Тақырыбы:«Қазақстанның өркендеуіндегі-қоғамдық идеалық консолидациялық шарттары».

ОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Өнер факультеті

Дене мәдениеті» кафедрасы

«ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ»

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

5В010400-«Бастапқы әскери дайындық»

Түркістан 2016

Лекциялық тезистер «Дене мәдениеті» кафедрасының

«01» 09.2016 ж. мәжілісінде талқыланды және №1 хаттамамен бекітілді.

Кафедра меңгерушісі ______________ п.ғ.к,доцент Б.З.Абусейтов

Лекциялық тезистер факультеттің «02» 09. 2016 ж. (хаттама №1) ОӘК-де қаралып, мақұлданды.

Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы, п.ғ.к., доцент м.а Б.Жолдасова

Дайындаған: Аға оқытушы,аға лейтенант Б.Р.Ахметов

Лекциялық сабақ №1.

Тақырыбы:" Әскери-патриоттық тәрбие беру әдістемесі."

Жоспары:

1.Әскери-патриоттық тәрбиенің жалпы мәселелері.

Сабақтың мақсаты:Әскери патриоттық тәрбие негіздерінің теориялық мәнін жеткізу.

Қысқаша мәтіні:Жастарға әскери патриоттық тәрбие негіздерінің мақсатын мен мәнін жеткізе білу туралы .

1.Әскери-патриоттық тәрбиенің жалпы мәселелері.

Тарау оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесіне, сондай-ак Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, өскери доктринаны, Қарулы Күштердін жалпы әскери жарғыларының талаптарын, "Жалпыға ортақ әскери міндеттер мен әскери қызмет туралы", "Келісім-шарт бойынша әскери кызмет туралы", "Аумақтық корганыс туралы" және т.б. заңдарды оқып-үйренуге бағытталган.

Оқушылардың заңдарды білуі олардың Қазақстан Республикасының егемендігін қорғаудағы міндеттері мен қүкықтарын жете түсінуін айқындайды. Ол Отанына шы-найы берілген азаматтың жеке басын калыптастырады, әрбір адамның өмірлік көзқарасын таңдауды алдын ала аныктайды, сондай-ак Қазақстан Республикасвіньщ азаматы белсенді, мағыналы, салауатты өмір сүруі тиіс деген түсі-нікке алып келеді.

Сабақтарды өткізу әдісі оқыту бағдарламасы талапта-ры мен басқа да орта білім туралы жетекші құжаттарга сәйкес бағытталуы тиіс.

Мұғалімге кемек ретінде 1-кестені үсынамыз. Онда оқылатын тақырыптардың атаулары мен үлгі тізімдері, АӘД бағдарламасына сәйкес оқу сүрактарының мазмұны келтірілген, сағаттар саны, оқыту әдісі және ұсынылган оқу материалдары көрсетілген.

"Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы егемендігінің күзетінде" тарауын оқып білу кезінде оқушылар мынаны білуі тиіс:

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кұрылымын, Қазақстан Республикасы егемендігінін негізгі белгілерін;

Қазақстан Республикасының конституциялық негіздерін;

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің рөлі мен орнын;

Қазақстан Республикасынын мемлекеттік нышандары және әскери бөлімінің жауынгерлік туынын маңызын;

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен салаларын, офицерлік және сержанттық қүрамның әскери атақтарын.

Әскери – патриоттық тәрбиенің мазмұны.

Әскери – патриоттық тәрбиенің мазмұнынан бір – бірмен өзара тығыз байланысқан екі негізі компонентті біліп көрсетуге болады. Біріншісі кең әлеуметтік – педагогикалық бағытпен сипатталады. Ол мынадай элементтермен негізделеді: өмірге деген позитивті козқарас және негізі әлеуметтік, тарихи, арият, саяси, әскери және басқада мәселелер бойынша позиция; жан – дуние, адамгершілік, іскерлік секілді маңызды сапалар (Отанға деген сүйіспеншілік, заңдылыққа мәртебе, Отанды және оның азаматтарын қорғаудағы конституциялық міндеттерді орындауға деген жауапкершілік).

Мазмұнның әлеуметтік – педагогикалық компоненті басты, және оның орталығы болып табылады.

ҚР қарулы кұштерінің жеке құрамын, басқада әскерлерді, әскери қүрылым және органдарды кәсіби көшіру мәселелер; шешіліп жатқан кезде әскери – патриоттық тәрбиенің мазмүнының ролі әлдеқайда жоғарлайды.

Әскери – патриоттық тәрбиенің ерекше компоненті нақты және іскерлік бағытпен сипатталады. Бұл мазмұнның тәжребиелік орындалуы әр – бір жас азаматтық. Отанына қызмет етуде орнын терең түсінуіне.

ҚР қарулы күштерінде, қызмет етуге қасиетті негізгі сапалар, қасиет, дағдыларды қүруды қамтамасыз етуге бағытталған. Ерекше компоненттің негізгі мазмұны Отанға деген сұйіспеншілік, азаматтық және әскері парызға сенімдімік, батырлық түрақтылық, ерлік болып табылады.

