Таухид улюһия — кітаптардың түсірілуінің басты мақсаты екенін хабарлап келді.
Таухид Улюһия
Дәлелдері және маңыздылығы
www.darulhijra.ru сайты
بسم الله الرحمن الرحيم
Таухид Улюһия араб тілінде (Иләһ) деген есімнен алынған. Оның мағынасы: "Оған құлшылық етілетін және бойұсынылатын тәңір" - дегенді білдіреді. Бұл - Аллаһтың көркем есімдерінің бірі. Ал Улуюһия Аллаһтың сипаттарының біріне жатады. Демек, Аллаһ — Оған құлшылық етілетін және бойұсынылатын Раббы. Сондықтан Аллаһқа ғана құлшылық ету және Оған бойұсыну парыз болады. Өйткені Раббың Аллаһ сені және бүкіл әлемді, ондағы барлық жанды және жансыз нәрселерді жаратқан. Бізге өзінің шексіз нығметтерін төккен. Сондай-ақ Аллаһ бүкіл әлемдегі істерді басқарады. Оның қалуынсыз ешнәрсе болмайды, ал Ол қалаған нәрсе міндетті түрде болады. Сонымен қатар Аллаһ барлық көркем сипаттар иесі және кез-келген кемшілік пен айыптан пәк. Сондықтан құлшылық осының барлығы оның қолында болған Раббымыз Аллаһқа арналуы керек. Осыған орай Таухид Улюһия дегеніміз ол: "Жалғыз Аллаһты құлшылықта бірлеу" - деген мағынаны білдіреді. Ол қалай болады? Ол: "пенденің — “расында жалғыз Аллаһ қана шынайы құлшылыққа лайықты” - деп айқын білуімен және бұл сипатқа жаратылыстардың ешбірі ие емес" - деп иман келтірумен болады.
Егер адам осыны білсе және солай деп иман келтіретін болса, онда ол құлшылықтың барлық түрін (ішкі және сыртқысының) барлығын - тек Аллаһқа арнайды. Яғни, сырт көзге көрінетін: намаз, зекет, ораза, қажылық, жақсылыққа бұйыру, жамандықтан қайтару, әке-шешеге жақсылық қылу және туысқандық қарым-қатынасты ұстау сияқты құлшылықтың түрлерін Аллаһқа ғана арнап орындайды. Және сырт көзге көрінбейтін: Исламның негіздерін; Аллаһқа иман келтіру, періштелеріне иман келтіру, кітаптарына, елшілеріне, Ақырет күніне және тағдырдың жақсылығы мен жамандығына иман келтіру - сияқты жүрекпен атқарылатын құлшылықтың түрлерін де тек Аллаһқа арнаған күйде орындайды. Сонымен қатар осы амалдарында тек Раббысының сауабы мен разылығын ғана қалайды.
Дәлелдері:
Таухид улюһияның дәлелдеріне келер болсақ, Құранда Таухидтің бұл түріне байланысты дәлелдер өте көп, және әр түрлі болып келген. Тіпті ғұламалар: "Құранның барлығы таухид улюһия жайында" - деген. Осыған орай Құранда аяттар:
1. Таухид улюһияға бұйырып келген.
Аллаһ Тағала айтады:
$pkr'¯»t â¨$¨Y9$# (#rßç6ôã$# ãNä3/u Ï%©!$# öNä3s)n=s{ tûïÏ%©!$#ur `ÏB öNä3Î=ö6s% öNä3ª=yès9 tbqà)Gs? ÇËÊÈ
"Ей адамдар, сендерді және сендерден бұрынғыларды жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар! Мүмкін сақтанарсыңдар" [1]
4Ó|Ós%ur y7/u wr& (#ÿrßç7÷ès? HwÎ) çn$Î)
"Раббың тек Оның Өзіне ғана құлшылық етуіңді бұйырды" [2]
(#rßç6ôã$#ur ©!$# wur (#qä.Îô³è@ ¾ÏmÎ/ $\«øx© (
"Аллаһқа ғана құлшылық етіңдер, Оған еш нәрсені серік қоспаңдар" [3]
Таухид улюһия — адамзат пен жындардың жаратылуының негізгі мақсаты екенін баяндап келді.
