Й шаруашылықтарының табыстары және олардың құрамы

Үй шаруашылықтарының табыстары – өндіріс үдерісінде жасалатын және шаруашылық мүшелерінің материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған ұлттық табыстың бір бөлігі. Бұл табыстар адамдардың өндіріс үдерісіндегі еңбек шығындарын өтеуі тиіс. Алайда қазіргі қоғамда ұлттық табыстың біркелкі бөлінбеуінен үй шаруашылықтарының жекелеген санаттарында ресурстар қажетті деңгейде тіршілікті қолдап отыруға жетіспейді. Сондықтан мемлекет бюджет пен бюджеттен тыс қорлар есебінен үй шаруашылықтарының қаражаттарын толықтырып отырады.

Үй шаруашылықтарының жалпы табыстарында *ақшалай қаражаттардың көлемі болып табылатын ақшалай табыстар басым болады, олармен үй шаруашылығы өзінің шығыстарын қамтамасыз етеді. Ақшалай табыстар мына көздердің есебінен қалыптасады:

1) жалдағанда еңбектік келісімдерді орындау кезінде алынған үй шаруашылықтары мүшелерінің еңбекақысы, сондай-ақ сыйлықтар, жалақыға тұрақты үстемелер, әлеуметтік-мәдени мақсаттарға жұмыс берушілердің төлемақылары: жәрдемақылар, көлік қызметтерінің, жолдамалардың ақысы және с.с.

2) пайда, дивидендтер, бағалы қағаздар мен салымдар бойынша пайыздар нысанындағы кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жалдау ақысы және басқалары;

3) мемлекеттік әлеуметтік төлемақылар (трансферттер): зейнетақылар, жәрдемақылар және бюджеттен және бюджеттен тыс әлеуметтік қорлардан төленетін басқа төлемдер;

4) басқадай түсімдер (сақтық өтемдері, мүлікті сатудан түсетін табыстар және басқалары).

Бұл үш көздін арасындағы ара салмақ ала бөтен өзгеріп отырды: мемлекеттік меншігі бар әкімшіл-әміршіл жүйе

__________________

* Үй шаруашылықтарының жалпы табысы – бұл ақшалай табыстар, тағамдық азық-түліктердің натуралдық түсімдерінің және натуралдық тұлғаланымдағы мемлекет пен кәсіпорындар көрсеткен жеңілдіктердің, жәрдемқаржылардың, сыйлықтардың (қордаланған жинақақшаларды есеп-темегенде) құны.

жағдайларында үй шаруашылықтарының негізгі табыстары жалақы мен бюджеттен төленетін төлемақылар болды. Рыноктық қатынастардың дамуына қарай екінші көздің рөлі арта бастады.Алайда бүгінде де еңбекке ақы төлеу басты табыс болып қалуда. Нақтылы отбасы көзінің жекелеген түрінің маңызы оның әлеуметтік құрамымен айқындалады. Мәселен, еңбекке ақы төлеу ақшалай табысының 100%-ы дерлігін құрайтын үй шаруашылықтары бар, мысалы балалары жоқ жұмыс істейтін ерлі-зайыптылар. Ақшалай табысы тек мемлекеттік әлеуметтік трансферттер есебінен құралатын үй шаруашылықтары бар. Мысалы, жас немерелерін тәрбиелеп отырған ерлі-зайыпты зейнеткерлер. Үй шаруашылықтары табыстарының құрылымына тұрғылықты жері – қалада немесе ауылдық жерде тұруы әсер етеді.

Қазақстанда еңбек қызметінен алынатын ақшалай табыстар жалпы ақшалай табыстарда 2001 жылы 77%, 2005 жылы 76,9% , 2007 жылы 81,6%-ды құрады: еңбек қызметінен алынған табыс-тар көлемінде жалдамалы еңбектен алынған табыс 2007 жылы 70,2%-ды, өзіндік қызметтен - 11,4 %-ды, әлеуметтік трансферт-тер 13,9 %-ды, өзге табыстар 3,9 %-ды құрайды.