Қазіргі жағдайда жастарды әскери – патриоттық тәрбиелеу мазмұнынық басымдылық сапасы болып мына адамгершілік қүндылықтар саналады:

Азаматтылық,мемлекеттік масштабтағы жалпы ұлттылық,жеке түлғаға қоғамдық – мемлекеттік басындылық,патриоттылық, өз Отанына шын берілу

ҚР қарулы күштерінің жақсы дәстүрлерін сақтау және дамыту іжеттімік және қиындықтарды жеңуге үмтылу адамгершілік, ізін силау қүрметтеу сезімі әлеуметтік белсенділік, жауапкершілік

Шынайы патриотизм- жалпы адамзаттық құндылықтардың маңыздысы болғандықтан басқа халықтарға, ұлттар мен ұлыстарға сыйластықпен , ізгі ниетті адамгершілікпен қарауды көздейді. Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте жекеленген этностар өкілдерінің ұлттық патриотизмі елде тұратын барлық халықтың ортақ патриотизмімен тұтас байып отырады. Өйткені,Халық деген ұғымға мемлекеттегі барлық адам, яғни ұлттар, ұлттық топтар сияды.

Бақылау сұрақтары:

1.Шынайы патриотизм дегенді қалай түсінесіз

2.Әскери – патриоттық тәрбиенің мазмұны.

3.ҚР қарулы күштерінде, қызмет етуге қасиетті негізгі сапалар

4.Қазіргі жағдайда жастарды әскери – патриоттық тәрбиелеу мазмұнының сапасы

Лекциялық сабақ №2.

Тақырыбы: «Әскери-патриоттық тәрбиенің жалпы мәселелері.»

Жоспары:

1.Әскери-патриоттық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері.

Сабақтың мақсаты:Әскери-патриоттық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері мен мәнін жеткізу.

Қысқаша мәтіні:Жастарға әскери патриоттық тәрбие негіздерінің мақсатын мен мәнін жеткізе білу туралы .

Әскери – патриоттық тәрбие – мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және ұйымдардың жастарда жоғары патриоттық түйсікті өз Отанына шын берілу, өзінің азаматтық парызын орындауға дайын болуды қүруға бағытталған көп жоспарлы, жүйелі, мақсаты іс – әрекет.

Әскери – патриоттық тәрбиенің мақсаты – жастарда азаматтылық патриоттылықты дамыту. Оларда өмірдің әр саласында керекті белсенді көрінулерді қүру.

Осы мақсатытарға қол жеткізу ұшін келесі негізгі міндеттерді орындау талабы орын алады:

жастардың санасында және сезімінде патриоттық қүндылықтарды, көзқарасын және сенімдерін, Қазақстанның мәдени және тарихи өткеніне ілтипат мемлекеттік, әсіресе әскери қызметтіқ деңгейін кілтіруді бекіту;

жастарда Отанға шын берілудің дамуын қамтамасыз ететін тиімді, жеке әскери – патриоттық жүйе құру;

әскери – қызметтік тәрбие жұйесінің түтас қызмет ету әсерін қамтамасыз ететін оның ішінде ҚР Қарулы күштер қатарында қызмет етіп жатқандарда қамтамасыз ететін механизм қүру. Әскери патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаттары жастарды өз отанының адал патриоты болуға тәрбиелеу . Бүгінгі жастар отанымыздың келешегі, сондықтан олармен санасу, пікірін тыңдау қоғамға белсене араласуына көмектесуіміз қажет болып саналады.

Әскери патриоттық тәпбиенің негізгі алатын қоғамдағы ролі ерекше болып саналады.

Жастарды өзінің еліне деген сүйініспеншілікке тәрбиелеу, патриоттық тұрғыда ерекше болып саналуы мүмкін.

Патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты мен міндеттері қоғамыздағы өзгерістердің барлығына жастардың араласуына бірдей ықпал жасау, оған негізінде мектеп жасынан отанға деген сүйінспеншіліктерін артыруы қажет ол дегеніңіз патриоттық тәрбие негізін түсіндіру болып табылыды.

Жастардың патриот деген сөзге мағанасын нақты түсіндіру үшін оларға жиі ардагерлермен кездесу өткізу әртүрлі патриоттық тұрғыда жарыстар өткізу қоғаммен тікелей байланыстыру біздің мақсатымыз болуы тиіс.

Әскери патриоттық тәрбие міндеттері жастардың көзқарасын қоғамдағы күнделікті өзгерістермен айқындалуы қажет соған бейімделуі керек.

Патриоттық тәрбиенің өзінің халқына деген сүйіспеншілікті мектеп ұжымында тәрбиелік мәні мен айқындалуы керек. Тәрбие жалпы жас жеткіншектерге отбасынан басталуы қажет. Отбасылық тәрбие жастарға қоғамға тез араласуына ықпалын зор тигізеді.

Әскери патриоттық тәрбиенің негізгі ықпалы жастарға отанының адал болуына патриоттық сезімін тудыратын, өзінің қоғамға бір ықпалын тидіретіне қуаныштылығын туғызуы тиіс. Қоғамдағы өзгерістер жастарғада ықпалын тигізеді себебі, жастар қазіргі уақытта қағамның белді бір мүшесі болып табылады. Жастардың қазіргі патриоттық тәрбиенің мақсат мен міндеттеріне саналы көз қараспен қарайды ол дегеніңіз өзінің отанына деген сүйінспеншілігін бар екенін айқында берілуі болып табылады.

Отанға деген сүйінспеншіліктің жастардың бойына табылуы ол дегеніңіз үлкен құрметтің белгісі болуы тиіс. Әскери патриоттық тәрбиенің негізгі алатын орны қоғамыздың жаңаруына өзінің қандайда бір ықпалын тигізеді. Бұл дегеніңіз қоғамдағы қандайда болсын өзгерістер жастардың ықпалы мен болып жатқанын дәлелдейді. Әскери патриоттық тәрбиеде жастарға әскердің не екенін жалпы мағлұмат алатындай олардың әскери ойындарға араласуы, отан соғысының ардагерлермен кездесу өткізуі бейне филъмдер көрсету соның бір дәлелі бола алады.

