Кодтау және классификация жүйесі.

Классификация - әртүрлі белгілер бойынша көпшілікке берілген объектілердің ойдағыдай бөлінуі.

Классификатор – кодталған объектілер атауларының жүйеленген бірлігі, олардың классификацияланған топтар мен кодтық байланыстары болып табылады.

Классификация жүйесі – бұл объектілердің жиынның жиынастыға бөлінуінің ережелер жиынтығы.

Классификацияның иерархиялық жүйесі болып классификациялық топтар арасындағы иерархиялық қатынас орнайтын классификация табылады.

Кодтау – объектіге кодтық белгінің қойылу процесі.

Қайта кодтау – ертерек кодталғанобъектіге жаңа кодтық белгінің қойылуы.

Декодтау – кодтауға кері процесс.

Кодтау жүйесі – бұл объектілерге кодтарды беруіне байланысты ережелер жиынтығы.

Дәрісханалық кешен

Дәріс. Ақпараттық құқықтың пәні, тәсілі және жүйесі. Ақпараттық құқық автоматтандырылған өңдеудің объектісі нәтижесінде

Жоспар:

1. Ақпараттық құқық түсінігі.

2. Ақпараттық құқықтың даму тарихы.

3. Ақпараттық құқық және оның классификациясы.

4. Ақпараттық құқық – автоматтандырылған өңдеу объектісі.

1997 жылы шыққан «Ақпараттық құқық», пәнінің алғашқы басылымында ақпараттық құқық пәні құқық жүйесіне кірген жаңа пәндердің бірі ретінде қарастырылды. Басты назар ақпараттар аумағына, ақпараттар мен оны пайдалануға байланысты туындағын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге арналды. Ақпараттық құқық объектілерінің ерекшеліктеріне, ақпараттардың түрлері мен таралу формаларына, ақпараттық технологияларға, оны қамтамасыз ету мен ақпараттық қауіпсіздікке де баса назар аударылды. Ақпараттық құқықтың қайнар көздерінің сипаттамалары берілді.Уақыт өте келе адам мен қоғам даму процесінде ерекше рол атқаратын ақпараттар жүйесінің жаңа ақпараттық технологиялары дами түсті, сөйтіп бүкіл әлемге әйгілі ақпараттық Интернет жүйесі пайда болды.

Ақпараттық құқық саласының жан-жақтылығын, бұл саланың ақпараттарды даярлау, беру, талдау жасау, іздеу, пайдалану таратуға байланысты туындайтын барлық қоғамдық қатынастарды ретке келтіріп отыратындығымен түсіндіруге болады. Ақпарат адам және қоғам өмірінің барлық деңгейінде, барлық саласында бірдей қолданылады, адаммен қоғамның күнделікті ақпараттарсыз дамуы, алға басуы мүмкін емес.

Ақпараттық құқықтың да құқық саласы ретінде ретке келтіріп отыратын өз алдына қоғамдық қатынастары бар-ол ақпараттарды пайдалануға байланысты орнайтын қоғамдық қатынастар.Құқық саласының өзге түрлерінен басты айырмашылығының бірі құқықтық қатынастарды реттеуде құқықтық информатика, құқықтық кибернетика тәсілдерін қолданатындығында.

Құқықтық информатика және құқықтық кибернетика тәсілдері ақпараттық аумақтарда ақпараттарды зерттеу, басқару, объектілердің бір-бірімен байланысын құқықтық реттеуге, ақпараттық технологиялармен және құралдармен қамтамасыз етуге байланысты туындайды. Бұл ақпараттық құқықтық қатынастар орнатқан объектілер арасындағы қатынастардың сапалылығын және екі жаққа бірдей тиімділігін орнатады.

Ақпараттық құқық құқық әлемінде аралық ғылым ретінде күрделі әлеуметтік жүйедегі ақпараттық маңызын түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып зерттейтін ғылым саласы.

«Ақпараттық құқық» пәнін орта мектептерде, арнайы және жоғары білім беретін оқу орындарында білім алып жүрген болашақ мамандарға оқытудың өзектілігі-ақпараттық құқықтың XXI ғ. ақпараттық қоғамның негізділігіне байланысты.

Ақпараттық құқық пәнінің жүйесін Жалпы және Ерекше бөлімдер құрайды.

