Бап. Жалған төлем карточкалары мен өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе өткізу

1. Жалган төлем карточкаларын, сондай-ақ багалы қагаздар болып табылмайтын өзге де төлем және есеп айырысу қужаттарын өткізу мақсатында жасау немесе өткізу-

2. Бірнеше рет жасалган немесе қылмыстық топ жасаган дәл сол іс-әрекеттер-

Жалған төлем карточкаларына, сондай-ақ бағалы қағаздар болып табылмайтын өзге де төлем жэне есеп айырысу құжаттарын өткізу мақсатымен дайындау немесе өткізгені үшін қылмыстық жауаптылық Қылмыстық кодекстің 232-бабында белгіленген.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі — төлем карточкалары мен өзге төлем жэне есеп құжаттарын дайындауды, айналымға шығаруды реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - төлем жэне есеп карточкалары, бағалы қағаз болып табылмайтын өзге есеп айырысу құжаттары.

Төлем жэне есеп карточкалары банктегі ағымдағы есеп, банк ашқан банк клиенттері-не берілген төлем құжаттары болып табылады. Өзге есеп құжаттарына (бағалы қағаз бо-лып табылмайтын) - түрлі аккредитивтер, авизо, төлем тапсырмалары және осыларға теңестірілген заңмен белгіленген құжаттар жатады.

Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан мына нысандардағы іс-әрекеттерді жасау арқылы сипатталады: 1) жалған төлем жэне есеп карточкаларын дайындау; 2) осы заттарды өткізу. Қылмыстық қүкьтқ бұзушылықтың объективтік жағының бұл белгілерін Қьшмыстық кодекстің 231-бабына талдау жасағанда толық ашып кеттік. Қылмыстық құқық бұзушылық осы эрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп табылады. Өйткені бұл і^ылмыстық кұқық бұзушылық формальдық құрамға жатады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жэне арнаулы мақсат - жалған төлем карточкаларын, өзге есеп құжаттарын дайындау немесе өткізуді басшылыққа ала отырылып істеледі. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъек-тісі 16-ға толған, кез келген адам.

Осы баптың 2-тармағында қылмыстың ауырлататын белгісі: бірнеше рет немесе қылмыстық топ жасаған эрекеттер үшін жауаптылық көзделген. Олардың түсінігі ҚК-тің 12, 31-баптарында көрсетілген.

Бап. Акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртібі мен қағидаларын бұзу, акциздік маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану

1. Айтарлықтай залал келтіруге әкеп соққан, акцизделетін тауарларды акциздік мар-калармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртібі мен қагидаларын бузу -

2. Көрінеу жалган акциздік маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын өткізу мақсатында жасау немесе иемдену, сол сияқты пайдалану немесе өткізу -

Айтарлықтай залал келтіруге экеп соққан акцизделетін тауарларды акциздік марка-лармен жэне (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тэртібі мен ере-желерін бұзу, акциздік алым маркасын қолдан жасау немесе алу, сол сияқты оларды пай-далану немесе өткізу эрекеттері үшін Қылмыстық кодекстің 233-бабында жауаптылық белгіленген.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі акцизделетін тауарларды акциздік мар-калармен немесе есепке алу-бакылау маркаларымен таңбалаудың тәртібімен ережелерін реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - акциздік алым және есепке алу-бақылау маркалары. Акциз жанама салықтың бір түрі. Көбінесе көпшілік қолданыстағы тұтыну тауарларын, сонымен бірге коммуналдық, көліктік басқа да кең тараған қызметтерге са-лынатын салықтың бір түрі. Ол тауар бағасының немесе көрсетілген қызметтер үшін бел-гіленген тарифке кіреді, сөйтіп ол табыс көзіне айналады. Осыған байланысты салықтың осы түрін төлегендерге акциздік алым маркалары беріледі.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы бірнеше эрекеттерді істеумен сипатталады. 1) Айтарлықтай залал келтіруге экеп соққан акцизделетін тауарлардың акциздік алым жэне есепке алу-бақылау маркасымен таңбалаудың тәртібі мен ережесін бұзу. Айтарлықтай залал деп айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе алатын соманы ай-тамыз; 2) акциздік алым жэне есепке алу-бақылау маркаларын қолдан дайындау; 3) осын-дай акциздік маркаларды алу; 4) сол сияқты қолдан жасалған акциздік жэне есепке алу-бақылау маркаларды пайдалану; 5) қолдан жасалған акциздік жэне есепке алу-бақылау маркаларды өткізу. Осында көрсетілген дайындау, алу, пайдалану, өткізу әрекеттерінің түсінігі Қылмыстық кодекстің 231, 232-баптарына талдау жасалғанда айтылды. Айлық есептік көрсеткіштен жүз есе алатын сомада келтірілген залал едэуір залал деп таныла-ды. Құрылысы жағынан қылмыстық кұқық бұзушылық материалдық құрамға жатады.

Көрінеу жалған акциздік марканы жэне (немесе) есепке алу бақылау маркасын өткізу мақсатында эзірлеу немесе алу, сондай-ақ пайдалану немесе өткізу осы қылмыс құрамының ауырлататын түрі болып табылады (233-баптың 2-тармағы).

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жэне мақсатпен жасалады. Кінэлі адам акцизделетін тауарларды акциздік алым маркасы-мен таңбалаудың тэртібі мен ережесін бұзады, акциздік алым маркаларын қолдан дайын-дайды немесе көрінеу қолдан жасалған акциздік марканы алады, пайдаланады немесе өткізеді. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған, кез келген адам.

Наши рекомендации