Азақстан Республикасындағы жалпы сақтандырудың жағдайы мен даму мәселелері
Республикада сақтандыру нарығы өзінің дамуында жаңа кезендерге өтуде. Сақтандыру төлемдерінің тұрақты өсу деңгейі байқалды. Мүліктік сақтандыру жақсы дамуда.
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының 1995 жылдың 3 қазанынан бастап күшіне енген. «Сақтандыру туралы» заңы сақтандыру жұмыстарын демонополизациялауға, мемлекеттік және мемлекеттік емес коммерциялық ұйымдары үшін еркін бәсекелестікке тен шарттарына жол ашты. Шетелдік сақтандыру ұйымдары үшін ішкі сақтандыру нарығы ашылды және де шетелдік инвестицияларға. Жарлыққа сәйкес сақтандыру заңнамасының орындалуын бақылау үшін мемлекеттік сақтандыруды қадағалау құрылды.
Дамып келе жатқан сақтандыру нарығының негізгі қызметтері қандай екен?
· Тәуекелдердің барлық түрлерінің сақтандыруды қорғауына максималды жаулауын қамтамасыз ет, қызметтердің көлемінің кеңеюі, сондай- ақ жаңа технологиялармен қамтамасыз ету;
· Үкіметпен сақтандыру нарығына қаржылық тәуекелдерді беру кепілі;
· Ірі тәуекелдерді сақтандыратын қазақстандық тұрақты қаржылық сақтандыру компанияларының кеңеюі, сондай- ақ шетелдік және отандық инвесторларды жекшелендіру және инфраструктуралық жобаларды, экспорттық несиелерді;
· Сақтандыруға жұмсалатын мемлекеттік шығындарды қысқарту;
· Шетелдермен бірлесе отырып, байланыс орнату. Қазақстан Республикасының экономикасына кірістерді құятын және инвестициялайтын сақтандыру компанияларын құру;
· Мемлекеттік және меншіктік, міндетті және еркін сақтандыруларды құру;
· Бәсекелестік ортаны құру;
· Халықты сақтандыру мәдениетін құру және сақтандыру туралы заңнаманы жүзеге асыру;
· Шетелдік тәжірибені рационалды қолдану және адаптацялау;
· Сақтандырушылардың квалификациясын өсіру туралы оқуды ұйымдастыру.
Республикада шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау үшін заңнамада өзара сақтандыру мүмкіндігін бекіту қажет.
Сақтандыру нарығының әрі қарай дамуы, сақтандыру жүйесін, сақтандыруды, қайта сақтандыруды құруды қажет етеді. Жергілікті және халықаралық нарықта Қазақстандық және шетелдік инвестицияларды кепілдендіру қажет. Олар зиянды толтыру сұрағы бойынша мемлекетке және Үкіметке түсетін ауыртпалықты қысқартады және республика экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту ағымын орнатады, шетелдік сақтандырумен бірлесе отырып, сақтандыру компаниялары, сондай- ақ шетелдік компаниялардың өкілдерінің және брокерлік фирмалардың құрылуына әкеледі.
Әрине сақтандыру жобалары туралы халықаралық тәжірибеге және стандарттарға сәйкес сұрақтарды шетелдік инвесторлардың қатысуымен болатын келісімнің ең бастапқы кезеңінен бастап қарастыру қажет. Сақтандыру және қайта сақтандыру қазақстандық сақтанушыларға сақтандыру портфелін баланстауға мүмкіндік берді, қаржылық тұрақтылықты және сақтандыру операцияларының рентабельдігін қамтамасыз етеді. Шетелдік сақтандырушылардан белгілі көрсетімдерге төмендету, сондай- ақ мүлікті сақтандыру жүйесі халықаралық қайта сақтандыру компанияларындағы ірі тәуекелдер бойынша жауапкершілікті сақтандыруға қамтамасыздандыру.