Жалпы бөлімі ақпараттық құқық жүйесін құрайтын жалпы мәліметтерден тұрады, атап айтқанда; ақпараттық құқық пәнінің түсінігі, әдістері, тәсілдері, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде қолданылатын қағидалар және олардың түрлері т.б жалпылама мәліметтер. Ақпараттық қатынастарды құқықтық реттеуге, ақпараттық технологиялар мен құралдарды пайдалануды қамтамасыз ету, Интернетті пайдалануға байланысты туындайтын сұрақтардың шешімін табу жайлы мәліметтер береді.

Ақпараттық құқықтың Ерекше бөлімінде түрліше салалардан ақпараттарды алу, пайдалану, таратуға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің жолдары, әдіс-тәсілдері жайлы оқытады.Сөйтіп, ақпараттық құқықтық институттың екі тобы –ашық мәліметтерді тарату институты және таратуға шектеу қойылған мәліметтер институты, ақпараттық құқықтың екі білімін құрайды.

Ақпараттық құқықтың ашық мәліметтерді тарату институтына жеке меншік институты, бұқаралық ақпарат институты, кітапханалық ақпарат институты, мұрағаттық ақпарат институттары жатады. Таратуға шектеу қойылған мәліметтер институтына, мемлекеттік құпия, коммерциялық құпия, жеке құпиялар институты жатқызылады.

Ақпарат мемлекет және қоғам өмірінің дамуының барлық кезеңдерінде маңызды мәселелерге байланысты қажетті шешімдер қабылдауда басты рол атқарды. Ақпараттарға талдау жасап, тиісті шешімдер қабылдау нәтижесінде қоғамда күн сайын үлкен өзгерістер болып жатады.

Алғашқы ақпараттық революция жазуды ойлап шығарумен тікелей байланысты, сөйтіп қоғамда болып жатқан өзгерістерді тіркеу мүмкіндігі пайда болды. Екінші ақпараттық революция кітап басуды ойлап шығарумен тікелей байланысты. (XVIғ.) (алғашқы кітап басуды ойлап шығарғандар Гуттенберг және Иван Федоров). Келе-келе ірі тираждармен кітап басып шығару жолға қойылды да адамдардың білім алу мүмкіндігі кеңіді.

Үшінші ақпараттық революция (XIXғ. ) электрді ойлап табумен тікелей байланысты, өйткені сол уақытта телеграф, телефон, радио құралдары арқылы көп мөлшердегі ақпараттарды беру мүмкіндігі пайда болды.

Төртінші ақпараттық революция (XX ғ. ортасы.) есептеу техникаларын және жеке компьютерлер, телекоммуникация жүйесін пайдалануды ойлап табумен байланысты.Мәліметтерді электрондық пошта жүйесі арқылы жинау, сақтау, талдау жасау, пайдалануға ұсыну мүмкінлігі пайда болды.

Бесінші ақпараттық революция барлық мемлекеттер мен елдерді байланыстыратын, барлық адамдардың бір уақытта пайдалануына мүмкіндігі бар Интернет жүйесінің ашылуы.

Қайнар көздің тұтынушыға жүру жолында ақпарат көптеген өзгергіш қатарларынан өтеді – кодтайтын және декодтайтын құралдар, анықталған алгоритм бойынша ақпаратты өңдейтін есептеуіш машина. Өзгеру стадиялар аралығы тұтынушыдың қашықтық түрінде хабардың мағыналық қасиеті екінші жобасына өтеді, сондықтан «ақпарат» түсінігін тіпті «мәлімет» түсінігіне ауыстыруға болады. Мәлімет өзімен бекіту, факт және (немесе) сан, өзара бір-бірімен байланысқан лексикалық және синтаксистік жиындықтарын көрсетеді. Лексикалық байланыс (жиі прагматическалық деп аталды) жиі тілдің құрылымында байланыстарды бейнелейді, мысалы, «түрі-кескіні», «толық-бөлігі». Хабардың жеке бөліктерінің арасындағы байланыс синтаксистік (сигматикалық) байланыспен бейнеленеді. Олар ауыспалы болып табылады: мысалы, үтірдің күйі «Өлім жазасын беруге болмайды кешіруге болады» сөзінде оның сол немесе басқа мағынасын білдіреді. Кейбір жағдайларда ақпарат пен мәліметтер арасындағы айырмашылықты ерекшелеуге қажет емес, олар синоним ретінде қолданылады.

