Жалпы білім беретін мектептердің оқыту үдерісінде компьютерлік құрылғыларды қолданудың ерекшеліктері

Білім беру саласында оқытудың техникалық құралдарын (әрі қарай –ОТҚ) қолдану мәселесі көп жылдар бойында талқыланып келеді және шешімін табуда. Мектеп оқушылары көрнекi-бейнелі ойлау қабілетеріне ие болатыны белгiлi, сондықтан мұғалiм берген білім оқушыларға сөз, формулалар, жазбалар, әңгiме, диалог түрінде ғана емес, көрнекi бейнелер, бейнероликтер, кестелер, суреттер түрінде де жеткізіледі. Әрине, ақпаратты ұсынудың бұл түрлері мектепке ақпараттық технологияларды (бұдан әрі – АТ) енгізуге дейін де қолданылды. Мысалы, бұрын оқу кинофильмдерін кеңінен пайдаланған болатын. Кең қолданыстағы ОТҚ: кодоскоп, кинопроектор, эпидиаскоп, теледидар, бейнемагнитофон, диапроектор, фильмоскоп және т.б. Дегенмен, компьютер ОТҚ ішіндегі әмбебап құрал болып саналады, себебі ол жоғарыда аталған құралдардың барлығына тән ерекшеліктердің жиынтығы болып табылады және олардан көптеген артықшылығы бар екені анық [1-5]. Мұғалiм өз ақпаратын мөлшерлеп беруі мүмкiн, тек қабылдаудың кезкелген режiмiнде қосуды, көзбен шолу, дыбыс шығару және ақпараттың баспа көздерiн редакциялауды басқара білсе болғаны. Бұның барлығы, яғни, оқушылардың сабаққа деген ынталарын арттырады. Психологтар қазiргi ақпараттық қоғамдағы балаларды экрандық динамикалық ақпараттың балалары деп атайды. Монитор, проектор немесе теледидар пердесіндегі ақпаратты олар баспа-кiтап ақпаратына қарағанда әлдеқайда жақсы қабылдайды. Әрине, қазiргi балалар кітапты аз оқитыны шындық, сондықтан сабаққа дайындық барысында осы факторды ескеру керек. Бейнепроектормен, дыбыстық картамен, дыбыспен жасақталған компьютер сабақты жанды, әрі қызықты етеді. Сапалы жаңа деңгейде оқытудың көрнекілік ұстанымы жүзеге асырылады. Оқитын оқиғалар мен құбылыстарды анимация, видеобейне, дыбыс анағұрлым көрнекi ете түседі, осылайша оқушы үшiн оқыту үдерісі жайлы және қол жетiмді болады. Сабақта ақпараттық АКТ-ны қолдану мұғалiмнің жұмыс уақытын ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік бередi, яғни мұғалiм оқушыларға терiс қарап, тақтада бормен жазып, суреттер іліп және көрсетiлетiн материалдарын алмастырып тұрмай-ақ сабағын жалғастыра алады. Сабаққа күнi бұрын дайындалған ақпарат қажет кезiнде эстетикалық пiшiнде, күнi бұрын ойластырылған қарқында және көлемде көрсетіледі. Сабақта үнемделген уақытты беретін ақпарат көлемін арттыруға немесе артық жаттығу жасауға пайдалануға болады. Мұғалiм АКТ-ты қолданып сабаққа дайындалу барысында сабақтың жоспарын мақсатты негіз етіп құрастыруы қажет. Оқу материалдарын сұрыптауда ол жүйелiлiк пен бірізділік, қол жетiмдiлiк ұстанымының негiздерін сақтауы тиіс. Сонымен бірге, компьютер мұғалiмді ауыстыра алмайды, тек оны толықтыра алады. АКТ-ні қолданған сабақтың әзiрлемесі келесi кезеңдерден тұрады: 1. Тұжырымдамалық. Бұл кезеңде макроталдау ұстанымы бойынша бiлiмдi қалыптастыру, бекіту, жалпылау немесе жетiлдiру; дағдыларды қалыптастыру; меңгерудi бақылау және тағы сол сияқты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған дидактикалық мақсат анықталады. Сабақтың педагогикалық мiндеттерiне сүйене отырып бiлiм беру үдерісінде АКТ-ны немесе Интернет ресурстарын қолданудың қажеттiлiгi дәлелденедi. АКТ-ны пайдаланудың негізгі мақсаттары: бiрегей ақпараттық материалдарды (бейнефрагменттер, үлгiлер, кестелер, сұлба және т.