СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ. Студенттер теориялық білімдерін бекіту үшін лабораториялық жұмыстарды келесі тапсырмалар бойынша орындауы және протокол мен

Студенттер теориялық білімдерін бекіту үшін лабораториялық жұмыстарды келесі тапсырмалар бойынша орындауы және протокол мен регламентті безендіруі керек.

Тапсырма N 1.Ұнтақ тәріздес заттардың келесі физико-химиялық және технологиялық қасиеттерін анықтаңыз:

а) жеке препараттар мен қөмекші заттар бөлшектерінің формасын анықтау;

б) ұнтақтардың фракциялық құрамын анықтау;

в) ұнтақтардың көлемдік тығыздығын анықтау;

г) ұнтақтардың сусымалдылығын анықтау.

Тапсырма N 2.Құрамында 0,5 г стрептоцид немесе сульфадимезин бар 20 таблетка дайындау үшін қажет дәрілік зат пен көмекші заттардың мөлшерін есептеңіз.

Тапсырма N 3.Құрамында 0,5 г. стрептоцид немесе сульфадимезин болатын таблеткаларды алу үшін керекті түйіршіктерді дайындау керек. Төменде көрсетілген көрсеткіштер бойынша түйіршіктердің сапасын бағалаңыз.

Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтарда жұмыс.

Дебиет

негізгі:

1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.

2. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2011.

3. Иванова Л.А.-Технология лекарственных форм. – 2-том. - 1991.

4. Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. - М. - 1986.

5. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.

6. Эл.учебник:Чуешов В.И. и др. Промышленная технология лекарств.– Харьков.– 2010.

қосымша:

1. Лекциялық материалдар

2. Муравьев И.А.-Технология лекарств. – 1 том. - М. - 1991.

3. Макхамов С.М. Основы таблеточного производства. Ташкент, 2004, 146 с.

4. ҚР МФ, МФ ХІ басылымдары.

Бақылау:

Бақылау сұрақтары:

1. Таблеткаларға дәрілік түр ретінде МФ ХІ басылымы бойынша анықтама беріңіз.

2. Таблеткаларға қойылатын талаптар? Таблеткалардың дәл дозалануын, механикалық беріктігін, ыдырағыштығын қалай қамтамасыз етуге болады?

3. Таблеткалардың номенклатурасы мен жіктелуі.

4. Ұнтақ тәріздес дәрілік заттарға қандай физико-химиялық қасиеттер тән және олар таблетка сапасына қалай әсер етеді?

5. Ұнтақ тәріздес дәрілік заттарға қандай технологиялық қасиеттер тән және олар таблетка сапасына қалай әсер етеді?

6. Таблеттеудің теориялық негіздері: механикалық, капиллярлы-коллоидты, электрлік?

7. Көмекші заттардың негізгі топтары. Сипаттамасы және жіктелуі.

8. Таблеттеуші массаларға көмекші заттар қандай технологиялық қасиет береді?

9. Таблеткалар өндірісінде толықтырғыштар қандай жағдайда қолданылады?

10. Байланыстырғыш заттардың қызметі. Құрғақ байланыстырғыштар қандай жағдайда қолданылады?

11. Таблетка құрамына ыдыратқыш заттар не үшін қосылады? әсер ету механизмі бойынша жіктелуі және номенклатурасы.

12. Антифрикциондық заттардың қолданылуы? Қандай топтарға бөлінеді? Олардың дисперстілігіне қандай талаптар қойылады? Неге? Олар қай сатыда қосылады?

13. Таблеткалар өндірісінде бояғыш заттардың қолданылуы? Олар қандай топтарға бөлінеді? Номенклатурасы.

14. Түйіршіктеу дегеніміз не? Фармацевтикалық өнеркәсіпте түйіршіктеудің қандай әдістері қолданылады?

15. Таблеттелетін массаны қандай мақсатта түйіршіктейді?

16. Құрғақ түйіршіктеу қалай жүргізіледі, оның артықшылығы мен кемшілігі?

17. Ылғалды түйіршіктеу кезінде қандай қосымша заттар қолданылады және олар қалай жіктеледі?

18. Ылғалды түйіршіктеудің қандай тәсілдерін білесіздер? Олардың артықшылығы мен кемшілігі? Қандай аппараттар қолданылады? Олардың жұмыс істеу принципі неге негізделген?

19. Перфоратор дегеніміз не? Оның жұмыс істеу принципі.

20. Түйіршіктелген массаны кептіру. СП-30 аппаратының жұмыс істеу принципі.

21. Қайнау қабатында түйіршіктеуге сипаттама беріңіз? Оның артықшылығы қандай? СГ-30 аппаратының жұмыс істеу принципі.

22. Шашырата кептіру арқылы түйіршіктеудің мәні неде?

