммәселен, бағдарламалық матрица көмегімен жүргізіледі.

Сараптау сауалнама жүргізудегі жетістіктер – сарапшыларды таңдау, ұйым мен оның жұмыс жағдайы, олар қабылдаған жекелеген қорытындыларды өңдеу әдісіне байланысты. Сауалнаманың нәтижесіне ұйымдастырушылар таңдап алған сараптау түрі, сұрақ қою формасы және нақтылығы ерекше әсерін тигізеді.

Туристік қызметте зерттеу жүргізудің жекелеген әдістерін қолдану.

Жеке әдістер туризм кәсіпорындары мен жекелеген қызметкерлерді кәсіби жетілдіру бойынша нақтылы міндеттерді шешуде қолданылады. Туристік қызмет процесінде қызметкерлерлі оқыту мен тәрбиелеуге бағытталған мынандай жеке әдістер қолданылады:

ұжымдық әсер ету әдісі – қызметкерлерде моральдық-адамгершілік сапаны қалыптастыру; бұл әдіс кәсіби қызмет барысында қоғамдық пікірмен әсер ету жолымен жүзеге асырылады;

нақтылы бағалау әдісі- тәрбие жұмысының жетістіктерін анықтау, мұнда қызметкер атқарылған жұмыстың пайда әкелетіні туралы қорытынды жасауға мүмкіндік алып, тиісті сапа мен дағдылар өмірлік белсенді ұстанымды қалыптастыруға ықпалын тигізетініне көз жеткізеді.

ынталандыру әдісі – қызметкерді моральдық және материалдық тұрғыда ынталандыру әдісін, алға қойылған қоғамдық-экономикалық маңызды міндеттерге қол жеткізуде пайдалану. үлгі беру әдісі – ұжымның бір мүшесінің іс-әрекетінің басқалардың сана-сезіміне әсер етуі;

мәжбүрлеу әдісі – қызметкерлерге өз талаптарымен қатар, оларға қойылатын басқадай талаптарға бағынышты болу жағдайлары;

жаттығу әдісі – қызметкерлердің тиімді іс-әрекеттері мен қызметін саналы және қайта қайталау әдісі, ол тұтынушыға қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған.

Наши рекомендации