Патриоттық тәрбие қашанда жас жеткіншектерге өзінің халқына деген сүйінспеншілігін артуына зор ықпал етуі тиіс.Отан қорғау бойынша эмоционалдық, күш-жігерлілік қатынас, оның адалдығы, Отан қорғау туралы балалардың білімінің қалыптасу жүйесі Әскери-патриоттық тәрбиенің барлық түрлерін қолдана білгенде ғана тәрбиелік нәтиже беретіні ескерілуі қажет. Мұғалімнің міндеті мұндай жағдайда жоғары эмоцияға, кіші оқушылардың тез қабылдауына сүйене отырып, оларға ҚР Қарулы Күштерінің ерлік тарихтарымен ҚР Әскерінің және Әскери-теңіз флотының жауынгерлерін мақтанышпен айта отырып, болашақта солардың қатарына болғысы келетін сезімін дамыта білу.

Төменгі мектепті бітіріп, оқушылар Қарулы Күштер туралы кең мағлұматта болады. Армия мен флот біздің Отанымызды, халқымыздың бейбіт еңбегін, тыныштық өмірін қорғайды. Ұлы Отан соғыс кезінде неміс фашист басқыншыларымен біздің жауынгерлер, біздің еліміздің тәуелсіздігі мен еркідігіне, бейбіт өмір мен бақыт үшін күресті. Фашистер біздің жерді иелену үшін соғыс ашты. Кеңес жауынгерлері батыр, жігерлі, күшті, олар біздің елімізді қырағылықпен күзетті.

Әскери патриотттық тәрбиелеуде жастарға жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлген:кіші,орта,жоғары буын болып бөлінген. Кіші мектеп жасындағы балалар өздерінің ең бірінші қоғамдық ұйымға мүше бола алады . Бұл жастағы балалар әскери спорттық ойындарға белсене араласады.

Қарулы күштердің, халықтың жауынгерлік еңбек қағидаларын, өткен және қазіргі кездегі болашақтағы, оның ерлік тарихы, Отан туралы білімін терендетіп, қоғамдық-саяси көзқарасын кеңейтуге атсалысады. Әскери-теңіз флотына және Армия жауынгерлеріне жақсы көзқарасы ескеріліп, балаларға мұғалім оқудан тыс, сабақ кезінде оқушыларды жігерлікке қасиетті жауынгерге қажетті тәртіпті, батырлыққа, шешіді болуға, ауыртпалықты жеңіп шығуға талаптануға, психологиялық және дене жүктемелеріне шыңдауға, керекті істі орындауға даярлыққа мұғалім тапсырған тапсырманы орындауға дайындау. Әскери - патриоттық шараларды ұжымдық ұйымдастыруда оқушыларға ұжым алдында жауапкершілікке, өзіне және жолдастарына талап қоя алуға, бір-біріне көмек жасаудың маңызын, тапсырылған істі аяқтау сезіміне тәрбиелеу. Кіші мектеп жасындағы оқушыларға патриоттық сипаттағы ойындар маңызды екенін айта кетуге болады. Бала ойын ережесін қатал сақтай отырып, командир, старшина, тыңшы, байланысшы, белгі беруші тағы да сондай-ақ рольдерде ойнағанды жақсы көреді. Бұндай ұйымдасқан, кейде аяқасты болған ойындар құнды маңызға ие. Мұғалім сонымен бірге болашақ жауынгерлердің міндеттерін орындаудың маңызын үйрете отырып оқушыларға күнделікті өмірде, тек қана ойында емес тәртіпке тәрбиелеуге қамқорлық жасайды.

Әскери-патриотттық тәрбие беруде жан ұяның ролі зор. Кіші жастағы оқушылар армия және флот ардагерлері, Ұлы Отан соғысына қатысқан туған-туыстарының өмірбаянымен танысып, мемлекеттік марапатауларға яғни наградаға деген дұрыс көзқарасы қалыптасады. Мектептің педагогика ұжымы оқушылардың әскери ойындарын ұйымдастыруда ата-аналар алыс жерлерге, мысалы: саңырауқұлақ жинауға, балалармен жаяу баруға, немесе балық аулау, далада өнім жинауға, саяхатқа бірге қонып белсенді араласа алады. Сонымен қатар балаларды жергілікті жерлерді айыруға, кедергілерден өтуге үйрету қажет.Мұғалімдер ата-аналарға барлық туындаған сұрақтарына кеңес береді.

Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беруде шефтік көрсетулер үлкен жұмыс атқарады.

Шефтік етушілер күнделікті күндерде де оқушыларды ұмытпайды, балалармен қызықты әңгіме жүргізеді, өзінің қызметі туралы көптеген әңгімелер айтады. Бірақ ең басты күшті сынып жетекшілерімен бірге жас достардың өте жақсы оқуына бағыттайды. Әр сыныпта жеке жәрдем штабы құрылады. Оған оқу озаттары енеді. Штабтың міндеті артта қалушыларға жүйелі көмек көрсету, жалпы мектепте, сабақты тәртіптің сақталуын қадағалайды. Балаларға шынайы әсер беретінтіктен штаб өзінің қабырға газетін шығарады. Демалыс күндері де вожатылардың да жұмысы тоқтатылмайды.

