Азақстанның сыртқы саяси қатынастар саласындағы басымдықтары. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы.

Қазақстанның сыртқы саясатында ерек­ше геосаяси маңызы бар тағы бір мемлекет – Қытай Халық Республикасы. Бұл елдер арасындағы ортақ шекараның ұзындығы 1700 шақырым, әрі тарихи көршілер. Екі ел де демократиялық модер­низация мен нарық экономикасын жасап, дамуға құлшына кірісті. Сондықтан, екі ел үшін де бейбітшілік, өзара татулық пен экономикалық-сауда әріптестігін дамы­ту пайдалы. Қытай өзінің батыс өңірі Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданына Қазақстандағы саяси тұрақтылықтың дұрыс ықпал етуін қалайды. Шығыс Түр­кіс­тан өңірін қамтитын Ұйғырстан мемлекетін құруды жоспарлайтын ұйғыр сепаратистерінің мақсатына Қазақстан да түбегейлі қарсы.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қытай бірден-бір қуатты социалистік мемлекет болып қалды. Қытайдың мақсаты әлемдік саясаттың негізгі ба­ғыт­тары түгел дерлік қамтыған АҚШ ба­сымдылығын азайту. Сондықтан ҚХР Орталық Азия мемлекеттерімен жан-жақты қарым-қатынастарды нығайта отырып, бұл аймақтағы АҚШ ықпалының аз болуына мүдделі. ҚХР осы мақсатта Қазақстан тәуелсіздігін тез арада таныған мемлекеттер қатарында, Қытай әлемдік озық үлгілерді өзіне тез қабылдау арқылы елдегі демографиялық өсімнен туындайтын азық-түлік, тұтыныс пен тұрғын үй мәселелерін шешуге ұмтылуда. Экономикалық өсуінің зор қарқыны Қытайдан ұдайы шикізат, мұнай-газ өнімдерін, құрылыс материалдарын іздеуді талап етеді. Осы ретте ресурстарға аса бай көрші мемлекеттер Ресей мен Қазақстан Қытайдың ерекше назарында. ҚХР Ресей Федерациясымен тығыз ынтымақтастыққа баруы онымен бірігіп, АҚШ-тың әлемдік гегомондығына тосқауыл қою ниетіне де байланысты. Ал, Қазақстанмен Қытай «шыңжаң мәселесіне» қатысты ынтымақтасуды көздейді. Сонымен қатар, Қытай Қазақстанды Батыс Еуропаға тікелей ашылатын транзит ретінде де қажетсінді. Ал, Қазақстанға ұлы көршімен татулық және оның 1,5 млрд-тық нарық қуаты қажет болды.
Қытайды, сөз жоқ, Қазақстанның энергетикалық қорлары қызықтырады. Ол Каспий теңізіндегі мұнай қорларын игеруге мүдделі. Осы мүдделіктің арқа­сында заманауи алып құрылыстар Атасу-Алашакөй мұнай құбыры, Батыс Еуропа – Батыс Қытай (ұзындығы 8,4 мың шақырым) автомагистралі өмірге келді. Бұл автомагистралдың 2,3 мың шақырымға жуығы Қазақстанның 5 облысын басып өтеді. 2010 жылы Қытайдың мұнай ком­панияларының Қазақстанның Батыс өңіріндегі мұнайды өндірудегі үлес сал­мағы 23 пайызды құрады. Қытай ком­панияларының Қазақстан мұнайының 1/3 жуығын иеленуі екі ел арасындағы экономикалық-сауда байланыстарын одан сайын нығайта түсті. Қытайдың мұнайға зәрулігі өскен сайын, оның Қаз­ақстанға деген қызығушылығы арта түсуде.