Сақтандыру нарығының құрылуына халықаралық тәжірибені іскерлік қолдану. Сақтандыру компаниялары әлемдегі жетекші сақтандыру компанияларымен серіктесуі керек, шетелдердің қатысуымен бірлесе отырып сақтандыру, кеңес, брокерлік комапнияларды құру қажет. Сақтандыру қызметінің шарттары және тиімді тандау түрлерімен сақтандырушыларды қамтамасыз ететін.
Таяу жылдары Қазақстаннның сақтандырушы Одағының ролі жоғарылайды. Оалр сақтандырушылардың көзқарастарын мемлекеттік және заңнамалық құқықты және нормативті актілерді дайындауға қатысады. Сақтандыру маркетингі және мониторингі жүргізіледі.
Мүлікті сақтандырушылар Одағының және Мемлекеттік сақтандыруды қорғау кадрларын, сақтандыру жұмыскерлерін дайындауға және қайта сақтандыру сұрағының шешілуін қолға алды. Сонымен қатар шетелдік сақтандыру компанияларын да.
Бұқаралық ақпараттар көмегімен халықтың сақтандыру мәдениетінің құрылуы бойынша мақсатты бағыттарды өткізу көзделді.
Қазқстанның сақтандыруы дамуының бағыттарына ұзақ мерзімдік өмірді сақтандыру, мүліктік сақтандыру, кәсіпорынның мүліктерін сақтандыру, инвестициялық және конверсиялық саясатты жүзеге асыру барысында мемлекеттік көзқарастарды қорғауды жатқызуға болады.
Сақтандырудың кейбір түрлерінің ерекше әлеуметтік мәнін ескере отыры, міндетті сақтандырудың жеке түрлерін экономикалық жағдайларды жақсартуды есептей келе енгізді.
Медициналық сақтандыру мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың бөлігі ретінде, Қазақстан Республикасының азаматтарына жалпылама болуы керек. Және міндетті сақтандыру қорымен жүзеге асырылуы қажет. Еркін медициналық сақтандыру қосымша медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасына негіз болады.
Нарықтық экономикалық дамуы медициналық жекелеген ұйымдарының адвокаттық конторалардың, кәсіпорындардың дамуына әкеледі. Бұл айтылған ұйымдар міндеттерін орындау кезінде кеткен қателіктерінің кесірінен болған зияндарға жауапты. Іскерлік жауапкерлікті сақтандыру, қазіргі кезде орындалмайды. Сонымен қатар Қазақстандық сақтандыру нарығында сәйкес орын алады.
Мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мiндетi сақтандыру қызметi нарығын қалыптастыру және тиiмдi әрекет ететiн сақтандыру нарығын дамыту, түрлi құқықтық-ұйымдастырушылық нысандағы сақтандырушылар қызметi үшiн қажеттi жағдай жасау болып табылады
Ерекше сақтық қатынастар, сақтық қызметтiң рыногiн дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғау «Сақтық қызмет туралың Қазақстан Республикасының заңымен, сақтандыру мәселелерi жөнiндегi Үкiмет қаулыларымен және Ұлттық банктiң сақтық қадағалау департаментiнiң нормативтiк актiлерiмен реттелiп отырады.
Сақтандыру нарығында мемлекеттiк реттеу өкiлеттi органының алдында тұрған мiндеттерiн орындауда олардың қызметтерiнiң соңғы мақсаты.
Сақтандыру қызметiнiң тұтынушысы - сақтандырушының сақтанушы құқығын қорғау.
Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мiндеттерiне мыналар жатады:
1. Қазақстан Республикасында тұрақты сақтандыру жүйесiн жасау мен қолдау және ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру;
1. сақтандыру рыногын реттеу, сақтандыру қызметiн қадағалау;
2. Сақтандырудың негiздерiн заңдармен баянды ету, мiндеттi сақтандыру түрлерiн, халықаралық сақтандыру жүйесiне Қазақстан Республикасының қатысу принциптерiн белгiлеу;
3. Сақтанушылардың, сақтандырушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау болып табылады.
Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды сақтандыру рыногындағы iстiң жайына мемлекеттiк бақылау жасауды қамтамасыз етудi қоса, уәкiлеттi мемлекеттiк орган және мемлекеттiң өзгеде органдары өз құзiретi шегiнде жүзеге асырады.
