Тұтынушылардың түрлі топтарына тәжірибе қолданудың ерекшелігі, типологиясы
Үй шаруашылықтарының ақшалай табыстарына сонымен бірге мемлекеттік әлеуметтік трансферттерді - зейнетақыларды, жәрдемақыларды және түрлі деңгейлер бюджеттері мен бюджеттен тыс қорлар қаражаттарынан төленетін басқа төлемақыларды жатқызады.
Қазіргі кезде халықты әлеуметтік қорғаудың төрт деңгейлі жүйесі қалыптасқан:
· бірінші деңгей - мемлекеттік бюджеттен төленетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар: базалық зейнетақы төлемдері, мемлекеттік жәрдемақылар, баланың туылуына арналған біржолғы төлемдер;
· екінші деңгей - әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан ортақ зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеу, яғни барлық жұмыскерлер аударым жасайтын, ал зейнеткерлікке жасы толғандар немесе тиісті сақтық жағдайы орын алғандар ғана алатын орнықтылық қағидаттарымен жүзеге асырылатын төлемдер;
· үшінші деңгей - міндетті зейнетақы жарналарының есебінен төленетін зейнетақы төлемдері, яғни адамның жеке салымдарына тәуелді жүзеге асырылатын төлемдер;
· төртінші деңгей - ерікті сақтандыру есебінен төленетін әлеуметтік төлемдер.
Үкіметтік бағдарламалармен халықтың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің қосымша нысандары қарастырылған. Мәселен, кедейлікті жою және әлеуметтік-демографиялық жағдаятты жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатымен 2005 жылдан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақылар енгізуді, ал перспективада отбасынының табыстарына қарай балалардың жәрдемақылар төлеуді қоса, балаларды қорғаудың біртұтас жүйесі жасалуда. Әлеуметтік сақтандыру көбінесе зейнетақымен қамтамасыз ету арқылы іске асырылады.
Зейнетақы - бұл қартайғанда, толық немесе ішінара еңбек ету қабілеттігінен, асыраушысынан айырылған және заңда көзделген басқа жағдайларда азаматтарды қамтамасыз ету үшін берілетін ай сайынғы ақшалай төлемақы, қызмет атқарған уақыттағы табыстың бір бөлігі. Зейнетақы төлемдерінің мөлшерлері тек қана жұмыс өтіліне және зейнетақыны есептеу үшін берілген орташа айлық табыс деңгейіне байланысты болады.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылы маусымның 20-сындағы заңның қабылдануымен байланысты зейнетақы реформасы басталды.
Зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде жинақтаушы зейнетақы жарналарының жүйесі - зейнетақы төлемдерін төлейтін Орталық 1998 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша кемінде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне бара-бар түрде жүзеге асырылатын ақшаны, жинақтаушы зейнетақы қорлары алушыларға зейнетақы қорланымдарын төлейді.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылатын міндетті зейнетақы жарналары Салықтық кодексте белгіленген бірқатар төлемдерден ұсталынбайды. Кейін зейнетақы төлемдері мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларындағы әркімнің дара зейнетақы шотынан төленеді. Сондықтан зейнетақының мөлшеріне бюджеттің жай-күйі, қанша адамның жұмыспен қамтылып, қаншасы жұмыссыз жүргені әсер етпейді.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі екінші бағыт әр түрлі жәрдемақылар төлеу болып табылады.
Жәрдемақы - бұл жұмыстағы уақытша үзіліс кезінде, сондай-ақ белгілі бір жағдайларға пайда болатын көтеріңкі шығындарды өтеуге арналған кепілдік берілген ақшалай өтемақы.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру шеңберінде төленетін жәрдемақылардан басқа азаматтар уақытша еңбек қабілетінен, асыраушысынан, жұмысынан айырылған жағдайда, сонымен бірге жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылуына байланысты. Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан жәрдемақыларды кіріктіреді. Алып жүрген мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардан басқа еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлемақы өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға, әлеуметтік төлемақы алуға өтініш берген уақытта жұмысы тоқтатқанына немесе істеп жатқанына қарамастан, тағайындалады. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлемақылар қордан төленетін әлеуметтік төлемақыларға құқық туындаған күннен бастап еңбек ету қабілетінен айырылды деп белгіленген барлық кезеңге тағайындалады.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар - бұл мемлекет кепілдендірілген ең аз әлеуметтік төлемдер, олар қайтыс болған асыраушысыныңжұмыс өтіліне және орташа айлық табысына байланысты емес, жәрдемақымен қамтамасыз етілетін отбасының еңбекке жарамсыз мүшелеріне байланысты белгеленеді.
Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының - өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушысының мына отбасы мүшелері асыраушынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемақылар тағайындалуға және алуға құқылы:
1) он сегіз жасқа толмаған болса, олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалса, осы жастан асқан балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері мен немерелері;
2) жасына және еңбек қабілеттілігіне қарамастан, ата-анасының біреуі немесе жұбайы, не атасы, әжесі, аға-інісі немесе апа-сіңлісі, егер ол қайтыс болған асыраушысының үш жасқа толмаған балаларын, аға-інілерін, апа-сіңлілерін немесе немерелерін күтіп-бағумен айналысатын болса.
Сонымен бірге, асыраушысынан айырылғандардың «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңға сәйкес, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы белгіленген азық-түлік себетінің құнына төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқығы бар.
Қайтыс болған асыраушысының асырауында болған, асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемақы тағайындалуына және алуға құқығы бар отбасының барлық мүшелеріне бір әлеуметтік төлемақы тағайындалады.
Бала кезінен I немесе II топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға әлеуметтік төлемақылар мүгедектер белгіленген мерзімге тағайындалады. Асыраушысынан айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемақылардың мөлшері әлеуметтік аударымдар объекті ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі жалақының сексен пайызы шегерілген орташа айлық мөлшері табысты ауыстыру, асырауындағылар санының және қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне көбейту арқылы айқындалады. 2009 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерлері екі рет - 1 қаңтардан және 1 маусымнан арттырылды. Нәтижесінде әлеуметтік жәрдемақылар 9%-ға артты. Сонымен қатар мемлекетік әлеуметтік жәрдемақы көлемі де өсу үстінде.
Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бапа бір жасқа толғанга дейін оның күтіміне баііланысты табысынан айрылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемақы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінін Қордан әлеуметтік төлемақы алуға құқығы бар қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалған.
Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайларда төленетін төлемақы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген барлық кезеңге тағайындалған.
Табыстың орташа айлық мөлшері, әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған ай үшін қорға әлеуметтік аударымдар түскен болса, осы айды қоса алғанда, соңғы он екі айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер соммасын 12-ге бөлу жолымен айқындалады.
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап төрт және одан көп бала туған аналарға берілетін бір жолғы жәрдемақы мөлшерін 70 650 теңгеге дейін және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі үшін төленетін ай сайынғы жәрдемақы мөлшері:
· бірінші балаға - 7 772 теңге,
· екінші балаға - 9 185 теңге,
· үшінші балаға - 10 598, 4 және
· одан кейінгі балаларға 12 011 теңгеге дейін көбейту қарастырылған.
Жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға адам жұмыссыз ретінде тіркеуге өтініш берген күннен бастап тағайындалады және оның мөлшері әлеуметтік аударымдар объекті ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі табыстың орташа айлық мөлшерін тиісінше табысты алмастыру коэффициенттеріне және қатысу өтілінің коэффициенттеріне көбейту арқылы тағайындалады. Бұл ретте кірісті алмастыру коэффициенті - 0,3 болады, ал қатысу өтілінің коэффициенті «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңға сәйкес есептеледі.
Әлемнің көптеген елдерінде жұмысынан айырылғанда әлеуметтік қорғау шаралары қолданылады. Бұл шаралар жұмыскерлердің еңбек қызметінен жоғалтқан табыстарына өтемақы төлейтін әр түрлі әдістерін кіріктіреді; олардың біліктілікке, жұмыс өтіліне, жұмысынан айрылу себептеріне, отбасының табысы денгейіне және т.б. байланысты саралануы мүмкін. Тиісінше, жұмысынан айырылғандарға төлемақылар үшін қорларды қалыптастырудың әдістері, бұл қорлардың деңгейі және олардан төленетін төлемақылардың мезгілдері ажыратылады. Жұмысынан айырылғандар қысқартылғандар және жұмыссыздар мәртебесіне бөлінуі мүмкін. Бірінші жағдайда жаңа жұмыс іздеу кезінде (белгілі бір мезгілде) орташа жалақысының, жұмыс өтілінің сақталуына рұқсат етіледі, әлеуетті жұмысқа орналастырудың басқа мүмкіндіктері болуы мүмкін.
