Кәсіпорынның өндірістік қызметін талдау

СРС

Ндірістік менеджмент пәнінен

Ауелов Ансар МН441

Кәсіпорынның өндірістік қызметін талдау

Сүт өнеркәсібі- агроөнеркәсіп кешенінің ең негізгі бір бөлігі болып табылады. Сүт өнеркәсібінің тиімді қалыптасуы халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына және тұтынушылардың сүт өнімімен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді.Сүт өнеркәсібі өнімі- кәсіпорынның өндірістік қызметіндегі сүт өнімі түріндегі пайдалы нәтижесі. Сүт өнімдері – адам денсаулығына ең қажетті пайдалы заттармен қамтамасыз етілген тамақ өнімдерінің бірі. Сүт-тағамдардың ішіндегі ең құнарлы,әрі таңдаулы түрі.Оның құрамында жүзден астам витаминдер, қант, минералдық тұздар, т.б. түрлі элементтер бар. Мұның бір ерекшелігі – сол элементтердің бәрі адам ағзасы үшін өте пайдалы. Сондықтан да одан түрлі тағамдар, шипалы сусындар жасауға болады, демек, сүттің адамға сіңімділігі, қоректілігі және оның диеталық қасиеттері өте күшті.

Сүт өнеркәсібі халық шараушылығының маңызды саласы, сондықтан сүт және сүт өнімдерін өндіру тиімділігі халықтың өмірсүру деңгейіне әсер етеді.
Қазіргі уақытта мемлекетте сүт өндірісі тұрақтанып, сүт және сүт өнімдері өнеркәсібі дамып келеді.Оның бір жылдық орташа өсімі 4,95% құрайды.Сүт өнеркәсібі жыл сайын өсіп отырғанымен, отандық сүт өнімдерін өндірушілер нарықтағы сүт және сүт өнімдеріне сұранысты толық қанағаттандыра алмай отыр. Осыған байланысты сүт өнімдері импортының үлесі қарқынды дамуда.

Еліміздегі сүт өнімдері импортының көп бөлігін ірімшік, қойытылған сүт,құрғақ сүт, сары май алады.Сүт өнеркәсібіндегі экспорт көлемінің төмендеуіне әсер ететін негізгі себептер: құрғақ сүтті тұтыну көлемінің өсуі және отандық өнімдердің бағалық бәсекеге қабілетсіздігі болып табылады.

«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» (Агробизнес-2020 ) бойынша сүт өнімдерінің ішкі нарығы Қазақстанда 2020 жылы сүт эквивалентінде шамамен 1,6 млн. тонна құрай алады, соның ішінде жергілікті өнім сүт эквивалентінде шамамен 1,5 млн. тонна құрай алады.

Сүт өнеркәсібі халық шараушылығының маңызды саласы, сондықтан сүт және сүт өнімдерін өндіру тиімділігі халықтың өмір сүру деңгейіне тікелей әсер етеді.

Әлемдегі сүт өнеркәсіптерінің даму жағдайын ескере отырып, сүт және сүт өндірісінде инновациялық технологияны ендіру арқылы алға шығуға болатындығын атап өтуге болады, себебі бұл салада оның потенциалды дамуына мүмкіндік беретінін көрсетеді және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша келесі елдердің тәжірибесін қолданса болады: Канада, Франция, Ұлыбритания және т.б.

«Смак» ЖШС-гі сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорын болып табылады. Бұл кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметін бірнеше шаруа қожалықтарының бірігуінен бастаған болатын.