Әрбір демалыс күнін балалар өзінің шефтері мен қызықты да айдалы өткізеді: бірге кинофильмдерді көреді оны талдайды, батыр қалалардың тарихи орындырына бірге барады.Осылайша, мұғалімдер мен вожатый- теңізшілердің шебер біріккен жұмысы арқасында балалардың өмірі маңызды, әр қилы да қызықты бола түседі.Олардыңпсихикалық даму кезеңдерімен ерекшеліктері әскери- патриоттық тәрбиелеу үшін өте жайлы жағдай жасайды. Оларда талдауға қажеттілік туындап, деректермен шынайы құбылыстардыжалпылап, өздерін қоршағандарға өз көзқарасы, адамгершіліккеталаптары менбақылау қалыптаса бастайды.Жеткіншек шақта басты жаңа туындайтын сезім, ол өзінересек санау. Жасөпірімдерде, қызушылықтары тұрақты, әрқилы, өзін қоршағандарға қатыстықызметпен байланысты, барлық қоғамдық- пайдалы еңбектергеқатысу қажеттілігі айқын білінеді, Сондықтан әскери патриоттық тәрбие осыған байланысты оларда жоғары қызуғышылықты тудырады.Жасөспірімдерді Отанын қорғауға даярлауды қалыптастыруобьективті және субьективті жағдайларды туындатады. Обьективті жағдайлардың ішінде оқушылыар әр түрлі әскери патриоттық тәрбиелеуде мектепте үйымдастырылған шараларға қатысуы үлкен мәнге ие.Келешек Отан қорғаушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін оқу үрдісі негізгі орында. Оқушылар әр түрліғылым негіздерімен таныса бастайды, ол әлеументтік шынайы құбылыстарды өзіне қатыстыжаңа түсініктермен қорытындап, шеберлікпен меңгеруіне әсерін тигізеді. Осы жастағы оқушылар үшін дене тәрбиесі, қоғамтану- математика пәндері, гуманитарлық циклдағыпәндердің маңызы ерекше.

Бұл кезеңде оқушылар әскери түсініктітерең түсіне отырып, «Отан қорғау», «Қазақстандық жауынгер» және т.б. біздің мемлекетіміздің экономикалық күшінің негізі Отанымыздың қорғаныс күші мен оның қарулы күшінде екенін айқын түсіне бастайды.

Біздің Отанымыздың қорғаныс күшін күшейту қажеттілігі идеясы Қазақстан Республикасының әр азаматының қызметі мен жағдайына байланысты екенінжасөспірімнің санасына қоғамдық жұмыстар мен оқудың мәні арқылы жетелейтіні ене бастайды.

Отан сүйгіш сезім жасөспірімдерде ерлікке ұмтылыс, жеңуге құмарлық , өз- өзіне талап қойғыштық, өз қатарластар арасында ұжымда өз орнын табу, олардың сеніміне ие болу, өзіне жоғары талап қойып ұжымның талабына бағыт беру, зор әлеументік белсенділік қалыптасып дами бастайды.Жастарды өз отанын сүйгіштікке тәрбиелеу оқушылардың барлық алдыңғы қатарлы жақтаушылар нағыз отан сүйгіш патриоттар, олар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлерімен достық қарым – қатынасты ұстап, еңбек және соғыс ардагерлерімен кездесіп тұрады, туған өлкесіне саяхатқа шығып, барлық іздеу жұмыстарына араласып белсенділік көрсетеді.Әртүрлі жарыстарға, әскери- спорт ойындарына қатысып, үлкен таласпен әскери- техникалық моделдеумен айналысады, әскери техника, әртүрлі әскери белгілерді айыру, әр әскери топттардың киім түрлері мен тарихымен танысады.Оларды жер бетіндегі мәселелер, әділеттілік пен теңсіздік мазалайды. Жер бетінде ешқашанда соғыс болмағанын қалаймын барлық жерде теңдік болса. Барлық елдің халықтарының балалары бақытты өмір сүргенін қалаймын- сен нені көп армандайсың деген сұраққа көпшілігінің жауабы осылайша.

Оқушылардың талабы мен арманына жету үшін мұғалімдермен, ата- аналармен, тереңдеп, дамып, белсенді шынайы сипат алуы өте маңызды. Бұл үшін жеткіншектерге олардың мүмкіншіліктеріне сенімен қараған жөн.

Үлкендерден оның талаптарынан кейбіреулерінде керісінше қатынас қалыптасады.Сондықтан, мұғалім осыны байқағанда оқушының белсенділігіне, талабын марапаттауы маңызды.

Бақылау сұрақтары:

1.Әскери – патриоттық тәрбиенің мақсаты

2.Патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты мен міндеттері

3.Әскери-патриотттық тәрбие беруде жан ұяның ролі

4.Әскери патриотттық тәрбиелеуде жастарға жас ерекшеліктеріне қарай топқа бөлгеуі.

5.Отанға деген сүйінспеншіліктің жастардың бойына табылуы

6.Патриоттық тәрбиенің өзінің халқына деген сүйіспеншілікті мектеп ұжымында тәрбиелік мәні мен айқындалуы.

7.Жасөспірімдерді Отанын қорғауға даярлау.

Лекциялық сабақ №3.

Тақырыбы: «Әскери-патриоттық тәрбиені оқыту қағидалары.»

Жоспары:

1.Әскери-патриоттық тәрбиенің әдісі мен формасы

Сабақтың мақсаты:Әскери-патриоттық әдісі мен формасы мәнін жеткізу.

Қысқаша мәтіні:Жастарға әскери патриоттық әдісі мен формасы мен мәнін жеткізе білу туралы .

Тәрбиелеу әдістері деп, оқушылардың түйсітін және ісін қүру мақсатындағы педагогикалық тәсіл және әдістер жиынтығын түсінуге болады.

Әскери – патриоттық тәрбие әдістері мәні бойынша тәрбиелеудің жалпы әдістері секілді.

