Мемлекеттік бюджеттердің табыстары: құрамы, құрылымы
Мемлекеттік бюджеттің кірістері: құрамы, құрылымы.Республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдерге республикалық меншіктен түсетін кірістер (республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен Ұлттық банктің таза табысы бөлігінің түсімдері, республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне девидендтер, республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер, екінші деңгей банктерінің шоттарында мемлекеттік сыртқы қарыздар қаражаттарының орналастырылғаны үшін және Ұлттық банктегі Үкіметтің депозиттері бойынша сыйақылар, республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар, қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер, республикалық меншіктен түсетін басқа кірістер) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдері, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуларды өткізуден түсетін ақшалай түсімдері, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Ұлттық банктің бюджетінде (шығыстарды қаржыландырудың жеке жоспарында) тұратын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар, республикалық бюджетке түсетін салықтық емес басқа түсімдер жатады. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды,мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар болып табылады. Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен түсетін трансферттер, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері болып табылады. Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық меншіктегі мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан, үкіметтік қарыздарды сатудан түсетін түсімдер республикалық бюджет есебіне жазылады. Бюджеттік кірістер. Қазақстан Республикасы мемлекеттікбюджетінің құрамы мен құрылымы.Салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғысынша қосылған құн салығы мен корпоративтік табыс салығы болып табылады. Бюджет кірістерінің басқа көзі – салықтық емес түсімдер,негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және трансферттер түсімдері. Кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер,қарыздар бюджеттік түсімдер болып табылады. Бюджеттің кірістері салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімдер болып табылады. Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту Салықтық кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады. Салықтық түсімдер Салықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер болып табылады. Салықтық емес түсімдер – бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер уақытша жер пайдалануға беруден, не Қазақстан Республикасы заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсілмен өткізуден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан бюджетке түсетін ақшалар болып табылады. Трансферттердің түсімдері – бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері.Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары – бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сонымен бірге заңи тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер. Қарыздар – мемлекеттік эмисссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) қарыздар келісімшарттарын жасасуға байланысты бюджетке түсетін ақшалай түсімдер. Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер – заңи тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер
Билет