Тәжірибедегі агротехника

Бекітемін

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ

Агрономия факультеті деканы м.а.

________________ Стыбаев Ғ.Ж.

«____»_________________ 2016 ж.

Зерттеу жүргізудің бағдарламасы мен әдістемесі тақырыбына: «Солтүстік Қазақстан жағдайында судан шөбінің себу мерзіміне байланысты өнімнің түзілуі»

Ғылыми кеңесші:а.-ш.ғ.к, аға оқытушы Байтеленова А.А.

Орындаушы:

Магистрант

6M080100 – Агрономия

мамандығы бойынша Жамал Б.Б.

Егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасының отырысында қарастырылған және бекітілген

хаттама № ___ «____»_____________ 2016 ж.

Астана, 2016

Ғылыми өзектілігі: Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы аймағы жағдайында жаңа жеңіл сүрленетін дақыл судан шөбі өсіріледі, сонымен қатар судан шөбімен бірге жаңа дақылдар пайзаның, африкалық тарының және отандық дақыл судан шөбінің отандық және шет елдік сорттары мен будандарының агротехника ерекшеліктеріне байланысты (себу мерзімдеріне) қалыптасқан көк балауса, тұқым өнімділігіне және сапасына салыстырмалы баға беріледі.

Зерттеу жұмысының мақсаты - жасыл балауса құрамында қант мөлешірі жоғарылығымен ерекшеленетін, жеңіл сүрленетін мал азықтық дақыл шай жүгері-тары буданының Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы аймағы жағдайына бейімделген шет елдік қарқынды сұрпын таңдау және дақылды өсірудің технологиялық элементі - оңтайлы себу мерзімін анықтау болып табылады.

Зерттеу жұмыстарының міндеттері:

1. Судан шөбінің Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы аймағы жағдайына бейімделген шет елдік қарқынды буданданын таңдау;

2. Судан шөбінің жасыл балауса және тұқым өнімін қалыптастыруына себу мерзімдерінің әсерін зерттеу;

3. Судан шөбінің жасыл балаусасының құрамындағы қоректік заттардың мөлшеріне және жануарлармен желінуіне баға беру;

4. Зерттелетін сүрлемдік дақылдардың себу мерзімдеріне байланысты қалыптастырған жасыл балауса өнімділігіне салыстырмалы баға беру;

5. Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы аймағы жағдайында судан шөбінің өсірудің тиімділігне экономикалық баға беру.

Теориялық маңызы: Алғаш рет Ақмола облысы кәдімгі қара топырақ жағдайында судан шөбінің себу мерзіміне байланысты өнімнің түзілуі ФТӨ,ФП, вегетациялық кезеңінің өзеруі мен астық өнімінің қалыптасуына фосфор стимуляторының әсері анықталады.

Практикалық маңыздылығы:Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы аймағы жағдайында жеңіл сүрленетін судан шөбінің өсіру нәтижесінде шырынды азықтарды дайындау және ірі қара малдардың рационындағы қант жетіспеушілігін толықтыру үшін қажетті жеңіл сүрленетін дақылдардың құрамды бөлігі кеңейеді.

Күтіліетін нәтижелер:Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы аймағы жағдайында судан шөбінің жоғары жасыл балауса және тұқым өнімін қалыптастыруына себу мерзімдерінің әсерін зерттеудің барысында аталған дақылдың оңтайлы себу мерзімі анықталады және қалыптасқан өнім деңгейіне салыстырмалы баға беріледі.

Зерттеу жұмыстарының жүргізу орны

Зерттеу жұмыстары Ақмола облысы Астана қаласы «Кампус» ЖШС-нің (Қызыл суат ауылы) кәдімгі қара топырағының стационарлық жағдайында жүргізіледі. Танаптық тәжірибелер дәстүрлі және ресурүнемдегіш технология қолданылатын ауыспалы егістерге орналастырылады.

Зерттеу объектісі - Ақмола облысында себуге рұқсат етілген судан шөбінің Тугай сорты болып табылады. Тәжірибе 3 қайталымды. Тәжірибедегі мөлдектің ауданы 2 м2, тәжірибегі есептеу алаңы 2 м2. Жалпы тәжірибе ауданы 93 м2.