Кәсіпорын Қазақстан нарығында сұранысқа ие тамақ өнімдерін шығарады. Нарыққа шағын ғана зауыттың ену тиімділігін осы кәсіпорынның табиғи өнімдерді пайдаланатынынымен түсіндіруге болады. 1998-2001 жылдар аралығында кәсіпорын жемісті дамып отырды. Алғашқы кезде кәсіпорындар жекелеген шаруа қожалықтарынан құрылған болғандықтан; негізінен олар сүтті сүт өңдеу зауыттарына өткізумен айналысты. 1999 жылы осы кәсіпорын өз бетінше дайын өнім шығаруды ұйғарды, себебі сүт түріндегі шикізат ең төменгі бағамен өкізілетін еді. Сүт өнімдерін өңдеу үшін құрал-жабдықтар 1999 жылы сатып алынды. «Смак» ЖШС-гіне кейбір құрал-жабдықтарды шикізаттың жетіспеуінен зауытқа қайтаруға тура келді. Осы себептермен кәсіпорын нарыққа жоспарлаған ассортимент бойынша сүт өнімдерін шығара алмады. Бірақ кәсіпорын бірден өз өнімдерін тиімді өткізе бастады. Ал 2000 жылы өнімді сату көлемі нарыққа арзан тауарларды шығару есебінен ұлғайды. «Смак» ЖШС-гінде басқару батыс еуропалық мемлекеттер тәжірибесі бойынша жүргізіледі. Кәсіпорындағы басқару тәжірибесі шет елдікке көп ұқсас болғандықтан Ұлыбритания компанияларынан бірлесіп қызмет істеу туралы ұсыныстар түсті.

Өзінің құрылтайшыларының қызығушылығын пайдалану үшін табыс табу, жиналыста белгіленген жалпы тапсырмаларды, жарѓыдан шыққан функцияларды орындау үшін және Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік актілерімен және заң шығарушылардың қызметіне қайшы келмейтін қызметтерді жүзеге асыру. Ұйым қызметінің мақсаты болып табылады.

Өзінің жарғылық мақсаттарын жүзеге асыру үшін, ұйым келесідей қызметтерді орындайды:

– сүт және сүт өнімдерін құю мен өндіру;

– импорттық және отандық алкогольді өнімдер мен сусындарды құю;

– шикізаттар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу және дайындауларды, қайта өңдеулерді, өндірісті, жанама шаруашылықты дамыту мен ұйымдастыру;

– заңды және жеке тұлғаларға тауар-аралық, маркетингтік және т.б. қызмет түрлерін көрсету;

– Өндірістік тауарларды өткізу үшін аукциондарды ұйымдастыру, сату секциялары мен фирмалық таңбаларды ашу;

– жарнамалық және ақпараттық қызметті ұйымдастыру;

– Үзіндік сыртқы экономикалық қызмет;

– Өндірістік- коммерциялық, сатып-сатып алу мен табыс операцияларын

– жүргізу;

– Қазақстан Республикасының заң шығарушы органдарымен рұқсат

етілген және басқа да қызмет түрлері.

Ұйымның жарғылық капиталы 167670,1 мың тг мөлшеріндегі қызметін жүзеге асыру үшін қалыптасқан. Ұйым өзінің шығынын жабу үшін резервтік капитал құруы тиіс, ал оның сомасы жарғылық капиталдың қосылған сомасының кем дегенде 15 пайызына тең болуы тиіс. Резервтік капитал ұйымның әр жыл сайын таза табыстан аударылғаны арқылы пайда болады. Кәсіпорынның резервтік капиталы 25150,5 мың тг құрайды, ал егер алда- жалда белгілі бір төлем атқарса, онда біріктірілген жарѓылық капиталдан 15 пайызға кемиді. Жарғылық капиталды толтырып, белгіленген мөлшерге жету үшін, ұйым аударымдарды жаңартады.

– Ұйым мүшелері болып келесілер табылады:

– Жоғарғы мүше – Серіктестіктің Жалпы Жиналысы;

– Басқару мүшесі – Директорлар Кеңесі;

– Атқарушы мүшесі – Басқарма;

– Бақылау мүшесі – Ревизиялық комиссия;

– Басқарма көмекшісі – Қоғамның Директорлар Кеңесі арқылы Президент сайланады.

«Смак» ЖШС сүт, қаймақ, сүзбе, айран, ряженка, йогурт, балмұздақ, құймақ және сүт өнімдерін өндіреді.ҚазақстанРеспубликасының нарығының қалыптасуы мен нығайуына байланысты, нарық экономикасының бірте-бірте дамуына алып келді, жеке кәсіпкерлік дамыды, азық өнімдерінің өндірістік даму мүмкіншілігі анықталды. Жас кәсіпкерлер ұжымы – азық-түлік өнімдерін өндірумен айналыса бастады.

