Мемлекеттік билік жүйесі және оның түрлері.

Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы. Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде Мемлекеттік билік те жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді. Сондай-ақ, Мемлекеттік билік қатынастары ырық жүргізу сипатында болады және өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады. Мемлекеттік билік органдарының мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүйесін құрайды. Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті — халык пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін камтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Парламенті—Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан — Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі Палатасы — Мәжіліс жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары Палатасы — Сенат жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. азақстан Республикасының Үкіметі — атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады, аткарушы органдардын жүйесін басқарады және олардын, қызметіне басшылық жасайды. Оны Казақстан Республикасының Президенті құрады. Сот билігін — сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстык және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады.

Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді (75-бап). Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен Занға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі сотіың қызметіне кандайда болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Судьяның қызметі депутаттык мандатпен, окытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылык кызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кенесінің құрамына кірумен сыйыспайды.
Мемлекеттік биліктің бірынғай жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің орны айрықша. Мемлекет басшысы ретінде нак Президент билік тармақтарынын әркайсысының кызметіне белсене араласады.
Президент деген ұғым конституциялық құқылык мағынада мемлекет басшысы дегенді білдіреді. Бұл кызмет сол үшін елемдік тәжірибеде тағайындалған (АҚШ, Франция).
Президент кызметі түнғыш рет Қазақстанда 1990 жылғы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес қабылдаған Заңмен тағайындалды, онда алғашқы Президентті Жоғарғы Кеңес алты жыл мерзімге сайлайды деп белгіленді. Н. Ә. Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды.
Соңьшан, 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға дейін ұзартылды.
Демек, Президент мемлекеттік биліктің шыңы. Президентке Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабында көрсетілген міңдеттерді орындауы үшін қажетті кең өкілеттіктер берілген.
Президент атқарушы билік саласында:
Парламенттің келісімімен Республика Премьер-министрін қызметке тағайындайды; оны кызметінен босатады; Премьер-министрдің ұсынуьшен Республика Үкіметінін кұрьтлымын белгілейді; оның мүшелеріы кызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады, кайта құрады; Үкімет мүшелерінін антын қабылдайды; Үкіметтің аса маңызды мәселелер бойьшша отьфыстарында төрағалық етеді; Үкіметке Зан жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметінің және облысташ, республикалык маңызы бар қалалары мен астанасы әкімдерінің актілерінің күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата тұрады; Республика Премьер-министрінің ұсынуымен Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлык органдардың кызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудін бірьщғай жүйесін бекітеді; Республика Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін токтатуға шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға қақылы. Президенттің басты міндеті — ел ішінде және халыкаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ету . Парламент — Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат әр облыстан, республикалык, маңызы бар каладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстьщ, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасьшың барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырыстарьшда сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттьщ жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзімше Республиканың Президенті тағайындайды. Сенат депутатгары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Қазақстан Республикасының кемінде бес жыл азаматы болған, жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасынын, аумағында кемінде ұш жыл тұрақты тұрған азаматы алты жыл өкілеттік мерзімге Сенат депутаты бола алады.
Сенаттың ерекше қарауына: Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын, Алқалар төрағаларын және Жоғарғы Соттын судьяларын сайлау және қызметтен босату, олардың антын қабылдау; Республика Президентінің Республиканың Бас Прокурорын және Үлттық Қауіпсіздік комитетінін Төрағасын тағайьшдауына келісім беру және Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабында көзделген басқа да мәселелер жатады.
Мәжіліс— Парламенттің төменгі палатасы. Ол жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат Республиканын әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырьш құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумактык сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойышпа және біртұтас Жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде саиланады. Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпыға бірдей тең және төте сайлау құқығы негізіңде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республиканың жасы жиырма беске толған азаматы бес жыл екілеттік мерзімге Мәжіліс депутаты бола алады.
Қазақстан Республикасының Президенті мынадаи жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік әкіметтін басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады. Бірақ, Парламентті төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттілігінін. сонғы алты айында, сондайақ осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды.
Парламенттің ағымдағы қызметі тұрақты комитеттерде атқарылады, олардың саны әр Палатада жетеуден аспауы тиіс. Палаталардың бірлескен кызметіне катысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен Мәжіліс тепетең негізде бірлескен комиссиялар құруға қақылы. Заңның Палата отырыстарында талкылануы окылым деп аталады. Заң жобасы Мәжілістің тұрақты комитетінде алдын ала қаралып, комитет ол бойынша қорытынды бергеннен кейін Мөжілістің жалпы отырысывда талқыланады. Әдетге, талқылау екі оқылымда өтеді. Конституцияға өзгерістер мен тольщтырулар енгізу және конституциялық заңдар қабылдау немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті.
Қаралған заң жобасы бойынша Сенаттың Президент сияқты қарсылық білдіру құқығы бар. Тұтас алғанда, Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданбаған жоба Мәжіліске қайтарылады. Егер Мәжіліс депутаттары жалпы санының үштен екісінін көшпілік дауысымен жобаны қаитадан мақұлдаса, ол Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға беріледі. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында кайтадан енгізуге болмайды.