«Ақпараттық құқық» түсінігін анықтау үшін ақпараттық процесстердің рамкаларын сызып қою керек. Ақпараттық процесстерге ең толық формасы өндіруші, бөліп тарату, айырбастау және материалды игілікте қолданылуы болып табылады. Көрсетілген процесс туралы ақпарат экономикалық ақпарат деп аталады. Ақпараттық құқық өңдеу үшін тепе-теңдік жай алгоритмдер, логикалық оперцияларды (жөнге салу, таңдау, түзету) арифметикалық басымдылықпен мәліметтердің нәтижелік және шығуы кестелік формада көрсетіледі.

Ең негізгі белгіге әдетте экономикалық ақпаратты класификациясының айналып жүруіне келесі жатады:

- берілген басқару жүйесіне қатынас. Бұл белгі хабарды, ішке кіруге және шығаруға бөлу мүмкіндігін береді.

- уақыт белгісі. Уақытқа байланысты хабар перспективті (болашақ жағдай) және ретроспективті болып бөлінеді. Бірінші классқа жобалық және болжамдық ақпарат, екіншіге – есеп мәліметі. Түсу уақытпен кезеңдік және кезеңдік емес хабар болып бөлінеді.

- функционалды белгі. Классификация функционалды жүйелі экономикалық объект бойынша құрылады. Мысалы, еңбек ресурстары, өңдіруші процесстері, қаржылар туралы ақпарат және т.б. басқа кескінде жобалау, нормалау, бақылау, есеп және есеп беру мәліметі

Кез келген пәнді оқу оның негіз қалаушы терминдері мен категориярының анықтамаларын келтіруден басталады. «Информация» («ақпарат») термині латынның «informatio» сөзінен шығатыны және баяндау немесе түсіндіру мағынасын беретіні баршамызға белгілі.

Ақпарат – белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілген мағлұматтар. Бұндай сигналдардың табиғатында оны сақтаудың, жеткізудің және түрлендірудің (өндеудің) мүмкіндіктері бар болуы тиіс.

Терминологиялық қатарды ақпаратпен қатар «деректер» және «білімдер» ұғымдары орналасқан.

Өндеуді мүмкін (күтілген) үрдіспен орындауға болатындай нақты қалыпқа келтірілген ақпаратты деректер деп түсінеміз.

Деректер деп әдетте ақпараттарды өңдеуде адекватты мүмкіндіктер (күтілетін) процесстері нақты пішімде көрсетілген ақпарат деп түсініледі. Білімдер – бұл негіздемеден логикалық ойлау жолымен анықталған қорытынды алуға болатын ақпарат.

Ақпараттың құрылымы және пішімі оның маңызды сипаттамасы болып табылады. Ақпараттың құрылымы – бұл оның құрамдас элементтерінің арасындағы өзара байланысты анықтайды. Ақпараттың терең қасиеттері жүйеліктің қасиеттілігі болып табылады.

Шындығында, жүйе деп оған кіретіндер жеке элементтер ішінен біреуі де белгілі бір қасиеттерді иелене алмайтын, ал керісінше ондай қасиеттерді иелене алатын жиынтықты айтады.

Басқа жағынан ақпарат оның қойылымының пішімі болып табылады. Негізгі пішімдер арасынан келесілерді атауға болады:

- символды-мәтінді (әріптер, сандар, белгілер және т.б. жиынтық түрінде көрсетілген ақпарат);

- графикалық (бейнелеу және т.б.);

- дыбысты.

Басқару (ағылшынша - control) – бұл жүйенің мақсатты қондырғысының жүзеге асырылуына бағытталған және жүйе құрылымына іштей тиістілігін қолдайтын әртүрлі (техникалық, биологиялық немесе әлеуметтік) табиғаттың ұйымдастырылған жүйесінің функциясы.

Барлық деңгейдегі басқарудың шешімін қабылдау үшін қолданылатын, ақпарат, өз мазмұнымен өте әртүрлі. Фирма (кәсіпорын) деңгейінде оған қатысты мыналар:

- өндіріс құралдарының техникалық сипаттамалары (бірінші кезекте, жабдықтар);

- өндірістің шарттарын және технологияларын сипаттау;

- нарықтық конъюнктура (бағалар, сұраныс көлемдері);

- айналым құралдары туралы мағлұматтар;

- кадр құрамы туралы мағлұматтар;

- қорлардың тұтынушылығы және бар болуы туралы мағлұматтар;

- нормативтер, жоспарлы тапсырмалар;

- есептеу көрсеткіштерінің жиынтығы (қор көлемі, ұтымдылық, өзіндік құн);

- әртүрлі бұйрықтар, нұсқамалар, әдістемелер.