Өзге де мемлекеттiк органдардың осы заңмен реттелмеген өкiлеттiлiгi мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша тиiстi заң актiлерiнде көзделуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен сақтандыру брокерiнiң сақтандыру қызметiне араласуына тиым салынады.
Уәкiлеттi мемлекеттiк орган - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау жөнiндегi функциялар мен өкiлеттiлiктi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган. Уәкiлеттiк мемлекеттiк органның құқытық мәртебесi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.
Қазақстан Республикасының Қаржылық рынокты және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттілігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын орган. Бұл бағыныштылық келесідей белгілерден көрінеді: 1. Қазақстан Республикасының Қаржылық рынокты және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттілігінің төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды, өзі босатады; 2. Төрағаның орынбасарларын Қазақстан Республикасының Президентінің өзі төрағаның ұсынысымен тағайындайды және босатады; 3. Ешбір орган Қазақстан Республикасының Президентінің рұқсатынсыз немесе келісімінсіз бұл агенттіліктің қызметін тексере алмайды; 4. Қаржылық рынокты және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттілігінің құқықтық жағдайын көрсетуші нормативтік акті – Ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді; 5. Қазақстан Республикасының Қаржылық рынокты және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттілігі өзінің атқарған жұмысы жайлы жылдық жоспарды Президентке тапсырады.
Лауазымды адамдарды немесе меншiгiнде не басқаруында сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымдарының) дауыс беретiн акцияларының бес проценттен астамы бар адамдардың және сақтандыру брокерлерiнiң жақын туыстары уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыру iсiн қадағалайтын құрылымдық бөлiмшенiң қызметкерлерi бола алады.
Уәкiлеттi мемлекеттiк органның өкiлеттiлiктерi ''Сақтандыру қызметi туралы ''Қазақстан Рспубликасының заңының 8-тарауының 43-бабында келтiрiлген. Оған сай уәкiлеттi мемлекеттiк органның өкiлеттiлiктерiне мыналар жатады:
Қазақстан республикасында сақтандыру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын қалыптастыруды, сақтанушылардың және сақтандыру рыногының өзге де қатысушыларының заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзедi;
1. сақтандырру рыногын реттеу қағидалары мен әдiстерiн, сақтандыру қызметiн қадағалауды ұйымдастыру тәртiбiн белгiлейдi;
2. сақтандыру (қай та сақтандыру ұйымдарын) құруға, оларды бақылап отыру құқығын иемденуге, олардың өз еркiмен құайта құрылуына және таратылуына рұқсат, Қазақстан Республикасының аумағында да, оның аумағынан тыс жерлерде де сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкiлеттiлiктерiн ашуға келiсiм бередi.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметiн, сақтандыру брокерiнiң қызметiн, сақтандыру рыногындағы актуарий қызметiн, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитiн жүзеге асыру құқығына лицензиялар бередi;
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн пруденциальдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi, жарғылық және меншiктi капиталдың ең аз мөлшерiн қоса, белгiлейдi және олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi;
5. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарту комиссияларының қызметiне бақылау жасауды жүзеге асырады;
6. Сақтандырау және қайта сақтандыру ұйымдарының басшыларына арналған бiлiктiлiк талаптарын белгiлейдi, оларды сайлауға (тағайындауға) келiсiм бередi;
7. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағынан тұрақтылығы мен төлем қабiлетiне талдау жасауды, баға берудi және бақылауды жүзеге асырады;
8. сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарын (сақтандыру полистерiн) есепке алу тәртiбiн белгiлейдi;
9. статистика мәселелерi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесе отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң статистикалық есебiнiң тiзбесiн, нысандарын, табыс етiлу мерзiмiн белгiлейдi.
