ТЕРРОР) МҰСЫЛМАННЫҢ жолы емес

ЛАҢКЕСТІК

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Лаңкестік (терроризм) осы күні өзінің барлық кейіптерінде және көріністерінде, көлемі, айуандығы және қаталдығы бойынша ғаламдық маңыздағы ең ұшқыр және көкейтесті мәселелердің біріне айналды.

Біреулер үшін лаңкестік (террор) саяси және жеке мүдделерді шешудің әдісі, ал біреулер үшін ол – ұлы апат, адамдардың жаппай құрбан болуы, адамгершілік құндылықтардың қирауы, өзара өшпенділік пен сенбеушілікті туғызу. Лаңкестік (террор) дін немесе ұлтпен шектелмейтіні ақиқат болып табылады, әрі тек ақымақ пен қоғамның жауы ғана бұған кері пікір айтады. Бұл құбылыстың тарихын ескерген түрде: ал бұл 18-ғасырдың соңы мен 19-ғасырдың басындағы Франциядағы революциялық-демократиялық кездегі оқиғалар; немесе 19-ғасырдың соңындағы Ирландиядағы, Македониядағы, Сербиядағы радикалды-ұлтшылдық сипаттағы оқиғалар, «Народная воля», «Социалисты-революционеры», «Қызыл бригадалар», «Жапон Қызыл Армиясы» тәрізді партиялардың және лаңкестікті (террорды) идеялық саяси күрестің құралы ретінде пайдаланған солшыл экстремистік ұйымдардың пайда болуы – осының барлығы «ЛАҢКЕСТІК (ТЕРРОР)» деген құбылыс дінге немесе ұлтқа қатыстылығымен анықталмайтындығын тағы да бір рет растай түседі. Бұл қылмыстың барша адамдар үшін ортақ қиратушы элементтерінің бірі. Әрі мұсылман қауымы да бұдан тыс емес және бұл құбылыстың көлемділігі мен қаталдығын және онымен үздіксіз күресу қажеттігін ұғынуы қажет.

ЛАҢКЕСТІК (ТЕРРОРИЗМ) ұғымы діни термин ретінде Исламда болмаған, алайда осы сөздің мағынасын өзіне қамтыған өзге ұғымдар болған:

«Ғулюу» – артық кетушілік, шектен шығушылық;

«Харижи» – шариғат орнатқан ережелерге ілеспестен күпірлікте айыптаушы және өзімен келіспейтін әрбір адамның өмірі мен мал-мүлкін (қол сұғуға) халал деп есептейтін адам.

«Хараба» – тонау, қарақшылық, өлтіру.

«Мухариб» – тонаумен, қарақшылықпен, адам өлтірумен айналысатын адам.

«Иғтияль» – күтпеген жерден, қиянатшылдықпен, опасыздықпен өлтіру.

Бұл ұғымдардың барлығы ЛАҢКЕСТІК (ТЕРРОРИЗМ) сөзінің мағынасын қамтиды, сондықтан да ислам ғалымдары бұл сөзге мынандай анықтама берген: «Бұл – бір адамның немесе адамдар тобының адамға немесе қоғамға қарсы көрсетіп жатқан жауласуы. Ол қорқыту, зиян тигізу және қақысыз (заңсыз) өлтіру арқылы көрінеді. Бұған сондай-ақ тұрғын үйлер мен метроларды жару, адамдарды кепілдікке басып алу, жолдарда қарақшылық жасау, мал-мүлікті тартып алу т.с.с. жер бетінде зиян әкелуге қатысты іс-әрекеттер жатады» (“Қирарат әл-Мәжма’ әл-фиқхий әл-исләмий” 355-356, “Мәжма’ әл-бухус әл-исләмия” (Захиратуль-ирхаб), “Хакықа мауқиф әл-Исләм мин ат-татарруф уәл-ирхаб”).

Әрі, өкінішке орай, іс жүзінде, өзін Исламға телитіндердің арасында бойына шектен шығушылық пен артық кетушілікті, күпірлікте айыптауды және қарсыластың өмірі мен мал-мүлкін халал ету идеясын, тонаушылық пен кісі өлтіруді, сатқындық пен қиянатшылдықты біріктірген адамдар да табылады. Ал осы ЛАҢКЕСТІКТІҢ (ТЕРРОРИЗМНІҢ) дәл өзі! Әрі өзін Исламға телитін адам лаңкес (террорист) болуы мүмкін! Алайда Исламның өзі бұған қатыссыз, өйткені Қасиетті Кітабымызда және Пайғамбар хадистерінде жоғарыда айтылып кеткен іс-әрекеттердің тыйым салынғандығына еш күмән жоқ. Тонаушылықпен, қарақшылықпен және адам өлтірумен айналысып, адамдарға үрей салып жүргеннің жазасы туралы Аллаһтың айтқан сөздері жетіп асады: «Аллаһпен және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасауға ұмтылып жүргендердің жазасы - өлтірілулері, не аяқ-қолдарын керіп шегеленулері, яки қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері немесе елден айдалулары. Бұл - олардың дүниедегі жазасы. Және олар үшін Ақыретте ірі азап бар»(әл-Мәида 5: 33).