38.Мемлекет нысаны ( басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим)

Мемлекет нысаны – бұл қоғамның басқару, мемлекеттік құрылым және саяси режим нысандарынан құралған құрылымдық ұйымдастырылуы.

Басқару нысаны – бұл мемлекеттік биліктің жоғары органдарының өкілеттіктерінің өзара қатынасы,олардың құрамы мен құрылу тәртібі. Басқару нысаны жоғары билікті жалғыз адамның немесе сайланбалы алқалық органның жүзеге асыруына байланысты ерекшеленеді.Осыған сәйкес,басқарудың негізгі түрлері болып монархия мен республика болып табылады.

Монархия – бұл жоғары мемлекеттік биліктің бір тұлғада ғана, монархта, болуымен сипатталатын басқару нысаны. Монарх билікті мұрагерлік бойынша өмір бойы иеленеді.

Егер монарх мемлекеттік биліктің жалғыз органы болып табылса, бұл монархия шектелмеген деп аталады, ал жоғарғы билік монарх пен басқа бір органның арасында бөлінсе, бұл монархия шектелген деп аталады. Шектелген монархиялар, өз кезегінде, өкілдік және парламентарлық болып екіге бөлінеді. Өкілдік монархияда монарх атқарушылық билікті жүзеге асыра алады, ол үкіметті құру, министрлерді тағайындау, вето және парламентті тарату құқықтарын иеленеді. Ал парламентарлық монархияда монархтың құқықтық жағдайы әлдеқайда шектелген болады, монарх тағайындаған министрлер парламенттің сенімсіздік вотумына тәуелді болады және монарх заңға көзделген жекеленген жағдайларда ғана парламентті тарата алады.

Республика – жоғары мемлекеттік билік белгілі бір мерзімге сайланатын сайланбалы органға тиесілі басқару нысаны. Халықтың қай бөлігінің мемлекеттік биліктің жоғары органдарын сайлауға қатыса алатынына байланысты республика аристократиялық және демократиялық болып екіге бөлінеді. Демократиялық мемлекеттер, өз кезегінде, төмендегідей түрлерге бөлінеді:

· Парламенттік, бұл мемлекетте саяси өмірдегі шешуші рөл парламент сайлаған үкіметке тиесілі болады;

· Президенттік, бұл мемлекетте сайланған ел басшы үкіметтің де басшысы болып табылады, сол себепті, ол үкімет мүшелерін тағайындайды және оларды қызметінен босатады;

· Аралас, бұл мемлекетте үкіметті президент пен парламент бірлесе отырып құрайды.

Мемлекет формасының екінші элементіне мемлекеттік құрылымының нысаны жатады. Бұл мемлекеттің әкімшілік-жергілікті бөлінуі, сол бөлімдердің бір-бірімен қатынасы, және мемлекеттің, және бөлімдердің арасындағы байланыстары. Мемлекеттік құрылым – ұлттық мемлекеттік қатынастарды, әкімшілік-территориялық жүйені, олардың еркшеліктерін бейнелейді. Мемлекеттер бұл элемент бойынша унитарлық, федеративтік және конфедеративтік мемлекеттерге бөлінеді.

Тұтас мемлекеттер. Қазақсатан Республикасының жері тұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды, деген Конституцияның кіріспесінде (унус деген сөз – бір, жалғыз деп латын тілінен аударылады ).

Федерация. («федус» деген сөз – одақ деп латын тілінен аударылады ). Құрама мемлекет бірнеше зиялы мемлекеттерден тұрады. Құрама мемлекет – күрделі мемлекет, ол федерацияның мүшелерін біріктіреді.

Конфедерация. Бұл өте көлемді және күрделі конфедерациялы мемлекеттердің одағына және халықаралық ұйымнан айыру өте қиын. Конфедерация – белгілі мақсатқа жету үшін бірнеше ерікті мемлекеттердің уақытша одағы.

Саяси режим. Саяси режим – саяси өкіметті іске асыруға арналған құралдардың, жолдардың және әдістердің жиынтығы. Берілген кейіптегі мемлекеттің негізіндегі болатын әртүрлі өзгерістер, ең алдымен оның режимінде көрініп, мемлекеттік құрылым нысанына және мемлекеттік басқару нысанына тікелей ықпал жасайды.

Саяси режим – саяси режимнің динамикалық (қыймылдығы), функционалдық (қызметтік) сипаты. «саяси режим» және «саяси жүйе» бір-бірімен тығыз байланыстағы категориялар. Егер біріншісі, қоғамның саяси өміріндегі қатынасатын комплекстегі институттарды көрсетсе, екіншісі, сол билік қалай іске асырылады, ол институттар қалай әрекет жасайтынын (демократиялық не демократиялық емес) көрсетеді.

Наши рекомендации