Аллаһ тағала айтады:
$tBur àMø)n=yz £`Ågø:$# }§RM}$#ur wÎ) Èbrßç7÷èuÏ9 ÇÎÏÈ
"Жын мен адамзатты тек Өзіме құлшылық етулері үшін ғана жараттым!" [4]
Таухидтың бұл түрі - пайғамбарлардың жіберілуінің негізгі мақсаты екенін баяндап келді.
Аллаһ Құранда:
ôs)s9ur $uZ÷Wyèt/ Îû Èe@à2 7p¨Bé& »wqߧ Âcr& (#rßç6ôã$# ©!$# (#qç7Ï^tGô_$#ur |Nqäó»©Ü9$# (
"Расында әр үмметке: "Аллаһқа ғана құлшылық етіңдер де, тағуттан сақ болыңдар!" - дейтін елші жібердік" [5] - деді
!$tBur $uZù=yör& `ÏB Î=ö6s% `ÏB @Aqߧ wÎ) ûÓÇrqçR Ïmøs9Î) ¼çm¯Rr& Iw tm»s9Î) HwÎ) O$tRr& Èbrßç7ôã$$sù ÇËÎÈ
"Сеннен бұрын қандай-да бір елші жіберсек, оған: "Расында Менен басқа ақиқат құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ, сондықтан Маған ғана құлшылық етіңдер" - деп уахи етіп жібердік" [6]-деді.
Таухид улюһия — кітаптардың түсірілуінің басты мақсаты екенін хабарлап келді.
ãAÍit\ã sps3Í´¯»n=yJø9$# Çyr9$$Î/ ô`ÏB ¾ÍnÌøBr& 4n?tã `tB âä!$t±o ô`ÏB ÿ¾ÍnÏ$t6Ïã ÷br& (#ÿrâÉRr& ¼çm¯Rr& Iw tm»s9Î) HwÎ) O$tRr& Èbqà)¨?$$sù ÇËÈ
«Аллаһ Өзінің әмірімен періштелерді қалаған пенделеріне (пайғамбарларына): "Менен басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ, сондықтан Менен ғана қорқыңдар!" - деген уахимен түсіреді!" [7]
Таухид улюһияны ұстанған, оны іс жүзіне асырған адамдар үшін дүние-ақыретте қандай үлкен сауаптар мен нығметтер әзірленгенін баяндайды.
tûïÏ%©!$# (#qãZtB#uä óOs9ur (#þqÝ¡Î6ù=t OßguZ»yJÎ) AOù=ÝàÎ/ y7Í´¯»s9'ré& ãNßgs9 ß`øBF{$# Nèdur tbrßtGôgB ÇÑËÈ
"Иман келтірген және имандарын зұлымдықпен араластырмағандар, міне - солар үшін амандық бар, әрі солар тура жолға түсірілгендер" [8]
Бірде Таухид улюһияға қарсы келуден сақтандырған, және оның қатерлігін баяндаған күйде, әрі таухидтің бұл түрін ұстанбаған адамдар үшін қандай қатты азап әзірленгендігін хабарлаған күйде келеді.
ô¼çm¯RÎ) `tB õ8Îô³ç «!$$Î/ ôs)sù tP§ym ª!$# Ïmøn=tã sp¨Yyfø9$# çm1urù'tBur â$¨Y9$# ( $tBur úüÏJÎ=»©à=Ï9 ô`ÏB 9$|ÁRr& ÇÐËÈ
"Расында кімде-кім Аллаһқа серік қосса, ақиқатында Аллаһ оған жәннәтті харам етеді, әрі оның баратын жері тозақ болады. Залымдар үшін ешбір көмекші жоқ" [9]
wur ö@yèøgrB yìtB «!$# $·g»s9Î) tyz#uä 4s+ù=çFsù Îû tL©èygy_ $YBqè=tB #·qãmô¨B ÇÌÒÈ
"Аллаһпен бірге басқа біреуді тәңір қып, сөгіске ұшыраған және барлық жақсылықтан махрұм болып тозаққа түсіп жүрме"[10]