Ылым мен өндірістегі рөлі

Метрология - өлшемдер туралы, олардың бірлігі мен талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ететін әдістер мен құралдар туралы ғылым. Метр/я: 1. Теориялық метрология - физикалық шамалар және олардың бірліктерін, өлшеу және оның қателіктерінің, өлшеу құрал/ң теориялық сипаттамасын зерттейді. 2. Зандық метрология – мемлекеттік бірліктердің өлшемдерін қолдануда мемлекеттік талаптарға сай келуін зерттейді 3. Қолданбалы метрология – теориялық метрологияның практикада қолданылуын зерттейді. Метрологияның басты міндеті - өлшем бірліктерін қамтамасыз ету;өлшем нәтижелерін бірыңғай заңдастырылған бірліктермен көрсету;олар берілген жорамалдан шықпауы тиіс өлшем нәтижелерінің жол берілетін қателерін (қателіктерін) және шектерін белгілеу;Сынақ нәтижелерін тану және түрлерін бекіту . Дәл өлшеулер мен зерттеулер арқасында ғылым үлкен жетістіктерге жетті: ғарышта, жаңа технологияларды дайындауда және өндірісті автомат/да.Көптеген өндірісте өлшеулерде жіберілген қателіктерге байланысты шығын көлемі жылдық капиталдың 30% құрайды.

2.Шамалар, олардың классификациясыӘр түрлі қасиеттерді сандық анықтау үшін «шама» ұғымы енгізіледі, сонымен Шама басқа қасиеттердің ішінен ерекшеленетін және белгілі бір әдіспен бағаланатын белгілі бір объектінің қасиеті. Шамалар: нақты және идеал.Нақты шамалар: физикалық (жаратылыстану және техникалық ғылымдарда зерттелетін, материалдық объектілерге тән шама) ;физикалық емес (философияда, әлеуметтануда экономикада және т.б. зерттелетін шамалар) ; Идеал шамалар (математикаға жатады, нақты ұғымдардың жалпыламасы болып табылады, сол немесе өзге тәсілмен есептеледі) Физикалық шама - физикалық объектілердің немесе процестердің өлшенген қасиеттері. Физикалық шамалар: өлшенетін және бағаланатын. Физикалық шамаларды құбылыстар түрлері бойынша топтарға бөлінеді: Энергетикалық (активті) - энергияны (қуатты, кернеуді) түрлендіру, тарату және пайдалану процестерінің энергетикалық сипаттамаларын сипаттайды (ток, кернеу, қуат, энергия, заряд); Заттық (пассивті) - заттардың, материалдардың және олардан жасалған бұйымдардың физикалық, физика-химиялық қасиеттерін (масса, тығыздық, сыйымдылық және т.б.) сипаттайды ( электрлік кедергі, сыйымдылық, индуктивтілік және т.б.) оларға өлшеуіш ақпарат белгілерін қалыптастыратын қосымша энергия көзі қажет; мұнда пассивті физикалық шамалар өлшенетін активті шамаларға түрленеді. Уақыттық процестерді сипаттайтын (процестердің уақытта өтуін сипаттайды) - әр түрлі спектрлік сипаттамалар, корреляциялық функциялар және т.б. .

3.Физ/қ шамалар бірліктері, бірліктер жүйесіФизикалық шаманың бірлігі – бұл белгіленген мөлшердің физикалық шамасы, оған біртекті физикалық шамаларды сандық өрнектеу үшін қолданылатын, бірге тең, сандық мән шартты түрде берілген. Физикалық шаманың негізгі сипаттамасы оның өлшемдігі “dim Q” болып табылады – берілген шаманың негізгі физикалық шамалармен байланысын көрсететін, дәрежелі көпмүше түріндегі өрнек; ондағы пропорционалдылық коэффициенті бірге тең болып қабылданған.

ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru

L, M, T, I – берілген жүйенің негізгі шамаларының шартты белгілері; a, b, g, h- тұтас немесе бөлшек, оң немесе теріс заттық сандар.

Бірлік жүйесі түсінігін 1832 жылы неміс ғалымы К.Ф.Гаусс ұсынған. Бұл жүйеде ұзындық бірлігі мм, масса бірлігі мг, уақыт бірлігі с деп қабылданған. Бірліктердің бұл жүйесі абсолютті деп аталды.

1881 жылы СГС: см, гр, с негізгі бірліктері; туынды бірліктері: күш бірлігі – кг-күш және жұмыс бірлігі эрг қабылданған. Итальяндық ғалым Джорджи МКСА деп аталған және әлемде кең таралған бірліктер жүйесін ұсынды. Бұл жүйенің негізгі бірліктері: м, кг, с, А; туынды бірліктері: күш бірлігі – Н, энергия бірлігі – Дж, қуат бірлігі – ватт. Өлшемдер мен салмақтар бойынша бас конференция 1954 жылы халықаралық қатынастарда қолдану үшін физикалық шамалардың алты негізгі бірлігін анықтаған: метр, килограмм, секунд, ампер, Кельвин градусы және свеча. ХІ бас конференция 1960жылы бірліктердің халықаралық жүйесін бекітті (СИ).

4. СИ жүйесі, бірліктер, халықаралық жүйесінің артықшылықтарыӨлшемдер мен салмақтар бойынша бас конференция 1954 жылы халықаралық қатынастарда қолдану үшін физикалық шамалардың алты негізгі бірлігін анықтаған: метр, килограмм, секунд, ампер, Кельвин градусы және свеча. ХІ бас конференция 1960жылы бірліктердің халықаралық жүйесін бекітті (СИ).ТМД елдерінде және Экономикалық ынтымақтастық одағына кіретін елдерінде СИ жүйесі 1980 жылдың 1 қантарынан күшіне енді. Ұзындық бірлігі – метр – вакуумдағы жарықтың 1/299792458 үлес секундта жүріп өтетін жол ұзындығы; Масса бірлігі – килограмм; Уақыт бірлігі – секунд ;Электр тоғының күш бірлігі – ампер; Термодинамикалық температура бірілігі – кельвин; Заттар мөлшерінің бөлігі – моль Жарық күшінің бірлігі – кандела Радиан – шеңбердің екі радиусының арасындағы бұрыш, олардың арасындағы доғаның ұзындығы радиусқа тең.1 рад = 57°17’48.8’’

Стерадиан – сфераның бетінде қабырғасы сфераның радиусына тең квадратты қиып алатын төбесі сфераның центрінде орналасқан денелік бұрыш.Халықаралық жүйесінің артықшылықтары:

