Сақтардың әлеуметтік құрылымы мен қоғамдық қатынасы

Таулы Алтайдағы ерте сақ есткеркіштерінінің ерекшеліктеріне қорғандардың тізбектеле микротізбекте орналасуы тән болса, Пазырық уақытында үлкен қорымдардың тізбек пен топтарға бөлінуі тән. (Башадар, Тұяқты, Берел). Әр тізбекте салыстырмалы түрде қорғандардың аз болуын (16 үймеге шейін) топшылай отырып, үлкен әлеуметтік құрылымдар туралы сөз қозғау жөн емес (қауым, ру). Қорғандардың микротізбекте орналасуы, отбасылық жерлеулермен байланысты болуы мүмкін. Қорғандар саны көбірек кездесетін қорымдар бірнеше туыс отбасылар мен руларға тисілі болуы ғажап емес. Пазырық мәдениетіндегі қорғандар тізбегінің туыстық қатынасы туралы болжамды алғашқылардың бірі болып С.И. Руденко айтқан болатын [38, 102 б. ]. Қорымда орналасқан қорғандар мен олардың ішкі құрылысы, шынайы өмірде болған тұрғын үймен, қоныстардың нақты жоспарлануымен байланысты. Осыған байланысты қорғандар тізбегі көнеде шынайы өмірмен о дүниедегі туыстардың қатары деп қабылданған. Осындай ойға ортағасырлық материалдар негізінде И.Л. Кызыласов келген болатын: «...қорымдағы тізбектердің орналасуы ұрпақ бойынша үйлердің орналасуына сәйкес келеді. Осындайды этнографияда хаккас қоныстарындағы – аилдардан көруге болады» – дейді [39, 96 б]. Мұндай мәліметтреді қазақ, башқұрт этнографиясынан да байқауға болады. Қазақстан мен Таулы Алтайдағы ерте көшпелілер қорғандарының орналасуы кейінгі көшпелілердің және қазақ рулық топтарының үйлерінің жоспарларымен ұқсас. Бұлай жоспарлану бір жағынан дәстүр болса, екіншіден шаруашылық жағынан тиімді. Отандық археология ғылымының көш бастаушысы Ә.Х. Марғұланның жазуынша «...қазақтың жайлауда отырған ауылына қарасаңыз мынадай көрініс байқалады: жарты ай тәрізді дөңгелене тұра ақ қаздай киіз үйлердің желден ық жағында ру ақсақалының үйі елден ерекше, бозарып тұр. Ал орта тұста кешкілік төлді қамайтын қоршаулар бар» [40, 239 б].

Тағы айта кететін жайт қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, жеткілікті дәрежедегі тізбектің ұзындығы, бір жанұя мүшелерінің рет бойынша жерленуін көрсетпейді. Мұнда барлығы дерлік бағытталуы менен қорған аралық интервалдың айырмашылығымен ерекшеленетін микротізбектерден тұрады. Көбінесе қорым (тізбек) жат жерлеулер мен микротізбектердіден тұрады. Осы арада айтайық дегеніміз қорған тізбектері о дүниеде шынайы қоныстар немесе шартты туыстардың өмір сүретіндігі туралы идеяны елестетеді. Сонымен қатар тізбекте ретімен тұрғызылған қорғандар, өзіндік бір отбасының, рудың, кейде тіптен ол адамдарға қатысы жоқ кейінгі ұрпақтың өткен тарихынан сыр шертетін монументалды шешіре есткерткіш іспетті.

Алтайдағы сақ заманының әлеуметтік өміріннің ақтаңдақ беті болып, әйелдің әлеуметтік және культтық өмірде қаншалықты орын алғандығы. Зерттеушілердің біразы сақ қоғамында әйел адамның қоғамдық орны ерімен салыстырғанда азғана төмен болды дейді. Оған әйелдің мал шарауашылықты жүргізудегі белсенділігі дәлел бола алады. Аталмыш ойдың дұрыстығына әйел адамды жерлеу үшін жеке қорғанның тұрғызылуы, ер адамды жерлеу қорымдарындағы секілді әйел адамды жерлегенде жылқының қоса жерленуі және инвентардың молдығынынан көріуге болады. Әйел адамның тәуелді болғандығын айғақтайтын тек бір ғана дерек бар, ол Таулы Алтай перифериясында ерте сақ қорымында табылған әйел адамның мүрдесі.

А.А. Гаврилованың пазырық қорғанында мидия ханшайымы жерленген деген пікірі «патшалық» обаларда жеке колодаларда күңдерін жерледі деген пікірі сынды ойлары реалистік тұрғыдан шындыққа жанаспайды [41, 89-101 б]. Алтайдағы сақ қорғандарындағы жерлеу ғұрыптарын анализдап көретін болсақ, әйел адамдардан күңнен гөрі ел басшының жарын көрген жөн (жеке колодаға жерлеу, инвентарьдың молдығы, таңдамалы киімдер, ауыр жұмысты білмеген күтім көрген қолдар). Ақ-алаха қорымының 1 қорғанынын табылған әйел aдамның мүрдесінің жанынан табылған қару жарақ үлгілері ал, сәндік белдік пен тек «салт атты жауынгер ғана киетін» киіз бас киім пазырық қоғамына бірегей [42, 107-111 б]. Жерлеу камерасының көп уақыт бойы ашық тұрып, сан мәрте пайдаланғандығының ықтималдығы «жарының» жерленуі бір уақытта қоса жерленбей артынан уақыт өте жерленгендігін білдіреді. [37, 8 б].