Тізбелеуді және нақтылауды жалғастыруға болушы еді, бірақ барлық олардың топтастыруларында жалпы белгі бар – олар халықтың өндірісті-шаруашылық қызметіне жатады. Оларды осы белгі бойынша экономикалық ақпарат деп анықтайды.

Ақпараттық құқық – оларды тұрақтандыруға, беруге, қайта қалпына келтіруге, сақтауаға және халықтық шаруашылықты және оның жеке әртүрлі деңгейдегі буындарын басқару функциясын жүзеге асыру үшін қолданатын экономикалық сипаттаманың әртүрлі топтастыруларының жиынтығы.

Кіру ақпараты басқарушы мүшеге сырттан келеді. Оның бір бөлігі, алғашқы ақпарат, басқару объектісінен келіп түседі және тура өлшеу немесе есептеу нәтижесінен пайда болады. Кіру ақпараттың қалған бөлігі – оны кейде сыртқы деп те атайды және шартты түрде мәлімдеуші және директивті болып бөледі – жүйелік мүшенің басқарушысына басқа жақтан қатынас бойынша келіп түседі.

Өзгеру жиілігі және пішім бойынша қолдануды нормативті-анықтамалық ақпарат бөледі. Бұл экономиклық, технологиялық, материалдық және еңбек нормативтері, есептеу коэффициенттері, каталогтар, тізімдемелік анықтамалар. Нормативті-анықтамалық ақпарат үлкен тұрақтылықпен ерекшеленеді және ереже бойынша, біртектілік массивке ұйымдасырылады.

Нормативті-анықтамалық және кіру ақпараттардан өңдеу нәтижесінде туынды ақпараттың барлық молшылығы пайда болады. Өңдеу әдістері әртүрлі, жәй берілуден, агрегеттаудан және топтасудан талдаумен шектелген қиын экономикалық есептеуге дейін болуы мүмкін.

Өңдеуде ақпаратты өзгерту процессі сияқты қабылдаушы кезеңты болжамды, жоспарлы және тіркеуші ақпараттарға бөлуге болады. Тіркеуші ақпарат өндірістің шындық процесіне және оның нақты экономикалық жағдайына жатады. Бұған алғашқы ақпарат сияқты дәл солай туындының бір бөлігі кіреді.

Тіркеуші ақпараттан айырмашылығы болжам және жоспарлы ақпарат жағдайдың немесе мақсаттың өзгеру кезінде түзелуі мүмкін. Тіркеуші және жоспарлаушы деректердің есебі небір мағынада кездесу ағындарын құрайды. Есептеу кезінде тіркелуші деректер негізінен агрегатталынады, топтастырылады және болмыстық көрсеткіштерден құндылыққа келеді, ал жоспарлы деректер, керісінше, құндылық және іріленген болмыстық көрсеткіштерден техникалық дайындықтың және өндірісте қамтамасыз етілетін бөлшектік деректерге келеді.

Өңдеудің аяқталаған нәтижесі деп шығару деректерін алғанды санауға болады. Оларды шығарылған деп аталған себебі, жоғарғы тұрғандар (сыртқы) мүшелер жағынан оларды басқару (немесе бақылау) түсініледі. Олардың бір бөлігі басқару объектілеріне келіп түседі, ал бір бөлігі – жоғарғы мүшелерге және басқа бөлімдерге келіп түседі.

Басқару объектілеріне келіп түсетін ақпарат, қажетті ықпал көрсетеді және сонысымен кейінгі жұмысына әсер етеді. Бұл ақпарат әдетте адам қатысуымен өңделеді, шешім қабылдау процесінде анықталады, сондықтан оны басқарушы деп атайды. Жоғарғы мүшеге келіп түсетін ақпарат есептеу сипаттамасын береді және статистикалық және салықтық мүшелермен орнатылған пішімде берілуі мүмкін.

Экономикалық деректердің көп бөлігі айнымалы көлем атауларынан тұратын, сапалы белгілер жиынтығын және сандық негіздерді беретін көрсеткіш пішімде бейнеленген. Деректерді өңдеу деп жаңа көрсеткіштерді есептеу немесе аналитикалық жолдармен алуды, бар көрсеткіштерден жаңа деректерді құруды айтады.

Ақпараттық құқық сипаттамасының ішіндегі ең маңыздысы, оған қойылған талаптарды кескіндейтіні сыпайылық, құндылық, сенімділік, дәлдік, актуалдық, толымдылық деп аталулары мүмкін.