1.Әмбебаптылығы - ғылым мен техниканың өндірістің барлық аумақтарын қамтиды. 2.Бірліктердің унификациялануы. Мысалы,бұрын қолданылып келген қысымның бірнеше бірліктердің (атм, мм.су.бағ., бар, т.б) орнына Халықаралық жүйеде паскаль ғана,ал жұмыстың және энергияның (оның ішінде жылу энергиясының) бұрынғы бірліктердің (кгс∙м,эрг, кал,эв,кВт∙сағ т.б) орнына тек бір ғана джоуль (Дж) қолданылатын болды. 3.Қолдануға ыңғайлылығы 4.Когеренттілігі. Туынды шамалардың бірліктерін анықтайтын физикалық теңдеулердегі пропорционалдық коэффициентінің өлшемсіз бірге тең болуы.5.Массаның өлшем бірлігі (килограмм) мен күштің өлшем бірлігінің (ньютон) айырмашылығының айқындалуы

6.Теңдеу мен формулаларды жазудың жеңілдеуі 7.Әр түрлі елдер арасында ғылыми-техникалық және экономикалық байланыстар кезінде өзара түсіністіктің жақсаруы

6.Өлшем,өлшем түрлері (ақпаратты алу бойынша)Өлшеу – белгілі бір физикалық шаманың мәнін өлшеу құралының комегімен табу арқылы физикалық объектінің қасиеттерінің сандық сипатын анықтау

Өлшеу: 1. Ақпаратты алу әдісі бойынша 2. Уақытқа тәуелділігіне байлынысты 3. Өлшенетін ақпарат саны бойынша 4. Алынған мәлімет дәлдігіне қатысты 5. Негізгі бірліктерге қатысты бойынша.Ақпаратты алу әдісі бойынша өлшеу: тікелей, жанама,жиынтық, үйлесімді. Тікелей өлшеу – ізделініп отырған мәнді тәжірибе барысында өлшеу құралдарының көмегімен бірден анықтау. Бұл жағдайда физикалық шама мәні өлшегіш құралды объектіге жанастыру арқылы табылады. Тікелей өлшеуді x=Q формуласымен өрнектеуге болады, мұнда x - табылатын шама мәні, ал Q - тәжірибеден тікелей анықталған мәлімет. Жанама өлшеу – табылатын шама мәнін өлшегіш құралды объектіге жанастырмастан, тікелей өлшеу нәтижелері мен ізденіп отырған шаманың арасындағы белгілі функциялық тәуелділіктің көмегімен табу. Жанама өлшеуді мынадай формуламен өрнектеуге болады:

ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru

x – табылатын шама мәні, Q – тікелей әдіспен табылатын шамалар. Жиынтықты өлшеу – бірнеше аттас шамаларды бір мезгілде өлшеу. Бұл жағдайларда осы шамалардың олардың әртүрлі терулері үшін тікелей өлшеп, ізделетін шаманы теңдеулер жүйесін шешу арқылы табады. Теңдеулер жүйесінің шешімі ізделінген шаманы табуға мүмкіндік береді.Үйлесімді өлшеу – екі не одан да көп әр аттас шамаларды бір мезгілде өлшеп, олардың арасындағы тәуелділікті табу.Жиынтық және үйлесімді өлшеулер көбінесе электротехника саласында әр түрлі параметрлер мен сипаттарды өлшеуде қолданылады.

7. Өлшем, өлшем түрлері( уақытқа тәуелдігі бойынша). Өлшеу белгілі бір физикалық шаманың мәнін өлшеу құралының комегімен табу арқылы физикалық объектінің қасиеттерінің сандық сипатын анықтау .Өлшеу: 1. Ақпаратты алу әдісі бойынша 2. Уақытқа тәуелділігіне байлынысты 3. Өлшенетін ақпарат саны бойынша 4. Алынған мәлімет дәлдігіне қатысты 5. Негізгі бірліктерге қатысты бойынша.

Уақытқа тәуелділігіне байлынысты өлшеу: статикалық, динамикалық, статистикалық. Статикалық - өлшеу барысында уақыт бойынша физикалық шама мәнінің тұрақты болуы. Динамикалық - өлшеу барысында өлшенетін шама мәнінің өзгеріп отыруы.Статистикалық өлшеулер кездейсоқ үрдістердің сипаттамаларын анықтаумен байланысты.

8. Өлшем, өлшем түрлері (алынған мәлімет дәлдігі бойынша) Өлшеу – белгілі бір физикалық шаманың мәнін өлшеу құралының комегімен табу арқылы физикалық объектінің қасиеттерінің сандық сипатын анықтау.Өлшеу: 1. Ақпаратты алу әдісі бойынша 2. Уақытқа тәуелділігіне байлынысты 3. Өлшенетін ақпарат саны бойынша 4. Алынған мәлімет дәлдігіне қатысты 5. Негізгі бірліктерге қатысты бойынша. Алынған мәлімет дәлдігіне қатысты өлшеу: ең жоғарғы дәлдікті, бақылау-сәйкестеу, техникалық. Ең жоғарғы дәлдікті өлшеуге эталондық өлшеулер, физикалық тұрақтыларды өлшеу жатады. Бақылау-сәйкестеуөлшеулерге өлшеу техникасының жүйелік қателігін белгілі мөлшерден асып кетпеуін және тағайындалған стандартқа сәйкес келуін қадағалайтын мемлекеттік бақылау лабораториялары жүргізетін өлшеулер жатады. Техникалық өлшеудің дәлдігі өлшеу құралдарының сипаттамаларымен анықталады.

9. Өлшеу қателіктері және оның классификациясыҚандай да бір физикалық шаманың сандық мәнін абсолют дәл өлшеу мүмкін емес:Абсолют дәл өлшей алатын прибор болмайды;Адамның сезім мүшелерінің мүмкіндіктері шектеулі. Сондықтан, эксперименттік жұмыстардың немесе техникалық өлшеулердің қорытынды мәліметтерін есептегенде олардың қателіктерін көрсету міндетті.“Қателік” ұғымы келесі ұғымдарды дәл анықтауды талап етеді: Физикалық шаманың ақиқат мәні-берілген обьектінің қасиетін сандық қатынаста да,сапалы қатынаста да анық көрсететін мән;Физикалық шаманың нақты мәні – эксперимент түрінде анықталатын және ақиқатқа жақын мән;Өлшеулер нәтижесі - өлшеу жолымен табылған шаманың ақиқат мәнінің жуықталған бағасы.Өлшеу нәтижесінің қателігі – бұл Х өлшеу нәтижесі және өлшенетін шаманың Q ақиқат (немесе нақты) мәні арасындағы айырым.

