Метрологияның ғылым мен өндірістегі рөлі

Метрология – бұл қажетті дәлдікті алу амалдары мен бірлікті қамтамасыз ететін құралдар мен әдістер және өлшем туралы ғылым.

Метрология үш бөлімнен тұрады: теориялық, заң шығарушы және қолданбалы метрология.

Теориялық метрология – метрологияның дамуының іргелі негізін, физикалық тұрақты шама бірлігінің жүесін жасаумен және жаңа өлшеу әдістерін дамытумен айналысады.

Заң шығарушы метрология – мемлекетте қолданылатын өлшеу зертханалары, өлшеу құралдары, өлшеу әдістері мен өлшем бірлігі мен рұқсат етілген мемлекеттік талаптарды орнатады.

Қолданбалы метрология - әртүрлі саладағы теориялық және заң шығарушы метрологияның практикалық қолдануын жүзеге асырады.

Практикалық жұмыста өлшем бірлігі мен өлшенетін ауқымның арасындағы қатынас табылатын болса өлшеуді қолданбайтын ешқандай сала жоқ.Қандай да болсын реттеу, бақылау, жоспарлау, болжау тадаулары кезінде, өнімнің сапасы мен өлшемі және дайын өнім мен техникалық опперациялардың жүруі туралы және барлық өндіру цикілі туралы нақты мәліметтер болуы керек.Мұндай мәліметтерді параметрлермен көрсеткіштердің, әр түрлі физикалық шамалардың санын өлшеу жолымен алады.

Қажетті нақты алынған өлшеу мәліметтері дұрыс шешімді қабылдауды қамтамасыз етеді. Дұрыс емес мәлімет өнім сапасының төмендеуіне, апаттарға, ғылыми-зерттеу кезінде дұрыс емес шешімдерге, пайдалы кеңдер қорын дұрыс емес бағалауға, сауда-коммерциялық опперациялар кезінде есептен шатасуға әкеп соғады.

Өлшеуге бірыңғайыңғайласуөзара келісімге, мәлімет алмасуға, өлшеу құралдары мен әдістерін стандарттау мүмкіндігіне, халықаралық сауда алмасу жүйесіндегі сыналған өнім мен өлшеу нәтижелерін келісіліп қолдауға кепілдік береді. Өлшеуді жүргізетін барлық кәсіби метрологтар өлшеу кезінде (техникалық құралдармен көмегімен өлшеген кездегі табылатын шама мәні) алынған мәндері дұрыс деп үміттенеді. Алынған өлшеу нәтижелеріндегі үміттің жоқтығы ғана, оларды қайта өлшеп, басқа мамандар мен өлшеу зертханаларын қатыстыруға мәжбүр етеді.

Н.И. Тюриннің «Метрологияға кіріспе» кітабында «өлшеу қандай болсын мұқияттықпен өткізілгенімен, қандай да болсын нақты өлшеу құралдарын қолданғанымен өлшемнің нақты мәнін алу мүмкін емес» деп жазылған, яғни өлшеу мәнінің қателігі нөлге тең болмайды. Бұл жағдайда ықтималдық теориясы алынған өлшемді өлшенетін мәннің нақтысына жақындауына мүмкіндік береді және де ықтималдық теориясы бізді шектен шықпайтын ықтималды қателік шекарасын бағалауғамүмкіндік береді. Өлшеудің дұрыстығы алынған өлшеу нәтижелерінің сенімділік деңгейімен сипатталынады.

Егер де біз өлшеу туралы нақты және толық мәліметті білмесек, ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы жетістіктеріміз, ғарышты танып білуіміз, барлық салалардағы өнімнің сенімділігін қамтамасыз ететін жаңа техналогиялар мен материалдарды жасауымыз мүмкін емес болатын еді.

Көп жағдайларда күрделі мәселелерді, әр түрлі жердегі, әр түрлі уақыттағы әр түрлі өлшеу құралдарының қолдануымен алынған өлшеулердің көп болуы негізінде шешуге болады. Бұндай мәндерді тек қана олардың бір-біріне салыстырымдылық шарты кезінде ғана қолданылады. Дәлдік, бір-біріне салыстырымдылық, өлшеудің нақтылығын жоғарлату өндірісті автоматтандыруға мәжбүр етеді. Мәселе күрделі болған сайын, метрологияның мәні де арта түседі. Барлық іс-әрекет өлшеусіз мәнсіз болып табылады. Өндірістің көптеген саласында өлшеумен байланысты шығын көлемі жыл сайын салымның 30% құрайды.

Мысалыға, заманауи салмақты өлшеу құралдарының қателігі 1%, яғни өлшенетін барлық өндірістік өнімдердің 1% есептелмей қалады,электрлік қуаттың есептегіштердің қателігі - 2%, демекэлектр қуатының 2% есепке алынбайды. Егер жоғарыда аталынғандарды астық, мұнай, темір, тыңайтқыш үшін тоннаға, электр энергиясы үшін киловатқа айналдырсақ онда жыл сайынғы шығындар миллиондаған теңгеге айналады.

Егерде өлшеу дәлдігін екі есе арттыра алсақ онда материалдар мен өнімдердің мол мөлшері есепке алынар еді.

Өнім сапасын бақылауда, технологиялық процесті реттеуде, ауруларды емдеуде және т.б. өлшеу кезіндегі өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша метрологиялық қызметтің болмауы, ереженің бұзылуы жоғары қателігіне әкеп соғады.

Өнімді өндіру барысында дайын өнім сапасын бағалаудағы өлшеу жағдайын ғана емес технологиялық процестегі сапа деңгейін бақылау және өлшеу жағдайын ескеру қажет.

Жаңа бұйымдарды жасауда және әрбір технологиялық процестерді қайта құру кезінде қайта жасалған және аттестатталған әдістерді қолдана отырып өндірістегі метрологиялық дайындық жұмысынан өткізу қажет.

Метрологияның медицинададамаңызы өте жоғары. Медициналық өлшеу және сынау құралдарының көптеген түрі шығарылған. Медицинадағы өлшеу диагностикада, емдеуде, тазалықта қолданылады. Биологиялық объектінің параметрлерін өлшеу нәтижесі арқылыәрбір мүшенің немесе жалпы ағзаның жұмысқа жарамдылығын, жағдайын анықтайды. Емдеу мақсатында биологиялық объектіні емдеуде өлшеу жолымен бақыланатын параметрлері қатаң бақыланатын жасанды әсер жасалынады. Жасанды әсер және ағза параметрлерін өлшеу нәтижесі бойынша емдеу барысының дұрыстығы және көрсетілген қызметтің тиімділігі туралы шешімдер қабылданады.

Тазалықты зерттеуде қоршаған ортаның (су, ауа және т.б.) ағзаға әсері өлшеніледі.

Оператор алынатын өлшеу нәтижесінің сенімділігіне сенімді болуы керек. Ал ол үшін метрологиялық аттестаттаудан және сынаудан өткен, эксплуатациялау процесіндегі мерзімді тексеруден өткен өлшеу құралдарын пайдалану керек.

Өлшеу барысында қолданылатын өлшеу әдістері метрологиялық аттестаттаудан және тіркеуден өтуі қажет. Аттестатталынған өлшеу әдістерін қатаң сақтаған оператор ғана онымен алынған өлшеу нәтижесіне, қателіктің берілген шектен шықпайтындығына сенімді бола алады.

Наши рекомендации