Кодтау және модуляциялау, дискретті хабарды сигналға түрлендіру.

Дискретті хабарды, сигналды түрлендіру әдетте екі операциямен іске асады - кодтау және модуляциялау. Кодтау деп хабарды кодты символдар (таңба) тізіміне түрлендіру, ал модуляциялау - символдарды (таңба) арна бойымен тарату үшін қолайлы сигналдарға түрлендіру. Кодтау және модуляциялау көмегімен хабар көзі арнамен келістіріледі. Кодтау кезінде хабар элементтерінің оған сәйкес тиісті сандарға (кодтық таңбаларға) түрлендіру процессі жүреді. Әрбір хабар элементіне кодтық комбинация деп аталатын кодтық таңбалардың белгілі жиынтығы меншіктеледі. Дискретті хабарды бейнелейтін кодтық комбинациялар жиынтығы код деп аталады. Кодтау ережесі кодтық кесте ретінде бейнеледі. Онда кодталатын хабарларды алфавиті және оған сәйкес кодтық комбинацияларды кіргізеді. Көптеген мүмкін болатын кодтық таңбаларды кодтық алфавит деп атайды. Ал олардың саны - кодтың негізін құраушысы. Жалпы жағдайда – кодтың негізі кезінде хабардың элеметтерін кодтау ережелері т–ді есептеу жүйесінде түрлі сандарды жазу ережелеріне тұйықталады. Кодтық комбинацияны құрайтын- разрядтар санын кодтар разрядтылығы немесе комбинация ұзындығы деп атайды. Есептеу жүйесіне байланысты кодтау кезінде қолданатын, екілік және т –ді (екілік емес) кодтарды ажыратамыз.

Декодтау қабылданатын кодтық символдар бойынша хабарды қайта қалпына келтіруден тұрады. Кодтау және декодтауды іске асыратын құрылғыларды сәйкес кодер немесе декодер деп атайды. Олар логикалық құрылғылар (2.1 суретті қара) дискретті хабарлар жүйесінің құрылымдық сұлбасы бейнеленген, ал (2.2 суретті қара) дискретті хабарды сигналға түрлендіру процессі бейнеленген.

Кодтау және модуляциялау, дискретті хабарды сигналға түрлендіру. - student2.ru

2.2 Сурет - Дискретті хабарды сигналға түрлендіру процессі.

Қазіргі дискретті хабарларды тарату жүйелерінде салыстырмалы өзіндік құрылғылардың екі топтарын ерекшелеуге болады:

-кодектер;

-модемдер.

Кодектер дегеніміз хабарды кодқа (кодер) және кодты хабарға түрлендіретін құрылғыларды атайды. Модем дегеніміз кодты сигналға (модулятор) ал сигналды кодқа (демодулятор) түрлендіретін құрылғыны атайды. Арналы құрылғылар (жолақты күшейткіштер таратқыштың және қабылдағыштың, түзеткіштер және тағы сол сияқтылар) байланыс желісімен бірге үзіліссіз арнаны құрайды. Ал соңғысы модеммен бірге дискретті арнаны құрайды. Үзіліссіз арна (2.1 және 2.2 суреттерді қара) байланыс желісі блоктармен белгіленген. Модуляцияның f (t, Кодтау және модуляциялау, дискретті хабарды сигналға түрлендіру. - student2.ru , ...) жалпы принципі таратушы хабармен сәйкес тасушы тербелістің бір немесе бірнеше параметрлерінің өзгерісі. Осылай тасытқыштың ретінде гармоникалық тербеліс: Кодтау және модуляциялау, дискретті хабарды сигналға түрлендіру. - student2.ru онда үш түрлі модуляцияны түрлендіреді: амплитудалық, жиіліктік және фазалық. Егер тасытқыш болып периодты импульстердің тізімі болса Кодтау және модуляциялау, дискретті хабарды сигналға түрлендіру. - student2.ru , онда импульстер берілген формасы кезінде импульсті модуляциялау төрт негізгі түрін құрайды:

1) Амплитудалық импульстік модуляция (АИМ).

2) Уақыттық импульстік модуляция (УИМ).

3) Жиіліктік импульстік модуляция (ЖИМ).

4) Импульстердің кеңдігі модуляция (ИКМ).

Радиоимпульстің қолдануы модуляцияны жоғары жиілікті толықтыру жиілік бойынша және фаза бойынша алуға болады. Дискретті тарату кезінде біріншілік сигналдың десте ұзақтығы дестелердің тарату жылдамдығын анықтайды (техникалық жылдамдық немесе модуляция жылдамдығы). Бұл жылдамдықты ν-уақыт бірлігінде таратылатын десте санымен беріледі. Техникалық жылдамдық Бодтарда анықталады. Бір Бод- бұл бір секунд ішінде бір десте таратылатын жылдамдық. Егер десте ұзақтығы секундтарда белгіленсе, онда модуляция жылдамдығы Кодтау және модуляциялау, дискретті хабарды сигналға түрлендіру. - student2.ru Бод.

Наши рекомендации