10. сақтандыру қызметi субъектiлерiн инспекциялау қызметiн жүргiзедi;
11. сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларына санкция қолданады;
12. сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларын берiлгген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және лицензияларды керi қайтарып алу туралы шешiмдер қабылдайды;
13. уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып, бухгалтерлiк есеп пен аудит мәселелерi бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бухгалтерлiк есебi стандарттарын белгiлейдi;
14. мiндеттi сақтандырудың жекелеген түрлерi бойынша полистердiң нысаны мен мазмұны жөнiндегi талаптарды белгiлейдi;
15. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сату жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен шаралар қолданады.
16. Қазақстан Республикасы қаржы рыногының субъектiлерiн қадағалайтын басқа да уәкiлеттi органмен ынтымақтастықты және қажеттi ақпарат жүзеге асырады;
17. басқа мемлекеттердiң сақтандыруды қадағалау органдарымен, сонгдай-ақ халықаралық ұйымдармен сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау мәселелерi бойынша қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi және с.с.).
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында сақтандыру қатынастарын мемлекеттiк реттеудiң өкiлеттi органы Қазақстан Республикасының Халықтық Банкi болып табылады. Жарлыққа сай, Халықтық Банк сақтандыру iсiн реттеу мен қадағалаудың келесi қызметтерiн ақтарады:
- Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының қызмет етуiн қамтамасыз ету, сақтанушылар және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiнде шараларды қабылдайды, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру жәе қауйта сақтандыру брокерлерiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеу жөнiнде шаралар анықтап, оларды қабылдайды.
- өз құзыретi шеңберiнде сақтандыру нарығының барлық субъектiлерiнiң орындауына мiндеттi сақтандыру және оны қадағалау жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
- сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталынның минималды мөлшерiн белгiлейдi;
- сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiнiң қызметiн лицензиялайды.
- сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға, оларды ерiктi қайта ұйымдастыруға және жоюға рұқсат, республика территориясында және Қазақстан Республикасының территориясынан тыс сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарынның өкiлдiктерiн ашуға келiсiм бередi;
- Басқарма төрағасы және мүшелерi, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының бас есепшiлерi, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының бөлiмшелерiнiң басшылары мен бас есепшiлерi қызметiне тағайындауға келiсiм бередi немесе бас тартады;
- сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын ұйымды тексередi;
- өз бақылау және қадағалу қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сақтандыру нарығы субъектiлерiнен алады;
- өздерiнiң бақылау және қадағалау қызметiн жүзеге асыру үшiн сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының және сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiнiң бухгалтерлiк, статистикалық және басқа есеп-қисаптар тiзiмiн, нысанын, тапсыру мерзiмiн белгiлейдi;
- сақтандыру статистикасын дайындау, сақтандыру нарығының жағдайын экономикалық талдау үшiн сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, мемлекеттiк органдардың ассоциациясынан, одақтарынан, бiрлестiктерiнен қажеттi ақпарат алады;
- сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiне берiлген лицензия әрекетiн тоқтату туралы шешiм, заңдармен қарастырылған негiздер бойынша сот тәртiбiнде олардың қызметiн тоқтату бойынша шараларды қабылдайды;
- басқа мемлекеттердiң сақтандыруды қадағалаудың органдарымен қатынаста, халықаралық және басқа да сақтандыру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерiн ұсынады;
- сақтандыру iсiн қадағалау жөнiнде мемлкеттiк орган ретiнде Халықтық Банктiң басқа да қызметтерi мен өкiлеттiлiктерi сақтандыруды және сақтандыру қызметi туралы заңдармен анықталады.
Сақтандыру рыногын қалыптастыру үрдiсiн реттеудiң негiзгi әдiстерiнiң бiрi сақтандыру iсiн лицензиялау. Лицензиялаудың тағайындалуы сақтандыру ұйымының сақтандыру iсiн жүргiзуге дайындығын тексеруден, осы қызмет сферасын анықтаудан тұрады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ретiнде тiркелген заңды тұлға сақтандырушы статусын және өкiлеттi орган беретiн лицензияны алған мезеттен бастап қана сақтандыру iсiн жүргiзу құқығына ие болады.