Лаңкестік (террор) жасаушының жазасы осы! Әрі осы жантүршігерлік қылмыстарды «Исламды қорғайық!» және «Мұсылман еместерді қорқытайық!» деген ұрандармен бүркеу орынсыз. Өйткені іс жүзінде мұндай ұрандармен бүркеніп жасалған лаңкестік (террор) шындығында мұсылмандардың өздері үшін қасіретке айналады және олардың өздерінің қорқып-үрейленуіне келтіреді.

Жамалюддин әл-Қасими, Аллаһ оны рахым етсін: «Мұсылман үмметі олардың жетекшілерінің тобы қиянат жасай бастағанынша есендікте болады, (олар) сол амалынан кейін жетістік келеді деп ойлайды, бірақ онысы үммет үшін тек қасіреттің басталуына әкеледі және олар өздерінің қалаларында жекеленіп қалады!», - деп ақиқатты айқан (“Махасин әт-тауиль” 13/48).

Осы имамның сөздеріне қазіргі кезде орын алып жағдайлар айғақ болуда. Өйткені дүние жүзі бойынша «Исламды және мұсылмандарды қорғайық!» деген ұрандардың астында орын алған лаңкестік актілерден кейін мұсылмандар өздері және өздерінің жанұялары үшін қауіптенбей беймарал жүре алмайтын жағдайға келді. Дүние жүзі бойынша беймарал жүру үшін олар сақалдарын қырып тастауға, орамалдарын шешіп тастауға, тіпті өздерінің мұсылман екендігін жасыруға мәжбүр. Исламның мақсаты осы ма?! Аллаһ Тағала өзінің соңғы Пайғамбарын (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы үшін жіберді ме?!

Мұсылмандар өмір сүретін белгілі бір мемлекетте орын алған кезектегі жарылыстан кейін не болатынына назар аударыңыз. Кейбір Еуропа елдеріндегі орын алған жарыстарды мысал етейік. Олардың салдары - орамал таққан мұсылман әйелдеріне қысым көрсетілу; олардың көпшіліктен өзгешеленіп көзге түспеу үшін орамалды шешу туралы ғалымдарға сұрақтар қоюы, өйткені терактілерден кейін жергілікті тұрғындар мұсылман әйелдеріне көшелерде бас салатын болды. Кәпірлер «шахид белбеуі» деп атаған құрал арқылы өзін-өзі жару түрінің пайда болуына келсек, соның салдарынан кәпірлер көптеген жүкті мұсылман әйелдерін олардың белдерінде тура сол белбеу бар деген қауіппен шешіндіретін болды. Ал, осыдан он жыл бұрын бұндай әрекеттер кәпірлердің ойына да кіріп шықпайтын!

Нәтижесінде лаңкестік (террор) мұсылмандарды қорғау былай тұрсын, олардың қауіпсіздігін бұзады. Ал қауіпсіздік біздің кезімізде көптеген адамдар бағаламайтын нәрсе болды, әрі оның жойылуына мұсылмандардың өздері әкелуде. Ал Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Өзі (немесе өзінің жанұясы) үшін қауіпсіз болған күйде, әрі бір күнге жететін тамаққа ие болып таңды аттырғандарыңа бұл бүкіл дүниеге қол жеткізу секелді!», - деп айтқан. әт-Тирмизи 2346, Ибн Мажжәһ 4141. Хадистің сахих екендігін имам Абу ‘Иса әт-Тирмизи, имам ән-Науауи және шейх әл-Әлбани растаған.

Әрбір мұсылман, егер қауіпсіздік болмаса, өзінің Раббысына толыққанды ғибадат жасай алмайтынын түсінуі керек! Умм Саләманың мынандай әңгімесін еске алайық: «Меккедегі жағдай төзгісіз болған соң және (кәпірлер) Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларын азаптап және азғыруға сала бастағаннан кейін, олар өздеріне қандай сынақ келгендігін және өз дінінің қандай азғыруға ұшырап жатқандығын, әрі Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларды бұдан қорғай алмайтындығын көрді. Бірақ Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның сахабаларына тиіп жатқан нәрселер тимеді, өйткені ол өзінің тайпасының және өзінің көкесінің қорғауында еді. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Эфиопия жерінде оның қасында ешкім қысымға ұшыратылмайтын патша бар, сондықтан, Аллаһ сендерге жеңілдету үшін және сендер бүгін күй кешіп жатқан нәрседен шығу жолын жасау үшін, сол қалаға аттаныңдар!», - деді. Және біз сол жаққа аттандық, сол жерде жиналдық, және өз дініміз үшін абыржымаған тыныш күйде және қысым көруден қорықпай Аллаһқа құлшылық етіп, ең жақсы үйлерге және ең жақсы көршілерге (жақын) қоныстандық» (Ахмад 5/290, Ибн Хишам 1/343, әл-Байхақи 9/19. Хадис сахих. “Сахих әс-сира ән-набауия” 170, “әс-Сильсилә әс-сахиха” 3190).