Алғашқы болып тізімге майонез бен сүзбеден жасалған ақ ірімшіктер енген болатын. Бүгінгі күн компания сүт өнім ең ірі өндірушілерінің төрттігіне кіреді. Компания нарық үлесінің 23 % құрайды.

«Смак» ЖШС-нің қызметі сұт өнімдерін өндіру және сату болып табылады. Тиімді баға мен суретті де, әсем қорабы бар, сапалы өнім шығаруға негізделіп, кәсіпорынның стратегиясынан шыққан, кәсіпорынға маркетинг қызметі енгізілген.

Кез-келген жүйе сияқты маркетингте өзінің бағыттары, әдістері және өткізу жолдары бар. Кәсіпорындағы маркетинг қызметі коммуникацияға, табысты ұйымдастыруға, бағаны қалыптастыруға, өнім ассортименті мен сапа жағынан саясат жүргізуге бағытталған маркетинг қызметі, сапа бөлімі мен бақылау мүшесі бір- бірімен тығыз байланысты. Өндіріс үрдісінің әр операциясында қолданылып, бұйымның пішінін тексеру үшін осы бөлімде 10 жұмысшы жұмыс істейді.

«Смак» ЖШС-нің сауда агенттері келесідей қызметтерді атқарады: жаңа тұтынушыларды тартады және іздейді, тауар бағасы мен ерекше қасиеттері жайлы ақпарат таратады, сусындарды көрсетеді (сыра,алкогольсыз сусындар), сатып алушылар мен өзінің қызмет ауданы жайлы кәсіпорынға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету. Сауда агенттерін таңдап болғаннан кейін оларды оқыту керек. “Смак” ЖШС-нің үміткерлерін оқыту келесідей түрлерде болуы мүмкін:

– кәсіпорынмен бастапкы таныстыру;

– сауда техникасына үйрету, яғни алдын-ала дайындау, келіссіз жүргізу, мәміле жасау техникасын кіргізеді.

«Смак» ЖШС-нің жеке сатуды енгізіп, ол туралы қорытынды жасағанда, ынталандыру жүйесінде коммуникация жолы ең тиімдісі болып табылады, бірақ оны жүзеге асыру үшін күрделі еңбек дайындығы және белгілі бір қаржылық шығын керек.

Кәсіпорында өнімді өткізу бөлімі бар оның ең негізгі бөлігі болып дайын өнімді Алматы қаласындағы нарықтарға және дүкендерге тиімді өткізу. Фирма өзінің дистребьютерлік жүйесі бар, ол дайын өнімді тек Алматы қаласында ғана емес сонымен қатар оның шетіне де өткізеді.

Өнімді өткізу үшін, өнімнің бағасы оның өзіндік құнына, биржа нарығында қалыптасқан бағаға және бөлшек саудаға байланысты қойылады. баға орнатудың ең негізгі қағидасы ол – беріктілік, өнім сапасының деңгейі, бәсекеге қабілеттілігі.

«Смак» ЖШС өнімі көбінесе әр түрлі жақтар бойынша өткізіледі олар:

1) еркін сауда нарығында және Алматы қаласындағы;

2) облыстардағы сауда нүктелерінде сатылады;

3) сонымен қатар олар жалақы есебінде және бартер түрінде беріледі.

«Смак» ЖШС өткізу бөліміне келесілер бағынады:

– 2 менеджер;

– ұсыныс қабылдайтын 2 диспетчер;

– 5 машина жүргізуші – экспедитор;

– өткізіү бөлімінде сонымен қатар келесілер жұмыс істейді:

– потенциалды клиенттерге өнімді жеткізетін 7 машина жүргізушілер;

– қор меңгерушісі.