Пазырықтықтардағы абыздар мәселесін қарастырғанда еуразия кеңістігінде ерте темір дәуірінде мекендеген сақ-скиф тайпаларындағы абыздар мәселесінің контекстысында әсіресе савроматтарды қатыстыра қарастырған жөн. Пазырық қоғамында әйед адам мен абыз әйелдің жай ған орын алып қана қоймай, белгілі бір дәрежеде қоғамдық әлеуметтік сатыда орын алғандығын байқауға болады. Алғашқыларын отбасылық қабірлерге жерлесе (Пазырық, Башадар, Тұяқты), ал Ақ-алаха ІІІ қорымының 1 қорғанындағы әйел адамның мүрдесі абыз әйелдікі болған сыңайлы. Жалғыз тұрған қорған пазырық қоғамында жерлеу рәсімдерінде қалыптасқан туыстық белгілері бойынша жерлеу ғұрпын дөрекі түрде бұзады. Қорғанның Ақ-алаха өзенінің орталық аңғарында тұрғызылуы, әйел адамның осылайша осы аңғарда жерленген бүтін пазырықтықтарға жататын ру, тайпаларға ортақ болған сыңайлы.

Пазырық қоғамындағы әлеуметтік құрылыс ерте сақ заманымен салыстырғанда өте дамыған болып, мүліктік дифференциация пайда болуымен (инвентардың молдығы; жерлеу камерасына жылқылардың 0-22 жерленуі). Біздің ойымызша Таулы Алтай халықтарының ерте темір дәуірі ішіндегі эволюциясы, әлеуметтік қатынастарды күрделендіріп қана қоймай, қоғамның милитаризациялануына әкеп тіреді. Яғни бұл кезеңде Д.В. Черемисиннің айтуы бойынша пазырық қоғамы бірыңғай құндылықтар жүйесін ардақ тұтты, ол соғыс, оның ең ірі мұраттары қоғамдағы әр түрлі топтағы әлеуметтік бұхараның санасына сіңірілді [43, 30-31 б].

Алғашықылардың бірі болып археологиялық материалдар негізінде Саян-Алтай аймағының ерте темір дәуірінің әлеметтік құрылымын қалпына келтіруге тырысқан А.Д. Грач болатын, өзінің «Древние кочевники в Центре Азии» атты монграфиясында жерлеу-ғұрыптық кешендерін анализдау арқылы Саян-Алтайдағы сақ қорғандарын: 1) патшалық; 2) ақсүйек; 3) төменгі тап өкілдері (қара сүйектер) деп бөле отырып, ақсүйектердің бірнеше тобы болғандығын атап өтеді. А.С. Суразаков осы критерилер негізінде, схеманы жаңартып, төртінші топ шығарады; 1) қатардағы көшпелілер, 2) отбасылық-туыстық топтардың көсемдері, 3) рулық ақсүйектер, 4) тайпа көсемдері. Сәл кейінрек В.Д. Кубарев пазырық қоғамында тең құқылы еместер мүшелері болғандығын дәлелдеді.

Бұндай бөліністі қытай жазба деректері де қуаттай түседі, Ян-Шу-да мәліметінде келтірілгендей, Хань династиясының әдет-ғұрып заңы бойынша биіктігі 12,8 метрден аса қорған үйіндісі тек император әулетінің мүшелеріне ғана лайықты. Жоғары ақсүйектер қорғанының биіктігі 12,8 метрге дейін болса, ал жоғарғы мәртебелілер қорған құрылысының биіктігі 4,8 метрге дейін болған екен [44, 45 б].

В.А. Кочеев жерлеу инвентарын саралай отырып, пазырықтықтарда көптеген бөлігі жауынгерлерден тұратын орта тап өкілдері басты рөдл атқарды дейді. Ғалым көшпенділер қоғамында, кәсіби әскерилер тобы қалыптасып, солардан пазырық қоғамынындағы көсемдердің әскери жасағы шығады [45, 112-114 б].

