Кардиналистік және ординалистік тәсілдер.Госсен заңы
Игіліктің пайдалылығы(utility) – оның қайсыбір қажеттілікті қанағаттандыру қабілеттілігі, яғни адамдардың нақты субъективті (жеке) қажеттіліктерін қанағаттандыратын қасиеттерінің бары. Игіліктердің құндылығын қалай өлшеуге болады деген сұрақты ең алғашқы болып экономика теориясының маржиналистік мектебінің өкілдері қойды. Қөзқарастары бойынша олар 2 бағытқа бөлінді – кардинализмжәнеординализм.Тарихи бірінші мектеп – кардинализмнің оқуы бойынша – пайдалылықты кез-келген экономикалық шама тәрізді (сияқты) санды түрде өлшеуге болады, ол үшін оның ғылыми болжамды өлшеу бірліктері (ютильдер) енгізілді. Қазіргі заманға сай келетін бағыттың (ординализмнің) өкілдері пайдалылықтың абсолюттік шамасын өлшеу мәселесінен салыстырмалы ұнатуларды табу мәселесіне көшті, яғни «адам ойында тауарлар ең керекті, қажеттілерден ең аз тартымды, қажеттілігі аздау тауарларға дейін қойылған тәртіп, сан». Тұтынудың ординалистік теория мектебі тұтыну қасиеттері бойынша балама тауарлар жиынтығын таңдауда тұрпатты тұтыну мінез-құлық қағидаларын, ақиқаттарын қысқа әрі дәл жеткізіп, қисынын келтірген.
Пайдалылықтың ординалистік (реттік) теориясы(Дж.Хикс, В.Парето, Е.Слуцкой, Р.Аллен) тұтынушы мінез-құлқын зерделеуге басқа методологиялық амалды (тәсілді) ұсынады. Ол тұтынушының өзі игілік пайдалылығының реттік салыстыруына негізделген. Тұтынушы барлық игіліктерді белгілеген ретке, ең бағалыдан бағасызға дейін қойып, өзі таңдайды. Тұтынушы реттік салыстыруында басшылыққа алатын заңдылықтарды анықтау үшін ординалистер тұтынушылар ұнатуларының қалыптасу жалпы қағидаларын баяндайтын аксиомаларды (ғылыми айқын шындық) әзірлеген. Пайдалылықтың ординалистік (реттік) теориясы (Дж.Хикс, В.Парето, Е.Слуцкой, Р.Аллен) тұтынушы мінез-құлқын зерделеуге басқа методологиялық амалды (тәсілді) ұсынады. Ол тұтынушының өзі игілік пайдалылығының реттік салыстыруына негізделген. Тұтынушы барлық игіліктерді белгілеген ретке, ең бағалыдан бағасызға дейін қойып, өзі таңдайды. Тұтынушы реттік салыстыруында басшылыққа алатын заңдылықтарды анықтау үшін ординалистер тұтынушылар ұнатуларының қалыптасу жалпы қағидаларын баяндайтын аксиомаларды (ғылыми айқын шындық) әзірлеген.
Пайдалылықтың кардиналистік (сандық) теориясы бойынша (У.Джевонс, К.Менгер, Л.Вальрас және т.б.) сатып алған нәрседен тұтынушы алған қанағаттың дәрежесін дәл анықтауға болады. Экономикалық игіліктердің санын біртіндеп көбейте бере, тұтынушы жалпы пайдалылықты көбейтуге ұмтылады.
Госсен заңы кез келген тауардвң тұтыну көлемі бірлікке өскенде,тауарлардың шекті пайдалылығы өспейді,сонымен қатар,игілік қоры аз болса,соншалықты оның бірлігі жоғары бағаланады.
Дельта x= xi-xi-1=1
Қасиеттері:
1.Егер пайдалылық функциясы үзіліссіз дифференциалданатын функция болса,онда шекті пайдалылық келесі түрде көрсетіледі:MU(x)=U'(x)=lim ұмтылғанда дельта икстан шексіздікке дейін deltaU/delta x
2.Егер пайдалылық функциясы кесте түрінде берілсе,онда икс мөлшерін тұтынғанда тұтынушының алатын қанағаты келесі жағдайда анықталады: MU,=Ui-Ui-1=deltaU/deltaxi deltax1=1
3.Егер пайдалылық функциясы екі аргументке тәуелді болса,онда х және у тауарларының топтамаасы келесідей тұтынуды көрсетеді.
MUx=delta U/delta x MUx=delta U/delta y
10.Тұтынушы қалауы және талғамсыздық қисығы.Алмастырудың шекті формасы.
Тұтынушының таңдауын модельдеу (үлгілеу) үшін ординалистік теориясында талғаусыздық қисық сызықтары қолданады.
Талғаусыздық қисық сызықтары – қисық сызық, оның әр нүктесінде 2 игіліктің жиынтығы бар, олардың пайдалылығы бірдей, сондықтан тұтынушыға қайсысын таңдаса да бәрібір.
Талғаусыздықтың қисық сызығы
. Бір игіліктің екіншісімен ауысу шамасын анықтау үшін ауысудың шекті нормасы түсінігі пайдаланады – MRS (marginal rate of substitution).
Х игілігін Y игілігімен ауыстырудың шекті нормасы – тұтынуды қамтамасыз етудің дәрежесі сол күйінде қалу шартымен Y игілігі тұтынуын 1-ге көбейту айырбасына оның тұтынуы қысқартылуға қажет Х игілігінің саны.
MRSXY = - ∆X/∆Y U = сonst жағдайында.
Талғаусыздық қисық сызығының төмен түскен түрі ауысудың шекті нормасы әрқашан теріс болуымен себептелген, яғни Х игілігін көбірек алу үшін, тұтынушы Y игілігінің тұтынуын қысқартуға (азайтуға) мәжбүр болады.
Қисық сызығының еңкіштігі MRS шамасын көрсетеді – ол басқа игіліктерді қосымша тұтыну үшін бас тартуға дайын игілік бірліктерінің саны. Талғаусыздық қисық сызығының дөңестігі (бірақ олар әрдайым дөңес емес) MRS тұрақсыз шама екендігін білдіреді: бір игілікті екінші игіліктің орнына тұтынудың өсуімен (көбеюімен), олардың ауысу үдерісінде бұл шама азаяды. Мына мысалды қарайық: майы көп, бірақ наны жоқ адам нан алу үшін майдың жартысын, бөлігін беруге дайын. Нанды қайта-қайта айырбастаған сайын май азая береді де, енді айырбасталған майдың әр бөлігінің құндылығы өсе береді, ал айырбасталған нанның әр бөлігінің құндылығы түседі. Сонымен, майды нанмен ауыстыру нормасы азайып, талғаусыздық қисық сызығы жайпақталады. Х және Y тауарлары қандай екендігіне байланысты талғаусыздықтың қисық сызықтары әр түрлі болуы мүмкін:
1. Х және Y тауарлары – мүлде өзара ауыстырылатын: MRSXY = сonst, ал талғаусыздықтың қисық сызықтары тура сызықтарға айналады (28-а суреті);
2. Х және Y тауарлары – бір-бірін мүлде өзара толықтыратын: талғаусыздықтың қисық сызығы 2 өзара перпендикуляр кесінді болып келеді (28-б суреті);
3. 28-в суретінде тұтынушы неғұрлым көп тауарға ие болған сайын, соғұрлым көпке ие болғысы келетін ахуал көрсетілген – талғаусыздықтың қисық сызығы координаталардың басында ойыс, батыңқы
Талғаусыздық қисық сызығының түрлері