Δ=X-Q

Өлшеу құралының қателігі - өлшеу құралының көрсеткіші және өлшенетін физикалық шаманың ақиқат (нақты) мәні арасындағы айырым. Қателіктер келесі белгілер бойынша жіктеледі: Айқындалу сипаты, Өрнектелу тәсілі, Пайда болу орны, Өлшенетін шамаларды өлшеу сипаты. Айқындалу сипаты бойынша:Кездейсоқ қателік, Жүйелі қателік, Үдетуші қателік, Өрескел қателік Кездейсоқ қателік-сол және бір жағдайларда бірдей мұқияттылықпен жүргізілген, физикалық шаманың сол және бір өлшемін қайта өлшеу сериясында кездейсоқ түрде өзгеретін,өлшеу қателігін құраушы.Кездейсоқ қателіктерді сипаттау кездейсоқ процестер және математикалық статистика теориясы негізінде ғана мүмкін болады.Жүйелі қателік-сол және бір физикалық шаманы қайта өлшеу кезінде тұрақты болып қалатын немесе заңды түрде өзгеретін,өлшеу қателігін құраушы.Үдетуші (дрейфтік) қателік - уақыт өткен сайын баяу өзгеретін, алдын ала болжанбайтын қателік. Үдетуші қателік өлшеу құралдары қателіктерінің динамикасын және олардың метрологиялық сенімділігін зерттеу кезінде пайдаланылады. Өрескел қателік ( ағаттық ) – бұл өлшеулер қатарына кіретін, жеке бақылау нәтижесінің кездейсоқ қателігі, ол берілген шарттар үшін осы қатардың қалған нәтижелерінен күрт ерекшелінеді.

10. Жүйелік қателік, пайда болу себептеріЖүйелі қателік-сол және бір физикалық шаманы қайта өлшеу кезінде тұрақты болып қалатын немесе заңды түрде өзгеретін,өлшеу қателігін құраушы.Жүйелі қателіктің пайда болу себептері:-нақты өлшеу құралы параметрлерінің сұлбмен көзделген,есептік мәндерден ауытқуы;-механизмде болатын тесіктер есебінен қосымша бұрылысқа әкеліп соғатын,олардың айналу осіне қатысты,өлшеу құралының кейбір тетіктерінің теңгерілмегендігі;

-шағын қаттылықтар жағдайларында қосымша жылжуға әкелетін,өлшеу құралы тетіктерінің серпімді деформациясы; -градуирлеу қателігі немесе шкаланың ығысуы;-өлшенетін тетіктерді базалауға арналған бағыттаушы құрылғылардың біркелкі емес тозуы;-өлшеу құралы тетіктерінің жұмыстық беттерінің тозуы;-өлшеу құралының жарамсыздықтары.

11. Өлшеу әдістері.Өлшеу– белгілі бір физикалық шаманың мәнін өлшеу құралының комегімен табу арқылы физикалық объектінің қасиеттерінің сандық сипатын анықтауӨлшеу әдістері: Тікелей бағалау әдісі, Салыстыру әдісі.Тікелей бағалау әдісі - Егер өлшенуші шаманы сол шаманың өлшем бірлігімен немесе сол шамаға функциялық қатынаста болатын басқа шамалардыңөлшем бірлігімен градуирленген бір немесе бірнеше өлшеу құралдарының көрсетуі бойынша анықталады.салыстыру әдісі – өлшенуші шама мералардың мәнімен салыстыру арқылы табылатын әдістер.Салыстыру әдісі: Дифференциалдық әдіс, Орын басу әдісі, Сәйкес келу әдісі.нөлдік әдіс (дифференциялдық әдістің бір түрі)Ерекшелігі - екі шаманың салыстырылу мәні нөлге келтіріледі.Бұл мән өте дәл өлшеу құралы- нөл-индикатормен бақыланады. Осы жағдайда өлшенуші шаманың мәні мераның жаңғыртатын мәніне тең. артықшылығы- жоғары дәлдік

Сәйкес келу әдісі - өлшенуші шамамен мераның көрсетуінің айырымы шкаладағы белгілердің немесе периодты сигналдардың сәйкес келуі бойынша анықталады.Орын басу әдісі - кезекпен ізделінуші шаманы және өлшенуші шамамен біртекті болып келетін мераның шығысындағы сигналды өлшейді.

12. Өлшеу құралдары өлшеу құралы - нормаланған метрологиялық сипаттмаларға ие, белгілі уақыт аралығында өлшемі өзгермейтін жаңғыртатын немесе сақтайтын техникалық құрылғы Функциялық қызметі: Берілген өлшемді жаңғыртушы өлшеу құралдары(кір тасы – берілген массаны жаңғыртады ) Өлшенуші шаманың мәні туралы мәлімет беретін өлшеу құралдары(стрелкалы немесе цифрлы өлшеу құралдары) Өлшенуші шаманың физикалық сипатына байланысты: Механикалық шамаларды өлшеуші, Жылулық шамаларды өлшеуші, Магнитэлэктрлік шамаларды өлшеуші . Жұмыс істеу принципі бойынша: мералар; өлшеу түрлендіргіштері; өлшегіш приборлар;компораторлар. Мера – шаманың берілген мәнін қажетті дәлдікпен жаңғыртатын өлшеу құралы.Егер мера физикалық шаманың бір ғана мәнін жаңғыртса,онда - бір мәнді мера деп аталады.Оларға:1кг кір тасы,қалыпты элемент, сыйымдылығы айнымалы конденсатор,т.б. Егер мера физикалық шаманың бірнеше өлшемін жаңғыртса,онда көп мәнді деп аталады (мералар жиыны,мералар магазині,т.б. )

Өлшеу түрлендіргіші - өлшем беруге, әрі қарай түрлендіруге,өңдеуге және сақтауға ыңғайлы,бірақ бақылаушыға тікелей білінбейтін пішіндегі өлшеу мәліметін шығаратын өлшеу құралдары

Түрленуші шама кіретін шама,алынған мәлімет шығатын шама деп аталады.Бұл екі шаманың қатынасы түрлендіруфункциясымен сипатталады. Егер түрлендіру нәтижесінде физикалық шаманың табиғаты өзгермесе, ал түрлендіру функциясы сызықты болса,онда түрлендіргіш – масштабты түрлендіргіш немесе күшейткіш деп аталады.

Өлшегіш приборлар - бақылаушыға қабылдауға ыңғайлы пішіндегі физикалық шамаларды тіркейтін

өлшеу құралдары(ең көп тараған түрі – тікелей әсер етуші приборлар) манометрлердің кейбір түрлері,термометрлер,амперметрлер,вольтметрлер,т.б.

