Винттік (көлемдік) ұңғымалы қозғалтқыштармен ұңғымаларды бұрғылау негізі

Бұрғылау технологиялық–ережелер көрсеткіштері бұрғылау құбырлары тізбегінің салмағы, бұрғылау қондырғысы роторының білігінің айналдыру моменті, ротордың айналу жиілігі, бұрғылау сұйықтарының қысымы мен тұтыну мөлшері және қабылдау қалбырларындағы жуу сұйығының деңгейі. Бұл көрсеткіштер бұрғылау кезінде төмендегі приборлармен қадағаланады: гидравликалық салмақ индикаторы мен салмақ өлшеуіші, ротор білігінің айналдыру моментін өлшеуіш, ротордың айналу жылдамдығын өлшеуіш, геликсті манометр. Бұрғылау ережесінің негізгі көрсеткіштері қашауға түсірілетін өстік салмақ (G), қашаудың айналу жиілігі (n) роторлық бұрғылау тәсілінде ротордың айналу жылдамдығымен, ал турбобұрғылық тәсілде турбина білігінің айналу жылдамдығымен өлшенеді, бұрғылау сұйықтарының тұтыну мөлшері (Q) мен сапасы.

Ұңғыны құрастыру жер беті құрылыстары, бұрғылау және энергетикалық қондырғылар кешенінен құралатын бұрғылау қондырғысының көмегімен жүзеге асырылады. Ұңғы құрылысының өндірістік циклі жұмыс үрдістерінің белгілі реттілігімен жүретін келесі жұмыстар кешенінен тұрады: бұрғылау нүктесіне бұрғылау қондырғысын ауыстыру; оны орнату; бұрғылау жұмыстары (ұңғы оқпанын бұрғылау); цементтеу (қабаттарды сынамалау немесе пайдалану үшін сулы немесе мұнай-газды қабаттарды бөлу және шектеу); геофизикалық және гидрогеологиялық зерттеулер; суқаблыдғашы бөлігін және суқабылдағыш қондырғыларын монтаждау (гидрогеологиялық ұңғылардың құрылысы кезінде), жою (мақсатына қоршаған ортаны қорғау жататын жұмыстар кешені), бұрғылау қондырғысын демонтаждау және оны келесі бұрғылау нүктесіне тасымалдау.

Газ және мұнай кен орындары жайлы түсінік және оларды жобалаудың экономикалық негізі

Жер қойнауында бір тектес құрылымдағы мұнай мен газ кеніштерінің жиынтығын мұнайжәнегаз кен _орындары деп атайды. Мұнай газ кен орындары көмірсутектерінің алғаш пайда болған жері емес, олардың көшіп-қону (миграция) арқылы әр түрлі құрылымдарға шоғырланып жиналған орны. Жалпы алғанда кен орнының катарына мөлшері, сапасы бойынша техникалық-технологиялық дәрежесіне және экономикалық түрғыда пайдалану жағдайларына байланысты мұнай мен газдың өндірісте игерілуі мүмкін табиғи жинағы жатады. Кен орындары қор мөлшеріне байланысты ірі, орташа және үсақ болып бөлінеді. Қоры көп мұнай алаңдарын игеру мәселесі — экономикалық мол пайдаға жолықтыратыны сөзсіз. Кор мөлшеріне және сапасына байланысты баланстық және баланстан тыс қорлар болып екі топқа бөлінеді. Баланстық қор өндіруге пайда келтіретін, ал баланстан тысқорлар таяу мезгілдерде игеру пайда келтірмейтін корлар.

Экономикалық негізделген насосты жабдықтың таңдауы және штангілі қондырғының жұмыс істеу.

Винттік (көлемдік) ұңғымалы қозғалтқыштармен ұңғымаларды бұрғылау негізі - student2.ru

Винттік (көлемдік) ұңғымалы қозғалтқыштармен ұңғымаларды бұрғылау негізі - student2.ru

Наши рекомендации