Жеке тұлғалар сақтандыру қатынастарында сақтанушы ретінде 18 жастан бастап қана бола алады, ал жасы толмағандар үшін олардың атынан сақтандыру шарттарын ата – аналары, қамқоршылары, қорғаншылары жасайды. 14 жасқа толмағандар үшін олардың келісімі қажет емес, ал 14 жаспен 18 жас арасындағылар үшін олардың келісімдері керек. Мұндай қатынастарда жасы толмағандар сақтандырылған тұлғалар болып табылады да, ата – аналары, қамқоршылары - сақтанушылар болады.
Сақтандыру iсiн реттеу және қадағалаудың өкiлеттi органы ретiнде ҚР Халықтық Банкiнiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi страховщиктердiң сақтандыру операцияларының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудiң минималды шартын сақтауға үнемi бақылау жасау болып табылады.
Сақтандыру нарығын құруды арнайы сақтандыру туралы заңға негіздеу керек, онда сақтандыру нарығына қатысушылардың бәрі үшін кең жағдай жасауға бейімделіп, әсіреке сақтандыру ісіндегі аса қауіпті авантюризмнің пайда болуына мүмкіндік бермеу керек.
Сақтандырудағы заң шығарушылық тек қана клиенттердің мүдесін ғана емес, сондай – ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінде болуы ықтимал банкроттықтан сақтандыру құрылымдарында туындаған монополизмнен сақтауға тиіс. Осы сондай – ақ сақтандыру ұйымдары өткізіп жатқан операциялардың финанстық тұрақтылығын сақтау үшін де, өздерінде бар қаражатты салудың мақсатқа сәйкестілігі үшін де және сақтандырушы мен сақтандырушының қарым – қатынасын ғана емес, секілді мемлекетпен, тіпті сақтандырушылар арасындағы қатынастар үшін де қажет.
Нарық, әсіресе оның алғашқы қаз тұру сәтінде алып – сатарлық науқанның тууына соқтырмай қоймайды, ондағы мақсаты «сақтандыру бәлішінен» тезірек әрі молырақтау асап қалу. Сондықтан сақтандыру қызметін реттейтін қатаң жүйе аса қажет, ол бір жағынан өздерінің өте айқын болашағы мен мүмкіндіктерін болжап сақтандыру жүргізетін, аяқтарына нық тұрған сақтандыру ұйымдарының жолынан кедергілерді алып, екінші жағынан – сақтандыру ісі мен сақтандырушыларға зиянын тигізетін ұйымдарды сақтандыру нарығына жібермес еді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің VIII сессиясы (1992 жылдың маусымы) «Қазақстан Республикасыдағы сақтандыру туралы» Заң қабылдады, ал X сессияда бұл заңға жекелеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.
Осы Заң еңгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, сақтандыру қызметтерінің нарықтық қатынасын қалыптастыруға, сондай – ақ кәсіпкерлік қызмет субъектілері мен азаматтарды сақтандыру қорғанысын кеңейтуге бағытталған.
Осы Заңмен реттелетін қатынастар:
Сақтандыру шартын жасасу мен орындау барысында туындайтын сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы қатынастар;
Сақтандырушылар мен сақтандырушылардың сақтандыру қатынастары арнаулы заңдармен реттеледі.
Сақтандыру қызметін жүзеге асыратын адамдарды мемлекеттік тіркеу
Сақтандыруды жүзеге асыратын адамдарды мемлекеттік тіркеу кәсіпорындарды тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Сақтандырушының жарғылық қорының мөлшері оның меншік түріне және қызметінің ұйымдық түріне қарамастан 100 мың сомнан кемболмауға тиіс.
Шетелдік заңды мекемелер мен Қазақстан Республикасы аумағында тіркеліп, жұмыс істейтін шетелдік қатысулар арқылы өз қызметкерлерін, мүліктері мен жауапкершілігін сақтандыру, сол секілді Қазақстан Республикасы заңдарына сай міндеттілікке жататын басқа да сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандыру мен халықаралық практика туралы заңдылықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының сақтандыру кәсіпорындарында жүзеге асырылады.