Әдістерді қолдану жәй нәрсе емес. Ен бастысы, әскери - ұйыпдастырушы тәрбиелеудіқ белсенді әдістеріні қажеттілігін тереқ түсінуі керек. ұйрету әдістерін ұйрету және дамыту қызметімен қатар тәрбиелеуші ретінде де іске асырылады.

Әскери жетекші пәннің бағдарламасымен негізделген шеңберде сабақ мазмұнын анықтайды. Оқу және тәрбие міндеттерінің шешімін қамтамасыз ететін негізгі және қосымша фактілерді бөліп корсетеді: сабақ жүргізудің тәртібі, түрі және әдістемесін белгілейді.

а) Оқыту әдісі – әскери жетекшінің тікелей оқушы түйсітіне, сезім, жігеріне әсеретіп, оқу, еңбек, керек болган жағдайда үрыс кезіндегі әрекетін қүрудың негізгі әдісі.

АӘД сабақтарында ұйрету әдістері соғыс және оның мақсаттары, парыз, Отанды қоғаудағы жекі жауапкершілік, үрыстағы жеқіске жету факторлары, әскери ғылым, патриотизм сияқты негізгі әлеуметтік – саяси түсініктерді меңтеруде кең қолданылады.

Оқыту әдісі саналы әскері тәртіп негіздерін қүру, халқының батырлық дәстөрлерін дамытуды тәрбиелеуге ұмтылуда да жетекші болып табылады.

Оқыту түсіндіру, дәлелдеу, ақпарат, салыстыру, тәжребиелік корсету, әдіс, тәсілдер көмегімен іске асады.

Түсіндіру жақа қағида, көрніс, мазмұны қиын сүрақтарды қарастырғанда, әскери қызметтің талаттары және тәртіптерін қарастырғанда қолданылады.

Дәлелдеу кезінде фактірлер, дәлелдер, мысалдар қолданылады. Бүл ұлкен білімді, өз ойын анық тұсіндіруді, сараптау, салыстыра білуді талап етеді.

Ақарат қатаң ғылыми және нақты дәлелденген болуы керек. Ашық және дәп фактілермен оқушылардың ойлау қабілетің белсендендіруте үмтылу қашет.

б) Мысал әдісі.

Бүл әдістің негізінде ең алдымен адамдардың ол образға үмтылуы жатыр.

Оқушыға Отанды қоғау кезінде корінетін интернационалдық парызды орындаудағы ерлік, батырлық мысалдарымен әсер ету із өмірінде сол мысалдары үстануға итермелейді.

Мысалды қолдану тек батырлық, ерлік жасауға ғана итермелеу болмауы тиіс. Егер оқушылардың бірі барлығына жақын әрі таныс, сондықтанда әсерлі.

Әсіресе батыр іс – әрекетінің оң себеп – салдарын көрсету мақызды.

Мысалдар оқушының ізіндік терең ойлануға, шүғыл шешім қабылдау, іштей соған дайын болуға тәрбиелеуі керек.

в) Жаттығу әдісі

Оқыту және тәрбиелеудегі шаттығу әдісі оқушылардың белгілі әрекетті жүйелі қайталауында. Нәтежиесінде оларда керекті дағды, әдеттер қалыпта сады, ойлау дамиды.

Оқушыларға алдымен қарапайым, сосын күрделі тапсырмаларды көп рет қайталау пайдалы: қысқа баяндамалар жазу; әскери тақырыпқа сөз сөйлеу, сыныптан тыс іс – шараларды ұйымдастыру және откізу (сабақ, жарыс, көрніс, дайындықтар).

г) Ынталандыру әдісі оқушыда оң мотивті сықтауда және оятуда, олардың оқушы іс – әрекетінде көрінуін белсендендіруде, өзінің күшіне деген сенімді дамытуда қолданылады.

Ынталандыруды қарапайым міндеттерді орындауда емес, салястырмалы түрде қиын тапсырмаларды орындағанда қолданған жөн.

д) Ескерту әдісі оқушының адамгершілік және тәртіп нормаларына қарсы әрекетін сынау керек болғанда, тәрбиелеу мақсатында қолданылады. Қандай болмасын аиыпжәне ескерту сендіру әдісімен орайластырылып, соның негізінде құрылу керек.

Тек басқа әдістер нәтежие берметенде ғана ескертуге көшеді.

Кей кезде жәй еске салу, ескертулермен шектелу жеткілікті.

Ескерту уақытынды жариялы түрде болуы тиіс.

Оқушы жастардың әскері-патриоттық тәрбие жетекшілері.

Күрделі жүйе ретінде басқаруды қажет етеді. Басқару қызметтері көп мағналы. Бірақ ең бастысы басқару жүйесінің жағдайын зерттеу және оны дамытуға қабылданған шешімдер.

Әскери – патриоттық тәрбиенің басшылығы-бұл, ең алдымен мектеп және кәсібі мектеп әкімшілігі. Олар әкімшілік-басқарумен қатар инструктивті-әдістемелік әдістерді, яғни оқытушылардың педагогикалық шеберлігі өсуне кең қолдануы керек. Басқару іс-әрекеті табысы қызметтік міндеттерді педагогикалық ұшым ішінде дәл бөлінуіне байланысты.

Оқытушылардың жалпы, титітік, кызметтік міндеттері мектептің жалпы білім беру жарғасымен және ішкі тәртіппен анықталады.