Жұмыс іздеуші, жұмыспен қамтудың мемлекеттік службасында тіркелген және өзінің біліміне, кәсібіне, еңбек машығына сай келетін жұмыс алуға нақты мүмкіндігі жоқ еңбекке жарамды азаматтар жұмыссыздар деп саналады. Жұмыссыздарға жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақылар төленеді. Жәрдемақы жұмыссыз ретінде тіркелген мезеттен жұмысқа орналастыру туралы мәселе шешілгенге шейін, бірақ заңнамамен белгіленген мезгілден аспайтын уақытқа төленеді.
Қазақстан Республикасы заңнамасымен жұмыспен қамту бағдарламалары жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатыны анықталған. Жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік қорғау мына шараларды кіріктіреді:
1) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
2) кәсіптік даярлау, біліктілікті жоғарылату және жұмыссыздарды қайта даярлау олар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру;
3) қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу;
4) табысы аз азаматтардан шыққан жұмыссыздарға мемлекеттік атаулы көмек көрсету.
Еңбек жағдайлары ауыр (ерекше ауыр) жұмыстарда және зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және уәкілетті орган бекіткен еңбек жағдайлары зиянды өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне (тізбесіне) сәйкес қосымша ақы төлеу көзделген.
2000 жылғы 1 қаңтардан бастап «Жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайы ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарга берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы шілдедегі Қазақстан Республикасынын заңы күшіне енді. Осы заңға сәйкес 1-ші тізімге енген азаматтар республикалық бюджеттен әлеуметтік жәрдемақыны зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін алады. Ал зейнеткерлік жасқа толған соң, ол азаматтардың мәселесі қайта қаралып, еңбек өтіліне және табысының мөлшеріне қарай зейнетақы тағайындалады.
Көрсетілген жәрдемақылар, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген аға буын азаматтарға жалпыға ортақ белгіленген зейнеткерлік жасына жеткенде әлеуметтік қолдау алу құқығын бере отырып, оларды әлеуметтік қорғау проблемасын белгілі бір деңгейде шешуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар ең төменгі күнкөріс деңгейінен еселенген мөлшерде белгіленеді (2006 жылдың басына дейін - айлық есептік көрсеткіштен ). Адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемақылар, сондай-ақ азаматтың қайтыс болуы нәтижесінде залал шеккен адамдардың зияндарын өтеуді сақтық компаниялары өздеріне алған. Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылған жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды мемлекет төлейді. Барлық төлемақылар кездейсоқ жағдайға дейін адамның алып жүрген жалақысына тікелей байланысты болып келеді.
Қазақстанда мынадай жәрдемақылар төленеді:
1) жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік қорғау;
2) жүктілігіне және босануына байланысты;
3) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты;
4) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты;
5) жерлеуге берілетін жәрдемақылар;
6) саноторийларға жолдама сатып алу шығыстары.
Бұл бағыт бойынша қаржыландыру: 1,6 тармақтар шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс берушілердің қаражаттары есебінен, 2,3,4,5 тармақтар жергілікті бюджеттердің есебінен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмек бойынша төлемақылар мыналарды кіріктіреді:
а) отбасының жиынтық табысын ескере отырып тағайындалатын, балалы отбастарына жәрдемақы (18 жасқа дейінгі балаларға);
ә) балалары бар мерзімділік қызметтің әскери қызметшілерінің отбасына жәрдемақы;
б) мүгедек - балалары бар отбасыларына жәрдемақы;
в) ВИЧ - инфекцияланған балалар мен ересектерге жәрдемақы;
г) әкелері алимент төлеуден жалтарынған балаларға уақытша жәрдемақы;
д) 4 және одан көп 7 жасқа дейін жастағы балалары бар жұмыссыз аналарға жәрдемақы және т.б.