Шетелде жүрген Қазақстан Республикасы азаматтары мен заңды ұйымдарының мүліктік мүделері, егер бұл сол елдің зағдарына қайшы келмесе, Осы Заңға сәйкес сақтандыруға жатады.
Сақтандыру міндетті және ерікті сақтандыру түрінде жүзеге асырылады. Міндетті сақтандыру – заң күшімен жүзеге асырылатын сақтандыру.
Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырушымен құқылық актіде ескерілген, осы сақтандыру қатынастарын реттейтін жағдайларға орай шарт жасасуға міндетті.
Міндетті сақтандыру шарты өз қызметін ұсынған кез келген сақтандырушымен жасалуы мүмкін. Мемлекеттік сақтандыру кәсіпорны үшін мұндай шартты жасау оның міндеті болып табылады.
Орытынды
“Сақтандыру” деген сөздің өзі “қорқыныш” деген сөздің мағынасынан шыққан, бірақ мұны дұрыс түсіну қажет, яғни бұл жерде “қорқыныш” деген сөз, адамның белгілі бір затты жоғалтамын немесе бүлдіремін деген сезім туғандықтан пайда болады. Бірақ бұл көбінесе “тәуекел” деген сөзге сәйкес келеді. Cонымен, қорыта келгенде сақтандырудың адам өмірінде маңызы өте зор. Ол арқылы әрбір адам өзінің материалдық құндылықтарын жоғалтпауына сенімді болуына болады.Болашақта не боларын ешкім білмейді. Сондықтан да кез-келген тәуекелді сақтандыру дұрыс болады деп ойлаймын. Сақтандыру қазіргі кезде Қазақстан Республикасында қарқынды дамуда. Және болашақта Қазақстанда сақтандыру саласы шетел мемлекеттеріндегі сияқты деңгейге жетеді деген үміт бар.
Қорыта келе, нарықтық қатынастарға өту бірқатар маңызды құрылымдық өзгерулерге әкеліп, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру жүйесіне күрделі әсер етті. Мемлекеттік монополиядан сақтандыру нарығындағы сақтандыру операцияларына өту жүзеге асырылған. Қазіргі кезде барлық шаруашылық субьектілерінде нақты сақтандыру назарымен қоса өздерінің жұмыстарын құруға ұмтылатын жаңа сақтандыру компанияларының құрылу процесі жедел дамытуда.
Ұлттық сақтандыру нарығын құқықтық реттеудің заңдылық базасын ҚР “Сақтандыру туралы” заңы қалады. Сол уақытта сақтандыру нарығына бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан сақтандыру қадағалауы құрылған. 1996 жылы Қазақстан сақтандыру қадағалауы ҚР Қаржы Министрлігінің сақтандыру қадағалау департаментіне ауыстырылды.
ҚР құрылып жатқан сақтандыру нарығы ҚР – ның Азаматтық кодексі мен жалпы заңның құқықтық нормалармен бекітілген меншік пен ұйымдастыру – құқықтық нормаларының түрлі формаларындағы сақтандырушылармен толуда. Спецификалық сақтандыру қатынастары “Сақтандыру қызметі туралы” ҚР заңымен, ҚР Президенті жарлықтарымен және сақтандыру бойынша ҚР Үкіметі қаулысымен реттеледі. Нарық шарттарында сақтандыру ұйымдарының әртүрлі түрлері бар.
Сақтандыру саласының дамуы Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына өз үлесін қосады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы, экономиканы нарық қатынасына қайта бейімдеу, шетел капиталын тарту, ішкі тауар өндірушілер мен жұртшылықтың, сондай-ақ шетелдіктердің экономикалық мүдделерін сақтандыру жағынан қорғайды, барынша кеңінен талап етеді. Бұл ақыры шетел компанияларымен бірлескен сақтандыру ұйымдары, жетекші шетелдік сақтандыру және брокер фирмаларының өкілдіктерінің аккредитациясын құру қажеттігіне әкеп соғады.