1989 жылы Кемерово қаласында бүкіл одақтық конференцияда көптеген мақалалар негізінен пазырықтықтардың әлеуметтік және саяси даму аспектілеріне байланысты болды. Аталмыш конференция 1960-1980 жж. аралығында көшпелілер қоғамының әлеуметтік құрылысын зерттеудегі жұмыстардың қорытындысы іспеттес еді. Осы кезеңнің негізгі нәтижесі ерте және ортағасырлық көшпелілердің әлеуметтік құрлысының бірдей болғандығын мойындау, археологиялық мәліметтер негізінде көшпелілердің әлеуметтік құрылсын қалпына келтіру және жаңа зерттеу әдістемелерін жасауда болды. Сондай-ақ жерлеудің әлеуметтік-типологиялық классификациясын жасау, көшпелітанудың теориялық негізі мен әлеуметтік терминдеріне өзгеріс енгізу еді [46, 23 б]. Міне осы бағытта ғұламалалардың негізгі ойлары өрбіді. 1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында көшпелілер қоғамына жаңаша көзқарастар қалыптаса бастады, осындай көзқарас пазырық мәдениетін зерттеушілерде де, қалыптасты. Енді пазырық қоғамы күрделі әлеуметтік жүйесі бар, бірнеше құрылымдар қызмет еткен, жыныстық, кәмелеттік, отбасылық, кәсіби, мүліктік, деңгейлік, діни жағынан зерттеу қарастырылды [47, 85-96 б]. Міне осы мәселерлер бойынша бірнеше конференциялар өтті. («Социально-экономические структуры древних обществ Западной Сибири» және халықаралық «Итоги изучения скифской эпохи Алтая и сопредельных территорий» атты конференция 1997-1999 жж.) және бірнеше авторлардың ғылыми еңбектерінде осы мәселелер көтерілді [48; 49; 45;50; 51 және т.б]. Ерте көшпелілердің әлеуметтік қатынасын зерттеу, олардың қоғамдық құрылыстарын зерттеумен тығыз байланысты. С.С. Черников көшпелілер қоғамының даму жолына қарай отырып, «әскери демократия» дәстүрін шығарған еді (б.з.д VII-IV ғғ.), осыған тақау көзқарасты В.М. Массон ұстанған еді. Л.С. Ельницкийдің пікірінше сақ заманындағы мемлеккеттік патриархалды-құл иеленушілік сипатта болған [46].

М.И. Артомоновтың пікірінше көшпелілерде шектеулі әскери демократия болған [52, 37-47 б], осы пікірді Н.А. Боковенко да қолдаған болатын. Оның пікірінше, көшпелілермен жартылай көшпелілерде экономикалық жүйе керітартпа болған [53, 50-53 б]. Осы уақытта бір топ ғалымдар көшпелілерде, солардың ішінде пазырықтықтарда ерте таптық (алғашқы мемлекеттік) қоғам болған деп көрсетті [54; 55; 56; 57 және т.б.].

Берел қорғандарынан шыққан құндылықтардың негізінде ежелгі көшпенділердің тарихы мен мәдениеті, шарушылық жүйесі, қолөнері және тағы басқа өзекті мәселелерді шешуге болатынын кезінде пазырық обаларын алғашқы зерттеушілер айқындап кеткен болатын [86, 41-85; 27 б].

Дегенмен, жерлеу, құрбандық шалу ескерткіштері қандай да болмасын этникалық тұтастықтың бүкіл мәдени жүйенің бір ғана элементі екендігін естен шығармау керек, олардың негізінде барлық проблемаларды қамтып шешу мүмкін емес, сондықтан да алға қойылған ғылыми мәселелерді жан-жақты зерделеу үшін нақтылы мәдени тұтастықтың басқа да компонеттерін (қоныстар, тау-кен орындары, жартас суреттері, технологиялық талдаулар, жазбаша деректер, т.б.) мүмкіндігінше кешенді түрде пайдалану міндет.

Әрине, бұл халықтардың шаруашылық-мәдени жүйесін, өндіргіш күштерінің негізін зерттеу үшін олардың қоныстарын, өндіріс ошақтарын, тау-кен орындарын анықтау керек. Солардың және әртүрлі көлемдегі жерлеу орындарын зерттеу негізінде саяси және әлеуметтік құрылымдары мен этномәдени қарым-қатынастары туралы мағлұматтар аламыз.

Берел обалары Еуразия кеңістігіндегі аса ірі және ерекше құрылымды ескерткіштердің бірі. Оларды сол замандағы көшпелілер қоғамының ұлы қайраткерлеріне арнап салған. Мұндай жерлеу құрылысын іске асыру үшін қоғамның үлкен ресурстарын жұмылдыру, оларды жүйелі түрде үйлестіру және тағы басқа шараларды жүзеге асыру керек, яғни бұл мәселелерді зерттеу көшпелі халықтардың қоғамындағы қалыптасқан тарихи-әлеуметтік жүйелер мен үдірістерді зерттеуге жаңа тұрғыдан қарастыруды қажет етеді.

Осылайша бүгінгі таңда пазырық қоғамының әлеуметтік құрылыс, жерлеу рәсімдерінің элементтерін кешендік анализдау негізінде жақсы зерттелінген. Қоғамның әлеуметтік сатыларын анықтаудың критерилары жасалынған. Пазырық қоғамында шешілмеген мәселелер қатарына абыздық мәселесі жатады. Келесі шешімін күтіп тұрған мәселелер санатына нақты қорымдар бойынша палеодемографиялық анализдар жасау және пазырық қоғамының саяси тарихын сол замандағы нақты тарихи-мәдени жағдайында қарастыру.

Наши рекомендации