Адамзаттың пайғамбарға мұқтаждығы
Уа, жамағат! Ертең (ақиретте) мен туралы сендерден сұралады, сонда не деп айтасыңдар? Сахабалар: - Аллаһтың елшілігін орындадың, міндетіңді атқардың, біздерге өсиет айтып үгіттедің! – деп, куәлік береміз, - дейді.
Сахабалар осылай куәлік бергеннен кейін екі дүниенің нұры Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) Аллаһтан алған әмірлер мен тыйымдарды уағыздағандығына байланысты:
Сахабаларым! Тәблиғ еттім бе?
Тәблиғ еттім бе?
- Тәблиғ еттім бе? – деп, үш рет сұрағанда сахабалары:
- Иә, тәблиғ еттіңіз, - деп жауап береді. Сонда Пайғамбарымыз қолын көкке қарай жайып Аллаһ Тағаланың куәлігін сұрады:
Куә бол, я Раббым!
Куә бол, я Раббым!
Куә бол, я Раббым! (Бухари, Ілім 37)[3].
Олай болса, жер бетіндегі Аллаһ ақ жолына шақырушы пайғамбарларға сену парыз. Аят та осыны ескертеді: «Әй, иман келтіргендер! Аллаһқа, оның пайғамбарына және оған Аллаһ жіберген кітапқа, одан бұрынғыларға жіберген кітаптарға да иман келтіріңдер. Кімде кім Аллаһты, оның періштелерін, кітаптарын, пайғамбарларын және қиямет күнін жоққа шығарса, ол мүлде азған адам» (4.Ниса-136).
Біз Хақ тарапынан жіберілген барлық пайғамбарларға ешбірін бөліп жармастан иман етуге міндеттіміз. Шынайы мүминдер осылай иман ететіндігін Құран да растап өтеді: «Раббылары тарапынан өзге пайғамбарларға берілген нәрселерге иман келтіріп әрі олардың араларын айырмаймыз. Бәріне бірдей сенеміз» (2.Бақара-136).
«Елшілердің араларын айырмаймыз, естідік те бой ұсындық» (2.Бақара-285; қосымша қараңыз: 4.Ниса-152).
Егер де бір мұсылман пайғамбарлардың біріне сеніп, біріне сенбесе, онда – кәпір болады. Иман етудің бірден‑бір шарты да осы күллі пайғамбарларға сенуден тұрады. Сол секілді Жаратушымыз жіберген барлық өткен пайғамбарларға сеніп, Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығына сенбесе, бұл жағдайда да кәпір болып саналады. Себебі, Жаратқан Иеміздің пайғамбарларына бөле-жара иман етудің күпірлік екендігі төмендегі аятта да ашық түрде білдірілген: «Шәксіз сондай Аллаһқа, пайғамбарларына қарсы келгендер, олар Аллаһ пен пайғамбарларының арасын айыруды қалайды. Олар: пайғамбарлардың кейіне сенеміз де, кейіне қарсы келеміз, дейді. Сөйтіп олар екі ортадан жол табуды қалайды. Міне олар анық кәпірлер. Кәпірлер үшін қорлаушы қинау дайындадық» (4.Ниса, 150-151).
Адамзаттың пайғамбарға мұқтаждығы
Адамдар екі дүниенің бақыты мен қуанышына қол жеткізулері үшін әрдайым бір жол көрсетушіге мұқтаж. Себебі, адам ақ пен қараны, харам мен халалды, жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты айыру үшін жол көрсетуші яғни бір пайғамбарға мұқтаж.
Адамның ақыл‑парасаты өзінің дүниеге не үшін келгендігін, келудегі мақсаты не екендігіне жауап таба алмайды. Оның жауабын Ұлы Жаратушы Ие пайғамбар жіберу арқылы үйретеді. Адам баласы бұл дүниемен о дүниенің амалын жасау немесе екі дүниенің тепе-теңдігін құра білу үшін пайғамбарға мұқтаж.