Өнім өтіміділігіне байланысты ұйымында әртүрлі қызметтер жүзеге асырылып жатыр. Алматы қаласындағы ірі дүкендермен келісім шартқа отырып, өздерінің өндірген өнімдерін нарыққа шығарады. Мысалы: «Рамстор», «Сити орталық», «Ардагер» гипермаркеттері және әртүрлі ұсақ дүкендерге , базарларға сатуға береді..

Тұтынушылардың қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруыға байланысты үлкен және сәтті бағдарламаларды ойластырып, жүзеге асырылып жатыр. Айқын дәрежелерге жету үшін компания әлеуметтік сұрақтарды шеше білуі керек .

«Смак» компанияның азық-түлік қатары тұрақты өсуде және өнімдердің келесі топтары бүгін қосады: пастерленген сүт, сүт, айран, қаймақ, айран, сүзбе, ірімшіктер, ұзақ сақталатын сүт, кілегейлер, майонез, балмұздақ, қаймақтан жасалған май, қоюландырылған сүт .

Компания саясаты әрбір тұтынушыға дара жақын келу болып келеді, қажеттіліктерін қанағаттандыру оны еске асыру, сонымен қатар Отандық өнімдердің мәртебесі көтеру.

Сатып алушылардың талаптарын түсінуіне және келешекте барынша олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылады. Сауда жүйелері арқылы өнім қауіпсіздік дәрежесін қамтамасыз етуге ұмтылады, өңдеулер, сақтаудың және өтімнің, өнімге нормативті талаптар орындай және тиісті өндіріс ортанын қамсыздандырады .

«Смак» ЖШС қорлардың үйлесімді шығындауына ұмтылады және өнім өзндік құны төмендеуіне арналған құралдардың және бәсеке қабілеттілік қамтамасыз етуі. Компания мақсаты бәсекеде ең үлкен артықшылықтарға ие болу болып саналады. Фирманың философиясы деп мынаны айтуға болады: қол жетерлік және жоғары сапа. Ассортименттің кеңділігі, ұсыныс жасай алады және жоғары сапа, немен бәсекешілерде . Фирма нарықта белсенді орны алады. Сондай жағдайдың мономарки стратегиясы (барлық сүт өнімдерге арналған бірыңғай сауда белгісі) жоғарғы табысқа жетуіне алып келеді .

Компанияға сондай-ақ жаңа орама және өз сауда белгісі бар өнімдерді өндіруіне болады.

Болашақтар фирманың өндіретін өнімнің ассортиментінің маңызды анықтау :

— компания перспективалы мұқтаждықтары;

— мақсаттық базар , қайсы хабардар болу бәріне өнім түрлеріне;

— маңызды позицияның қайсысы сатып алушыларға әсер етеді.

Компания күшті жақтарымен келеді :

— өнім сапа мен орамасы тұтынушылардың қызықтырады;

— дәм сапаның өнім — түрлеріне көбірек көңіл бөлуі;

— тұрақты жарнамалық жұмыстар өнімнің өтімділігін арттырады ;

— тұтыну деңгейі өндірістің көлемін арттырады;

— компанияның қаражат жайының тұрақтылығы.

Кәсіпорын қызметі тиімді жүзеге асып жатқандығын ,оның техникалық- экономикалық көрсеткіштері арқылы көруге болады, ол 1-кестеде берілген.

Бұл кәсіпорын жұмысының қалай жүріп жатқанын сипаттайтын көрсеткіш, яғни бұдан кәсіпорынның қаржылық жұмысы, өндіріс жұмысының кеңдігі, шаруашылық субъектілерінің қаржылық денгейін көруге болады. Жалпы алғанда өнімді өткізуден түскен жалпы табыс 2012 жылы 2013 жылға қарағанда 6 657 120 теңгеге өсті немесе 17,1 % деп айтсақ болады. берілген көрсеткіштерді экономикалық талдаудың көлденең және абсолютті талдау тәсілдерін қолдану арқылы анықтауға болады.