Әлеуметтік қорғау жүйесімен сондай-ақ мыналар қарастырылған:
· отбасының жиынтық табыстарын ескере отырып тағайындалатын тұрғын үй жәрдемақысы;
· тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді, отынды, көлікті, соғыс және еңбек ардагерлеріне, табысы аз зейнеткерлерге және басқаларға медициналық қызмет көрсету жеңілдіктерінің жүйесі;
· қарттарға, мүгедектерге, үйсіздерге және ауру балаларға арналған мекемелерді ұстау;
· оралмандарды тарихи отанына қоныстандыру және әлеуметтік қорғау.
Табысы екі айлық есептік көрсеткіштен артық емес жұмыссыздарға материалдық көмек белгіленген.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» заңына сәйкес мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақылар алуға құқығы бар. Осы заңға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен есептеледі. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төмен күнкөріс деңгейі көлемінің ұлғаюына байланысты мүгедектер үшін жәрдемақы мөлшері арттырылды.
Жергілікті бюджеттерден әлеуметтік көмек көрсету түрінде төлемақылар мыналарға төленеді:
1) экологиялық апаттардан, нәубеттерден, ядролық сынақтардан зардап шекендерге;
2) жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына, көп балалы аналарға, жан басына шаққанда табыс деңгейі төмен аз қамтылған отбасыларына, халықтың біркатар басқа санаттарына.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер, басқа жұмыс берушілер меншікті әлеуметтік қорларынан өздерінің жұмыс істеп жүрген жұмыскерлеріне, бұрынғы жұмысскерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне қосымша материалдық және ақшалай көмек көрсете алады.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (бала туғанда, жерлеуге, балалары бар отбасыларына, табысы аз отбасыларына азаматтарға) тұрғын үй көмегі, жұмыссыздарға материалдық көмек жергілікті бюджеттердің қаражаттарынан төленеді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер - қиын өмірлік жағдаятта (жетімдік, ата- аналар қамқорлығының болмауы, кәмелетке толмағандарды қадағалаусыздық, баспанасыздық, бас бостандығынан айыру орнынан босану және басқалары бойынша) адамға (отбасына) пайда болған әлеуметтік проблемаларды жою үшін жағдайды қамтамасыз ететін және қоғам өміріне қатысуға оларға басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді беретін субъектілер - арнаулы әлеуметтік қызметтер беру бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңи тұлғалар.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді беру сферасындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
· қиын өмірлік жағдаятты (егер ол пайда болған жағдайда) жою үшін жағдайлар жасау;
· арнаулы әлеуметтік қызметтерді кепілденілген көлеммен қамтамасыз ету;
· арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің стандарттарын сақтауды қамтамасыз ету;
· мониторинг және берілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын бағалау жүйесін дамыту;
· арнаулы әлеуметтік қызметтер берудің жүйесін дамытуды қамтамасыз ету;
· арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
· арнаулы әлеуметтік қызметтер беру сферасында халықаралық ынтымақтастықты дамыту және басқалары.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілденілген көлемін және ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді кіріктіреді. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемі бюджеттік қаражаттар есебінен берілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірыңғай тізбесі болып табылады. Әлеуметтік қызметтер тек мұқтаж адамдарға көрсетіліп, казіргі заманғы стандарттар мен Қазақстандағы өмір деңгейіне сәйкес болуы керек. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемінің тізбесі:
· әлеуметтік-тұрмыстық;
· әлеуметтік-медициналық;
· әлеуметтік-психологиялық;
· әлеуметтік-педагогикалық;
· әлеуметтік-еңбек;
· әлеуметтік-мәдени;
· әлеуметтік-экономикалық;
· әлеуметтік-құқықтық қызметтерді қамтиды.
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемі психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектер қатарынан дене немесе ақыл ой мүмкіндіктеріне байланысты ағзасының функциялары тұрақты бұзылған адамдарға ұсынылады. Ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілденілген көлемінен тыс ақылы негізде беріледі. Арнаулы әлеуметтік қызметтер ақпараттық, консультациялық, делдалдық қызметтер түрінде жалпы сипаттағы қызметтер беруді кіріктіре алады.