Умм Саләманың «өз дініміз үшін абыржымаған тыныш күйде және қысым көруден қорықпай Аллаһқа құлшылық етіп» деген сөздеріне назар аударыңыз. Өйткені дінің үшін қорқуды және азғыруды бастан кешірген күйде иманның және ғибадаттың дәмін толық түсіну мүмкін емес! Сондай-ақ өзің және дінің үшін қауіпсіздіктің болмауы - мұсылман адам Аллаһқа беймарал және ашық түрде ғибадат жасай алатын елге Аллаһ Тағала хижраны (қоныс аударуды) бұйырған ең маңызды себеп болып табылады.

Шейх Салих әл-Фаузан былай деп айтатын: «Қауіпсіздік қажет екендігінде күмән жоқ, әрі адамзат оған астан да, судан да көбірек мұқтаж. Сондықтан Ибраһим пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі болсын) ең алдымен қауіпсіздік, ал содан соң ризық тіледі. «Сол уақытта Ибраһим:«Раббым! Бұны бір тыныш қала қыла көр! Және оның тұрғындарынан кім Аллаһқа, Ақырет күніне иман келтірсе, әр түрлі өнімдермен ризықтандыр», - деп жалбарынды» (әл-Бақара 2: 126).

Қорқыныш–үрей орын алғанда адамдар ас пен судан қанағат сезіне алмайды. Қорқынышпен бірге елден елге азық-түлік тасымалданатын жолдар үзіледі, сондықтан Аллаһ жолдардағы тонаушылық пен қарақшылық үшін қатаң жаза орнатты. Ислам бес маңызды нәрсені (әд-даруриятуль-хамс): дінді, өмірді, ақылды, ар-намысты және мал-мүлікті сақтап қалу үшін келді. Осының біріне қол сұққан адамға қатысты қатаң жазалар бар, әрі қол сұғушылық мұсылманға қатысты жасалып жатыр ма, немесе кәпірге қатысты ма – бұл маңызды емес. Мұсылманға қатысты не нәрсеге тыйым салынған болса, мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірге (му’ахадқа) қатысты да сол нәрсеге тыйым салынған! Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім му’ахадты өлтірсе, Жәннаттың иісін де сезбейді», - деді. Қауіпсіздікті (аман) бұзушыларға қатысты айтар болсақ, олар не хауариждер, не жолдардағы қарақшылар, не бүлікшілер болып табылады. Бұл үш топтың барлығына қатаң шаралар қолдану керек» (“Фатауа әш-шар’ия фи қадая әл-‘асрия”, 125).

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарға қуаныш әкелетін және олардан мұңды түсіретін адамға ұлы сый болатындығы жөнінде мына хадисінде айтқан: «Кім иман келтірген адамды бұл дүниенің мұңынан арылтса, Аллаһ оны Ақырет күнінің бір мұңынан арылтады. Кім қарызын төлеуге шамасы келмегеннің жағдайын жеңілдетсе, Аллаһ оның өзінің жағдайын бұл дүниеде де, Ақыретте де жеңілдетеді. Мұсылманға жамылғы болған адамға, Аллаһ бұл дүниеде де, ақыретте де жамылғы болады. Және Аллаһ Өзінің құлына көмектесе береді, құлдың өзі бауырына көмек беруін тоқтатпағанға дейін!» (Муслим, 2699).

«Аллаһ үшін ең сүйікті адамдар – бұл олардың ең пайдалылары, ал Ұлы Аллаһ Тағаланың алдындағы ең сүйікті амал - бұл сенің мұсылманға оның қайғысында көмектесуің немесе оның қарызын төлеуің немесе оның аштығын тойдыруың арқылы оған қуаныш әкелуің. Және ақиқатында өзімнің мұсылман бауырыма оның мұқтаж болған нәрсесінде көмекке келуім мен үшін бір ай бойы мешітте жабылып иғтикаф жасаудан сүйіктірек. Ал, кім (Исламдағы) бауырына қатысты ашу-ызасын тоқтатса, Аллаһ оның кемшіліктерін жасырады және де кім өз ашу-ызасын төге салғысы келген кезде тоқтатса, Аллаһ оның жүрегін Ақыретте ризашылықпен толтырады. Және де кім өзінің мұсылман бауырына оның мұқтаждығында көмектесуге шықса, Аллаһ оған көмектескенге дейін, оның табандарын табандар табандар таятын Күнде нығайтады. Және сірке балды бұзатынындай жаман мінез-құлық та амалдарды бұзады». (Ибн Абу әд-Дунья, әт-Табарани. Хадис хасан. Қз.: «Сахих әл-жәми’» 176.)

Неліктен лаңкестікке (террорға) шақырушылар Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы хадистерін басшылыққа алмайды және де осы хадисте айтылатын нәрселердің ұлы ғибраттарын ескермейді?! Бұл «Маған жаман болса, онда бәріне де жаман болсын» деген ұстаныммен өмір сүруден едәуір жақсырақ қой!

Және ең соңында Мухаммад пайғамбарға, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Дереккөз: www.athar.kz

Наши рекомендации