Кілттік сөздер:ақпарат, ақпараттық құқық

Иллюстрациялық материал:слайд.

Дәріс. Ақпараттық-құқықтық нормалар және ақпараттық-құқықтық қатынастар. Ақпараттық құқықтық жүйелер

Жоспар:

1. Ақпараттық құқық реттейтін қоғамдық қатынастар.

2. Ақпараттық құқықтың әдістері мен қағидалары.

3. Ақпараттық құқықтық жүйелер, міндеттері, АҚЖ құрылу және жұмыс істеу принциптері

4. АҚЖ-де жұмыс істеудің режимдері.

Ақпараттық құқық құқықтың өз алдына жеке саласы ретінде ақпаратқа байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу міндетін жүзеге асыруы ақпараттық қатынастардың орнауы деп аталады. Ақпараттық құқықтық қатынастардың орнауында қандай ерекшеліктер бар, ақпараттық құқық үшін бұл ерекшеліктердің маңызы неде? Ең алдымен ақпараттық құқықтық қатынастардың орнауының басты ерекшелігі объектілердің түрлерінде, олар ақпарат және ақпараттық объектілер және ақпарат аумағында олардың арасында туындайтын құқықтық қатынастар. Ақпараттық құқықтық қатынастар объектілердің ерекшеліктеріне және заңдылық маңыздылығына байланысты орнайды. Көбінесе ақпараттық құқықтық қатынастардың объектілері болып ақпарат, ақпараттық объектілер, ақпараттық технологиялар, құрал-жабдықтар, байланыс құралдары және телекоммуникация жүйесі жатады.

Ақпараттық аумаққа бірлесе отырып жасалған талдаулар нәтижесі, бұл аумақта ақпаратқа байланысты әрекет ететін субъектілермен объектілердің құқықтары мен міндеттерін есепке ала отырып, олардың түрліше бағыттағы қоғамдық қатынастарына қарай, ол қатынастарды негізгі блоктар бойынша бір жүйеге топтастыру керек деген шешімге келді. Ақпаратық қатынастардың пайда болуына төмендегідей ерекшеленген ақпараттар әсер етеді:

· пайда болады, дамиды, ақпаратқа айналған соң ақпараттық аймақта таратылу үшін қалады;

· адамдар мен азаматтардың ақпараттық аймақтағы құқықтары мен бостандықтарын мемлекетттік саясаттың құптауын қамтамасыз етеді;

ақпараттар алуда ақпараттар мен ақпараттық объектілердің заңдық қасиеттері және арнайы ерекшеліктерін ескере отырып қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің жария-құқықтық және азаматтық құқықтық әдістерін қолданады.

Ақпараттық қатынастардың азаматтық-құқықтық аспектілері азаматтардың ақпараттық құқық пен бостандықтарын пайдалану ерекшеліктерін, ең алдымен ақпараттық аумақтағы мүліктік құқыққа байланысты қоғамдық қатынастарды, ақпараттық ресурстарды ақпараттық қатынастардың объектілері ретінде қарастыруды ұсынады.

Ақпараттық қатынастардың жария-құқықтық аспектілері азаматтардың конституцияда көрсетілген ақпараттар алуға,ақпараттық мәліметтерді алуды басқаруға, құруға және ақпараттық қауіпсіздікке байланысты құқықтары мен бостандықтарын пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарды ретке келтіру турасындағы мәліметтерді реттейді.

Ақпараттық аумақтағы қоғамдық қатынастарға тән мәселе-олар пайда болады, дамиды және қажеттілік жойылғанда қоғамдық қатынастар да жойылады. Ақпараттық құқық пәні арқылы неғұрлым сапалы және тиімді ақпараттар алу әдістерін, адамды, қоғамды, мемлекетті қауіпті және кері ақпараттар алудан сақтандыру формаларын оқып үйренеді.

Ақпараттық құқық мен бостандықтың өзекті мәселесі алдына қойған басты мақсаты-жоғары инттеллектуалды дамыған тұлғаның санын көбейту, ерікті және демократиялық қоғамда ақпарат алу мүмкіндігін пайдалана білетін адамдар санын күн сайын артуына жол ашу, осы мақсатты жүзеге асыруда жалпықұқықтық және арнайы құқықтық қағидаларды пайдалана білу.

