Вегетативті жүйке жүйесі. Бұзылыстардың симптомдары және синдромдары және зерттеу әдістері

Вегетативтік нерв жүйесі орталық және шеткері бөліктерден тұрады. Орталық бөлігінде гипоталамус, ретикулярлық формация, лимбиялық жүйе, ми қыртысындағы вегетативтік құрылымдар жатады. Шеткері жүйеге симпатикалық және парасимпатикалық бөліктер жатады. Парасимпатикалық бөлігі краниальдық және сакральдық бөліктерден тұрады. Симпатикалық талшықтар жұлынның 7-ші мойын сегментінен 2-ші бел сегменті аралығында орналасқан бүйір бағаналардың клеткалар тобы. Олардың аксондары алдыңғы түбіршіктің құрамына шығып, преганглионарлық ақ қосушы бұтақтар түзеді, олар омыртқа жанындағы шекаралық симпатикалық бағнаға кіреді. Шекаралық симпатикалық бағана омыртқа екі жанында орналасқан қос құрылым, 20-25 түйіннен тұрады. Симптомдары:

Жергілікті дермографизм: теріні моқал ұшты затпен сызу – теріде сызықтар пайда болады.

Пиломоторлық рефлекс: терінің иық үсті аймағын суық немесе басқа бір затпен тез тітіркендіру.

Симпатолгия: тыныштық жағдайда әсіресе түнде күйдіріп ауырсыну күшеюі.

Ангидроз: тері құрғауы. Гипергидроз: терлеу

Вегетативтік нерв жүйесін тексеру.Терілік тамыр рефлекстері: Жергілікті дермографизм – денені доғал затпен тітіркедіргенде ақ немесе қызыл қызыл жолақтың пайда болуын анықтау арқылы тексеріледі. Қалыпты жағдайда – 5-15 секундтан 1-2 минутқа дейін білінеді. Капиллярлардың тонусы артқан кезде ақ дермографизм төмендегенде қызыл дермографизм пайда болады. Тамырлар шамадан тыс кеңейіп, ұлпалар ісінгенде дермографизм теріден жоғары көтеріліп тұрады. Рефлекторлық дермографизм: иненің ұшымен теріні сызып тітіркендіргенде 5-30 секунд ішінде қызғылт, қызыл сызық пайда болады. Бұл зақымданған жүйке, түбіршік, сегмент таралатын аймақтарда байқалады. Пиломоторлық рефлекс: теріні суық затпен тітіркендіргенде «қаз теріінің» пайда болын анықтау арқылы тексеріледі. Ашнердің «көз-жүрек» рефлексі: ауру адамның жүрек қағысын санап, 20-30 секунд көз алмасын уқалау керек. Қалыпты жағдайда жүрек қағысы 4-10 соққыға дейін сирейді. Парасимпатикалық жүйенің тонусы артқанда жүрек қағысы көбірек сиреп, брадикардия пайда болады. Орто – клиностатикалық сынау: жүрек қағысы шалқасынан жатқан адам қайдадан жатса жүрек қағысы сирейді. Тамыр қағысының жиілеуі симпатикалық бөліктің тонусын көрсетеді. Тер бөліну теріні қарап, сипап тексеру арқылы немесе арнайы тәсілдер арқылы тексеріледі. В.Л.Минорлың йод-крахмал тәілі: аурудың терісінің йод-10,0, спирт – 90,0. Тері кепкен соң үстіне крахмал жағады. Содан соң аспирин. Ыстық шай беріп, жарық ваннаға отырғызу арқылы тер бөлінуін күшейтеді. Кей кезде вегетативтік талшықтардың шеткері бөлшектерін қыздыру үшін 18 пилокарпин ерітіндісі егіледі. Тер шыққан жерде крахмал мен йод арасында рекция болып, тері қара-көкшіл түске боялады, тер шықпағанда /ангидроз/ крахмалдың түсі өзгермейді. Бұл бақылау суретке түсіру арқылы тіркеледі. Тері температурасы электротермометр арқылы тексеріледі. Симметриялы аймақтарда температура бірдей болуы керек. Температураның 0,5 градус асимметриясы патологиялық деп саналады.

Гентингтон ауруы.

Гентингтон аруы – нерв жүйесінің тұқым қуалайтын баяу үдемелі ауруы. Ол созылмалы гиперкинезбен, психиканың бұзулуымен және үдемелі деменциямен жүреді. Жіктелуі: Классикалық гиперкинетикалық түрі. Ювинеьлді. Психопатологиялық. Этиологиясы:аутосомды доминантты жол мен беріледі. 4р16.3 хромосоманың қысқа иығында орналасады. Гентингтон ауруы тринуклоиттардың – ситазин – адинин – гуаниннің санының көбеюінен дамиды. Эпидемиологиясы:ауру европа елдерінде жиі кездеседі. Ауру 30 -50 жас аралығында, жиі еркектер аурады. 100мың адамға шаққанда 1-3 кездеседі. Клиникасы:аурудың алғашқы белгілері интеллекттің бұзылыстары және беттегі еріксіз қозғалыстар. Гиперкинездер бетінде, қолында, аяғында байқалады. Аурудың басында гиперкинездер балсенді болады ал соңына қарай атония дамиды. Кардинация және сөйлеудің бұзылыстары. Ауру үдей келе барлық бұлеттердің функциясы бұзылады, науқастар шайнауға жұтынуға қиналады. Абстракты ойлаумен естің нашарлауы бірге жүреді. Аурудың соңында науқастар іс қимылына мүлдем жауап бермейді, деменция дамиды. Диагностикасы:физикалық зерттеулер – психологиялық, неврологиялық тексерістер. КТ. МРТ. Емі:толық емделмейді, бірақ симптоматикалық ем арқылы симптомдарын жеңілдетуге болады. Гиперкинезді жеңілдету үшін паркинсанизмге қарсы дәрілерді қолданады.

Наши рекомендации