Тест тапсырмалары:

1. Таблеткаларды престеу үшін ... қолданылады.

| вибрациялық машиналар

| роторлы-пульсационды, "Артур-Колтон" машиналары

| Филиппин машинасы

| ультрадыбысты машиналар

| эксцентрикті, ротационды машиналар

2. Таблеткалық машиналардың негізгі пресс-аспаптарына ... жатады.

| станина, матрицалар, престеуші білік

| пуансондар, столешница, гидравикалық пресс

| қозғалтқыш, престеуші білік, ротор

| пуансондар, матрицалар, тиеуші воронка

| престеуші білік, гидравикалық пресс, тиеуші воронка

3. Таблеткалық машиналарда ... дозалау әдісі қолданылады.

| салмақ-көлемдік

| салмақтық

| көлемдік

| ерікті

| тамшы бойынша

4.Престелуге тікелей тәуелді физико-химиялық қасиеттер ... .

| сусымалдық

| гигроскопиялық, кристалдық су

| көлемдік тығыздық

| меншікті беті, ішкі үйкеліс

| дымқылданғыштық

5.Престелуге кері тәуелді технологиялық қасиеттер ... .

| меншікті беті, ішкі үйкеліс

| гигроскопиялық

| көлемдік тығыздық

| сусымалдық

| дымқылданғыштық

Сабақ № 13

Кредит 4

Тақырып 2:Таблеткаларды түйіршіктеуді қолданып және тікелей престеу арқылы алу. Сапасын бағалау.

Мақсаты: Теориялық материалдарды оқу негізінде және тәжірибелік тапсырмаларын орындау барысында, түйіршіктеуді қолданып және тікелей престеу әдісімен таблеткалар алуды үйрену.Таблеткалар сапасын МФ ХІ талаптарына сай және сынаудың жаңа тәсілдерімен бағалауды үйрету. Таблеткаларды қабықшалармен қаптаудың әдістері мен тәсілдерін, түрлерін білу.

Оқыту мақсаты:

студент білуі тиіс:

· сусымалы заттарды таблеттеу теориясын;

· ұнтақ тәрізді заттардың физико-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

· таблеттеуші машиналардың түрлері мен жұмыс істеу принциптерін;

· түйіршіктердің технологиялық қасиеттерін;

· қосымша заттар, олардың жіктелуі мен қолданылуын;

· таблеткаларды престеу әдісімен дайындаудың негізгі операцияларын;

· қолданылатын аппараттар мен олардың құрылысын, артықшылықтары мен кемшіліктерін;

студент істей білуі тиіс:

· әсер етуші және қосымша заттардың мөлшерін есептеу;

· түйіршіктерді дайындау және сапасын бағалау;

· таблеткалардың сапасын МФ ХІ бас. талаптары бойынша және зерттеудің қазіргі әдістеріне сай жүргізу;

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

негізгі білім бойынша:

1. Фармацевтік технологияда қолдануға рұқсат етілген қосымша заттар.Олардың жіктелуі, номенклатурасы және сипаттамасы.

2. Тығыздық. Заттардың көлемдік тығыздығы.

3. Ұнтақ тәрізді заттардың сусымалдылығы.

4. Сусымалы материалдардың гигроскопиялығы туралы түсінік.

5. Кристализациялық су және оның ұнтақ тәрізді заттардың физико-химиялық қасиеттеріне тигізетін әсері.

6. Ұнтақтау. Елеу. Қатты материалдарды араластыру. Қолданылатын машиналар мен аппараттар, олардың жұмыс істеу принциптері.

7. Кептіру. Кептіру әдістері. Кептіргіш аппараттардың типтері, олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері, қолданылу аймақтары.

сабақ тақырыбы бойынша:

1. Таблеткалардың дәрілік түр ретінде анықтамасы. Олардың дайын дәрілік түрлер (ДДТ) ассортиментінде алатын орны.

2. МФ ХІ басылымы бойынша таблеткаларға қойылатын талаптар.

3. Таблеткалардың қолданылуы бойынша және дайындалу әдістері бойынша жіктелуі.

4. Таблеттеудің теориялық негіздері.

5. Таблеткаларды алу процесінің технологиялық сатылары.

6. Қосымша заттар, олардың жіктелуі мен қолданылуы.

7. Таблеткалар өндірісінің технологиялық схемасы. Қосымша заттарды дайындау.

8. Түйіршіктеусіз таблеттеу (тікелей престеу).

9. Престеу. Таблеттеуші машиналардың типтері. Олардың жұмыс істеу принциптері. Артықшылықтары мен кемшіліктері.

10. Таблеттеуші машиналардың прес-аспаптарының негізгі элементтері.

11. Таблеткалардың сапасын бағалау. ССРО МФ Х және ХІ басыламдары бойынша негізгі әдістемелері. Қолданылатын приборлар мен қондырғылар.

Наши рекомендации