Медиаорта мәні және медиаорта элементтері
Медиаорта фирманын нақтылы немесе әлеуетті көңіл бөлетін және белгіленген мақсатына жетуіне әсер ететін кез келген топ. Медиаорта фирма қаракетіне көмектесетін немесе кедергі жасайтын топтарға бөлінеді. Соған сәйкес медиаортаны мынадай топтарға бөлуге болады: мейірбанды бұл топтын фирмаға тілектестік ниеті болғаны; ізденуші фирмаға қажет топ; керегі жоқ бұл топтын ниетін фирма өзіне аударғасы келмейді,бірақ олармен санасады (мысалы,бойкот жариялайтын тұтынушылар тобы,салық инспекциясы...). Жалпы алғанда медиаортанын келесі түрлері кездеседі: 1)қаржы ұйымдары - (банктер,қор биржалары) фирманы қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді. 2) БАҚ - (радио, теледидар, газеттер, журналдар) кәсіпкерлік жүйесі туралы әртүрлі ақпарат таратады. 3) Мемлекеттік мекемелер - (тұтынушылар тобы, жергілікті тұрғындар) фирманын жұмысын бақылайды. 4) Жұртшылық – олардын фирма жәйлі қалыптасқан пікірлері жұмысшылардын өз міндеттерін орындау сапасы ықпалын тигізеді. Мұндағы маркетинг зерттеулерінін мақсаты: медиаортанын жалпы жағдайы туралы ақпарат жинау,фирмаға қатысты әрекеттерді болжау және қоғаммен бірлесу жолдарын іздеу.
14. Тұтынушылардың түрлері, олардың мәні мен ерекшеліктері.Котлер тұтынушыларды бес топқа бөліп қарастырған:
· тұтынушылар нарығы тауарлар мен қызметтерді өздері қолдану үшін сатып алатын жеке тұлға немесе үй шаруашылығы
· тұтынушы ұйымдар нарығы тауарлар мен қызметтерді өндіріс үдерісінде қолдану үшін алатын ұйымдар
· аралық сатушылар нарығы тауарлар мен қызметтерді өздеріне пайда түсіру үшін қайта сатумен айналысатын сауда ұйымдарының жиынтығы
· мемлекеттік мекемелер нарығы таурлар мен қызметкерді әріқарай пайдалану үшін алатын мемлекеттік ұйымдар
· халықаралық нарық құрамына шетелдік тұтынушылар, өндірушілер, аралық сатушылар кіретін елден тыс аймақтағы тұтынушылар
Тұтынушылар қарапайым тұтынушылар және тұтынушы ұйымдар деп үлкен екі топқа бөлінеді. Қарапайым тұтынушылар- тауарларды өздері жеке қолдану үшін алатын тұтынушылар,яғни жеке тұлғалар, отбасылар, неке немесе қаны бір туыстыққа негізделген шағын қауым,үй шаруашылықтары бір немесе ортақ шаруашылыққа біріккен бірнеше отбасы. Тұтынушы ұйымдар- тауарларды өңдіріс процесінде пайдалану үшін сондай- ақ,қайта сату үшін алатын көтерме тұтынушылар. Олардың мінез құлқы түпкі тұтынушылардан мына жағдайлар бойынша елеулі түрде ерекшеленеді:1) тауарларды сатып алу мақсаттарымен;2) алу себептерімен; 3)сатып алу туралы шешім қабылдау әдістерімен; 4)тауарды сатып алғаннан кейінгі қызмет көрсетуге қойылатын талаптарымен; 5)сатып алу жиілігімен.
15. Маркетингтегі мотивация теорияларының мәні.Маркетинг микс факторлары сатып алу туралы шешімге әсер ететін күшті ынталандырушы болғанымен, тұтынушының соңғы таңдау жасауына жеткіліксіз болып табылады. Бұдан басқа оған психологиялық, әлеуметтік мәдени, жеке тұлғалық және жағдайлық факторлар әсер етеді. Психологиялық факторларға: мотивация, тұлға типі, қабылдау, құндылықтар, наным, қатынас жатады. Сатып алушы себептерін түсінуге оның нарықтағы мінез құлқын сипаттауға мүкіндік береді. Психологтар адам мотивациясын әр түрлі теориялар арқылы түсіндіреді. Олардың ішіндегі ең танымалы З.Фрейдтің және А.Маслоудың мотивация теориялары. З.Фрейд мотивация теориясы адам мінез құлқын қалыптастыратын, бірақ кейде өздеріне байқалмайтын белгілі бір психологиялық күштердің әрекетін мойындауға негізделген. Ол психика өз бетінше дербес, материалдық процестермен қатар жүретін ерекше психологиялық күштермен басқарылады деп қарастырылады. Яғни, З.Фрейд айтуынша сатып алу кезінде адам өзінің мінез құлқын жеткілікті түсінбейді, көп жағдайда ойланбай әрекет жасайды. Тұтыну мінез -құлығының тағы бір теориясы бихевиоризм (ағылш. Мінез құлық), бұл АҚШ- та XX ғ. басында пайда болған психологияның зерттеу пәні ретінде сананы емес, мінез құлықты қарастыратын психологиялық бағыт. Маркетингте пайдаланатын бихевиоризм тұтынушылардың тауарды тандау және сатып алу процесінде олардың дәлелдерін айқындауға және мінез құлқының психологиялық аспектілерін зерттеуге негізделген. Алғашқы бихевиористердің бірі Авраам Маслоу 40-жылдары адам қажеттіліктерін қатағаттандыру сатысы негізінде құрылған мотивация теориясын жасады. Бұл теорияда төменгі сатыда материалдық, ал жоғары сатыда рухани қажеттер орналасқан. Біріші кезенде адам ен манызды қажеттерді қанағаттандыруға тырысады. Егер ол толық қанағаттанған болса, адам келесі кезектегі қажеттерді қанағаттандыруға ұмтылады.
· өзін өзі таныту қажеттілігі
· сыйластық қажеттілігі
· әлеуметтік қажеттілік
· өзін өзі сақтау қажеттілігі
· физиологиялық қажеттіліктер