Мектеп директорының қызметтер мыналар:

әскери – патриоттық тәрбиенің жалпы басқарылуы, кадрлерді таңдау, тәрбиелеу және бөлу;

әскери-патриоттық жұмыстың деңтейін сараптау, оны жоспарлау, жоспарын қоғамдық, мектептен тыс мекемелерен, базалық өндіріс орындарымен келістіру;

мектептен және сыныптан ыс жұмысты ұйымдастырушы, АӘД-ұйымдастырушы-оқытушылардың әскери-патриоттық іс-әреккетті дамыту бойынша инициативті шешімдерді ұсыну;

әскери-патриоттық жұмыстың мектеп ішінде жүргізілуін қадағалау;

әскери-патриоттық тәрбиені ұйымдастыру үшін керекті материалдық, әлеуметтік және моралдық-психологиялық жағдай құру.

Оқу-тәрбие жұмысы бойынша мектеп орынбасары:

әскери-патриоттық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін оқу бағдарламасының мүмкіндіктерін анықтайды, және оларды оқу-тәрбие процесінде әіске асырады;

жастарды Отанды қорғауға дайындау бойынша сабақтық және сабақтан тыс жұмыстың бірлігін және өз-ара байланысын қамтамасыз етеді;

оқу-тәрбие процесінің әскері-патриотық бағыттылығының әдістемелік қамтамасызетілуін қадағалайды.

Сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстың ұйымдастырушысы:

сынып жетекшілерінің әскери – патриоттық жұмысты жоспарлауын бақылайды және оны сараптайды;

сынып жетекшілерінің әскери – патриоттық жұмысты ұйымдастыруына әдістемелік көмек корсетеді;

мектептің мектептен тыс мекемелермен әскери-патриоттық іс-әрекеті координациясын іске асырады.

Әскери-ұйымдастырушы

сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушымен бірге оқушылардың әскери-патриоттық тәрьие бойынша іс-шыраларын жоспарлауға ат салысады. Сынып жетіешелеріне және қоғамдық мекемелерге жастарды Отанды қорғауға дайындауға әдістемелік және тәмребиелік көмек көрсетеді;

АӘД оқытылуын іске асырады, мектеп директоры көмегімен материалды база құрайды;

әскери-техникалық үйірме жұмысын ұйымдастырады;

әскери-спорттық мейрам, саптық көрніс, «Алау» және «Қалқан» әскери-спорттық ойындары дайындау және откізуді басқарады;

дене тәрбиесі мұғалімінен және дене тәрбие ұжымы қеңесімен бірге дене тәрбиесі бойынша нормативтер тапсыруды ұйымдастырады;

әскери мамандықтар бойынша кәсіптік бағдар жұмысын басқарады, оқушалардың әскери қызметке икемделуіге дайындалуына комек ұйымдастырады;

шефтік жұргізеттін кәсіпорын, әскери бөлім, қоғамдық ұйымдардың оқушының әскери-патриоттық тәрбиесі сапасын котеруге керекті көмекті пайдаланады.

Муғалімдер:

оқу-тәрбие процесінің әскері-патриоттық бағыттылығын қамтамасыз етеді. ¤з пәні арқылы болашақ Отан қортаушының тұлғасын құрлайды;

сабақтың тәрбиелік мақматтарында әскери-патриоттық аспектілерді жүйелі түрде енгізіп отырады. Патриоттық тәрбиелеу оқушыларды жалпы мұғалімнің ықпалы да болуы тиіс.

-Мектептегі мұғалімдер оқушыларға шын ойын патриоттық сезімін жеткізуіне ықпал жасауы қажет.

Бақылау сұрақтары:

1.Оқу-тәрбие жұмысы бойынша мектеп орынбасары міндеті

2.Оқушы жастардың әскері-патриоттық тәрбие жетекшілері міндеті

3.Оқыту әдісі

4.Ынталандыру әдісі

5.Жаттығу әдісі

6.Ескерту әдісі

7.Мысал әдісі.

Лекциялық сабақ №4.

Тақырыбы:«Қазақстанның өркендеуіндегі-қоғамдық идеалық консолидациялық шарттары».

Жоспары:

1.Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайы;

Сабақтың мақсаты:Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайы туралы;

.Қысқаша мәтіні:Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайы туралы жеткізе білу туралы .

1.Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайы;

Көпұлтты мемлекеттегі адамдардың патриотизмі олардың ұлтаралық қарым- қатынас мәдениетімен ажырағысыз бірлікте қарастырылуға тиіс. Мұның мәнісі алдымен, қоғамдағы патриотизмнің екі элементтен тұратына байланысты. Олар : жалпы яғни барлық ұлт өкілдерінің бойындағы жалпыұлттық патриотизм және ерекше, яғни жекелеген ұлттардың өкілдеріне тән ұлттық патриотизм.

Айталық, Қазақстан Республикасында патриотизм бірден жалпы қазақстандық, осында тұратын барша ұлтардың жалпыұлтық патриотизмі және қазақтардың , орыстардың, ұйғырлардың т.б. өзіне тән ерекше ұлттық патриотизмі түрінде көрінеді. Осылайша, жалпықазақстандық патриотизмнің даму дәрежесі ұлттаралық патриотизмнің даму дәрежесі ұлтаралық қарым- қатынас мәдениетінің даму деңгейін сипаттайды.

