Кенорнын ашу әдісін таңдау және негіздеу
Құрылыс тау-кен жұмыстарының көлемі карьер құрылысының басынан оны пайдалануға бергенге дейін орындалады. Оған күрделі оржолды, қима оржолдарды және бастапқы аршуды қазып алу кіреді. Тау-кен жұмыстарының жағдайы пайдалануға беретін кезде мынадай болуы қажет, істелініп жатқан жұмыстар қажетті жұмыс шебінің орындалуына кедергі келтірмеуі, ал пайдалы қазба қоры қажетті өндірудің көлемін ұлғайтуы, және де олар карьердің белгіленген өндіріс қуатын қамтамасыз етуі қажет.
Көлбеу және күрт кенорнын қазу ашу жұмыстары кезінде жайпақ кенорындардағы сияқты карьерді өндіруге берумен тоқтамайды, ал мұнда ең аяққы деңгейжиектерді қазып болғанша өндіру жұмыстарымен бірге жалғаса береді. Оның құрамына келесі жұмыстар кіреді:
- карьердің тереңдеу барысында жаңа деңгейжиектерді дайындау және оларды ашу.
- ашу деңгейжиектеріндегі байланыс жолдарының дамуы, жұмыс шебінің дамуына байланысты уақытша байланыс жолдарын салу, уақытша жолдарды стационарлы жолдарға ауыстыру, жұмыс алаңдарымен байланыстыратын күрделі жолдар салу және т.б.
- ашу күрделі қазбаларды жаңа транспорт түріне өтуге байланысты қайта жасақтау.
Южный карьерін жобамен сыртқы күрделі оржолмен ашу жоспарланған. Карьердің батыс жағдауындағы сыртқы оржолдарды руданы қайта тиеу алаңына тасымалдау үшін қолданылады, шығыс жағдауларындағы жартылай оржолдарды бос жынысты үйіндіге тасымалдау үшін қолданылады. Жаңа денгейжиекті ашу кірме оржолын жүргізіп, 40х40 қазан шұнқыр қазумен аяқталады. Автокөлік үшін ілмекті трассалар қолданылады, еңісі 0,08‰.
Оржолдарды жүргізу.Оржолдар – белгіленуіне байланысты оларды күрделі, тілме және арнайы тау-кен қазбасы болып бөлінеді. Күрделі оржолдар кенорнын ашуға қызмет етеді немесе оның жекеленген аудандарында жүк ағымын жұмыс деңгейжиектерін жер бетімен байланыстырады. Тілме оржолдар әрбір деңгейжиектерде бастапқы жұмыс шебін жасау үшін өтіледі.
Арнайы оржолдар карьерді атмосфералық сулардан, кен орнының дренажынан, су төкпе және жұмыс кемерлерін шаруашылық күтуін қамтамасыздандырады. Жалпы алғанда оржолдардың қимасы трапеция тәріздес болып келеді. Күрделі оржолмен бірнеше деңгейжиектер ашылғанда оның қимасы саты тәріздес түрге енеді. Оржолдың негізгі параметрлері: табанының ені, қиябет бұрышы, көлбеу еңістігі және ұзындығы.
Оржолдың төменгі ені транспортқа және жолдардың санына және қозғалу бағытына байланысты және де өту жабдығының параметріне, оржол табанының және оржол жағдауының тұрақтылығына байланысты. Тілме оржолдың белгіленген ені негізінен кемерлерден алынған кенді шептік тиеуге рұқсат етіледі.
Оржолдың қиябет бұрышы тау-кен жабдықтарының қауіпсіздігін қамтамасыздандыруы кеннің физика-механикалық қасиеттеріне және оржолдың қызмет ету мерзіміне байланысты. Оржолдың көлбеу бұрышы және ұзындығының көлемі күрделі оржолдарды трассалағанда конструктивті басты элементі болып келеді. Оржолды өтуге ЭКГ - 8И экскаваторын қабылдаймыз.
Қарапайым атылғыш заттарды қолдану кезіндегі кешенді механикаландыру сұлбасы
Кәсіпорындарда қарапайым атылғыш заттарды қолдануда (игданит) оларды қолданудың экономикалық тиімділігі оларды жеткізу, дайындау және оқтауды кешенді механикаландыру кезінде артады. Осы жағдайда кешенді механикаландыру сұлбасын таңдау үлкен рөл атқарады.
Біздің елде және шет елде қарапайым ЖЗ компоненттерін жеткізуде, дайындауда және оқтауда кешенді механикаландырудың көп түрін қолданады.
Аммиакты селитраны автомобильмен жеткізу кезіндегі кешенді механикаландыру сұлбасы(1.1 сурет) кен кәсіпорны аммиакты селитра өндіру зауытынан 100 км радиуста оналасқан жағдайда қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда аммиакты селитраны 1 түрдегі (цемент тасығыш) машиналарда төкпелі түрде жеткізу негізді. Аммиакты селитра төкпе күйде жеткізіледі, сығылған ауа арқылы шлангамен 2 ленталы конвейерге 3 беріледі, сосын ғимаратқа 4 сақтау үшін. Ғимаратта көпірлі кран 5 қауғамен 6 қойма территориясы мен бункерге 8 роторлы ұнтақтағыш арқылы орналастырады. Қойма ғимаратында аммиакты селитраны қауғаға тиейтін тиегіш 7 бар. Роторлы ұнтақталғаннан кейін аммиакты селитра көлбеу ленталы конвейерге 9 және соның бойымен араластырғыш қондырғыға 10 беріледі. Араластырғыш қондырғыда дайындалған игданит жинақтаушы-бункерге 11 түседі және қажеттілік дәрежесі бойынша оқтау машинасына 12 тиеледі. Оқтағыш машина АЖ карьерге жеткізіп, олармен ұңғыманы оқтайды.