компоратор-біртекті шамалар мераларын немесе бірнеше өлшеу приборларының көрсеткішін өзара салыстыру мақсатында қолданылатын өлшеу құралдары

13. Мера.– шаманың берілген мәнін қажетті дәлдікпен жаңғыртатын өлшеу құралы.Егер мера физикалық шаманың бір ғана мәнін жаңғыртса,онда - бір мәнді мера деп аталады.Оларға:1кг кір тасы,қалыпты элемент, сыйымдылығы айнымалы конденсатор,т.б. Егер мера физикалық шаманың бірнеше өлшемін жаңғыртса,онда көп мәнді деп аталады (мералар жиыны,мералар магазині,т.б. ). Мераның түрлері: улгілік мералар -аттестациялық қателігіне

байланысты мералар (разрядтарға бөлінеді). Ол өлшеу құралдарын тексеріп салыстыру

үшін қолданылады; жұмыс мералары -дәлдік класы берілген мералар. Техникалық өлшеулер үшін қолданылады.

14. Эталон– өлшеу дәлдігі, физикалық шамалардың бірліктерін жаңғыртып, сақтап және тұтынушыларға беріп отыруды қамтамасыз ететін,белгілі тәртіппен бекітілген өлшеу құралы. Ол мемлекеттік және халықаралық деп бөлінеді. Мемлекеттік эталондар - Метрологиялық институттарда сақталады. Мемлекеттік эталондармен арнайы мамандар ғана жұмыс істей алады. Бүгінгі таңда ҚРда 50 мемлекеттік эталон бар. Олардың көпшілігі Ресейдегі эталондардың көшірмесі болып табылады. Халықаралық эталондар - Мералар мен таразылардың Халықаралық бюросында сақталады. Халықаралық эталондар белгілі бір тәртіппен ұлттық эталондармен салыстырылып отырады. Метр мен килограмның эталондары әрбір 25 жылда бір рет салыстырылады,электрлік және жарық эталондары (вольт, ом,канделла, люмен) әрбір үш жылда бір рет салыстырылады.Эталондар қолданылу қызметі бойынша :•Бірінші эталон- эталон шаманың бірлігін мемлекет көлемінде ең жоғарғы дәлдікпен жаңартылуы. •Екінші эталон -метрологиялық тәжірибеде бірінші эталондардың көшірмесі. Е.Э.дар ірі мемлекеттік метрологиялық қызмет орындарында сақталады. жалпы түрде е. эт.дарға Өлшеу құралдар кешені,Топ эталондар, Жеке-дара эталондар, Эталондар жиыны жатады. Е. эт. қызметі жағынан бірнеше түрге бөлінеді: Көшірме-эталон бірліктерді сақтап, оларды қажет жағдайда жұмыс эталондарына беріп отыру үшін пайдаланылады. Куәгер-эталон мемлекеттік эталон сынып н/е жоғалып қалғанда, оны қайтадан жасау үшін қолданылады. Салыстыру-эталоны өзара салыстырыла алмайтын 2 эталонды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланыла-ды. Жұмыс-эталоны өндіріс орындарында (зауыттарды) өлшеуіш приборларды жасағанда пайдаланылады. •Арнайы эталон-шама бірлігін ерекше жағдайда жаңғыртатын эталон.

15. Метрдің эталоны - Ұзындықтың бірлігі таяқшаның екі сызықшасының арасы (0C- та) болып табылады. Платина-ирийден жасалған эталонның дәлдігі 0,1-0,2мм-ден аспады.Ғылым мен техниканың тез өрістеуі метр эталонның одан да дәл болуын талап етті.18 ғасырдың соңында алғаш метрлік жүйе енгізілгенде алғашқы метрдің эталоны қабылданды.Метр (1 метр) ретінде Париж меридианының 20 миллионнан бір бөлігі қабылданды. 1799 ж доғасының бір бөлігін өлшеу нәтижесіне негізделіп платинадан метрдің эталоны жасалды.Ол эталон Францияның Ұлттық архивіне сақтауға берілді. Соңынан бұл эталон «Архив» эталоны деп аталды. Архив метрінің ені 25мм, қалыңдығы 4 мм-ге жуық, ұштарының арасы 1 м сызғыш түрінде жасалды. Метрдің эталоны 1872 жылы сол Архив метрінің негізінде қайтадан жасалды.1889 ж Бас конференциясының шешімімен мұндай эталонның 31данасы жасалып,сол конференцияның шешімімен метрдің прототипі болып қабылданды.Қалған 30 эталон басқа мемлекеттерде таратылды. 1960 ж Мералар мен таразылардың 11 Бас конференциясы метр эталонының жаңа үлгісін қабылдады.

16. Килограммның эталоны -Массаның бірлігі. Алғаш метрлік жүйені енгізгенде килограмның эталоны ретінде таза судың тығыздығы ең жоғары мәніне сәйкес келетін температурадағы (4 С) оның 1дм көлемнің массасы алынды.1889 жылы өткен мералар мен таразылардың Бас конференциясында масса мен салмақтың (күш) айырмашылығы көрсетіліп, қабылданған килограмның эталоны масса эталоны ретінде анықталды.

17. Секундтың эталоны - Уақыт бірлігі.1960 жылға дейін 1 секундты орташа күн тәулігінің 1/86400 бөлігі ретінде анықтап келді.1960 жылы уақыт бірлігінің астрономиялық анықтамасы қабылданды: 1 секундтың ұзақтығы жердің өз осінде айналу периодына емес, Жердің Күнді айналу периодына негізделіп анықталды. •1967 ж мералар мен таразылардың XIII Бас конференциясы уақыттың бірлігі секундттың жаңа бірлігін қабылдады.Бұл анықтама бойынша бір секунд деп сырттан әсер етуші өрістер жоқ кезде Цезий-133 атомның негізгі күйінің жіңішке құрылымының екі деңгейінің арасындағы энергетикалық өсудің резонанстық жиілігіне сәйкес 9192631770 тербеліс жасалатын уақыт интервалын түсініп келеді.Уақыт бірлігін жаңғыртудың орташа квадраттық ауытқуы үш айда 1-10-нан аспайды.Жүйелік қателігі 5-10-нан аспайды.Эталонның жиілігінің тұрақсыздығы 1000с-тан 10 тәулікке дейінгі аралықта 5-10-нан аспайды.

18. Ампердің эталоны - Электр тоғының күшінің бірлігі. 1893жылы ең алғашқы ампердің эталоны Чикагода өткен электриктердің Халықаралық конгресінде қабылданды .Ол Халықаралық ампер деп аталды және былай анықталды: Халықаралық ампер-азот қышқылды күмістің судағы ерітіндісі арқылы тоқ жүргенде 1с ішінде 0,0011180 г күміс бөліп шығаратын өзгермейтін тоқ. Қазіргі кезде атом ядросының қасиеттерін зерттеу нәтижесінде қол жеткізген жетістіктер келешекте ампер эталонның жаңа нұсқаларын жасауға мүмкіндік береді.Сондай эталонның бірі ядролық магниттік резонанс құбылысына негізделген.

