Түрік қағанаты:территориясы,қоғамдық құрылысы,басқа мемлекеттермен өзара қарым қатынасы.
Ежелгі түріктер тарихи аренаға VI ғасырдың орта шенінде шыққан. VII ғасырдың аяғында оның шекарасы шығыста Қытаймен, батыста Византиямен шектесті. Қазақстан мен Еуразияның басқа да елдерінің тарихында жаңа кезең ашты. 460жылы түркілерді Жужандар бағындырып, қазіргі Түркістанға қоныс аудартады. Аварлардың қол астында түріктер күш жинап алды. Ақырында түріктер бас көтеріп, аварларды талқандады. 551 жылы түріктің билеушісі Бумын қаған атағын алды. VI ғасырдың ортасында Евразияның тарихи аренасына Түрік қағанаты шықты. Бумынның өлімінен кейін 552 жылы таққа оның ұлы Қара Еске хан отырып, Аварларды толықтай тізе бүктірді. Жеңістен кейін ол қаған жұмбақ жағдайда қайтыс болады, сосын мемлекетті оның інісі Мұқан қаған басқарды. 553 ж. Аварлар қайтадан талқандалып, түріктер Алтайдан Шығысқа дейінгі барлық даланың қожасы атанады. Келесі жылы түріктерді Бумынның кіші інісі Ештеми қаған бастап батысқа жорыққа аттанады аварлардың шапқыншылығынан әлсіреген үйсіндер қарсылық көрсете алмады, 555 жылы Ештеми әскері Арал теңізі мен Ташкент маңына жетті. Түріктердің батысқа жасаған жорығы тек жаулап алу ғана емес, өз тайпаларын Орта Азияның солтүстігі мен шығысындағы таулы-далалық аудандарға, ең алдымен Қазақ даласына қоныстандыру болатын.
Кейін түрік деп аталған тілде сөйлейтін мейілінше ірі тайпалар бірлестігі оғыз тайпалық одағы еді, ол қытай жазбаларында теле деген атаумен бегілі. Түріктерге тілі ұқсайтын жергілікті тұрғындар, сондай-ақ Қазақстанның солтүстік-батысындағы сақтардың, үйсіндердің, қаңлылардың, фин-угор тайпаларының ұрпақтары және аварлар Түрік қағанатының құрамына енді, ал енбегендері батысқа қарай қашты. Поволжьеде, Азау теңізінің жағалауы мен Солтүстік Кавказдағы көптеген ғұн тайаларын өз ордасының қатарына қосып алған аварлар 558-568 жылдары Византияның шекарасына басып кіріп, Дунай алқабында өзінің мемлекетін құрып, Орталық Еуропаның елдерін талай мәрте қаңыратып кетті. Ал Орталық Еуропаға кеткен фин-угор тайпалары кейіннен венгер халқының қалыптасуына ықпал етті.
Түріктердің батысқа жасаған жорықтар нәтижелі болды.VІ ғасырдың 60 жылдарының аяғында Түрік қағанаты Византия, Сасанидтік Иран, Қытай тәрізді сол кезеңдегі ірі мемлекеттерімен саяси және экономикалық қарым-қатынаста болып, Қиыр Шығысты Жерорта теңізі елдерімен байланыстыратын сауда жолына бақылау орнату үшін күресті.
Каспий теңізінен солт. Индия мен Шығыс Түркістанға дейінгі аралықта созылып жатқан аймаққа билігін жүргізген эфталиттермен күресте түркілер Сасанидтік Ираннның көмегіне сүйенеді. Ақ ғұндарға (Эфталиттер) вассальды бағынышты болған парсылар түріктермен одаққа қуана келісті, сосын 564 жылы Тохаристанға соғыс басталды. 565 жылы Нэфестегі шайқаста Иштеми-қаған бастауымен түріктер жеғіске жетті және соғды жері қағанатқа қосылды. Бірақта түрік-эфталит соғысы аяқталған соң Иранға шығыстан қысым көрсетіле басталды. Дау Ұлы Жібек Жолына деген бәсекелестіктен басталды. Иранға қарсы күресте түріктер Взантияның императоры II Юстинианды одақтас ретінде тауып ала қойды.567 жылы соғды Маниах қағанат атынан Константинопольде Иран әскеріне қарсы бірлескен әрекет туралы келіссөз жүргізді. 570-576 жылдары түріктер солт. Кавказды, ал 576 жылы Босфорды жаулап алды. Осының нәтижесінде түрік қағанаты Ұлы Жібек жолының барлық маңызды бөліктерін бақылауға алды, мұның өзі түрік бекзаттарына керуен саудасынан қыруар пайда түсірді. Алайда түрік мемлекетінің қуаты көп кешікпей өзара қырқыстардан әлсірей бастды.
588 жылы батыс түріктерінің ханы Қара-Шүрен мен шығс түріктерінің ханы арасында жаулық көзқарас қайта басталды. Қара-Шүреннің тәуелсіздік үшін соғысы 593 жылға дейін созылды. Бірақ, батыс және шығыс түріктері арасындағы жоғалтқан нәрсе тым қымбатқа түсетін, өйткені, 598 жылы Қытаймен басталған соғыс кезінде шығыс түріктері Жангардың бастауымен Суй империясын қолдап кетті. Қара-Шүрен өлтірілді, сондықтан Түрік қағанаты одан кейін біріге алмады. 603 жылы батыс қағанатының ханы Қара-Шүреннің шөбересі жас бала Таман болды. Біртұтас Түрік қағанаты осылайша өмір сүруін тоқтатты.
Түрік қағанаты 10 ұлысқа бқлінді, әр ұлысты шад басқарды. Ұлытық үстемдік белгісі ретінде 10 алтын жебе берілді.