Пайғамбарлардың сипаттары
· Жер бетіне жіберілген пайғамбарлардың өзге адамдардан айырықшаланатын кейбір ерекшеліктері бар. Олар да адам болғанымен елшілік қызметіне орай мынадай сипаттарға ие екендігін ғалымдарымыз Құран аяттарына сүйене отырып, бір ауыздан қабыл еткен:
1. الصدق – (Сидқ) – шыншылдық.Шыншылдық дегеніміз - болып жатқан оқиғаға хабардың сәйкес келуі. Аллаһтан жеткен дінге шақыруда Елшілерге (оларға Аллаһтың сәлемі болсын) барлық сөздерінде шыншыл болу – уәжиб болады. ﴿ وَصَدَقَ اللَّهُ وَرَسُولُهُ﴾ «Аллаһ та, Елшісі де рас айтқан» |
2. الأمانة (Әмәнә) – аманат.Елшілерге (оларға Аллаһтың сәлемі болсын) аманатшылдықтың тиіс (уәжиб) екендігінің дәлелі: Аллаһ Тағала біздерді Елшілерге (оларға Аллаһтың сәлемі болсын) еруге бұйырды. Егер Елшілерге (оларға Аллаһтың сәлемі болсын) бұйырылған нәрсені орындамай, тыйым салынған нәрселерді орындауы, қиянат жасауы мүмкін болғанда, Аллаһ Тағала біздерге оларға еруді бұйырмаған болар еді. Өйткені, Аллаһ Тағала қиянатшылдарға еруге бұйырмайды. Сөйтіп Елшілерге (оларға Аллаһтың сәлемі болсын) қиянатшыл болу мүмкін болмай, оларға аманатқа адал болу уәжиб болды. ﴿ إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينٌ ﴾ «Рас, мен сендер үшін сенімді бір Елшімін» |
3. التبليغ (Таблиғ) -Жеткізу дегеніміз - Аллаһ Тағала Елшілерге (оларға Аллаһтың сәлемі болсын)жеткізуді бұйырған барлық нәрсені тиісті орнына жеткізуі. Жеткізуі бұйырылған істерді Елшілердің (оларға Аллаһтың сәлемі болсын) толық жеткізгендігіне иман келтіру тиіс (уәжиб) болады. ﴿ يَا أَيُّهَا الرَّسُولُ بَلِّغْ مَا أُنْزِلَ إِلَيْكَ مِنْ رَبِّكَ) «Әй Пайғамбар! Раббың тарапынан түсірілгенді жеткіз» |
4. الفطانة (Фатана) Зеректік дегеніміз – Ақылдың тапқырлығы, тез түсіну, жылдам ойлау және дәлеліңнің мықты болуы. ﴿ وَجَادِلْهُمْ بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ ﴾ «Әрі олармен көркем түрде күрес» |
5. العصمة (Исмәт) – күнәсіз. Исмәт – күнә істемеу, әрі күнә атаулыдан пәк деген ұғымды білдіреді. Олай болса пайғамбарлар әсіресе пайғамбар болғаннан кейін ешқандай күнә істемеген және жалпы күнә жасау ұғымынан пәк. إِنَّكَ لَا تَهْدِي مَنْ أَحْبَبْتَ وَلَكِنَّ اللَّهَ يَهْدِي مَن يَشَاءُ «(Мұхаммед) Расында сен жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Аллаһ кімді қаласа, оны тура жолға салады...» |
Пайғамбарлардың ер кісілерден болуы жайында.
Ханафи мәзхабы бойынша пайғамбарлар тек ер кісіден ғана келген және олардың тек ер кісі болуы шарт. Өйткені пайғамбар болған кісі хақ дінді жаю жолында адамдар арасына кіріп, араласып-құраласып кетеді, реті келгенде майдан алаңына шығады. Ал әйел заты бұлай ете алмайды. Себебі, хайыз, нифас кезі миссияның орындалу барысында кедергі болады және өзінің жаратылыс әлсіздігі ерік-жігерін толық қолдануына келе бермейді. Екіншіден, аятта пайғамбардың тек ер кісіден ғана келгендігі нақты айтылады: «Сенен бұрын да өздеріне уахи етіп еркектерді ғана жіберген едік. Егер білмесеңдер кітап иелерінен сұраңдар» (21.Әнбия-7).