Сонымен қатар, сақтандыру брокерлері туралы болашақта Қазақстанда да шетел фирмаларының үлгісінде брокерлік бөлімше-сақтандыру ұйымы мен сақтанушы арасындағы делдалдық құрылуы ықтимал. Мәселен, агент бір ғана сақтандыру ұйымының мүддесі үшін жұмыс істесе, брокер сақтанушының өкілі ретінде бірнеше сенімді деген сақтандыру ұйымдарына өз қызметін ұсына алады. Бұл бағыттағы алға қадам бізде жасалды: сақтандыру агенттері, сақтандыру брокерлері аталып, олардың еңбегіне ақы төлеу жағдайы жетілдіріліп, қазір брокерлердің табысы олар жасаған келісімдердің санына байланысты. Еңбек тиімділігі артып: шындығында сақтандыру төлемі 3,5 есе өсті. Осының бәрі республикадағы сақтандыру ісінің одан әрі дамуы үшін жағдай жасайды.
Сонымен, болашақта сақтандырудың маңызы өте зор. Оның адам өмірінде атқаратын қызметі өте жоғары. Сақтанушылар көлемі жылдан-жылға өсуде.
Сақтандыру құқықтың жаңа саласы болып табылатындығына, осы жұмысты жазу барысында өмірде кездесетін факторларға байланысты болғандықтан, көзім жетті.
Өркениетті елдерде сақтандыру тек экономиканың басты бөлігі ретінде ғана болмайды, сонымен қатар әлеуметтік деңгейдің дамуын да көрсетеді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Нормативті құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыздағы 1995 жылғы және оған 17 қазан 1998 жылғы өзгерістерімен толықтыруларымен.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметін лицензиялау туралы 19.04.1996 жылғы қаулысы.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің 04.12.1998ж. қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің сақтандыруды қадағалау Департаменті туралы ережесі;
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің «Сақтандыру ұйымдарының сақтандыру операциялары және сақтандыру резервтері туралы мағлұматтарды беру тәртібі туралы« 15.11.1999 ж. қаулысы;
5. Қазақстан Республикасының ҰБ Басқармасының сақтандыру ұйымдарының және қайта сақтандыру ұйымдарының жарғылық және өзіндік капиталының төменгі мөлшерін бекіту туралы 20.04.2000 ж.қаулысы.
6. Қазақстан Республикасының ҰБ Басқармасының Сақтандыру ұйымдарының басшы қызметкерлеріне тағайындалуға жататын кандидатураларға келісім беру тәртібі және өкілетті мемлекеттік органның квалификациялық комиссиясының өкілеттігі туралы 24.08.2000 жылғы қаулысы.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің Басқармасының Сақтандыру қызметін жүзеге асыруда оффшорлық аймақ деп танылған аймақтардың тізімін бекіту туралы 20.04.2001 жылғы қаулысы.
8. 27.11.2000 ж. Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2000-2002 жж. Сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
Арнайы әдебиеттер:
1. Александров А.А. Страхование, М., Приор – 2001ж.
2. Брагинский М.И. Договор страхования, М., Статут – 2005ж.;
3. Борроу К. Основы страховой статистики, М., 2008ж.
4. Жуйриков К. Страхование: одна из платформ Казахстанского Барса, А., 2009ж.;
5. Жуйриков К., Назарчук И. Страхование без прошлого и настоящего нет будущего. Алматы, РИК, 2008 ж.
6. Мухитдинов Н.Б., Найманбаев С.М. Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқару, Алматы, 2006 ж.
7. Петров Д.А. Страховое право. Знание, СИБИВОСОП, 2008ж,
8. Сухов В.А. Государственное регулирование финансовой устойчивости страховщиков. М.,2007 ж.
9. Шахов В.В. Страхование , Москва, Юнити, 2009 жыл.
10. Худяков А.И. Страховое право РК, А., Жеті – Жарғы – 2008ж.;
11. Фогельсон Ю.Б. Комментарий к страховому законодательству, М., Юрист – 2009ж.
[1] Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің статистикалық бюллетені. 1/2010. 1 57-бе
[2] «Қаржы нарығы жәие қаржы ұйымдарын реттеу жәнес кадағалау агенггігінің» мәліметтеріпен