19. Кельвиннің эталоны - Температураның бірлігі.1954 жылы температураның бірлігі ретінде кельвинтағайындалды.Сонымен 1 кельвин (1К) судың үштік нүктесінің термодинамикалық температурасының 273,16 бөлігіне тең болды.Цельский шкаласына мына қатынаспен өтуге болады:(t C=1K). 1598 жылы ең алғашқы термометрді Галилей жасады. Ол термометрдің жұмыс істеу принципі термометрлік заттың температураға тәуелді көлемнің өзгеруіне негізделген. 1927 жылдан бастап таразылар мен мералардың VII Бас конференциясы Халықаралық практикалық температуралық шкаланы (XПТІП) қабылдады.Өзінің даму кезеңінде түрлі өзгертулерге ие болған бұл шкала 1968жылы едәуір жетілдірілді.Ол XПТШ-68 деп аталды. 1989 жылы қыркүйек айында өткен термометрия бойынша кеңестік комитеттің 17-сессиясында Халықаралық температуралық шкала – ХТШ-90 Кельвиннің анықтамасын ХПТШ-68 секілді қабылдайды.Температура бірлігінің мемлекеттік эталондарының бірлікті жаңғырту принциптері ХПТШ-68 шкаласындағыдай қалды. Оның мынадай ерекшеліктері бар: •жаңғыртылатын температура интервалының төменгі нүктесі 13,8К-нен0,65К-ге дейін жеткізілді. •жаңа реперлік нүктелер-галлийдің балқу нүктесі,индийдің,алюмиийдің және мыстың қатаю нүктелері енгізілді.

20. Канделланың эталоны - Жарық күшінің бірлігі. ХІХ ғасырда жарық күшінің бірлігі және оның эталоны ретінде свеча (қазақша-шам) қолданылды.1881 жылы өткен элэктриктердің Халықарлық конресінде жарық күшінің бірлігі – Виола қабылданды.1 Виола ретінде қатая бастаған ауданы 1 см платина бетінен нормаль бағытта шығатын жарық күші алынды.

21. Кездейсоқ қателіктер, ықтималдық сипаттамалары - Кездейсоқ қателіктер - өлшеу шарттарының кездейсоқ өзгеруі нәтижесінде пайда болатын қателіктер. Бұл жағдайда өлшеу нәтижелерінің бір-бірінен алшақтығын алдын-ала анықтауға болмайды, олар белгілі заңдылықпен өлшеу саны көп болғанда анықталады. Кездейсоқ қателіктердің ықтималдылық сипаттамасы: Интегралдық және Дифференциалдық таралу ф-ялары.Кездейсоқ шаманың интегралды таралу ф-ясы :

ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru

Кездейсоқ шаманың F(x) интегралды таралу ф-ясы деп кездейсоқ шама і-ші тәжірибеде Х-тен кем мәнге ие болатын әрбір мәні әрбір Х үшін ықтимал оқиға болатын ф-яны айтады:

ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru

Интегралды ф-яның қасиеттері: Теріс емес, демек F(x)≥0;Кемімейді, демек, егер х2 ≥х1 болса, онда F(x2)≥F(x1);0-ден 1 дейін өзгереді, F(-∞)=0, F(+ ∞)=1;Х кездейсоқ шаманың х1 және х2 аралығында жату ықтималдылығы P{x1<x<x2}=F(x2)-F(x1) тең.

Кездейсоқ шаманың дифференциалды таралу ф-ясы :

ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru

Өлшеулердің кездейсоқ қателіктерін диф.ды таралу ф-ясымен сипаттау көрнекілеу әрі кең таралған. Оны көбінесе, ықтималдылықтың таралу тығыздығы деп атайды:P(x)=dF(x)/dx Кездейсоқ шамалардың дифференциалды ф-ясының мынадай қасиеттері бар: Теріс емес, демек, P(x)≥0; Нормаланады, демек,

ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru

22. Өлшеу нәтижелерін бағалау. Қалыпты таралу. Өлшеу нәтижесі –кездейсоқ шама. Мақсаты: тәжірибе бойынша алынған нәтижелер үшін өлшенетін шаманың шынайы мәнінің анықтау;Бұл жағдайда жүйелік (систематикалық) қателік ескерілмейді. Статистикалық мәліметтерге қойылатын талаптар: дәлелділік, тұрақтылық, тиімділік. Дәлелділік – өлшеу саны көбейген сайын бағалайтын шама шынайы мәніне ұмтылады. Тұрақтылық- математикалық күтым шынайы мәніне ұмтылады. Тиімділік - бірнеше бағалау үшін дисперсиясы аз бағалау ең тиімді болып саналады.Қалыпты таралу (Гаусс таралуы) - Қалыпты таралу қисығы ордината өсі арқылы симметриялы; таңбалары әр түрлі, бірақ мәндері бірдей қателіктердің ықтималдықтар тығыздығы бір-біріне тең; көп өлшеулер үшін қателіктер бірдей жиі кездеседі. Кездейсоқ шаманың математикалық күтімі нөлге тең ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru

ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru

ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru

t = Δх/σ (Δх = x - mx) ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru

ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru

23. Қателіктердің жіберілген шектері.Келтірілген қателік - Нормаланатын мәннен пайызбен есептелетін салыстырмалы қателік. Әдетте нормаланатын мән ретінде шкаланың соңғы мәні алынады (бір жақты шкаласы бар аспаптар үшін өлшеудің жоғары шегі немесе ортасында нөлі бар аспаптар үшін -шектер сомасы.)

ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru ; ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru өлшеу құралының құрамында аддитивті және мультипликативті құраушылары бар кезінде; х- өлшенетін шаманың мәні, a, b - х-ке тәуелді емес оң сандар Жіберілетін келтірілген негізгі қателіктің шектері:

ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru хн – х өрнектелген бірлікте келтірілген нормаланған мән; р – стандартталған мәндер тізбегінен ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru (мұндағы n=1, -1, -2 және т.б.) таңдалатын өлшемсіз оң сан.

