Жалпы білім беретін мектептердің оқыту үдерісінде интерактивтік құрылғыларды қолданудың ерекшеліктері

Жалпы білім беретін мектептердің оқыту үдерісінде интерактивтік құрылғыларды қолданудың ерекшеліктері - student2.ru

Шығармашылық жұмыс жасауға қатысу, оқушылардың танымдық деңгейін, шығармашылық беоқыту тәсілін пайдалану үлкен нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ұлтты ұлт етіп, оны әлемдік деңгейге көтеретін –дарынды да талантты ұрпақ. Ғылыми ізденіске әр мұғалім оқушыны өзі таңдап, ортаға тартуға ықпал етеді. Әрбір ұстаз алдындағы міндет -өзі оқытатын пәнінен көкірегінде сәуле бар, талантты шәкіртті тани біліп, оқушы дарынын ашып,оған бағыт-бағдар беріп, оны дамыта білу. Оларды баулып, қамқорлыққа алып тәрбиелеу -ортақ шара. Оқушы бойындағы дарынын қырағылықпен көре білу-мұғалім үшін аса қажетті қасиет. Ол үшін әр мұғалім өзі ізденіп, ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілеттерін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтайды. Сол тұлғаның пәнге деген қызығушылығын туғызып, танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үшін интеракоқыту үрдісін пайдалану қажет. Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. Интерактивтік оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі оқ.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытуда АКТ қолданудың көмегімен қандай бағыттар іске асады?ату мәселелерінің реттелуін нақ солар қамтамасыз етуі тиіс.

АКТ қолдану мен бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық біліктілігін дамыту – білім беру мекемелерінің тәжірибесіне заманауи білім беру технологияларын ендіру болып табылады. Заманауи АКТ мына жайттарға септігін тигізеді:

· дамуы қалыпты және мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ақпараттық біліктілігін дамыту;

· басқа пәндердің ақпараттық қорында АКТ-ның қолданылуын қарастыру барысында, пәндік сабақтарда АКТ қолдану барысында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру;

· оқу, танымдық, коммуникативті уәждемелерді (пәнге деген, қарым-қатынас жасауға деген қызығушылық, өзін өзі тану мен өзін өзі бағалауды жоғарылату) дамыту;

· оқушылардың таным әрекетін белсенді ету;

· өз бетімен жұмыс жасау қабілетін дамыту;

· оқушының өз күшіне деген сенімін нығайту;

· оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту;

· бағалау қабілетін дамыту т.б.

АКТ құралдарын таңдаудың басты әрі негізгі ұстанымдары – олардың жас ерекшелік деңгейге, шектеулі мүмкіндіктерге және инклюзивті білім беру мақсаттарына сәйкестігі. Бұл тәсіл бастауыш сынып мұғалімдеріне барынша оңтайды АКТ құралдарын анықтау мен пайдалану дағдыларын дамыту үшін пайдалы негіз болады. АКТ құралдарының сәйкестігінің жалпы аспектілері инклюзивті білім беру жағдайында қолдануға әбден лайықты

АКТ құралдарын қолданудың сипаттамасын қалай қарастырсақ та, бәрібір мұғалімнің рөлі ерекше. Мұғалім бала үшін пайдалы әрі қажетті компьютерлік бағдарламалар мен АКТ құралдарын таңдап, таңдалған материалды сыни саралап, техникалық құралдармен саналы түрде өзара әрекет етеді.

АКТ құралдарын қолдану нәтижелері – оқушылар мен педагогтардың жан-жақты дамуы, оқыту үдерісін жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастыру, білімнің сапасы мен тиімділігін жоғарылату.

АКТ құралдарын сабақ үстінде пайдалану тәсілдері әрқилы және былайша жүзеге асырыла алады:

· ақпараттық материалдарды мультимедиялық формада көрсету (иллюстрациялар, бейнеүзінділер, дыбыс жазбалары, презентациялар т.б.);

· объектілер, құбылыстар мен үдерістерді интерактивті тәртіппен зерттеу (интерактивті үлгілер, виртуалды лабораториялар, жаратылыстану циклындағы пәндер үшін құрастырушылар);

· АКТ құралдарын қолдана отырып, бірлескен жобалы әрекетті ұйымдастыру өз бетімен зерттеу жасауға, өз бетімен шығармашылық әрекет дағдыларын қалыптастыруға, презентативті дағдылар мен шеберлікті дамытуға мүмкіндік береді;

· электронды құралдарды жаратылыстану эксперименттерін жүргізу, эксперимент нәтижелерін өңдей мен есеп дайындауда қолдану;

· жаттығу, шығармашылық және зерттеушілік мәселелерді шешу;

· ақпараттық-іздеу әрекеттерінің дағдыларын қалыптастыру, объективті және шапшаң бағалауды жүзеге асыру және т.б. [1].