1-кесте – 2012-2013ж.ж «Смак» ЖШС-нің өндірістік қызметінің өндірістік көлеміне талдау

Көрсеткіштер өлш.бірлік 2012 ж 2013 ж Ауытқу, тг Абсолютті ауытқу %
Өнімді өткізуден түскен табыс Тг 38 891 478 45 548 598 6 657 120 117,1
Өткізілген өнімнің өзіндік құны Тг 26 645 541 31 969 463 5 323 922 119,9
Жиынтық (жалпы) табыс Тг 12 245 937 13 579 135 1 333 198 110,8
Кезең шығындары Тг 9 472 366 10 989 501 1 517 135 116,0
Негізгі өндірістен түскен табыс Тг 2 773 571 2 589 634 -183 937 99,3
Негізгі емес өндірістен түскен табыс Тг 1 459 801 1 336 354 -123 447 91,5
Салық салуға дейінгі табыс Тг 4 233 372 3 925 988 -307 384 92,7
Таза табыс Тг 2 963 360 2 748 191 -215 169 92,7
Негізгі капиталдың орташа жылдық құны тг   517 862,3 502 360,2 -15 502,1 97,0
Персоналдың орташа жылдық саны Адам 125,3
Еңбек ақы қоры мың тг 37418,2 52962,2 15 544 141,5
1 жұмысшының орташа айлық жалақысы тенге   46540,1 51320,0 4 779,9 110,2
Өткізілген өнімнің 1 тг кеткен шығыны Тенге 0,92 0,94 0,02 102,2
1 жұмысшының еңбек өнімділігі Тг 580 470 542 245 -38 225 93,4

Жиынтық табыстың соммасы 2012 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 1333198 теңгеге өсті, яғни 110,8 %. Бұл көрсеткіш жалпы шығындар, өнімді өткізуге кеткен шығындар, пайыз шығындары, курстық ерекшелік шығындары. Осылардың қосындысы кезең шығындарын береді және мұны есепті жылды алдыңғы жылмен 1 517 135 теңгеге өсті немесе 116,0 пайызды құрады.

Берілген көрсеткіштерді талдау арқылы келесі диаграмманы құруға болады.

1-диаграмма - Табыстар мен шығындар динамикасы

Кәсіпорынның өндірістік қызметін талдау - student2.ru

Еңбек өнімділігі — өндіріс қызметінің нәтижелігін көрсететін маңызды көрсеткіш. Бұл көрсеткіш бір адамның орташа жылдық өндіру көлемін сипаттайды. Ол 2013 жылы -38 225 тенгеге кеміген.

Өндірістегі негізгі құралдардың орташа жылдық құны — бұл көрсеткіш кәсіпорынның орналасқан жерін, мекемесін тасымалдайтын транспортты, машаналары жатады және бұлардың қосындысы арқылы негізгі құралдардың орташа жылдық құнын табу үшін, осы көрсеткіштің бәрін қосып, әр жылды жеке – жеке (2) бөлеміз.

Еңбек өнімділігінің деңгейін бағалау үшін, жалпылама, жеке және қосымша көрсеткіштер жүйесін қолдану керек. Жалпылама көрсеткіштерге 1 жұмысшының орташа жылдық, орташа күндік пен орташа сағаттық өнім өндірісі жатады, сондай-ақ құндылық күріністегі 1 адамның орташа жылдық өнім өндіруі жеке көрсеткіштер – белгілі бір өнім бірлігін өндіру үшін кеткен уақыт шығыны (өнімнің еңбек сыйымдылығы) немесе 1 адам-сағат немесе адам-күн үшін натуралды көріністе белгілі бір өнім шығарылымы. Қосымша көрсеткіштер бір бірлік уақыт ішінде белгілі бір орындалған жұмыс түріне немесе орындалған жұмыс көлеміне кеткен уақыт шығынын сипаттайды. Еңбек өнімділігін жақсырақ сипаттайтын көрсеткіш , ол 1 жұмысшының орташа жылдық өнім өндірісі. Оның көлемі, жұмысшылар құрамындағы жұмысшының сыбағалы салмағына және орташа жылдық еңбек өнімділігіне байланысты. Еңбек өнімділігінің есептеулері келесі 6- кестеде берілген.