Бұдан басқа, үй шаруашылықтарының ақшалай табыстары натуралдық түсімдердің есебінен толығады (мысалы, қосалқы шаруашылықтарда өндірілген өнімдерден немесе өзінің тұтынуы үшін орындалған қызметтерден, сонымен бірге жұмыс берушілерден немесе мемлекеттен көтермелеулер түрінде алын-ған тауарлар-материалдық құндылықтардан).

Үй шаруашылықтарының ақшалай табыстары деп үй шаруашылықтары мүшелерінің жалақысы, жеке-дара еңбек пен кәсіпкерлік қызметінен алынған табыс, зейнетақылар, стипен-диялар, жәрдемақылар, өтемдік және басқа төлеулер (ізгіліктік көмекті қоса) пайыздар, дивидендтер, рента және меншіктен алған басқа табыстары, жеке қосалқы шаруашылықтын өнімін сатудан алған қаражаттар және өзге ақшалай түсімдер түрінде алған ақшалай қаражаттардың сомасын айтады.

Жалдамалы жұмыспен қамтудан түсетін табыс – жалақы; көтермелеу ақысының барлық түрлері, жалақыға үстемелер; қаламақылар; сыйлықақылар; пайдадан төленетін, сырқаттық парақтар бойынша, демалыстық жәрдемақылар төлемдері; жұмыс берушіден ақша және натуралдық нысандарда медици-налық шығыстар үшін алынатын өтемақылар.

Өзін-өзі жұмыспен қамтудан түсетін табыс – кәсіпкерлік қызметтен ақша және натуралдық нысандарда түсетін табыстар.

Әлеуметтік трансферттер – зейнетақылар, стипендиялар, жәрдемақылар, өтемдік төлемдер, қосымша жеңілдіктер, қайырымдылық көмек.

Меншіктен түсетін табыс – акциялар мен басқа бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен ұтыстар; салымдар бойынша, борыш түрінде берілген сомаларды пайдаланғаны үшін пайыздар; салымдар бойынша ұтыстар; тұрғын үйлерді, көлік құралдарын, техниканы, жер учаскелерін жалға беруден түсетін табыстар.

Сатудан түсетін табыс – жылжымайтын мүлікті, әр алуан бұйымдар мен тауарларды сатудан; қосалқы шаруашылықтан алынған тамақ өнімдерін сатудан; басқа жаққа көрсетілген әр түрлі қызметтерден түсетін табыс.

Табыстың басқадай көздері – алименттер, туған-туыстар мен таныстардан түсетін төлемдер.

Қолдағы ақшалай табыстар – міндетті төлемдер мен жарна-ларды шегергеннен кейінгі ақшалай табыстар.

Нақтылы ақшалай табыстар – тұтыну бағаларының өзгеруі есепке алынған ақшалай табыстар.

Нақтылы қолдағы ақшалай табыстар – тұтыну бағаларын ескере отырып міндетті төлемдер мен жарналарды шегергеннен кейінгі ақшалай табыстар.

Ақшалай табыстар атаулы (салықтар мен міндетті төлемдерді төлегенге дейін) және қолдағы (көрсетілген төлемдерді жүзеге асырғаннан кейін) табыстар болуы мүмкін. Нақтылы ақшалай табыстар – тұтыну бағаларының өзгерісін қоспағандағы ақшалай табыстар. Ақшалай табыстарды тұтыну бағаларының индексіне бөлу жолымен есептелінеді. Нақтылы қолдағы ақша-лай табыстар – тұтыну бағаларының өзгерісін қоспағандағы міндетті төлемдер мен жарналарды шегергеннен кейінгі ақшалай табыстар.

Табыстарды сыныптаудың негізіне түрлі белгілер қойылған:

1. Табыс көзіне қарай олар былай бөлінеді: жалақы және еңбек қызметінің қосымша еңбекақысы; кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыстар; бағалы қағаздардан түсетін табыстар;

мүлікті уақытша пайдалануға бергені үшін жалдау ақысы;

сақтық өтемі;

мүлікті өткізуден түсетін табыстар;

мемлекеттің ақшалай қорларына (бюджеттерден, бюджеттен тыс қорлардан) төленетін төлемақылар;

басқадай көздер.