Мүгедектер мен қосымша функцияларды орындауға қабілетті оқушыларды оқытуда пайдаланылатын АКТ құралдарының негізгі типтері мыналар:

· стандартты технолгиялар, айталық, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қосымша ендірілген функциялары бар компьютерлер;

· альтернативті форматтар, айталық, сөйлеуші HTML, DAISY (Digital Accessibility Information System – электронды қолжетімді ақпараттық жүйе) сөйлеуші кітабы, сондай-ақ «төменгі технологилық» форматтар, мәселен Брайл жүйесі мәліметтердің қолжетімді форматтары;

· қосымша технологиялар: есту аппараттары, экраннан оқу құралы, арнайы мүмкіндіктері бар клавиатуралар т.б.

42. Инклюзивті білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби дайындық мәселесіМектепке дейінгі және жалпы орта білім, жалпы қосымша білім беретін ұйымдарының инклюзивті білім беру саласында біліктілігін жоғарылатқан педагогтарының үлесі 2014 жылдан бері әр жыл сайын 20%-ға көтеріліп келетінін көріп отырмыз. Инклюзивті білім беру жағдайында білім алушылардың дамуына өз үлесін қосқан педагогтарды дайындау мен дамыту әсіресе, біздің елімізде күн тәртібіне өткір қойылып отыр. Мұндай педагогты дайындау үшін педагогикалық білім беру жүйесін жаңарту керек. Ендеше, бастауыш сынып мұғалімдерінің дайындығын жоғарылатьу үшін қандай білім мен біліктіліктер қажет? С.И.Сабельникованың жалпыға бірдей білім беретін мекемелердің педагогтарын инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге дайындау бойынша көзқарасын қарастырып көрелік [3]. Педагогтардың кәсіби және тұлғалық дайындығы үшін мынадай психология-педагогикалық білімдер қажет:

Ø инклюзивті білім дегеніміз не, оның дәстүрлі білім формасынан айырмашылығы неде екендігін түсіну;

Ø инклюзивті білім беру ортасында балалардың жас ерекшеліктері мен тұлғалық дамуы, психологиялық заңдылықтары туралы білу;

Ø ауытқушылығы бар және қалыпты дамып келе жатқан балаларды бірлесіп оқыту үшін оқу үдерісін дидактикалық жобалау мен психологиялық тәсілдерін білу;

Ø білім беру ортасының субъектілері (топ ішіндегі әрбір оқушылармен, ата-аналармен, әріптес-мұғалімдермен, мамандармен, басшылармен) арасындағы педагогикалық өзара байланыстың әртүрлі тәсілдерін жүзеге асыру қабілеті.

