Азақстан Республикасының банк жүйесі: ағымдық жағдайы және даму болашағы

Банк жүйесі- банк операцияларының бірыңғай ұлттық немесе халықаралық жүйесіне біріктірілген банкілердің жиынтығы, яғни бір бірімен және сыртқы ортамен тығыз байланыстағы банкілердің жиынтығы. Бір жүйедегі банкілер несие, есеп айырысу операциялары мен өзгедей операцияларды жүзеге асыруды, нормативтік актілермен реттеледі.

Қазақстанның банктік нарығы жетілмеген бәсеке нарығы болып табылады. Бұнда тауардың дифференциациясы маңызды орын алады, яғни сапаны жақсарту, атақты ұлғайту арқылы банктің банктік өнімінің бөлінуі.

Бұндай жағдайларда банктер жарнаманың әр түрлі әдістері арқылы өзінің атағын күшейтуге және қоғаммен байланыс бойынша қандай да бір шаралар арқылы өзінің репутациясын жақсартуға ұмтылады.

Олар біздің республикамызға өтіп жатқан әр түрлі маңызды шараларға демеуші ретінде қатысады, акционерлер жиналысын жүргізеді, жылдық есеп беруді құрайды, жарнамалық проспекттер мен буклеттерді шығарады, теле және радио жарнамаға айтарлықтай сомада шығын жұмсайды. Бірақ менің ойымша, клиенттерді ұлғайту үшін уақыт қажет, өйткені экономикалық және саяси жағдайдың тұрақсыздығынан, банктердің жұмыс уақытының кішігірім аралығынан, шетел валютамен салыстырғанда ұлттық валютаның құбылуынан және басқа да сипаттамаларынан тұтынушылар өз ақшаларын сеніп тапсыру ықтималдығы төмен болады. Бұдан басқа заңнамалық база, көбінесе, өткізу нарығын шектейді.

Екінші деңгейлі банктердің қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру барысында кеңінен қолданылатын негізгі төлем құралы – төлем тапсырмасы болып табылады, аз мөлшерде: төлем талап тапсырмасы, аккредетив және инкассалық өкім қолданылады, қолма-қолсыз төлем айналымында чек және вексель арқылы есеп айырысудың үлесі төмен болып отыр. Ал төлем карточкасын пайдалану арқылы жасалған операциялар төлемдер санының ең үлкен бөлігін алады.

Қазіргі кезеңде қолма-қол ақшаны алу үшін кеңінен қолданылатын есеп айырысу құралына төлем карточкалары жатады. 1960 жылдың ортасынан бастап төлем карточкалары кеңінен қолданылған. Ал Қазақстан Республикасындағы төлем карточкалары нарығы 1994 жылдан бастап дами бастады.

Соңғы кездерде дәстүрлі ақшаларды электронды ақшаларға ауыстыру туралы көп айтылып жүр. Пластикалық карталардың кең өріс алуы және интернетте төлем жүргізу жүйесі электронды ақшалар мәселесінің жалпы қоғамдық мәселеге айналуына әсер етті. 90-шы жылдардан бастап дамушы елдерде қолма-қол ақшаның жаңа түрі болып табылатын электронды ақшаларды енгізу бойынша жобалар жүргізілді. Қағаз және металл ақшаға қарағанда элетронды ақшаларда ақша ретінде пластикалық карталардан немесе персоналды компьютерлерден шығатын ЭЕМ жадындағы электронды импульста болады. Элетронды ақшаларды енгізудегі негізгі мәселе оның елдің ақша-несие жүйесіне әсері болып табылады.

Вексельмен жасалатын коммерциялық банктердің операцияларын мынандай түрге бөлуге болады: Активтік операциялар: вексельді есепке алу; Пассивтік операциялар: вексельді қайта есепке алу (орталық банктің жүзеге асыруы); Кепілдік операциялары: аваль, вексельді кепілге ала отырып ссуда беру; Коммиссиондық операциялар: вексельді инкассалау және домициляция; Активтік-кепілдік операция: вексельді акцептеу.

Коммерциялық банктердің кеңінен тараған вексель операциясына - вексельді есепке алу операциясы жатады. Вексельді есепке алу операциясы басқа операцияға қарағанда дамыған. Банктер есепке алу үшін коммерциялық вексельдерді ғана қабылдайды. Банк есепке алу үшін вексельді қабылдау барысында клиенттен тиісті құжаттарды талап етеді және вексельдің мәтіні мен тұлғаның төлем қаблеттілігін тексереді. Есепке алу үшін қабылдаған әрбір вексельге «вексельдік құжаттаманы» жүргізеді. Есепке алу үшін қабылдаған вексель қатаң түрдегі есеп беру құжаты ретінде сақталады.

Қазақстанда банктердің акцептік операциялары дамымаған. Ұлыбритания, Германия және Францияның коммерциялық банктері осы операцияны жүзеге асырады. Бұл операцияның дамымай отырған себебі біріншіден осы операцияға қатысты заңның болмауы, екіншіден банк үшін тәуекелдің жоғары деңгейде болмауы, үшіншіден коммиссиондық мөлшердің жоғары болуы.

Шетел тәжірибесінде вексельді кепілге ала отырып ссуда беру, белсенді банктік операциялар қатарына жатады. Ал Қазақстанның тәжірибесінде бұл операция кездеспейді.

Қазақстанда есеп-айырысу төлем механизмін қалыптастыру барысында еліміздің ерекшеліктеріне сай келетін шетел тәжірибесін есепке алу керек. Қандай да болмасын елдің қалыптасқан дәстүріне, әдет-ғұрпына, банктің қызмет ету ерекшеліктеріне қарай есеп айырысу қызметі ұйымдастырылады. Әрбір елдің өзінің ерекшеліктеріне, алдына қойған мақсаттарына байланысты төлем механизмі болады, яғни әрбір елдің есеп-айырысу төлем механизмі экономиканың қажеттілігін қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан да мысалы, АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Франция елдері дебеттік аударымдар құралдары арқылы есеп айырысуды жүзеге асырады. Германия, Жапония, Нидерланды және Швеция елдері есеп айырысу барысында кредиттік аударымның құралдарын қолданады. Сондықтан да банктердің операцияларын жетілдіру және дамыту барысындағы маңызды аспект – банк қызметі аясындағы шетел тәжірибесін талдау, зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып өзімізге қолайлыларын алу болып табылады.

Наши рекомендации