Жіберілетін салыстырмалы негізгі қателіктің шектері:

ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru ; ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru

q – стандартталған мәндер тізбегінен таңдалатын өлшемсіз оң сан; ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru – өлшемдер шектері ішіндегі модулі бойынша ең үлкені (өлшеудің жоғарғы шегі немесе ортасында нөлі бар аспаптар үшін өлшеулер шектерінің сомасы); c, d – стандартталған мәндер тізбегінен таңдалатын оң сандар; х – аспап көрсеткіші. Жіберілетін қосымша қателіктің шектері жіберілетін негізгі қателіктің шегінің үлесті мәні түрінде орнатылады. Дәлдік класының белгісі аспаптардың шкаласына немесе корпусына жазылады. Өлшем құралдарының дәлдік кластары шартты белгілермен (әріппен, санмен) белгіленеді. Жіберілетін негізгі қателіктер шектері және сәйкес келтірілген немесе салыстырмалы қателік түрінде өрнектелетін өлшем құралдары үшін дәлдік кластары пайызбен осы шектерге тең сандармен белгіленеді.

24. ҚР калибрлеу жүйесіӨлшем құралдарын калибрлеу – метрологиялық сипаттамалардың нақты мәндерін және мемлекеттік метрологиялық бақылауға жатпайтын өлшем құралдарының қолдануға жарамдылығын анықтау және растау мақсатында жасалынатын операциялардың жиынтығы. Өлшем құралдарының жарамдылығы деп оның метрологиялық смпаттарының нормативтік құжаттарда көрсетілуі немесе тапсырыс беруші анықтауы мүмкін, одан бұрын орнатылған техникалық талаптарға сәйкес келуін айтады. Жарамдылық туралы қорытындыны калибрлеуші зертхана жасайды. Өлшем құралы - өлшем жүргізуге арналған және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал. Калибрлеу – ерікті операция және оны кәсіпорынның өзінің метрологиялық қызметтері жасау мүмкін.Талаптардың ең бастысы – жұмысшы өлшем құралын ұлттық эталонға міндетті сәйкестендіру. Қазақстанның калибрлеу жүйесінің (ҚКЖ) қағидалары: Ерікті кіру; Өлшеудің жұмысшы құралдарының, мемлекеттік эталондарынан бірлік мөлшерлерінің міндетті берілуі; ҚКЖ субъектілерінің кәсіпқойлығы және техникалық біліктілігі; Өзін-өзі ақтау

ҚКЖ-нің субъектілері: шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына бағынатын эталондарды пайдалану арқылы өлшем құралдарын калибрлеу құқығына аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері; мемлекеттік-ғылыми метрологиялық орталықтар (Қазақстаннның Мемстандарты ның метрологиялық институттары) және өлшем құралдарын калибрлеу құқығына заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін аккредиттеу құқығы бар ҚКЖ-де аккредиттеуші орган ретінде тіркелген Мемлекеттік метрологиялық қызметтің органдары; ҚКЖ қызметін ұйымдастырушылық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша функцияларды атқаратын метрологиялық қызметтің ҚҒӘО, ҚКЖ-нің кеңесші органы – ҚКЖ қызметінің техникалық саясатының мәселелері бойынша ҚКЖ-ң орталық органының шешімдер жобаларын қалыптастыру және талқылау үшін Қазақстанның Мемстандарты құрған ҚКЖ Кеңесі. ҚКЖ Қеңесінің мүшелері: аккредиттелген метрологиялық қызметтердің басшылары,халық шаруашылығы салаларының және кәсіпорындардың ғылыми-зерттеу институттары мен бірлестіктердің, сондай-ақ, басқа да ҚКЖ-не қызығушылықтары бар қоғамдар мен бірлестіктердің өкілдері

25.Калибрлеу аралық интервал.Өлшем құралдарын калибрлеу – метрологиялық си -паттамалардың нақты мәндерін және мемл кеттік метрологиялық бақылауға жатпайтын өлшем құралдарының қолдануға жарамдылығын анықтау және растау мақсатында жасалынатын операциялардың жиынтығы. Калибрлеуаралық интервал – күнтізбелік уақыт аралығы:1. өлшем құралының осы түріне нормативтік құжаттардың негізінде белгіленетін, осы түрдегі өлшем құралдарының барлығына ортақ интервал. Бұл жағдайда сынау нәтижелері бойынша өлшем құралының түрін бекіткен кезде калибрлеуаралық интервал ҚР Мемстандартымен анықталады; 2. Берілген түрдегі өл шем құралын ұйымдар мен кәсіпорындарда пайдаланудың нақты жағдайларына сәйкес белгіленген интервал. Егер бекітілген интервал нормативтік құжаттарда көрсетілген өлшем құралының осы түріне сәйкес келмесе, оның шамасын Мемстандартпен немесе оны аккредиттелген ведомстволық метрологиялық қызметпен келісу керек Мемлекеттік бақылауға жатпайтын өлшем құралдары үшін калибрлеуаралық интервал заңды тұлғаның метрологиялық қызметінің шешімімен анықталады; Маңыздылығы жоғары өлшеу опер ацияларына арналған өлшем құралынының калибрлеуаралық интервалы. 3. өлшем құрал дарын пайдалуныдың күнтізбелік уақытын ескерумен байланысты, өйткені олардың құрамдас бөліктерінің ескіруінен қателер көбейеді, сол себепті тексеруаралаық интер вал қысқартылған.Тексеруаралық интервалдың барлық түрлеріне ортақ болып өлшем құрал дарының метрологиялық істен шықпауының көрсеткіштерін есептеу болып табылады.

26.Тура өлшеу әдісі. Өлшеу–белгілі бір физикалық шаманың мәнін өлшеу құралының көмегімен табу арқылы физикалық объектінің қасиет терінің сандық сипатын анықтау.Тура өлшеу әдісі-ізделініп отырған мәнді тәжірибе бары- сында өлшеу құралдарының көмегімен бірден анықтау.Бұл жағдайда физикалық шама мәні өлшегіш құралды объектіге жанастыру арқылы табылады. Тікелей өлшеуді x=Q формуласымен өрнектеуге болады, мұнда x - табылатын шама мәні, ал Q - тәжірибеден тікелей анықталған мәлімет.

ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru 27.Жанама өлшеу – табылатын шама мәнін өлшегіш құралды объектіге жанастырмастан, тікелей өлшеу нәтижелері мен ізденіп отырған шаманың арасындағы белгілі функциялық тәуелділіктің көмегімен табу. Жанама өлшеуді мынадай формуламен өрнектеуге болады:

ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru x – табылатын шама мәні, Q – тікелей әдіспен табылатын шамалар.Жанама өлшеулер кезінде тәуелділіктер:

ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru 1) сызықтық

ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru - тұрақты коэффициент;

2) Сызықтық емес

ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru - қандай бір функция;

3) тәуелділіктің аралас типі ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru

28.Эталонмен салыстыру әдісі-Салыстырып тексеру (калибрлеу) әдістері:Эталонмен тікелей салыстыру; Компаратор (салыстырғыш) көмегімен салыстыру; Шаманы түра өлшеу;Шаманы жанама өлшеу. Эталонмен тікелей салыстыру-Салыстырып тексерілетін өлшем құралын сәйкес разрядтағы эталонмен тікелей салыстыру әдісі электрлік және магниттік өлшеулер сияқты салалардағы кернеуді, жиілікті және ток күшін анықтау үшін түрлі өлшем құралдарында пайдаланылады. Әдістің негізінде: салыстырып тексерілетін және эталонды аспаптармен бір физика- лық шаманы бір мезгіл де өлшеу.қателік тексерілетін және эталонды өлшем құралының көрсеткіштерінің айырмасы ретінде анықталады. Артықшылығы: оңайлылығы, көрнектілігі, автоматты тексеруді пайдалану мүмкіндігі, күрделі құрылғыларды қолданбау.