Тәжірибедегі агротехника

Зерттеу учаскесі мұқият таңдалып алынды. Жер бедері бірқалыпты, айтарлықтай тегіс (баурай тереңдігі 0,4-0,7 м 100 метрге шаққанда 2,5 м рұқсат етіледі).Күзде алғы дақыл жиналған соң Т-4А + КПГ-2-150 агрегатымен 25-27см тереңдікке терең өңдеу жұмысы жүргізілді.Себу алдында асфальт үстінде жұқа қабатпен тұқымдарды біркелкі орналастырып , құрғақ ауада қыздыру жұмыстары жүргізіледі.

Себу жұмыстары үшін лабораториялық өнгіштігі 80% дан кем емес тұқымдар қолданылады. Себу алдында тұқымдарды сұрыптау жұмыстары жүргізіледі, ол үшін елеуіштерден өткен орташа алғанда 3,5-5,0 мм тұқым фракциясы сұрыпталады.

Ерте көктемгі топырақ өңдеу жұмысы ылғал жабу мақсатында, топырақтың физикалық пісіп жетілуі жеткенде БИГ -3 тісті тырмалармен жүргізіледі.Себу алды топырақ өңдеу бір мезгілде КПНА-3\КПШ-9 + БЗСС-1,0 +ЗККШ-6 Т-75 маркалы тракторымен жүргізіледі. Асбұршақты себу мерзімі 18 мамырда жүргізіледі( топырақтың физикалық пісуі кезінде, Бараев атындағы Астық шаруашылығы ҒӨО ұсыныстарына сай) . Себу мөлшері 2,5 – 3,5 млн.өнгіш тұқым/га, себу тереңдігі 4-5 см. Себу жұмыстары селекциялық сепкіш Winterstiger арқылы жүргізіледі.

Жұгері – тары буданыфосфорлы стимулятормен өңдеу жұмыстары вегетациялық кезеңінде 2 рет ( бұтақтануы мен бүрлену) жүргізіледі. Жұмысшы ерітіндісін себу мерзіміне сәйкес сол күні дайындайды.Бақылау нұсқасын сумен бүркіледі. Топырақүсті өңдеу жұмыстарының барлығы аспалы бүріккішпен жүргізіледі. Арамшөптерге қарсы дақыл көктегенге дейін топыраққа пивот 10% (0,5 л/га) бүркіледі.

Тәжірибе аланы:

Себу мерзімі мамыр айының II онкүндік май
  I- қайталым II- қайталым III- қайталым  
Қорғаныс аланы 2 метрден кем емес Қорғаныс аланы 2 метрден кем емес Қорғаныс аланы 2 метрден кем емес
Cудан шөбі (сорт Тугай) Cудан шөбі (сорт Тугай) Cудан шөбі (сорт Тугай) Cудан шөбі (сорт Тугай) Cудан шөбі (сорт Тугай) Cудан шөбі (сорт Тугай) Cудан шөбі (сорт Тугай) Cудан шөбі (сорт Тугай) Cудан шөбі (сорт Тугай)
1,0 млн. өнгіш тұқымдар 1 га 1,5 млн. өнгіш тұқымдар 1 га 2,0 млн. өнгіш тұқымдар 1 га 1,0 млн. өнгіш тұқымдар 1 га 1,5 млн. өнгіш тұқымдар 1 га 2,0 млн. өнгіш тұқымдар 1 га 1,0 млн. өнгіш тұқымдар 1 га 1,5 млн. өнгіш тұқымдар 1 га 2,0 млн. өнгіш тұқымдар 1 га
Себу мерзімі III - он күндік май
1,0 млн. өнгіш тұқымдар 1 га 1,5 млн. өнгіш тұқымдар 1 га 2,0 млн. өнгіш тұқымдар 1 га 1,0 млн. өнгіш тұқымдар 1 га 1,5 млн. өнгіш тұқымдар 1 га 2,0 млн. өнгіш тұқымдар 1 га 1,0 млн. өнгіш тұқымдар 1 га 1,5 млн. өнгіш тұқымдар 1 га 2,0 млн. өнгіш тұқымдар 1 га
Себу мерзімі I - он күндік маусым
1,0 млн. өнгіш тұқымдар 1 га 1,5 млн. өнгіш тұқымдар 1 га 2,0 млн. өнгіш тұқымдар 1 га 1,0 млн. өнгіш тұқымдар 1 га 1,5 млн. өнгіш тұқымдар 1 га 2,0 млн. өнгіш тұқымдар 1 га 1,0 млн. өнгіш тұқымдар 1 га 1,5 млн. өнгіш тұқымдар 1 га 2,0 млн. өнгіш тұқымдар 1 га
  Қорғаныс аланы 2 метрден кем емес  
                       

Наши рекомендации