Кесте 2 — «Смак» ЖШС-нің орташа жылдық өнімділігінің көрсеткіштеріне талдау

Көрсеткіштер өлшем бірлігі 2012 ж 2013 ж Ауытқуы %
өнімді өткізуден түскен табыс мың тг 177,1
Жұмыс істеушілердің орташа тізімдік саны адам 125,3
Бір жұмысшының орташа жылдық өнімділігі мың тг 580469,8 542245,2 93,4
1 жұмысшының істеген орташа күн саны күн 114,1
1 жұмысшының істеген орташа сағат саны Сағат 114,1
Жүмыс күнінің ұзақтығы Сағат
1 жұмысшының күндізгі өнімділігі Теңге 2831,6 2317,3 81,8
1 жұмысшының сағаттық өнімділігі Теңге 81,9

Бір жұмысшының орташа жылдық еңбек өнімділігі мен оның сыбағалы салмағы көп болған сайын, соғұрлым оның орташа жылдық жұмыс істеушінің еңбек өнімділігі көп болады. 2- кестеде көрсеткендей 1 жұмыс істеушінің орташа жылдық өнімділігі 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 38224,4 тг немесе 6,6 % кеміді. Жұмысшылардың орташа тізімдік саны есепті жылы 17 адамға, 25,3 % өсті. Бір жұмысшы үшін орташа жылдық өнімділік 2013 жылы 542245,2 тг, 6,6 % азайды, ал жұмысшылардың орташа тізімдік саны 67-ден 84 адамға дейін өсті және 17 адамға, 1 жұмысшының күндізгі өнімділігі 2013 жылды алдыңғы жылмен салыстырғанда 514,3 тг қысқарды. 1 жұмысшының сағаттық өнімділігі 64 тг, 18,1 % қысқарды.

Сапа менеджментінің жүйесі - әлем мойындаған және кез-келген ұйымды басқару құрудың тиімді құралы. Бүгінгі таңда Сапа менеджменті жүйесін ИСО 9000:2000 сериялы халықаралық стандарттар талабына сәйкестендіріп жасау және сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

9000 сериялы ИСО стандарттары тұтынушы талаптарын қанағаттан-дыратын тауар мен қызмет өндірісін ұйымдастыру жөніндегі дамыған елдердің жинақталған тәжірибесінің көрінісі болып саналады. Бұл стандарттардың ережелерін кәсіпорында орындау дегеніңіз - өндірілетін өнімнің сапасын жұрт мойындаған кепілдікпен қамтамасыз ету.

Жұмыстарды арнайы құрылған бөлімше – Сапа кепілдігі басқармасы жүргізеді. Сапа менеджменті жүйесінің әдістемесі мен тәсілдері компания құрылымын өзгерту және ағымдағы үдерістерді жеңілдету мен жақсарту кезінде қолданылды. Сапа менеджменті жүйесін жасақтау тұсында компания өз қызмет аясының түрлі салаларын басқаруды жетілдіріп, ол өз кезегінде жаңа үдерістерді, құжаттардың жаңа үлгілерін жасау мен қолданысқа енгізу ісінде көрініс табады.

Дамыған елдердің жүз мыңдаған тауар өндірушілері өз қызметтерін осы нормаларға сәйкестендіреді. ТМД елдеріндегі олардың саны бірнеше онмен ғана саналады, алайда халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеуге ұмтылыс қарқын алып келеді.

Сапа менеджментінің жүйесі (СМЖ) – бұл мекемеде сапа саласындағы мақсаттар мен саясатты қалыптастыру және сол мақсаттарға жету үшін жасалған жүйе.

Ұйымда СМЖ-ны әзірлеу үшін не қажет?

-қызметтің негізгі процестерін сәйкестендіру;

-процестердің өзара әрекеттесуін және ретін белгілеу;

- жұмыс және процестерді бақылау тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті әдістер мен критерийлерді анықтау;

- процестерді бақылау және жұмысты жүргізу үшін қажетті ақпаратпен және ресурстармен қамтамасыз ету;

-процесті бақылау, өлшеу және анализ жасау;

- жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу және процестерді үнемі жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдау.

Сапа менеджментінің стандарттары (ISO) дегеніміз не?