с.с.) мультимедиа түрінде ұсыну; зерделейтін құбылыстар, үрдістер және объектiлердiң арасындағы өзара байланыстарды визуализациялау; ақпараттықiзденіс қызметінің дағдысы мен білікті қалыптастыру; интерактивтік күйде зерттеу мақсатында зерделейтін объектiлер, құбылыстар мен үдерістер моделімен жұмыс істеу қажеттiлiгi; ақпараттың қосымша қайнар көзі ретінде АКТ-ны пайдалану. 2. Технологиялық. Бiлiм беретін электрондық ресурстарға дидактикалық мақсаттары мен әдiстемелiк міндеттері бойынша қойылатын талаптар негiзде бiлiм беретiн электрондық ресурстарға сұрыптау және көпфакторлы талдау жүргiзiледi. Сабақтың түрін таңдай отырып, негiзгi құрылымдық элементтерi айқындалады. Бұл кезеңде электрондық ресурстардың толық талдауы (түзету немесе жаңғырту) жүргiзiледi, iлеспе құжаттар зерделенеді, осы ресурсты пайдалануының тиiмдiлiгi болжамдалады, сабақты жүргiзу әдiстемесі анықталады және оқу үдерісіндегі ресурстармен жасалатын жұмыстың негiзгi түрлерi жобаланады. 3. Лездемелік. Бұл кезеңде АКТ құралдарына жүктеуге болатын функцияларды бөлшектеу жүзеге асырылады, бір жағынан оны іске асыру жолдары және екіншіден электрондық ресурстар мен оқытылатын тәсiлдерiн таңдау; сабақтың кезеңдерін жоспарлау жүзеге асады. Әр бір кезең үшін мақсат; кезеңнiң ұзақтығы; оқушының қызметін ұйымдастыру түрі; оқытушының міндеті және оның осы кезеңдегі негiзгi қызметiнің түрлері; аралық бақылау түрлері және т.с.с. анықталады. Сабақты АКТ-мен ұйымдастыруда сыныптың дайындық деңгейі, сабақтың әдiстемелiк мақсаты, сабақтың түрі, оқу іс-әрекетінің жаңа түрiне оқушының дайындығы, гигиеналық талаптар сияқты факторлар ескерiлу қажет. Бiлiм берудегі АКТ қолданудың пайдалылығының критерийін осы немесе басқа да компъютер технологиясы нәтижеге қол жеткізерлік болса тиімді есептеледі деп тұжырымдауға болады. Мұғалiм қызметінде компьютерді: - оқу ақпаратының көзі (мұғалiм мен кiтапты жартылай немесе толығымен ауыстыратын); - көрнектi құрал (телекоммуникация мен мультимедиа мүмкіндігі бар сапалы); - жеке-дара ақпараттық кеңiстiк; - тренажер; - диагностика және бақылау құралы ретінде қолдануға болады. Компъютерлік технологияда мұғалiмнiң қызметі келесi функциялардан тұрады. 1. Оқу үдерісін сынып деңгейінде, пән аясында тұтасымен ұйымдастыру (оқу үдерісінің кестесi, сыртқы диагностика, қорытынды бақылау). 2. Жұмыс орындарының орналастырылуы мен үйлестiрілуін және сыныпішілік белсенділікті ұйымдастыру, сыныпішілік желiні басқару, нұсқау беру. 3. Оқушыны жеке бақылау, жеке көмек көрсету, әр баламен «адами» байланыс орнату. Компьютердiң көмегiмен көзбен шолу мен акустика арқылы жеке-дара оқытудың мiнсiз нұсқаларына қол жеткізуге болады. 4. Ақпараттық ортаның құрамдастарын дайындау (ДК-мен үйлесетін оқукөрнекi құралдардың түрлері, бағдарламалық құралдар мен жүйелер), олардың белгiлi оқу курсының пәндiк мазмұнымен байланысы. АКТ-ны сабақтың барлық кезеңінде оның мақсаттарына сәйкес қолдануға болады.

