Азақстанның пайдалы қазбалары

Қазақстанның жер қойнауында Д. Менделеев кестесінің 99 элементі кездеседі, соның 70 элементінің қоры мол. Оның 60 түрі өндіріледі.
6 мыңға жуық пайдалы қазбалар алынатын кен орындары ашылған. Оларды былайша жіктеуге болады:

Жанатын
Кенді емес
Fe, Mn, Cr, Hi, AI, Cu, Au
t ZKLUQlpsHX9osKeXhqqv/Wg1lG1ywJ9d8absavsQ36fiOH68an17Mz2vQUSa4sUMf/iMDjkzlX50 JohOQ6KWj2xlgQfri6fVHETJyzwBmWfyf4H8FwAA//8DAFBLAQItABQABgAIAAAAIQC2gziS/gAA AOEBAAATAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAABbQ29udGVudF9UeXBlc10ueG1sUEsBAi0AFAAGAAgAAAAh ADj9If/WAAAAlAEAAAsAAAAAAAAAAAAAAAAALwEAAF9yZWxzLy5yZWxzUEsBAi0AFAAGAAgAAAAh APb9fWBPAgAAXwQAAA4AAAAAAAAAAAAAAAAALgIAAGRycy9lMm9Eb2MueG1sUEsBAi0AFAAGAAgA AAAhAKqaYR3dAAAACAEAAA8AAAAAAAAAAAAAAAAAqQQAAGRycy9kb3ducmV2LnhtbFBLBQYAAAAA BAAEAPMAAACzBQAAAAA= ">
Пайдалы қазбалар
асбест, фосфорит, тұз
Мұнай, газ, көмір
Кенді

Жанатын пайдалы қазбаларға мұнай мен газ жатады. Олар Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында шоғырланған. Осы өлкеде мұнайдың бар екені
1899 жылы анықталған. Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар.

Бүгінде республикада жылына шамамен 55 млн. тонна мұнай,
7,5 млрд. м3 газ өндіреді. Шетелге 17 млн. тоннадай өңделмеген мұнай шығарылады. 10 көмір алабы, 300 кен орны бар, жалпы 162 млрд. тонна қоры бар. Қарағанды алабы – 3600 шақырым шаршы жерді алып жатыр. Ол – негізгі көмір базасы.

Тас көмірдің 80 қабаты анықталған. Қалыңдығы 120 м, жалпы
қоры – 45 млрд. тонна. Екібастұз көмір алабындағы (Павлодар облысы) ауданы 160 шқ2 көмір қабатының қалыңдығы 150 м, ашық әдіспен өндіріледі, ал ең арзан «Алып» кенішінде жылына 36 млрд. тонна көмір өндіріледі.

Табиғаттағы каучук

Табиғи каучукты кейбір тропикалық – бразиль гевеясы, каучук фикусы және т.б. өсімдіктердің сүтті шырындарынан (латекс) әдейілеп алады. Қазақстанда каучук өсімдіктері өте жақсы өседі. Олар көк сағыз және тау сағыз деп аталады. Осы өсімдіктерден Ұлы Отан соғысы кезінде каучук өндірістік жолмен бекерге алынбаған.

Каучукты адамдар ертеден білген. Оңтүстік Америка елдерінде қазу жұмыстары жүргізілген кезде нағыз резеңке доптары табылған, олар тұрмыс-салт мақсатында қолданылған. Еуропалықтар каучукпен алғаш рет ХVI ғасырдың аяғында Х. Колумб серіктестерімен Оңтүстік Америкаға (Гаити) келіп түскенде жергілікті тұрғындардың доп ойнағанын көргендерінен бастап танысқан. Индейліктер сүтті шырынды «као чо», яғни «ағаштың көз жасы» деп атаған, содан «каучук» деген атау шыққан.

Каучуктың алынуы мен қолданылуын одан әрі тереңдете зерттесек, ХVIII ғасырдың 20-жылдарында Бразилияда пайда болған деседі. Каучук Heve ағашынан алынған екен. Бразилиялықтар каучукты алу үшін ағашқа кесіп тіліктер жасайды. Бөлінетін ақ сүтті шырын ауада тез қатайып қараяды да, созылғыш массаға өте тез айналады. Маталарға шырынды анағұрлым мол сіңіртсе, олар соғұрлым су өткізбейтін болады. Қатып қалған шайырдан бұрыннан факелдер дайындаса, шашыратқы түрінен арнайы шөлмектер жасалған.