Ұлтаралық қатынастар мәдениеті, ең алдымен, халықтардың тең құқылығы, өзара сыйластық өзара көмек гуманизм т.б. өркениетті қатынастар принциптерінің ұлттық санаға қаншалықты сіңгеніне, сол санада ұлттық мүдделермен басқа халықтардың мүделлері қаншалықты үйлесім тапқанына байланысты дамиды. Яғни, ұлтаралық қатынастар мәдениетті дегеніміз ұлтардың қамсыз- мұңсыз өмір сүруіне қажет мүлде жаңа сипаттағы рухани- парасат ортасының және ұлтаралық қатынастардың қалыптасуына себепкер әрі сол себептердің нәтижесінде қол жеткен ақтық нәтиже болып табылады.Ұлтаралық қатынастар әрі ұлттық, әрі жалпы адамзаттық парасат- мораль нормалары түрінде көрініп, рухани байлық, адамгершілік тұрғысында адамдар тіршілігінеәсер етеді.

Ұлтаралық қатынастар мәдениеті халықтар, ұжымдар арасында және жеке адамдар арасында әртүрлі деңгейде көрініс береді. Көптеген адамдардың араласып, еңбектес, тағдырлас болуы бұл байланыстардың сапасы өзгеріп отырады.

Зертеулерге қарағанда әртүрлі ұлт өкілдерінің ара қатынасында мына үш жағдайда байқалады екен:а) ынтымастық, ә) бейтараптық, б) алауыздық.

Мұның ішінде аса жағымсыз қоғамдық жағдай ретінде алауыздықтың тигізетін зияны аса зор. Алауыздық салдарынан ұлтардың біріне – бірі қарсы тұруы, қастандық, бітіспес қайшылықтар мен арпалыс күрес, т.б. келеңсіз жағдайлар орын алады. Бұлардың мемлектаралық сипаты ел арасында соғыстарға себеп болатын, мемлекттің өз ішіндегі алауыздық азамат соғысына апаратынын көріп жүрміз.

Бейтараптық жағдайда мемлекеттер арасында, бір елдің өз ішінде, сондай- ақ, адамдардың арасында кездесуі мүмкін. Біріне- бірі ашық жауласпағанымен, өкпе ренішін анық білдірмей, өзара байланыс жасап жүргенімен , олардың арасындағы салқын қабақ табылмай қоймайды. Белгілідәрежеде біріне-бірі шыдамдылықпен төзіп, шын пиғылын көзге көрсетпесе де, бейтараптық жағдайында бір ұлттың екінші ұлт мүдесіне енжар қарауы, сырттай, сыйласқансияқты болуы да келеңсіз көрініс. Мұндай жағдайлар көбінесе жеке адамдар арасында, шағын ұлт топтарыарасында кездеседі.

Қарым- қатынастағы жақтардың немқұрайлылығының астарында үлкен қатер жатады. Мұндай салқындық кез келген сәтте, болмашы себептің өзінен де ұрыс- керіске, қарулы жанжалдарға ұласып кетуі мүмкін.

« Алтау ала болса- ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса –төбедегі келеді», деген халық даналығының астарында адамгершілік қатыстардың мәнін ашатын зор мағына жатыр. Өзара ынтымық, түсіністік пен татулық – аса қуатты жасампаз күштердің негізі міне осында жатыр.

Мемлекеттер арасындағы экономикалық, рухани жәнеәскери ынтымақ XXI ғасырдың табалдырығында бұрынғыдан да зор күшке ие болуда.

Егемендік алып, көк байрағын көтергеннен бері Қазақстан мемлекеті әлемнің жүзден аса елімен ынтымақ шартарын жасасты. Оның бәріне бір елдің екінші елдің байлығына, қалқына көз алартпауы, шекара дауын туғызбау, адамгершілік ниетте қарым – қатынас жасау негіз болған. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында мәңгілік достық және татулық шартына қол қойылуының тарихи маңызы бар. Сондай- ақ, екінші бір үлкен көршіміз- Қытаймен шекара айқындасып, татулық шартын жасадық.

Түбі бір түркі елдері - Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, жырақтағы Түркия мемлекеттері біздің бауырлас достарымыз. Бұл арада біз тек сол мемлекттердегі саны басым ұлттармен ғана емес, олардағы жекеленген шағын ұлттардың, ұлыстардың мүдделеріне де ортақ екнімізді, оларды сыйлайтындығымызды паш еттік.

Жеке мемлекеттің өз ішіндегі ұлттар ынтымағының жемісі қандай болатынын біз Қазақстан Республикасының өмір мысалдарын көріп отырмыз.Өтпелі кезеңде қазақстың басына түскен қиыншылықтар, шешілмеген күрделі мәселелер басқа ұлттарға да ортақ, Әлемдік өркениетке қол созған Қазақстан мемлекті өз жеріндегі барлық халықтар мен ұлтардың мүдде ортақтығы, ниет бірлігі арқасында жаңа реформаларды табандылықпен жүргізу үстінде. Бұл тарихи кезеңде еліміздің олжалы болмағының кепілі – оның барлық халықтарының ынтымағы мен достығында, бір отбасының баласындай татуында.

Бұл ынтымақ қатынастары жеке адамдар арасында адамгершілік негізде дамып отырса, тұтас алғанда Отандық патриотизмнің мызғыиас іргетасы болып табылады.

Нақты әлеументтік зертеулер нәтижесінде адамдардың біріне- бірінің адамгершілік қатынастарының, гуманизмнің үш деңгейі анықталған. Соның ішінде жоғарғы деңгей – ізгілік қатынастар идеясы адамның бүкіл болмысын, яғни оның жаны мен ақылын толық қамтып, санасын, сезімдерінен, іс әрекетінен , басқа үл өкілдерімен арақатысынан көрінеді екен.

Ал, орта деңгей жеке адам болмысының белгілі бір жақтарын ғана қамтиды, яғни сол белгілі бір мәселеде мейірімділік, туыстық пиғыл танытып, басқа бір жағдайда ұлтық тар шеңбер аясында қалады.