Бірлескен педагогика мұғалімдердің дайындық деңгейін анықтау үшін кәсіби біліктілік деген ұғымды ендірді А.К.Маркова, В.И.Кашницкий, Л.А. Петровская, В.А.Сластенин және т.б.). Бұл ұғым педагогтардың педагогикалық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға деген теориялық және практикалық дайындығының бірлігін көрсетіп, олардың кәсібилігін сипаттайды [4]. Білім берудегі педагог – білім алушыларына тек білім мен шеберлік беріп қоймай, оның тұлғасын айқындайтын құндылық тәрбиелейтін тұлға. Педагог тұлғасы инклюзивті білім берудің басты мәселесі танылады. Педагог жоғары мәдениетке, рухани тұрақтылыққа және кәсіби біліктілікке ие болуы тиіс. Педагог тұлғасы мен оның басқару стилінің икемділігіне білім алушы топтардың ішіндегі психоэмоционалды атмосфера тәуелді, оқыту ортасы құрылып, қолайлы коммуникация, серіктестік пен ынтымақтастық ұстанымдары жүзеге асырылады. Инклюзия идеологиясын ендіре отырып оқытушы жоғары рухани ұстанымдарды басшылыққа алып отыруы керек. Ол адамгершілік қасиеттерін, толеранттылық, мейірімділік, жақсылық, инабаттылық, сабыр мен «қалыпты емес» адамдарға деген құрметке ие болуы керек. Инклюзивті топ педагогы білім алушыларының дене, интеллектуалды, эмоционалды және рухани денсаулығына жауапты екендігін ұмытпауы тиіс. Сондықтан педагог әртүрлі білім алу үшін қолайлы микроклиматты тудыра алады. Ол – әділ болуы тиіс, білім алушыларды бөліп-жармай барлығына бірдей қарап, олардың өз күшіне деген сенімі мен өзіне деген құрметін нығайтып, күш-жігерлерін жетілдіруге мүмкіндік жасауы тиіс. Мұндай қасиеттердің бірлігі мұғалімге өзінің басты миссиясын атқаруға көмектеседі: үшінші мыңжылдық адамының интеллектуалды және рухани әлемін қалыптастыру. Жол нұсқаушы және «саналы, мәңгілік пен жақсылық» жаршысыболған Мұғалімнің мұндай жоғары миссиясын тек өзөі адамгершілігі жоғары әрі саналы азамат қана орындай алмақ. Фантаст Герберт Уэллс басып алушыларға да, мемлекетке де көпшіліктің болмысын өзгертпеуі керек, тек мұғалім ғана жаңа қиялдар тудырып, адамзаттың жасырын күштерін аша алатынын айтады. Ғылым мен білім білім беру, мәдени және философиялық дүниетанымды толық бейнелеуі керек. Сұлулық пен Керемет ұғымын жоғалтқан және соғыстардың қозғаушы күшіне дейін жетіп қалған ғылым – есепқұмар әрі тым өзімшіл бола түседі. Былай делінген: «Интеллект – даналыққа апаратын есік». Ал даналық дүниетанымды жоққа шығара алмайды, себебі ол – толыққандылық, бірбүтіндік пен синтез. Сондықтан, холистикалық (грек тілінен аударғанда: holos – толық, бүтін; ағылшын тілінен аударғанда: holy – қасиетті) дүниетаным кеңеюі үшін бірбүтін білім қажет. Бүтін – бірлік – үштің үшіншісінің сомасы. Сол үшін, А.Эйнштейннің жазғаны бізге арналған секілді: «Қай жерде болмасын,меңгеру деген – бастан кешіруге айналуы тиіс. Бұл ұстаным, мүмкін, мектептің болашақ реформасының өміріне енеді». Инклюзивті білім беру жағдайында педагогика мен психология, медицина ғылымдары мен физиология бойынша мәселелерде білікті, зерттеушілік ақыл-ойы мен дарыны бар, жоғары мәдениетті, кез келген пәнді шеберлікпен игере алған, әрине, балаларды бір-бірінен ойы, денсаулығы мен мінез-құлқына қарай айырмашылығы бар болғанына қарамастан, жақсы көретін педагог айтарлық өте жоғары бағаланады. Ұлы педагог саналған Я.А.Коменскийдің ойынша, өсіп келе жатқан бала тек мейірімді жан бар ортада ғана білім алып, тәрбиеленуі тиіс. Ол: «Кім ғылымда табысқа жетіп, бірақ жақсы қасиеттерде артта қалған болса, ол табысты емес, керісінше, өте қателеседі» – деп жазады. Адам баласының табиғаты әу бастан-ақ мейірімді, сондықтан, Я.А.Коменский: «адамға сырттан ештеңені қосудың керегі жоқ, бірақ өзінің бойындағы қасиетті дамытып, анықтауы қажет»– деген пікір айтады. Инклюзивті педагогика – ақиқатында, адамгершілік педагогикасы. Инклюзивті мектептердің болуы тек мүгедек балаларға ғана емес, қалыпты дамып келе жатқан балаларға да оң ықпал ететінін айта кету керек. Мүмкіндігі шектеулі құрбыларына көмектесе отырып, қалыпты дамып келе жатқан балалар білім беру және әлеуметтік іс-әрекеттерге белсенді қатысып қоймай, адамгершіліктің өмірлік сабақтарын да алып отырады. Бұл оң тәжірибе әлеуметтік саналылықтың, адамдар арасында айырмашылықтың болмауы, өзін өзі құрметтеу мен өзін өзі бағалау, өз ұстанымдарын қалыптастыру, ең соңғысы, шынайы достық пен қамқорлықтың өсуінен көрінеді. Шетелдік және отандық тәжірибелерге талдау жасай отырып, біз педагогтардың инклюзивті білім беру саласындағы біліктілігін көрсететін кәсіби көрсеткіштер тобын белгілеп көрсеттік:

Ең алдымен, ғалымдар мен практиктер көмегімен Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беретін педагогтарға қатысты мемлекеттік кадрлық саясаттың тұжырымдамаларының заманауи талаптарын жасау қажетті. Тәжірибеге педагогикалық мамандықтардың педагогикалық кадрларын дайындау мен дамыту бойынша жаңаша үрдістер механизмін ендіру керек. Инклюзивті білім беру – шын мәнінде, болашаққа апаратын тамаша жол, мұнда кез келген адам өзі үшін және қоғам үшін білім алып, алған білімі негізінде өмірінің жағңаша сипаттарын жасап, білімін күнделікті өмірде қолданып, арман-тілектерін шынайы өмірде қолданып, жер бетіндегі өзі секілді адамдарға көмек бере алады. Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғары деңгейде өткен Бүкіләлемдік кездесу ақпараттық және коммуникативті технологияларды білімнің барлық сатыларында, адами ресурстарды оқыту мен дамытуда (Ұстанымдар Декларациясы: 30) қолдануды ұсынады. Көшбасшылар білім беру жүйесінің мәселелеріне реформалар мен өзгерістер енгізуіне қарай, АКТ-ды қолдану оқушыларға жеке тұлғалық қасиеттері мен білімді игеру стилдеріне сәйкес білім алуы үшін басты компонент әрі мүмкіндік ретінде танылып отыр. Әрі қарай Акт туралы акт пайдалану туралы айтасындаргой ол 10шы сұрақта бар жауабы.

Наши рекомендации