29.Компаратор көмегімен салыстыру- Компаратор – салыстырып тексерілетін (калибрленетін) және эталонды өлшем құралдары салыстырылатын құрал (Қажеттілік бір шаманы өлшейтін құралдың көрсеткіштерін салыстыру мүмкін емес жағдайда). Мысалы, біреуі тұрақты, екіншісі айналмалы токқа арналған екі вольтметрдің көрсеткіштерін салыстырғанда. Мұндай жағдайда салыстырып тексеру (калибрлеу) сұлбасында аралық буын енгізіледі (компаратор-потенциометр). Артықшылығы: екі шаманы салыстыру уақыттарының кезектігінде.

31Өлшем құралдарын метрологиялық атестаттау-бірен-саран данада шығарылған немесе әкелінген өлшем құралдарының өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі норматив тік құжаттардың талаптарына сәйкестігін белгілеу (растау) .Метрологиялық аттестаттау: 1.Куәліктегі алынған нұсқаумен ӨҚ тарайтын метрологиялық мінездемеге сәйкес анықтау мен бекіту 2.Тексеру кезінде бақылауға келетін ӨҚ метрологиялық мінездемелерінің тізімін бекіту 3.Тексеру әдістемесін байқау.Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы шешiм белгiленген үлгiдегi өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатпен куәландырылады, сертификаттың қолданылу мерзiмi оны берген кезде белгiленедi.

32.Өлшем құралдарын карибрлеу. Өлшем құралы-өлшем жүргізуге арналған және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал. Калибрлеу – ерікті операция және оны кәсіпорынның өзінің метрологиялық қыз- меттері жасау мүмкін.Талаптардың ең бастысы – жұмыс шы өлшем құралын ұлттық эталонға мін -детті сәйкестендіру. Өлшем құралын калибрлеу - өлшем құралының метро- логиялық сипаттамасының шын мәнін және (немесе) мемлекеттік метрологиялық бақы- лауға жатпайтын өлшем құралының қолдануға жарамдылығын анықтау мақса-тында сол өлшем құралының көмегімен алынған шама мәні мен эталон арқылы анықталған шаманың тиісті мәні арасын дағы ара қатынасты белгілейтін опера- циялар жиынтығы.

33.Өлшем нәтижелерін өңдеу ережелері-1.Бірнеше бір аттас шамаларды бір мезгілде өлшеу жүргізілетін өлшеулер жиынтық деп аталады, олар кезінде олардың ізделіп отырған мәнін теңдеулер жүйесін шешу арқылы табу. 2.Олардың арасындағы тәуелділікті анықтау үшін екі немесе бірнеше бір аттас емес шамаларды бір мезгілде өлшеу жүргізілетін өлшеулер бірлескен деп аталады. Жанама, бірлескен және жиынтық өлшеулер бір принципті маңызды ортақ қасиетпен біріктіріледі. Олардың нәтижелері өлшенетін шамалар мен тура өлшеулерге ұшырайтын шамалар арасындағы белгілі функционалды тәуелділіктер бойынша есептеумен анықта- лады. Айырмашылықтар тек функцио налды тәуелділікте ғана болады.

34Өлшем құралдарының қателіктері-Өлшем құралының қателігі - өлшенетін физикалық шаманың шынайы шамасы мен құрал қөрсеткішінің арасындағы айырым. Олар былай бөлінеді:Жүйелі қателіқ; Кездейсоқ қателіқ; Салыстырмалы қателік. Кіру немесе шығу бойынша- Кіру бойынша қателік кіру кезінде градуирлеу сипаттамасы көмегімен шаманың шынайы мәні бойынша анықталатын кіру кезіндегі шаманың шынайы мәнінің арасындағы айырмашылық

Dкір=Хшын-у(Хшын)/Кжан

Dшығ=КжанХшын-у(Хшын)

Келтірілген қателік-Нормаланатын мәннен пайызбен есептелетін салыстырмалы қателік. Әдетте нормаланатын мән ретінде шкаланың соңғы мәні алынады (бір жақты шкаласы бар аспаптар үшін өлшеудің жоғары шегі немесе ортасында нөлі бар аспаптар үшін -шектер сомасы. Жүйелі қателік-сол және бір физикалық шаманы қайта өлшеу кезінде тұрақты болып қалатын немесе заңды түрде өзгеретін,өлшеу қателігін құраушы. Салыстырмалы қателік – бұл өлшеудің абсолюттік қателігінің өлшенетін шаманың ақиқат мәніне қатынасы δ=Δ/Q=(X-Q)/Q

35.Өлшеу жағдайлары:Қалыпты өлшеу жағдайлары – өлшеу нәтижелерінің өзгеруі аздығы себебінен еленбейтін әсер етуші шамалар мәнінің жиынтығымен сипатталатын жағдайлар. Қалыпты өлшеу жағдайлары нақты типтегі өлшем құралының нормативтік құжаттарында немесе салыс- тырып тексеру (калибрлеу) кезінде орна- тылады. Мысалы, қоршаған ортаның қалыпты температурасы 20±2 С, ауаның қалыпты ылғалдылығы 60±5% және т.б. Жұмысшы өлшеу жағдайлары- Әсер етуші шамалардың мәні жұмыс аясы шегінде орналЖұмысшы өлшеу жағдайларыасатын жағдайлар және олар үшін қосымша қателік немесе өлшем құралы көрсеткіштерінің өзгерісі нормаланатын жағдайлар. Мысалы. Қоршаған орта температурасының жұмыс аясы -60 С-тан +60 С-қа дейін, желідегі кернеудің өзгерісі 180 В-тан 230 В-қа дейін.Өлшем құралын пайдаланудың қалыпты және жұмысшы жағдайлары сәйкес құжаттармен анықталады және өлшем құралының типіне байланысты болады.