Екі ел арасындағы байланыстардың белсенділігін 20 жыл ішінде Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қытайға 11 рет, ал Қытай басшылары Цзян- Цимин мен Ху Цзин Таоның Қазақстанға 7 рет ресми сапарларымен келгендігі дәлел­дейді. Қытай Орталық Азия ау­мағын­дағы өз ықпалын арттыруды күш көрсету немесе әскери қуатпен қор­қы­ту саясаты арқылы емес, өркениетті ел­дерге тән инвестициялар құю, сауда көлемін арттыру, ақпарат пен технология алмасу, экономикалық ынтымақтасудың жаңа жолдарын игеру саясаты арқылы іске асырамыз деп жариялауда. Қытай Қазақстанның шекаралық біртұтастығы мен мемлекеттілігіне қол сұқпайтындығын мәлімдеді. Қазіргі Қытай «ХХІ ғасырдың геосаяси өзгерістеріне тән бағыт-бағ­дар ұсынатын мемлекетпіз, бізге агрес­сия, экспанция құбылыстары жат» деген ұранмен әрекет етуде. Қытай өзі ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан көр­ші кішкентай мемлекеттерді жұту саясатынан бас тартқандай сыңай таны­туда. Қытай «айдаһары» жалынымен ешкімді шарпымайтын бейбіт айдаһарға айналғандай. Оның айғағы Қытай басшы­лығының Қазақстанға көршілес аймақта орналасқан Лобнор ядролық сынақ поли­гонын жабуы. Қытай басшылығы бірнеше мәрте Қазақстанға ұзақ мерзімдік кредит берді. 2009 жылы Қазақстан Қытайдан 10 млрд. доллар көлеміндегі қарыз алғаны белгілі.
Қазақстан Кеңес Одағы құрамынан шыққаннан кейін, Қытаймен тығыз эко­но­микалық, сауда, инвестициялық қа­рым-қатынастар жасай бастады. 2010 жылы Қытайға экспортталған Қазақстан тауарларының құны 17,5 млрд. долларды құраған. Ал, Қытайдан импорттайтын тауарлар 27,6 млрд. доллар болған. Экс­порт-импорт қатынастарындағы кері сальдо 10 млрд. доллардан артық. Қытай мұнай, уран өнімдеріне ерекше ден қоюда. Қазақстан оған стратегиялық шикізат сатуға мәжбүр. Ал, Қытай негізінен өндіріс тауарлары мен тұтыныс заттарын өткізуде. Қазақстанның тұтыныс рыногын Қытай өнімдері басып алған. Германия мен АҚШ-тан кейінгі инвестиция көлемі жағынан үшінші орында Қытай тұр. Қазақстанның Қытаймен жақсы экономикалық байланысы оның транзиттік қуатын күшейте түсуде. Түркіменстан, Өзбекстан газы Қытайға қазақ құбырлары арқылы жеткізілуде. Қытай тауарлары Ресейге, Украина мен Беларусияға Қазақстанның транзиттік дәлізі арқылы өтуде. Транзиттік тасымал пайдасы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының іске қосылуымен тіптен арта түспек.
Қытай Қазақстанды стратегиялық әріптес ретінде бағалауда. Екі елдің қауіп­сіздігі мәселелері ШЫҰ, АСӨЫК (Азиядағы сенім және өзара ынты­мақ­тастық кеңесі), БҰҰ шеңберінде үнемі талқыланып келеді. Екі ел арасындағы тауар айналымын 2020 жылы 40 млрд. долларға жеткізу жоспарлануда. Тәуелсіз мемлекет ретінде 20 жыл өмір сүрген Қаз­ақстан экономика мен саясатта Қы­тай экспанциясын немесе қысымын сезініп отырған жоқ. ШЫҰ қызметінің арқа­сында екі елдің аймақтық қауіпсіздігін нығайту мәселелеріндегі ынтымақтасуы күшейе түсуде. Қытайдың Сыртқы істер министрі Си Цзиньпин «екі ел арасындағы қатынастар үлгі боларлық деңгейде, Қазақстан Қытайдың сыртқы саясатының ма­ңызды басымдылықтарының бірі», – деп атап көрсетті.
Ал, Қытайдың әлемдік экономикалық державаға айналуға ұмтылуы, валютасы юанның әлемдік валютаға айналуы үде­рісі Қазақстанның Қытаймен қарым-қаты­насының нығая беруіне негіз бол­мақ.

Азақстан Республикасының бітімгерлік миссиясы. Қазақстанның Батыс-Шығыс мәдениаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға қосқан үлесі

Р сыртқы саясаты

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. (ТМД, Шанхай ұйымы,Еуразиялық Ынтымақтастық туралы айтып кетіңдер)

Наши рекомендации