Ақпараттық құқықтағы құқықтық реттеу әдістері - бұл ақпараттық құқық салаларының ақпараттық қатынастарға әсер ету тәсілдерінің жиынтығы. Құқықтың кез келген салаларын қарастыра отырып, ғалымдар әрбір саланың құқықтық реттеуді жүзеге асыратын өз әдіс-тәсілі бар деген тұжырымға келді. Бірақ, барлық құқық салалары құқықтық реттеуді жүзеге асыру мақсатында бірыңғай құқықтық механизмді пайдаланды, олар: бұйыру, тыйым салу және ерік беру.

Бұйыру - қоғамдық қатынасқа қатысушылардың барлығы құқықтық нормалардың талаптарына қарай әрекет етуі керек. Бұл әдіс көбінесе әкімшілік құқықта қолданылады, өйткені ондағы нормалардың басым көпшілігі бұйрық сипатында болады.

Тыйым салу - қоғамдық қатынасқа қатысушыларға құқықтық нормаларда көрсетілген кейбір әс-әрекеттеерді жүзеге асыруға тыйым салынады.Бұл әдісті көбінесе қылмыстық құқықта қолданады.

Ерік беру - қоғамдық қатынасқа қатысушыларға заңдық маңызы бар кейбір әрекеттерді орындауға немесе өз еркі бойынша орындамауға рұқсат етіледі.Бұл әдіс көбінесе азаматтық құқықта қолданылады, өйткені ондағы нормалардың көпшілігі қатысушы жақтардың теңдігі негізін басшылыққа ала отырып құрастырылған.

Ақпараттық құқықта жоғарыда келтірілген құқықтық реттеу тәсілдерінің барлығы да қолданылады. Шынында да ақпараттар адам дамуының барлық сатысында қолданылатындықтан ақпараттық қатынастарды реттеуде ақпараттардың түрлері мен субъектілердің ақпараттарды пайдалануына байланысты жеке және жария құқықтың барлық әдістері қолданылады

Ақпараттық құқық аумағындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге төмендегідей ерекше белгілер тән:

Құқықтық қатынас субъектілерінің теңдігі, атап айтқанда, өз еркінше әрекет ету және еркінің тәуелсіздігі;

Құқықтық қатынасқа қатысушылардың бостандығы және өз құқықтарын жүзеге асырудағы еріктілігі;

Құқықтық қатынасқа қатысушы субъектілердің өз міндеттемелері бойынша жауаптылығы.

Ақпараттық құқықта құқықтық реттеудің диспозитивтік әдістері меншіктерге байланысты ақпараттық қатынастар пайда болғанда қолданылады, атап айтқанда, (мүліктік және интеллектуалдық), ақпараттық технологиялар мен құралдарды жасап шығарғанда және пайдаланғанда ( авторлық құқық, меншікке байланысты құқық, ақпараттық технологияларға тапсырыс берушілер мен жасап шығарушылар арасындағы қоғамдық қатынастар) т.б.

Ақпараттық құқықта құқықтық реттеудің императивтік әдістеріне тән белгілер:

Биліктік қатынасты пайдалану «команда — орындау» или «билік — бағыну» (тараптардағы келісімнің жоқтығы, тараптардағы теңсіздіктің орын алуы );

субъектілердің құқықтарының құқық шеңберімен тікелей байланыстылығы (жария құқық субъектілері өз қалаулары бойынша әрекет етеді, бірақ заң шеңберінен шығуына болмайды, яғни өкілеттілік тізімінің жабықтығы);

субъектілердің мақсатқа жетуі үшін белгілі бір бағыт бойынша әрекет етуі;

кейбір әрекеттерге құқық бқзушылық орын алмауы үшін тыйым салынуы;

сендіру мен мәжбүрлеудің бірлестігі.

Ақпараттық құқықта ақпараттық қатынастарды реттуде императивтік әдістер қолданылады:

Мемлекеттік билік пен жергілікті атқару органдарының ақпараттарды өндіру мен таратуға байланысты өкілеттілігін бекіту;

Мемлекеттік ақпараттық жүйе мен технологияларды құру және пайдалану тәртібін, ақпараттардың кейбір түрлеріне талдау жасау тәртібін қадағалаудағы мемлекеттік билік пен жергілікті атқару органдарының өкілеттілігін жүзеге асыру;

Ақпараттық қоғам құру және оның дамуына жағдай жасау жөніндегі мемелекеттің саясатын жүзеге асыруда;

Ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйені тіркеуге байланысты әрекетті жүзеге асыруда;

Бұқаралық ақпарат аумағындағы ақпараттық қатынастарды реттеуге байланысты әрекеттерді жүзеге асыруда;

Ақпараттық қауіпсіздік аумағындағы қатынастарды реттеуде, атап айтқанда мемлекеттік, коммерциялық, жекелеген т.б құпия түрлеріне байланысты;

Ақпарат аумағындағы өнімдер мен қызмет көрсету түрлерін пайдалануға байланысты қызметтерге лицензия беруге байланысты;

Ақпарат аумағындағы мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдарының түрліше әрекеттеріне байланысты.