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында әлем қауымдастығы сапаны басқаруды дамытудың жаңа кезеңіне – сапаны жоспарлауға көшті.

Осы кезеңдегі қызмет және өнім өндірушілерінің алдында тұрған негізгі міндеті – тұтынушыны толық қанағаттандыру.

Осы мақсат ISO (International Organization for Standardization) 9000 жаңа стандарт нұсқасында көрініс тапты. ISO – стандарттау бойынша ұлттық ұйымдардың дүниежүзілік федерациясы болып табылатын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым.

Сапа менеджменті стандарттарының мақсаты – стандарттау принциптерін және оның негізінде қызмет түрлері мен әртүрлі салаларда интеграцияланған процестерді қамтамасыз ететін стандарттарды жобалау.

Әзірленген ISO стандарттары тарауларға біріктіріледі.

ISO 9000 – кәсіпорындар мен ұйымдардың сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және жетілдіру кезінде қолданылатын ISO стандарттар сериясы.

- ISO 9001. Сапа менеджменті жүйесіне арналған талаптар жиынтығын құрайды. Ағымдағы нұсқа – ISO 9001:2008. Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар».

- ISO 9000. Сапа менеджменті туралы терминдер сөздігі, сапа менеджменті принциптерінің жинағы. Ағымдағы нұсқа - «ISO 9000:2005. Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер мен сөздік».

- ISO 9004. Кез-келген ұйымның сапа менеджменті ұстанымына сай тәсілді пайдалану арқылы, күрделі, талабы жоғары және үнемі өзгеріп тұратын ортада табысқа тұрақты қол жеткізу жөніндегі нұсқаудан тұрады. Ағымдағы нұсқа - «ISO 9004:2009. Ұйымның табысқа тұрақты қол жеткізуіне арналған менеджмент. Сапа менеджментіне негізделген тәсіл».

- ISO 19011. Менеджмент жүйесінде, оның ішінде сапа менеджментінде аудитті өткізу әдістерін сипаттайтын стандарт. Ағымдағы нұсқа - «ISO 19011:2002 — Сапаны бақылау жүйелерінің және/немесе қоршаған ортаны қорғау жүйесінің аудиті бойынша ұсынымдар».

Стандарттардың қазақстандық нұсқалары:

МС ISO 9000-2005 - ҚР ISO 9000:2007 МСТ-ның аналогі

МС ISO 9001-2008 - ҚР ISO 9001:2009 МСТ-ның аналогі

Аталған стандарттардың маңызды ерекшеліктерінің бірі – олардың жан-жақтылығы, меншіктік нысанына қарамастан түрлі кәсіпорындардың пайдалануы. Бұл стандарттарда сертификатталуына немесе сертификатталмауына қарамастан, сапа менеджменті жүйесі сәйкес келуге тиісті нормалар мен талаптар жазылған. Дәл осы мақсатта ISO 9000, ISO 9001, ISO 9004 халықаралық стандарттары қолданылады. 19011:2002 МСТ аудиттерді ұйымдастыру және өткізу мәселелерін реттеу үшін қолданылады.

Жалпы қорытындылай келе, "Смак" ЖШС-нің көрсеткіштеріне талдау жасау арқылы келесі нұсқаулар беруге болады:

- жиынтық табыстың алдыңғы жлмен салыстырғанда сомасы өскеніне қарамастан, негізгі өндірістен түскен табыс төмендеген, яғни көмекші өндірістің кезең шығындарын төмендету жолдарын қарастыру;

- жұмыс істеушілердің орташа тізімдік саны артуына қарамастан, еңбек өнімділігі 93,4%- ды ғана құраған. бұдан жұмысшы санының еңбек өнімділігіне әсер етпеуін байқауға болады.

- ұйымда сапа менеджментінің стандарттары қолданылмаған. Стандарттарды қарастыру арқылы бәсеке қабілеттілікті өсіру жолдарын қарастыру.

Берілген нұсқауларды қолдану арқылы кәсіпорын қызметін жетілдіруге қол жеткізуге мүмкіндіктер туады.

Наши рекомендации