Мемлекеттік секторда жұмыс істейтін субъектілер жалпы сипаттағы қызметтерді бюджет қаражаттары есебінен береді. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді беру арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және анықтау жөніндегі әлеуметтік жұмыскер айқындайтын қиын өмірлік жағдаяттағы адамның (отбасының) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін бағалау және анықтау негізінде жүзеге асырылады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалауды және анықтауды жүргізу кезінде мыналар критерийлер болып табылады:
· өмірлік қызметтің шектелімі;
· әлеуметтік бейімделім;
· әлеуметтік депривация;
· қолайсыз әлеуметтік орта және басқалары.
Кедейлік - бұл негізгі өмірлік (биологиялық) қажеттіліктерді -тұрғын үйді, тамақты, киім-кешекті, қызметтерді қанағаттандыру үшін жеткіліксіз ақшалай және натуралдық табыстардың төменгі деңгейі. Ел кедейлігінің көрсеткіші деп экономикалық әдебиетте ең төменгі тұрмыс деңгейінен төмен болатын табысы бар халықтың үлес салмағын айтады.
Үй шаруашылықтарының бюджеттерін тексеру кедейліктің көпбейінді сипаттарының болатынын көрсетеді және тұрғылықты жерімен, әлеуметтік факторлармен, жұмыспен қамтылу мәртебесімен, білім деңгейімен және басқаларымен айқындалады. Кедей үй шаруашылықтарының үлесі қалаға қарағанда ауылды жерде жоғары. Әлжуаз және өте кедей үй шаруашылықтары - бұл үш және одан көп бала тәрбиелегі отырған отбасылар.
Қазақстан Республикасында кедейлікті төмендету бағдарламасы азаматтарды жұмыспен қамту, орта жалпы білімге және денсаулық сақтау қызметтеріне жетушілікті жақсарту, әлеуметтік көмектің атаулылығын арттыру және басқа іс-шараларды іске асыру жолымен кедейлік проблемасын шешудің кешенді тәсілдемесін қарастырады.
Қазақстанда табыс тұрғысынан кедейліктің біртіндеп қысқаруы байкалуда. Алайда оның деңгейі әлі де жоғары болып отыр.
Кедейлікті қыскартуға ең төменгі күнкөріс деңгейімен салыстырғанда табыстардың деңгейін арттыру, жұмыссыздықты қысқарту және жеткілікті арнаулы әлеуметік көмек көрсету әсер етеді.
Қарт адамдарға қатысты мемлекеттік — саясаттың бағыттарынан бастайық: 1-ден, елімізде жүріп жатқан демографиялық өзгерістерге дайындау, 2-ден егде үлкен жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, 3- ден халықтың өсу категориясына анықтайтын қажеттіліктермен мұқтаж сәйкес әлеуметтік қызмет терін әрі дамыту. ҚР қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің инфрақұрылымы әлеуметтік қызмет көрсету стационарлық жартылай стационарлық және стационарлық емес түрлерінен тұрады. 2000 жылдардың ортасында қалыптасқан тұратын үйіне барып қызмет көрсету, әлеметтік тұрмыстық әлеметтік медициналық, құқықтық, қызмет көрсетудің муниципалдық орталықтары дамып келеді. Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің стационарлық торабының дамуы бірнеше бағыттар бойынша жүргізіліп келеді:
1. Тұрақты өмір сүрудің ең бір қолайлы жақсы жағдайларын жасау;
2. Медициналық, әлеуметтік көмек көрсету және реабилитациялаудың қайта қалпына келтірудің сапалы түрін ұйымдастыру;
3. Әлеуметтік мәдени бағыттағы қызметтерді беру;
4. Өзара қарым- қатынастарындағы байланыстарды нығайту;
5. Интернат үйлер, герантологиялық орталықтар.
Еліміздің еңбек және әлеуметтік министірліктің 2006-2008 жж арналған жоспарларында келесідей шараларды жүзеге асыруға көзделген:
1. әлеуметтік қызмет көрсету стационарлық мекемелерде 2000-4000 жаңа орындарды іске асыру;
2. жүзден астам әлеуметтік қызметтің бөлімдерін ашу;
3. үйге, тұрғын үй жайға әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету қосымша мамандырылған бөлімшелерді ашу;
4. үйге барып қызмет көрсету үлесін 10-12 пайызға көтеру .
Қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі негізінен тұрақты жұмыс атқарылып отырғанымен осы адамдардың жеке қажеттіліктері толығымен есепке алынбайды.
Республиканың облыстарында орталықтар кешенді қызмет көрсету негізінде жұмыс істейді. Орталықтың құрамында:
— герантологиялық бөлімдер,
— психикалық бөлімдер,
— психикалық жүктемені кеміту кабинеттері,
— сенім телефондары,
— қарым-қатынас клубы
Қарт адамдардың өмірінің қамтамасыз етудің болашақтағы моделі деп, егде жастағы жалғызбасты адамдардың арнаулы үйлерін айтуға болады яғни жалғызбасты адамдардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға әлеуметтік қызметтің жаңа түрі — әлеуметтік пәтер.
Егде жастағы ерлер мен әлеуметтік жұмыс атқарудың қазіргі технологиясының ішінде «Өзіне-өзі көмек көрсету» және «өзара көмек» жүйелерін ажыратуға болады. Практика көрсетіп отырғандай өзіне-өзі көмек және өзара көмек көрсету топтары бұл шағын бес – жеті адамнан құрастырылатын ұжымдар. Олар кейбір жағдайларын алдын ала құрастырыла береді. Көптеген жағдайларда осы топтық белсенді мүшелерінің бірі ұйымдастырылуы мүмкін. Олар жақын тұратын, бір- бірімен ұдайы байланыста болатын адамдарды біріктіреді. Топ мүшелерінің проблемаларын, қажеттіліктерін олар оны бірігіп шешіп, бір-біріне көмектесу арқылы іске асады. Өзара көмек көрсету топтары өмірінің әр түрлі саласындағы мәселелерді шешуге көңіл аударуы. Олардың кейбіреулері өздерінің мүшелерінің проблемаларына қоғамдық пікірдің қалыптасуына ықпал жасап, қажетсінеді. Қоғам олардың көзқарасын өзгертуге тырысады. Мүгедекетрдің отбасылары бірін-бірі қолдауды қамтамсыз ету үшін. Осындай топтарды құруға мәжбүр болады. Мысалы шектелген мүмкіндігі бар адамдар қоғамның қандай да болмасын мүшелерінің қарым — қатынастар жасауға шын мәнінде құқылы болуға тиісті. Бірақ бұл біздің елде заң жүзінде бекітіліп негізделген. Өзара көмек ұйымдастыруда топтардың әр түрлі міндетті қызметтері іске асырылады. Олардың мүшелері:
- Бірінші, туындап отырған қиыншылықтарды шешу жөнінде ұсыныстар алады;
- Екінші, керек болған жағдайда материалдық көмек алады;
- Үшінші, өздеріне деген ықыласты қолдауды сезінеді;
- Төртінші, Қарт адамдарға өзара көмек көрсететің қалыптасуына және дамуына тікелей немесе жанама келесідей факторлар әсерін тигізе алады;
- Бесінші, өзара көмектің және мемлекеттік қолдаудың әлеуметтік саясаттың тиімділігіне ықпалы;
- Алтыншы, әлеуметтік жұмыстың практикасында қарт адамдарға байланысты проблемалар болуы;
- Жетінші, әлеуметтік терапия мен реабилитацияға жұмсалатын қаржылардың ұдайы өсуі;
- Сегізінші, мүмкіншіліктерді іске асыруда қарт адамдардың бірдей жағдайда болмауы.
Өзара көмек- бұл жалпы қажеттіліктерді және проблемалары бар қарт адамдардың ерікті түрде өзара іс- әрекеті.
Өзара көмек әлеуметтік қолдаудың түрі ретінде өзінің құрамына төмендегілерді еңгізеді.
— рухани қолдау;
— ақпараттық көмек;
— статустық қолдау;
Өмір сүрудің субьективтілігін қолдау үшін- ақпараттық және статустық қолдаулардың маңызы зор. Ал эмоционалдық қолдау-әлеуметтік қолдаулардың басқа түрлерін қабылдау үшін маңызды.