Белок мол құр денгейі
Клетка
Барлық тірі организмдердің құрылысы мен тіршілік әрекетінің негізі – клетка. Клетканы алғаш рет зерттеп ашқанағылшын физигі Роберт Гук (1665) өсімдіктердің тозы мен сабақ кесінділерін қарапайым микроскоп астында қарап, көрінген араның ұяшықтарына ұқсас қуыстарды «клетка» деп атады. 2түрге бөлінеді: эукариоттар-Геномның ДНҚ-сы ядролық қабықшамен қоршалған. Прокариоттар-Айқын көрінетін ядросы жоқ. Жануарлар жасушасының мембранасы 3 қабаттан тұрады: ішкі және сыртқы қабаттары-белок молекуласынан, ал ортаңғы қабаты- екі қатар фосфолипид молекуласынан. Жануарлар жасушасының сыртқы қабықшасы жұмсақ созылғыш келеді, ол гликокаликс молекуласынан түзіледі. Жасуша мембранасы шалаөткізгіш қасиетке ие. Заттардын жасуш ішіне енуін эндоцитоз, ал сыртқа щығаруын экзоцитоз д.а. цитоплазма – жиырылғышты қамтамасыз етеді, формасн сактайды, уйлесімділігін қамтамасыз етеді. Эпт - ядроны торлап, қоршай орналасқан түтікшелер, каналдар мен ірі қуыстар жүйесі. Эптканалдарының бойымен түзілген заттар тасымалданып жасушаның түрлі бөліктеріне жеткізіледі. Кедір-бұдырлы ЭПТ- Рибосомалар болады, Қызметі: белок синтездеу. Тегіс ЭПТ- Рибосома болмайды, Қызметі: көмірсулар, майлар басқа да жасуша тіршілігіне қажетті заттар түзіліп, олардың алмасуы жүреді. Гольджи аппараты - бірінің үстіне бірі жанаса орналасқан дискі тәрізді ірі қуыстардан тұратын мембраналы диктосомалар жиынтығы. Диктосомаларда сонымен қатар полисахаридтер, липидтер синтезделеді. Лизосома-өте кішкентай, жасуша ішілік ас қорыту процесін камтамасыз етеді. Лизосомаларда белоктарды, майларды т.б ыдыратушы ферменттер болады. Бұл ферменттер кедір-бұдырлы ЭПТ-дың мембранасында синтезделеді. Митохондриялар – екі мембранамен қапталған, пішіндері домалақ, сопақшалау немесе таяқша тәрізді келген, мөлшері 1,0-7,0 мкм шамасындағы органоидтар. Митохондрияларда өзіне қажетті белоктар, кейбір стероидтық гормондар мен глутамин аминқышқылы синтезделеді. Митохондрияның ішіндегі сұйықтықта көмірсулар, белоктар, РНҚ, ДНҚ, ферменттер кездеседі. Пластидтер - өсімдік жасушаларында болатын негізгі органоид. Пластидтердің үш типі бар: жасыл – хлоропластар, қызыл, қызғылт сары, сары – хромопластар, түссіз – лейкопластар. Рибосомалар – мембраналық құрылымы жоқ, домалақтау келген, мөлшері 20-40 нм шамалас өте ұсақ органоидтар. Олар үлкен және кіші екі бөліктен тұрады. Құрамында рРНҚ, және белок болады. Рибосомалар жеке дара, көбінесе иРНҚ-ның қатысуымен бірнешеуден бірігіп полисомалар түзейді. Рибосомалар белок биосинтезіне қатысады. Микротүтікшелер – ұзынша келген, диаметрі 24 нм, жіңішке цилиндр тәрізді түтікшелер. Бөліну кезіндегі жасушада мұндай түтікшелерден ахроматин жіпшелері, ал қозғалуға икем жасушаларда кірпікшелер мен талшықтар қалыптасады. Қосындылар – цитоплазманың уақытша құрылым компоненттері. Бұларға жасушада қорға сақталатын қорек заттары (крахмал, гликоген, май тамшылары, белок) және сол жасушада синтезделіп сыртқа шығарулыға тиіз заттар (секрет түйірлері), пигменттер жатады. Ядро қабықшасы әрқайсысы 3 қабаттан тұратын ішкі және сыртқы мембранадан құралған. Ядро қабықшасында көптеген саңылаулар болады. Ядро шырыны – қоймалжың зат, оның құрамында нуклеин қышқылдарының және рибосомалардың синтезіне қажетті ферменттер болады. Ядрошықта рРНҚ-ның синтезі және оның белоктармен байланысы жүреді. Ядроның аса маңызды құрылым компоненті – хроматин. Мұнда тұқым қуалау информациясы сақталады және хромосомалар арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріледі.
Белок мол құр денгейі
Ақуыздың бастапқы құрылымы-Амин қышқылдары арасында химиялық байланыстар арқылы тізбектеліп келуі: ковалентті пептидтік байланыс. Ақуыздың екіншілік құрылымы-Бастапқы құрылым ары қарай шиыршықтала түсіп, бұрала түседі де амин қышқылдары арасында жаңа орналасқан CO- және NH- топтары арасында, яғни бір амин қышқылының NH тобындағы сутек атомы екінші амин қышқылындағы CO тобындағы оттегі атомы арасында қосымша көптеген сутектік байланыстар пайда болады . Ақуыздың үшіншілік құрылымы-Екіншілік құрылым одан әрі шиыршықтала түсіп, дисульфидті (S-S-), гидрофобты және ионды байланыстар арқылы ақуыздың үшіншілік құрылымы түзіледі. Гидрофобты бөлігі молекуланың ішіне қарай тығыла түседі, себебі судан қашады. Қандай жұмыс істемесін белоктың барлық құрылымдық деңгейлері өз қабілеті бойынша іске араласады. Ақуыздың төртіншілік құрылымы-Ақуыздың төртіншілік құрылымы-Ақуыздың төртіншілік құрылымы – мономердің кеңістіктегі өзара орналасуы, олар бірнеше мономерлерден құралып, ақуыздың макромлекуласын құрайды. Мысалы гемоглобин молекуласы осы ақуыздың төрт макромолекуласынан тұрады. Оны ионды, сутекті, гидрофобты байланыстар құрайды.