№1-кезең. Ұйымдастыру (2 минуттан аспайтын) Мақсаты: табысты жұмысқа балаларды ұйымдастыру. АКТ құралдарымен жұмыс істеудің негiзгi түрi: слайдтар көрсету.

№2-кезең. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыпты қайталау. Мақсаты: алдыңғы алған білімді бекiту. Ол бiлiмнiң өзектiлігі, білмейтінді анықтау болуы мүмкін. АКТ-мен жұмыстың негiзгi түрi: демонстрация, презентация қорғау (10 минутқа дейiн).

№3-кезең. Жаңа білімді меңгеру кезеңі. Мақсаты: қабылдау, түсіну және бiлiмді алғашқы есте сақталуын қамтамасыз ету (15-20 мин). АКТ-мен жұмыстың негiзгi түрi: презентация, әңгiмелесу, ғаламторға шығу (қосымша ақпаратты алу), кесте құрастыру.

№4-кезең. Оқыған материалды түсiнгенін тексеру (3-5 мин) Мақсаты: алған бiлiмнiң меңгеру деңгейін тексеру. АКТ-мен жұмыстың негiзгi түрi: презентация көрсету, сұрақтарға жауаптар беру.

№5-кезең. Алынған бiлiмдi бекіту (10-15 мин). Мақсаты: алынған бiлiмдi бекіту, оларды қолдануға дағдыландыру. АКТмен жұмыстың негiзгi түрi: тестiлеу.

№6-кезең. қорытындылау, үй тапсырмасы туралы ақпарат. Мақсаты: қорытынды, үй тапсырмасымен танысу. Интерактивтi технологияны пайдаланудың негiзгi әдiсi қолданушының бағдарламалық жүйемен әсерлесуiнен тұратын интерактивтік диалог болып табылады. Бағдарламалық жүйенің мүмкін мәтіндік командамен алмасу (сұраныс) және жауаптар бар (шақыру) диалогтан айырмашылығы – диалог жүргізудің анағұрлым дамыған құралдарын іске асыру мен негізгі сөздерді қолданып сұрақтарды еркін қоюмен сипатталады. Бұл ретте оқу материалының мазмұны мен жұмыс режiмiнiң нұсқаларын таңдаудың мүмкiндiгi қамтамасыз етiледi. Интерактивтiк технологияны пайдалануда оқушы оқу үдерісінің толық құқықты қатысушысы болып табылады, яғни оның тәжiрибесi оқу танымының негiзгi көзі болады. Педагог (жүргiзуші) даяр бiлiм бермейдi, бiрақ өз бетiнше iзденуге түрткi болады. Интербелсендi оқытуда дәстүрлi үйретумен салыстырғанда педагог пен оқушының өзара қарым-қатынасы өзгередi: педагог белсенділігі оқушы белсенділігіне ауысады, ал педагогтiң мiндетi олардың бастамасы үшiн жағдай жасауда болады. Педагог оқу ақпаратын өзiнен өткiзетiн бiрқилы сүзгi рөлінен бас тартып, жұмыста көмекшiнiң функциясын орындайды. Қазiргi уақытта кейбiр пәндерді компъютерлік технологияларды пайдаланып оқыту әдiстеріне көңіл бөлiнедi. Оқу үдерісінде мұндай технологияларды пайдалану олардың дара ерекшелiктерiн ескере оқытатын дифференциалдық амалды жүзеге асыруға мүмкiндік бередi. Компьютерлік технологиялар құралдары педагог пен оқушы арасындағы диалогтық тәртіпте қарым-қатынасты орнатуға мүмкіндік береді. Мұндай қарым-қатынас ақпарат алмасуды жеңілдетеді. Дәстүрлі тәсіл мен компьютерлік технологияларды пайдаланып оқыту әдiстерінің үйлесімі оқу процесi сапасының жоғарылауына мүмкіндік бередi және өздік жұмысты дамытуға ынталандырады.

Наши рекомендации