Төменгі деңгейде адам басқаға алакөз, іші тар, қаскөй мінез танытады, ұлтшылдық дертімен уланып, сол ұлтық деңгейден аса алмайды. Ұлтаралық қарым- қатынастар мәдениеті дегенде оның ұлтаралық қатынастарға қаншалықты әсер ететінін ескеруіміз қажет.

Ұлтаралық қарым- қатынастардың деңгейі мен сапасы, тиісінше, ұлтаралық қатынастардың дамуымен : белгілі бір ұлтардың, ұлтық топтардың , ұлыстардыңдамуымен, сол қауымдастықтардың табиғатына, мінез- құлқына, ара байланыстарына қарай, сондай – ақ, жеке адамдарарасындағы қарым –қатынас табиғатына, сипатына, ерекшеліктеріне, яғни түрлі ұлт өкілдерінің өндірісте, рухани және басқа да өмір салаларында қаншалықты араласатындықтарына қарай сипатталады.

Сонымен, ұлттаралық қатынастар мәдениеті түрлі ұлттар өкілдері арасында сыйластық, өзара көмек, гуманизм, ұлт артықшылығы дегенге төзбеу, өз ұлтының рухани мәдениетін де, басқа ұлттар мен топтарының рухани мәдениетін де игеруге құштарлық болып табылады.

Әлбетте, ұлттаралық қатынастар мәдениетін өз бетімен пайда болып, қалыптаса қоймайды. Ол үшін мемлекеттің, партиялардың, қозғалыстардың, ұлттық мәдени орталықтардың т.б. күнбе- күнгі белсенді қызметті сияқтысубекті оң факторлар керек. Егер мұның бәрі болмаса, ұлттықкелісімге жарықшақ түседі, ұлттаралық шиеленіс, алауыздық белең алады.Ұлттаралық қатынастар мәдениеті түрлі ұлт өкілдері арасындағы ізгі, адамгершілік қатынастардың неғұрлым жоғарғы деңгейін білдіреді. Олар адамдардың іс- әректінен, көзқарасынан, мінез- құлық тәрбиесінен, басқа халықтарға адамдарға еңбекте, тұрмыста, демалыс сәтінде, сайып келгенде ұлттық мүдделер мен ұлтық ерекшеліктер байқалатын қоғамдық өмірдің барлық салаларында айқын көрінеді.

Қоршаған орта мен қарым- қатынас нәтижесінде адам сол ортаға деген көзқарасын қалыптастырады.Егер оған тексіздік, нигилизм сияқты жағымсыз тәрбие әсер етсе, оның Отанға деген ықыласы кемиді, тіпті оны мойындамай қояды.Керісінше, түрлі жағымды әсерлер адам санасында өнегелі қасиеттерді нығайтып,Отан үшін қандайда қажеттің бәрін істеуге құлшындырады.

Адам бойына сіңген әлеументтік және рухани құндылықтар рухани табандылықтың, ерлік пен батырлықтың, ізгіліктің бастауы бола отырып, Отан алдындағы борыш пен міндетті орындауда кездескен қиындықтарды батыл жеңуге құлшындырады. Ол үшін қоғам мүддесі дәрежесінде қабылдануы керек.

Әрбір адам өзін қоршаған болмысты танып – біле отырып, сол болмыс құбылыстарынан өзіне қжетті, пайдалы жақтарды ала білуге ұмтылады.Мұндай саналы, мақсатты ықылас жемісті болады, өйткені адам қоршаған ортаны танып – білмей, оны бағаламай, жаны мен тәніне қажетқұндылықтарды іздемей тіршілік ете алмайды.Адамға қатысты бола тұра, оған пайда әкелетіндердің,адам қоғамын дұрыс жолда дамытуға және жеке адамның жарасымды жетілуіне себеп болатындардыңбарлығы құндылықты болып табылады.Тиісінше, бұған жоралғы болмайтындардың, тіпті бөгетжасайтындардың барлығықұндылықтар емес, яғни құнсыздықтар. Нақты әлеументтік зертеулер нәтижесі ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға қатыстыңдеңгейі әрбір жеке адам бойында патриотиз мен ұлтаралық қарым- қатынас мәдениеттініңдеңгейіне байланысты болатынын көрсетті.

Қазақстан Республикасының Президенті өзінің халыққа «Жолдауында» еліміздің сегіз артықшылығының бірі ретінде: «Біздің жетінші бекем тұсымыз – қоғамымыздың саяси тұрақтылығы мен бірлігінде жатыр. Біз қоғам ішінде тікелей тай таласқа жібермей, ахуалды тұрақтандыра білдік, мұны мақтан етеміз, өкінішке қарай, көптеген дамушы және кешегі коммунистік кейінгі елдердің бұған қолы жеткен жоқ. Алайда толық тұрақтылықтың, ал топтасу мен бірліктің ауылы әлі алыс жатыр, сондықтан біздің баршамыз өзімізді біртұтас отбасымыз деп сезіну, өз мақсаттарымызды айқын біліп, оларға қарай келісе ілгерілеу үшін алдағы уақытта көп жұмыс тындыруға тура келеді», баршамыздың алдымызға аса маңызды тарихи міндет қойды.

Бақылау сұрақтары:

1.Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайы;

2.Ұлтаралық қатынастар мәдениеті

3.Қоршаған орта мен қарым- қатынас

4.Адам бойына сіңген әлеументтік және рухани құндылықтар

5.Нақты әлеументтік зертеулер

Лекциялық сабақ №5.

Наши рекомендации