Ақпараттық құқық аймағындағы ақпараттық-құқықтық қатынастар төмендегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады:

1. Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының жоғарылығы. Бұл қағида Конституцияның 2 бабын басшылыққа ала отырып жүзеге асырылады., ол бойынша адамның құқығы мен бостандығын қорғау мемлекеттің басты міндеті. Сондықтанда мемлекет ақпарат аумағында жеке тұлғалардың құқығы мен бостандығын қорғауға міндетті.

2. Заңмен шектеу қойылмаған ақпараттарды тарату еріктілігі. Адамның, қоғамның, мемлекеттің мүддесіне қайшылық келтірмейтін және заңмен таралуына тыйым салынып немесе шектеу қойылмаған кез келген ақпараттарды таратуға болады.

3. Адамның, қоғамның, мемлекеттің мүддесіне қайшы келетін, қауіп төндіретін ақпараттардың таралуына тыйым салу қағидасы. Мұндай ақпараттардың таралуына арнайы заң нормалары арқылы тыйым салынады және заңсыз таратылған жағдайда заңмен қудаланады.

4. Ақпарат алу еркіндігі ( ашықтығы) заңмен тыйым салынбаған және заң бойынша шектеу қойылмаған кез келген ақпаратты алуға және таратуға, оқып танысуға әрбір тұлға ерікті.

5. Ұсынылған ақпараттардың толықтығы және жеделдігі. Мемлекетік билік және жергілікті ақтару органдары өз өкілеттіліктері шегінде толыққанды ақпараттар жинауға, сақтауға, таратуға және пайдалануға ұсынуға құқылы.

6. Заңдылық қағидасы.Ақпараттық құқық субъектілері ақпараттық құқықтық қатынастарды жүзеге асырғанда заңдылық шегінен шықпауы керек, әрекеттері Конституцияға сәйкес жүргізілуі керек.

7. Жауаптылық қағидасы. Ақпараттық құқықтың субъектілері өз әрекеттері шегінде келтірілген зардап көлеміне сай жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Заңдық ерекшеліктеріне және маңызына қарай төмендегідей қағидаларды ұсынуға болады:

8. Ақпарат алушының ақпаратты ұсыну құқығы. Ақпарат алушыға ақпарат ұсынушы субъект ақпараттық құқықтық қатынасқа түскен кезде сол ақпаратқа байланысты құқықтары мен міндеттерін қоса ұсынады, ал ақпарат алушы ақпаратты пайдалануда құқық бұзушылық әрекет жасаса, келтірген зардабына қарай жауаптылыққа тартылады.

9. Айналымға түскен ақпаратты құқықтық реттеу қағидасы. Айналымға түскен ақпарат оған қатысушылардың мүдделерін қорғау мақсатында заңмен қорғалады.

11. Ақпараттың таралым қағидасы. Мазмұнына өзгеріс енгізілмей бір ақпарат бірнеше рет айналымға ұсынылуы мүмкін және таралымына шектеу қойылмайды, егер ол туралы заңмен шектеу қойылмаса.

12. Ақпараттарды таратуды ұйымдастыру формасы қағидасы. Ақпараттарды таратуды ұйымдастырудың арнайы формасы көзделген, мысалы, құжат түрінде. Ақпарат арнайы құжат түрінде бекітіліп заңдастырылуы мүмкін.

Ақпараттық құқықтық жүйелер- деп нақты өмірдегі қандай-да бір экономикалық объектінің іс-әрекеті жайлы ақпараттардыжинау, сақтау, өңдеу және таратумен айналысатын жүйені айтады. Мына анықтаманы да қабылдауға болады: АҚЖ деп құқықтық объектінің тікелей және қарама-қарсы ақпараттықбайланыстарының ішкі және сыртқы тасқындарының жиынтығын; шешім қабылдау және жасау процесіне қатысатын құралдар мен әдістерді айтады.