36.Өлшем құралдарының дәлдік класы-Өндірісте немесе күнделікті өмірде өлшеу жүргізген кезде дәлдік қажет бола бермейді. Өлшемдер қателіктерінің мүмкін инструменталды (аппаратуралық) құраушылары туралы белгілі ақпарат өлшем құралдарының дәлдік класы көрсету арқылы алынады.Дәлдік класы- Жіберілетін негізгі қателіктің шектерімен анықталатын берілген түрдегі өлшем құра лы дәлдігінің жалпы сипаттамасы. Өлшем құралдарына дәлдік класы оны әзірлеу ке зінде беріледі. Ол берілген түрдегі өлшем құралының өкілетті партиясын зерттеу және сынау нәтижесінде жасалады. Мұн да жіберілетін қателіктердің шектеріне но мер қойылады және өлшеу диапазоны ше гінде қателіктерді өлшеу сипатына байла нысты абсолютті, келтірілген немесе салыстырмалы қателіктер түрінде өрнектеледі.

37.Физикалық шаманың өлшемділігі. dim(dimension) Физикалық шаманың негізгі сипаттамасы оның өлшемдігі “dim Q” болып табылады – берілген шаманың негізгі физикалық шамалармен байланысын көрсететін, дәрежелі көпмүше түріндегі өрнек; ондағы пропорционалдылық коэффициенті бірге тең болып қабылданған.

Мұнда L, M, T, I – берілген жүйенің негізгі шамаларының шартты белгілері; a, b, g, h - тұтас немесе бөлшек, оң немесе теріс заттық сандар. Оған негізгі шаманың өлшемдігі шығарылған дәреженің көрсеткіші, өлшемділік көрсеткіші деп аталады. Егер барлық өлшемділік көрсеткіштері нөлге тең болса, онда мұндай шаманы мөлшерсіз д.а.Өлшемділік ұғымы кеңінен пайдаланылады:-бірліктерді бір жүйеден екіншіге ауыстыру үшін; -теориялық тұжырым нәтижесінде алынған, күрделі есептік формулалардың дұрыстығын тексеру үшін; -шамалар арасындағы тәуелділікті айқындау кезінде; -физ/қ ұқсастық теория/да.

38.Негізгі және қосымша қателіктер.Өлшеу құралдарының инстремнталды қателігінің төрт негізгі құраушысы Негізгі қателігі: Өлшем құралының жеке қасиеттерінің өте идеалды болмауына байланысты қателік, яғни қалыпты жағдайдағы өлшеу құралының шынайы түлену функциясының номиналды түрлену функциясынан айырмашылығына байланысты. Негізгі қателік: Қалыпты жағдайларда өлшем құрал/н пайдаланумен байланысты, сондай-ақ өлшеу құралының берілген нұсқасының түрлену функцияс/ң өлшем құралының осы типіне тән т.рленудің номиналды функциясына сәйкес келуімен байланысты қателік. Жалпы жағдайда ол уақытқа тәуелді болуы мүмкін, жүйелі және кездейсоқ қателіктерден тұрады. Негізгі қателік градуирлеудің, калибрлеудің дәл болмауынан, ал техникалық өзгерістер кезінде өлшем құралы тобының түрлену функциясының әр қилылығымен, жүйелі және кездейсоқ қателіктердің туындауына алып келетін өзге де себептермен байланысты. Қосымша қателік: Сыртқы әсер ету шамаларының және қалыпты мәндерге қатысты кіруші белгілердің ақпараттық емес параметрлерінің өзгеруіне өлшем құралдарының әсеріне байланысты қателіктер Қосымша қателік:Өлшем құралын жұмыс жағдайларында қолдану кезінде пайда болады.Жүйелі және кездейсоқ қателіктердің сомасы түрінде де көрсетулуі мүмкін Қосымша қателіктердің көзі өлшем құралының кіру белгілерінің ақпараттық емес белгілеріне және олардың өзгерісіне әсері болуы мүмкін.Мысалы, иондағыш сәулеленуді жұтуға негізделген зат құрамы өлшеу аспабында зат арқылы өткен сәулелену тасқынының шамасы осы заттың құрамына ғана емес (ақпаратттық параметр), сондай-ақ зат үлгісінің қалыңдығына байланысты болады.

39.Өлшем құралдарын тексеру. 4 әдісі бар:эталонмен тікелей салыстыру; компаратор көмегімен сал/у; шаманы тура өлшеу; шаманы жанама өлшеу. Тәсілдері: 1.тексеру-метр.қ сипаттамаларды және олардың қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау негізінде ол құрал қолд.ға жарамд.н анықтау. 2.негізгі метр.қ сипаттама-тексерілетін өлшеу құралын аса дәл жұмыстық эталонмен сал.мен анық.н қателік. Тексерістер түрлері:-мем.к және ведомстволық;-периодтық және тәуелсіз;-кезектен тыс және инспекциялық;-кешенді және басқа. Тексеру әдістері:-өлш.н шамаларды және өлшемдермен ұдайы өсірілетін шамаларды тікелей сал.у;-сол және бір щаманы өлшеу кезінде тексерілетін және үлгілік аспаптың көрсетк.рін тікелей сал.у. Өлшем құралдарын тексеру əдістемесі - орындалуы өлшем құралдарының белгіленген техникалық жəне метрологиялық талаптарға сəйкестігін айқындауға жəне растауға мүмкіндік беретін операциялар мен ережелердің жиынтығы;

40.Өлшеудің негізгі аксиома, постулаттары. Аксиомалар:1. Априорлық ақпаратсыз өлшеу жүргізу мүмкін емес;2. Кез-келген өлшеу – бұл салыстыру;3. Өлшеу нəтижесі – бұл кездейсоқ шама.Постулаттар:1. Өлшенетін шаманың шынайы мəні бар;2. Шаманың шынайы мəнін анықтау мүмкін емес;3. Өлшенетін шаманың шынайы мəні тұрақты.

42.Таралу заңдары түрлері. Қалыпты таралу (Гаусс таралуы)

-Қалыпты таралу қисығы ордината өсі арқылы симметриялы

-таңбалары әр түрлі, бірақ мәндері бірдей қателіктердің ықтималдықтар тығыздығы бір-біріне тең

-көп өлшеулер үшін қателіктер бірдей жиі кездеседі

-Кездейсоқ шаманың математикалық күтімі нөлге тең

Біртекті таралу ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru

ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru

Үшбұрышты таралу заңы (Симпсон заңы)

ылым мен өндірістегі рөлі - student2.ru Цифралық өлшеу құралдары үшін: өлшенетін шама Тсч уақыт интервалына ауысады (өлшеу уақыты)

Бұл интервалдың өлшеуі Т0 периодты генератор импульсымен өлшенеді

Тсч, Т0 кездейсоқ орналасуына байл

Наши рекомендации