2. Түсімнің бірқалыптылығына қарай табыстар былай ажыратылады:

тұрақты ( еңбекке ақы төлеу, жалдау ақысы және басқалары);

дүркін-дүркін (авторлық қаламақы, бағалы қағаздар бойынша

табыстар және басқалары);

кездейсоқ немесе біржолғы сыйлықтар, мүлікті өткізуден түсетін табыстар;

3. Түсімнің сенімділігіне қарай табыстарды былай ажырады:

кепілденілген (мемлекеттік зейнетақылар, мемлекеттік қарыздар бойынша табыстар); шартты-кепілденілген (еңбекке ақы төлеу); кепілденілмеген (қаламақылар, комиссиялық сыйақы).

Қазақстанда тұтынуға пайдаланылған орта есеппен жан басына шаққандағы табыстар бойынша едәуір саралану байқалады. Олардың ең жоғарғы және ең төменгі мәнінің ара салмағы өңірлер бойынша бір жылғы есеппен 2005 жылы 4,8 есе, 2008 жылы 3,2 есе болды. Сонымен бірге ең төменгі күнкөріс деңгейінің саралануы жеткілікті болғанымен – 1,4 есе – әйтпесе едәуір аз. Тұтынуға пайдаланылған табыстардың өсімі 2005 жылы 116,3%-ды, 2008 жылы 120,0 %-ды құрады. Алайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы да 2008 жылы 44,7 %-га өсті, яғни тұтынуға пайдаланылған табыстардың нақтылы өсімі болған жоқ.

2005 жылы халықтың жан басына шаққандағы орташа айлық номиналды ақшалай табыстары 15,8 мын тенгені, 2008 жылы 27,6 мын теңгені құрады, бұл 2005 жылғыдан 74,7 %-га жоғары. Нақтылы ақшалай табыстар 2008 жылы 1,7%-га өсті. 2005 жылы бір жұмыскердің орташа айлық номиналды жалақысы 34060 тенгені, 2008 жылы 59722 теңгені құрады және 2005 жылмен салыстырғанда 75,3%-га, нақтылы тұлғалауда 38,1%-га өсті. Ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің жалақысы үнемі төмен болып қалуда – еліміз бойынша орташа жалақының 47%-ын құрайды; қаржы сферасы жұмыскер-лерінің жалақысы орташа республикалық деңгейден 2,3 есе, өндіру өнеркәсібін-дегіден 1,7 есе жоғары; айырмашылық гендерлік аспектіде сақталып отыр: ер адамдардың орташа жалақысы әйелдердікіне қарағанда 1,6 есе жоғары. Сондай-ақ өңірлер бойынша да алмақтық айтарлықтай – 1,5 есе болып отыр.

Экономикалық дамудың өзіндік ерекшелігіне байланысты қаланың және ауылдың үй шаруашылықтары табыстарының деңгейі мен құрылымында айырмашылықтар қалыптасты: ауыл халқының ақшалай табыстары қалалыққа қарағанда 1,8 есе төмен, кедейлік ауылдық аудандарда көбірек таралған.

2005 жылы табыстар ең төменгі күнкөрістен орта есеппен 1,3 есе, 2008 жы-лы 1,9 есе асып түсті. Еңбектік табыстар халықтың барлық ақшалай табыстарының төрттен үшін дерлік құрайтынын, ал олардың ішінде үштен екісінен артығы жалдамалы жұмыскерлердің табыстары екенін ескерсек, жұмыссыздық табыстар мөлшерінде елеулі рөл атқаратынын мойындауға тура келеді. Жұмыссыздық деңгейі мен халықтың кедейлігі арасында ең төменгі күнкөріс деңгейі жөнінде корреляция коэффициенті бойынша елеулі байланыс болатынын есеп-қисаптар көрсетіп отыр. Жұмыс-сыздықты 1 пайыздық тармаққа қысқарту кедейлікті 3 пайыздық тармаққа қысқартуды тудырады.

Наши рекомендации