Сұйықтың қозғалысы

Қатты денелердегі сияқты сұйықтар мен газдардың қозғалысын да кинематикалық және динамикалық тұрғыдан қарастыруға болады. Газдар мен сұйықтар өзара ұқсас болатындықтан, оларды әдетте бірінен-бірін бөлмейді. Мұнда газдардың сығылғыштығын ескеруге тура келеді, сондықтан сұйық туралы айтылғандар газға да қатысты деп түсіну керек.

Кинематикалық тұрғыдан қарағанда, сұйық қозғалысын оның әрбір бөлшегінің қозғалысымен сипаттауға болады. Сұйық қозғалысын жете түсіну үшін, ағын сызықтары және ағын түтігі деген жаңа ұғымдарды пайдалану тиімді. Қалыптаспаған қозғалыс үшін ағын сызықтары уақытқа байланысты өзгереді, ал қалыптасқан жағдайда олар тұрақты болып қалады. Бұған қоса, қалыптасқан қозғалыс жағдайында ағын сызықтары бөлшектің траекториясына дәл келеді. Сұйық бөлшектерінің қозғалысын бір белгілі санау жүйесіне қатысты анықтауға болады. Әрбір бөлшек өзіне тән жылдамдық векторы бойымен қозғалады, әрі сұйық жылдамдық векторының өрісі болып табылады. Әдетте сұйықтың ағысы күшті болғанда ағын сызықтары жиі, ал сұйық ағысы бәсең жерде ағын сызықтары сирек етіп жүргізіледі. Сұйық ағысы қалыптасқанда сұйық жылдамдығы әрбір нүктеде тұрақты болса да, уақытқа байланысты өзгермейді. Бұл жағдайда ағын сызықтары өзгермейді, әрі сұйықтың жеке бөлшектерінің траекториясына дәл келеді. Сұйықтың ағын сызықтарын көзбен көруге болады, ол үшін сұйыққа аздап бояу қосады немесе көрініп жүзіп жүретіндей зат бөлшектерін салады.

Алым Ақжан Машанов

Машанов Ақжан Жақсыбекұлы 1906 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының Нұркен ауылында дүниеге келген. Ол қазақ геологтерінің бірі, тау-кен инженері болған. 1939 жылы А. Машанов Қазақ тау-кен металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген. Ол тау-кен өндірісінде геомеханика заңдарын іс жүзінде қолдана отырып, ғылымда үлкен жаңалықтар ашқан. Ғалым тау жыныстарының кернеулі-деформациялық күйінің теориялық негізін анықтаған. Оның тағы бір іргелі еңбегі тау жыныстарының жер қойнауындағы жай-күйін, құрылымдық ерекшеліктерін және беріктілік қасиеттерін зерттеуге негізделген. Жер астындағы кеннің геологиялық құрылымын анықтау үшін алғаш рет жер қойнауының геометриясы әдісін қолдана отырып, Ақбастау – Құсмұрын кен өрісін ашқан.

А. Машановты Қазақстанда геомеханиканың негізін салушы, осы салада мектебін құрушы ғалым деуге болады. Ол көптеген жылдар бойы тау-кен металлургия саласында ұстаздық қызмет еткен адам.

Оның ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыты геомеханиканың құрылымы – кристалдық заңдылықтарды зерттеуге арналған. Ол геометрия, оптика, механика, химия, геохимия, кристалдық химия, география, геология, технология тәрізді пәндердің сабақтастығын анықтау кезінде біртұтас геомеханика заңдылығын ашып, қағидасын тұжырымдады.

Ғалым Қазақстанда геомеханика мектебін құруға және соғыс жылдарында Лениногор, Зырян, Торғай, Жезқазған, Қаратау кен орындарын ашуға қатысты. Сондай-ақ, геология, тау-кен ісі, маркшейдерия ғылымдарының мемлекеттік тілде дамуына ерекше көңіл бөліп, қазақ тілінде оқулықтар мен сөздіктер шығарды. Жаратылыстану ғылымдарындағы ұлттық құндылықтарды сабақтастыра отырып, гуманитарлық мазмұнды сипатта дамытуда көп іс атқарды. Оның «Жер астына саяхат», «Как образовались горы», «Жер сілкінісі», «Жер құрылымы», «Кристаллография, минерология және петрография», «Основы горной механики», «Космос және космология» атты еңбектері көптеген оқырмандардың геология, тау-кен мамандықтарына деген қызығушылығын оятты.

Наши рекомендации