Сәулелеудің консервлеу, дезинфекциялау, дезинсекциялау және стерильдеу эффектісі.

Бактериялардың спора түзбейтін вегетативті түрлері гамма – сәулесімен 300 – 600 кР дозада бір рет сәулелегенде өледі. Бірақ бұл кезде ( тіпті өте үлкен дозалармен сәулелегенде де ) бактерия жасушасында электронды микроскоппен қарағанның өзінде де морфологиялық өзгерістер байқалмайды. Салмонеллалар өте төзімді келеді, олар тек 800 кР шамасында ғана өледі. Гамма – сәулесіне спора формасындағы түрі өте төзімді келеді, олар үшін стерильдеу дозасы 1,5 МР – ді құрайды. Бірақ нысандардың микробтармен ластануының өте жоғары мөлшерде екенін және стерилизациялауды кепілді түрде жүргізуді, сонымен қатар сәулелеудің әртүрлі жағдайларын ескере отырып, микроорганизімдердің споралар түзетін түрлеріне қарсы стерильдеу үшін 2,5 Мрад дозасы қабылданған.

Тағамдық өнімдерді және азықтарды консервлеу әдістерінің термикалық, химиялық және кептіру арқылы жүргізілетін белгілі ұш әдістеріне, радиацияның биологиялық әсерін пайдалануға байланысты, төртінші – сәулелеу арқылы консервілеу әдісі қосылды. Бұл әдісті жиі суық стерильдеу деп атайды, өйткені тіпті 2,5 Мрад доза 6 кал/г сіңіруге эквивалентті, ал бұл судың берілген көлемінің температурасын 6о С – тан аспайтын мөлшерге ғана жоғарылатады. Тағамдық өнімдердің бұзылуын болдырмау және сақтау мерзімін ұзарту, олардың ішіндегі паразиттерді, зиянды насекомдарды және микроорганизімдерді жою үшін сәулемен өңдеудің болашағы зор және ол экономикалық тұрғыдан ақталған болып есептеледі. Қоректік орталарды, фармацептикалық препараттарды, таңғыш заттарды, ыдысты және қаптау материалдарын сәулемен стерильдеудің де келешегі зор. Әртүрлі дозалардың, әртүрлі жағдайларда нәтижелі әсер етуін ( мысалы, микроорганизімдердің радиосезімталдығын жоғарылататын жағдайлар, сулеленген өнімдердің тағамдық және азықтық құндылығын зерттеу, әртүрлі қаптау материалдарының маңызы т.б. ) қарқынды түрде зерттеу жалғасуда.1,5 Мрад дозамен гамма – стерильдеу етте шіру процесстерінің дамуын болдырмайды да, және жабық полиэтиленнен жасалған ыдыста сиыр етін бөлме температурасында 3 айға дейін сақтауға мүмкіншілік береді. Мұндай ет тек құрғақтау болады, оның рН – ы жоғарылайды, гликогенмен глютатионның мөлшері төмендейді. 1 Мрад дозадан сиыр бауыры, шошқа еті, бекон, ветчина және шошқа етінен жасалған шұжық, сонымен қатар тауық еті органолептикалық ешқандай өзгерістерге ұшырамайды. Бірақ бұдан жоғары дозалар ( 4 – 8 Мрад ) өнімнің органолептикалық қасиеттерін өзгертеді, оларда гидропероксид ( НО2 – тотықтырғыш радикал ), сульфгидрильді қосындылар және күкіртті сутегінің пайда болуына байланысты күйген иіс және жағымсыз дәм пайда болады. Сәулемен стерильдеу төмен температурада жүргізілген кезде бұл өзгерістер аз айқындалады. Малдан алынған май ауада сақтаған кезде стерильдеуші дозалардың әсерінен аздап тотықтанады, ал өсімдік майлары бұл жөнінде төзімдірек келеді және 1,5 Мрад дозадан аса өзгеріске ұшырамайды. Сүтті 7 кР және одан да жоғары дозамен гамма – стерильдеген кезде, онда сүт майының өзгеруіне байланысты жағымтсыз татым пайда болады. Егер стерильдеуді төиен температурада жүргізсе мұндай жағымсыз татым болар – болмас қана байқалады. 0,6 – 0,8 доза сүттегі витаминдердің 70 – 80% - ын және фосфотазаның 10% - ын бүлдіреді. Сүттегі майда еритін альфатокоферолл витаминдері және К витамині (қанның ұюына қажетті витамин) радиосезімтал келеді. Сальмонелламен зақымданған тауық және үйрек жұмыртқалары 0,6 МР дозамен сәулелеген кезде толығымен зарарсызданады. Хирургиялық таңу заттарын, жара тігу материалдарын және басқа да бір рет пайдаланатын заттарды, шприцтерді, халаттарды, киімдерді, теріден жасалған заттарды, көптеген фармацевтикалық препараттарды, тетрациклин тобындағы антибиотиктерді, аллергендерді, витаминдерді, микробтарды өсіруге арналған қатты және сұйық қоректік орталарды, сүйек трансплантанттарды 1,8 МР дозамен гамма – стерильдеу кезінде өте жақсы нәтижелер алынған. Стерильдеуші дозаның минимальді мөлшері анатоксиндердің титрін және басқа да бактериальді препараттардың пайдалы қасиеттерін, көптеген медикаменттердің фармакологиялық белсенділігін, өлі вакциндердің, антигендердің және ампулаға құйылған дайын бактериальді препараттардың тиімділігін өзгертпейді. 1 МР дозамен гамма –стерильденген культурадан алынған сұйық және құрғақ туберкулин дайындалған. Бұл кезде оларды дайындау мерзімі 20, ал қоректік ортаның шығыны 10 есе азаяды.

Орытынды

Тамақ өнімдерін радиациялық өңдеу технологиясы биологиялық, химиялық және бактериялық бүліну себебінен шығындарды азайтудың басқа белгілі тәсілдерімен салыстырғанда маңызды артықшылықтары бар: стерильденген тамақ өнімі ұзағырақ сақталуы мүмкін, бұл кезде еріту кезіндегідей энергияның қосымша шығындары талап етілмейді; тағамға адам организмін улайтын кейбір заттардың (екі бромды этилен және басқ.) қолданылуын толық болдырмау мүмкіндігі пайда болады; тамақ өнімдерінің дәмдік және құнарлылық қасиеттері сақталады.

Алайда стерилизациялау үшін тамақ өнімдерінің барлығы келе бермейді, сәулеленудің әсерінен үлкен өзгерістер байқалатын өнімдердің тізімі бар. Қазіргі кезде осындай қосалқы әсерлерді жоюға бағытталған зерттеулер белсенді жүргізілуде. Стерилизациялаудың аталған әдісінің қауіпсіздігі де ашық мәселе болып қалып отыр. Кез келген жағдайда сәулеленген тамақ өнімдерін пайдалану немесе пайдаланбау – әркімнің жеке таңдауы.

Наши рекомендации