АҚЖ міндеттері:

- мәліметтерді өңдеу есептерін шығару – құқықтық объектіні басқару үшін қажетті құрама ақпаратшығару мақсатында экономикалық ақпараттыөңдеу және сақтау;

- кеңсе жұмыстарын автоматтандыру – картотека жүргізу, мәтіндік ақпаратты өңдеу, машиналы графика, электронды пошта және байланыс;

- жасанды интеллект әдістеріне негізделген есептер – басқарушылық шешімдер қабылдау үшін. Шешім қабылдау кезіндегі өндіріс мамандарының іс-әрекетін модельдейді.

АҚЖ құрылу және жұмыс істеу принциптері:

- үйлесімділік – АҚЖ объектінің жұмыс істеуін берілген тиімділік бойынша қамтамасыз етуі керек;

- үнемділік – объектіде АҚЖ пайдаланғанда экономикалық ұтыс ақпараттыөңдеуге кеткен шығыннан жоғары болуы керек;

- жұмыс тәртібі (регламенттілік) – ақпараттыңкөп бөлшегін берілген уақыт мерзімі бойынша кестеге сәйкес өңдеу;

- өзін-өзі бақылау – мәліметтердің және оларды өңдеу процесіндегі шыққан қателер жүйесін табу және түзету;

- интегралдылығы - мәліметтерді АҚЖ-не бір рет қана енгізіп, бірнеше (көп мақсатта) пайдалану;

- бейімділігі – АҚЖ-нің өзінің құрылымын өзгертуге қабілеттілігі және өзгеріп отырған сыртқы шарттарға қарамай тиімді нәтиже алу әрекетінің заңдары.

АҚЖ-дің жұмыс істеу сапасының бағалануы бірнеше критериялар кешені бойынша орындалады. Бағалауға мыналар жатады:

- жүйе толығымен;

- жоспарлау кезеңдерінің жекелеген құраушылары;

- жүйені қолдану кезеңдерінің маңызды компоненттері.

Әрбір критерий жоспарлау нәтижесі немесе жүйенің жұмыс істеуі мен алға қойған мақсат арасындағы сәйкестік дәрежесін мөлшерлі түрде анықтайды.

АҚЖ алдына қойылған міндеттері бойынша келесі топтарға бөлінеді:

- басқарушы ИЖ (өндірісте технологиялық процестерді басқару);

- өндірісті басқарып отырған мамандар ұжымына қызмет ету үшін керекті әкімшілік-ұйымдастырушылық түріндегі жүйелер.

Функционалды нышандары бойынша келесі топтарға бөлінеді:

- мәліметтерді өңдеу жүйелері (МӨЖ);

- басқарудың автоматтандырылған жүйелері (БАЖ);

- Информациялық-іздеу жүйелері (ИІЖ).

Мәліметтерді өңдеу жүйелері (МӨЖ)- бұл әртүрлі мақсаттағы қолданбалы программалармен жабдықталған информациялық жүйелер.

АЖ-дің негізгі қызметтері: информацияларды жинау, беру, сақтау және өңдеудің келесі операциялары: енгізу, түзету, сұрыптау және шығару. Кіріс информацияларын шығыс информацияларына түрлендіру жоғарыда келтірген операциялар көмегімен қамтамасыз ете алмайтындықтан, арнайы қолданбалы программалар құрылады.

Басқарудың автоматтандырылған жүйелері (БАЖ) – басқарушылық шешімдер қабылдай алатын МӨЖ.

Жүйенің шешім қабылдауы (өз алдына немесе мамандар қатысуымен) математикалық әдістер көмегімен немесе басқарушылық шешім қабылдау үшін мамандар тірлігін модельдеу арқылы іске асырылады.

Бұл бағыттағы есеп түрлері материалдар қорын басқарудың тиімділік есептері.

Информациялық-іздеу жүйелері (ИІЖ) – құжаттар жиыны арасынан информациялық сұраныста көрсетілген тақырыптарға арналған немесе қажетті мәліметтерді іздеуге лайықталған жүйелер.

Индекстеу – екі кезеңнен тұратын процесс:

- берілген құжатта көрсетілген тақырыптарды анықтау;

- осы тақырыптарды ИІЖ-де қабылданған тіл арқылы білдіру және құжаттармен байланысқан іздеу бейнелері түрінде жазу.

Іздеу мүдделердегі (сұраудағы) іздеу бейнелері мен құжаттағы іздеу бейнелерін салыстыру арқылы жүргізіледі. Бейнелер толық немесе жарым-жартылай үйлессе, онда құжат мүддеге сәйкес деп танылып, тұтынушыға жіберіледі.

Наши рекомендации